Материалдар / Ағылшын тілінен элективті курс үлгісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ағылшын тілінен элективті курс үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағылшын тілінен элективті курс үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Шілде 2024
573
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бағдарлама

NATIONAL LITERATURE VALUES

7-сынып оқушыларына арнлаған элективті курс бағдарламасы

(аптасына -2 сағат, барлығы -68сағ)


А. Т. Жаһанова №63 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



Пікір жазғандар: Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD,аға оқытушы – Г.О.Сейдалиева,

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің PhD,аға оқытушы –А.М.Жалалова,

Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі – Тлепбердиева Ж.Н.



Түсініктеме хат мазмұны


Көптілділік мәселесі бүкіл әлем алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі жаһандандыру және киберкеңістікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында « Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланылатын мәдениетті

ел ретінде танылуға тиіс .Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл ,орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі деп атап көрсетілді

Жаһандану заманында өскелең ұрпақтың дамуында ана тілі мен ағылшын тілінің алар орны ерекше. Білім берудің бүгінгі күнгі талабы - оқушының жан - жақты іс-əрекеттік қабілетінің дамуы. Ағылшын тілінің өзге ғылымдар мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз емес. Тіл — қарым –қатынас құралы болғандықтан барлық ғылымдардың негізі , оқушының дұрыс ойлау мəдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі, оған қоса өзге салаларды дұрыс қабылдауға көмек береді.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әзірленген « National literature - values» таңдау курсының бағдарламасы педагогиканың түрлі аспектілері: қарым-қатынас жасау, белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқуды негізге ала отырып әзірленген. Аталған аспектілер сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Бұл бағдарламаны жазуда бала дамуының ең жақын аймағына сүйену керектігін ескердік. Нақты жаттығуларды орындау барысында дамыта оқыту идеясымен үйлесетін жаңа технологияны қолдануды мақсат тұттық. Баланың ой-өрісін дамытатын жаттығулар жасауға, өлеңдерді талдауға, ақындар мен жазушылардың – хандар мен қамал бұзған хас батырлар,аталы сөз айтып,заманының сыншысы,кемеңгер ойшылы болған дуалы билердің өмірі мен еңбектерімен танысуға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын ойтолғауларға уақыттың бөлінгені де дұрыс деп ойлаймыз.

Бағдарлама жаңартылған білім беру мазмұнының басты қағидаты - спиральділік негізінде құрылды, оның негізгі ерекшелігі: оқушылар шешендік өнерді,соның ішінде қазақ халқының дәстүрін бойына сіңіру арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Бағдарламаның негізгі басымдықтары:

оқушы қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады;

жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

оқушыларға бұрын алған білімін оқу мақсатына жетуде жетістіктерге қол жеткізу үшін қолдану ұсынылады.

Сонымен қатар, бағдарлама:

оқушылардың білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту талаптарына сәйкес;

оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай әзірленген;


Бағдарламаның мақсаты:

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне қызығушылығын, ынтасын арттырумен қатар олардың ұлттық әдебиеттің құндылықтарын үйреніп жатқан тілде меңгеруге жағдай жасау. негізгі орта білім деңгейінде қазақ әдебиетінің мәйегін ағылшын тілінде игеруге практикалық негіз жасау.


Оқушыларды оқып жатқан ағылшын тілінің, елінің мәдениет,әдебиет әлеміне енгізу, оны туған мәдениетімен байланыстырып салыстыру;

Кітап оқуға деген ынтасын арттыру;

Өз бетімен іздену арқылы шығармашылыққа шыңдау;

Ұлттық әдебиеттің құндылық мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту;


Бағдарламаның міндеті:

Таңдау курстың мазмұны базалық білім беруден ерекшелігі «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемнің көптеген елдерінде кеңінен таралған.Осындай іс – шараны бірлескен оқу арқылы мұғалімдер әр бөлім бойынша параллель сыныптармен ұйымдастыра алады.Іс – шараның мақсаты – жеке тұлғаны патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұхият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамытумен сауаттылық бағдарламасын арттыруға рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады

1) оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ағылшын тілін оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді жолдарын анықтау;

2) оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал тигізетін жаттығуларды анықтап, оларды зерттеу;

3) берілген материалдарды игеруді және талдауда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді жолдарын табу;

4) оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу; оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе тапсырмаларды бірнеше рет қайталап оқиды;

5) əрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе тапсырманың күрделілігі арта түседі;

6) жаңа тақырыпты өту алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты жəне алдыңғы алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады.

7) Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

8) Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі шешендік сөздерді анықтау;

9) Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсінуге үйрету;

10) Өзіндік ой-пікір ағылшын тілінде айта білуге баулу


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі. Ағылшын тілі пәнінің аясындағы педагогикалық тәсіл белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға негізделеді. Бұл тәсіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін оқудың маңызын өздері анықтайды. Ағылшын тілінде сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен тұрады. Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үдерісінде «білім алу жолын» білетін, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол, зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлғаны қалыптастыру қағидасын ұстанады. Мұғалімдер әрбір сабақта оқушылардың бойында бұл қасиеттерді түрлі əдіс-тəсілдер арқылы қалыптастырады жəне дамытады. Олар:

1. Зерттеушілік тәсілі

2. Құндылықтарға бағытталған тәсіл.

Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылықтары ретінде:

1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

2) құрмет;

3) ынтымақтастық;

4) еңбек пен шығармашылық;

5) ашықтық;

6) өмір бойы білім алу белгіленді.

3. Тұлғаға бағдарланған тәсіл.

4. Іс-әрекеттік тәсіл.

5. Саралап оқыту тәсілі.

6. Құзыреттілік тәсілі.

7. Коммуникативтік тәсіл.

8. Интегративтік тәсіл.

9. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

7-сынып оқушыларына арналған «National literature - values» факультатив сабағының негізгі мақсаты:

aуызекі тілде сөйлету шет ел тілді оқытудың басты міндеті болғандықтан, осы бағдарлама арқылы ұлттық әдебиетіміздің әр кезеңдегі ақын, жазушылардың еңбектерімен таныса отырып,

оқушының ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы білімдерін қалыптастыру.

Бағдарламада қазақтың атақты ақыны,жазушысы,сазгер Абай Құнанбаевтың шәкірті Әріп ақын мен Ақтайлақ би шығармаларын, халық ертегісі , қисса дастандарды, шешендік сөздерді ел ішінен тірнектеп жинап,жарыққа шығарған Еркін Жұмағұловтың еңбектері қамтылған. Берілген жаттығулар оқушының жас ерекшелігі мен қабілетіне сәйкес құрылған. Ұсынылған тапсырмалар ағылшын тілі сабағынан алған білімдерін тексеруге, оны толықтыруға, оқушының оқуға деген жауапкершілігін арттыруға көмектеседі.

Ағылшын тілі пәні шыдамдылықты, зеректілікті және еңбексүйгіштікті талап етеді. Бағдарламадағы берілген оқу материалдары осыны есепке ала отырып әзірленді.

Бағдарлама жеті бөлімнен тұрады. Онда мектеп бағдарламасындағы материалдарды тереңдете отырып, ұлтық әдебиетті ағылшын тілінде меңгерту көзделген.

Әдебиет - ғасырдың келісімі/ Literature is the deal of century - әдеби кітаптарды оқу арқылы ұшқыр ойға, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге бейімделеді.

Өлең сөздің құдіреті/Power of poetic speech -ойлауды, тапқырлықты, қырағылықты дамытып, дарынды балаларды таныта біледі.

Құндылықтар/ Values – шешен сөздер,толғау,термелерді оқу арқылы оқушылардың тілін ширатып, ойын түйіндейді, ой-өрісін дамытады.

Сиқырлы әлем/ A magical world – тәрбиелік жағынан алсақ ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, жағымсыз қылықтардан алыс жүруге бейімдейді.

Таңдамалы өлеңдер/ Selected poems – өлеңдер жинағы баланың қиялын дамытады,ұлттық әдебиет арқылы ағылшын пәніне деген қызығушылығын арттырады.

Ұрпаққа мұра /Descendant inheritance - жас жеткіншектердің тапқырлығы мен дүниетанымын дамытып, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді.

Шығармашылық тапсырма /Creative work - орындау барысында оқушы оқып үйренгенінің жаңа қырларын ашады, өз ой-пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға үйренеді.


Тұрақтылау( мазмұндық )бөлімі

National literature – values.

Сынып 7. Жылдық сағат саны -34.

І бөлім. Literature is the deal of century -17

1 - сабақ. ( 1 сағат) Тақырыбы:The Son of nation;

Biography of Erkin Zhumagulov

«Ел перзенті» ақын, жазушы туралы мағлұмат алады

2 - сабақ.( 3 сағат) . Тақырыбы: Arip – the light of Kazakh poetry

Әріп ақын өмір деректерімен танысады

3- сабақ.( 2 сағат) . Тақырыбы: Arip - the best student of Abai

Ұлы Абай шәкірттерінің еңбектерін оқиды

4- сабақ.( 1сағат) . Тақырыбы: A song about Arip

Әріпке арналған өлеңдерді талдайды

5- сабақ.( 2 сағат) . Тақырыбы:Pushkin’s poem was translated by Arip

Орыс классикасы «Евгений Онегин» туралы оқиды.(Әріп ақынның нұсқасында)

6- сабақ.( 4 сағат) . Тақырыбы: Aktailak bi

Білгір би, ақиық ақын Ақтайлақ би туралы оқып,біледі

7- сабақ.( 3 сағат) . Тақырыбы: Wise power

Сол кезеңдегі әдебиет және ел билігіндегі Ақтайлақ бидің ақылдылығы мен әділдігі туралы оқып, мазмұндайды

8- сабақ.( 2 сағат) . Тақырыбы: Last meeting

Ақтайлақ би мен Тіленші би туралы оқып, талдайды

II бөлім. Power of poetic speech -12

9- сабақ.( 1 сағат) Тақырыбы: About friends,relatives, neighbours

Досқа,ағайын,көршіге арналған өсиеттермен танысады

10- сабақ.( 1 сағат) Тақырыбы: About a bad father

Кейіпкерге мінездеме береді

11- сабақ.( 1 сағат) Тақырыбы:About boaster

«Мақтаншақ,бекер мал шашпақ» мағынасын ашады

12- сабақ.( 1 сағат) Тақырыбы: About craftsman or hardworking man

Өлеңің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

13- сабақ.( 1 сағат) Тақырыбы: Don’t sell your honor for the meal

Өлең мазмұны бойынша түсінгендерін өз сөздерімен баяндайды

14- сабақ.( 1 сағат) Тақырыбы: About good and bad man

Өлеңнің мазмұнын әңгімелеуге үйрету. Ойын нақыл сөзбен жеткізу.

15- сабақ.( 1 сағат) Тақырыбы: About polite man

Өлеңдегі кейіпкердің іс- әрекетін бағалайды

16- сабақ.( 1 сағат) Тақырыбы: About selfish man

Сұрақтар қою арқылы өлеңді талдауға үйренеді

17- сабақ.( 1 сағат) Тақырыбы: Obsession of man’s age

Тақырыптың идеясын болжауды үйренеді

18- сабақ.( 1 сағат) Тақырыбы: About old age

Көркем шығарманы талдауға дағдыландыру.

19- сабақ.( 2 сағат) Тақырыбы: Over 60 and 80 years old

Өлеңнің көркемдік ерекшеліктерін анықтайды. Шығарма арман-мұраттарға жетелейді.

III бөлім. Values – 8

20- сабақ.(2 сағат). Тақырыбы: National tradition; bata beru or bless

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге баулу

21- сабақ.(2 сағат). Тақырыбы: Shezhire – history of ancient ancestors

Ұлттық әдебиеттің құндылықтарына деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру.

22- сабақ.(2 сағат). Тақырыбы: Termeler

Пікірлерін бағалауды, қорытынды жасауды үйренеді.

23- сабақ.(2 сағат). Тақырыбы:Tolgau

Ұлттық құндылықтарды бағалай білу.

IV бөлім. A magical world – 5

24- сабақ.(3 сағат). Тақырыбы: Aiaz bi – fairy tale (translated by Ukrainian poet Olga Timokhina) Танымдық іс – әрекеттерін ұйымдастыру.

25- сабақ.(2 сағат). Тақырыбы: Power of speech

Рөлдік сахналау арқылы қабілеттерін шыңдау

V бөлім. Selected poems – 17

26- сабақ.(1 сағат). Тақырыбы: Kazakh anthem

Қазақстанның байлығын мақтаныш сезіммен жеткізуді үйренеді

27- сабақ.(1 сағат). Тақырыбы: The heroes of Kazakh

Пікірлерін айтқызып талдау.Қорытынды шығаруға үйрету

28- сабақ.(1 сағат). Тақырыбы: B.Momishuli was awarded the title of Hero

Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады

29- сабақ.(1 сағат). Тақырыбы: Sign in Abai Museum in Jidebai

Қазақ даласының ұлы бабаларымыздан жеткен шешендік өнерін дарыту.

30- сабақ.(1 сағат). Тақырыбы: Stop the Poligon

Көркем сөйлеу мәдениеті қалыптасады.Әдеби көркемдеуіш құралдарды анықтайды.

31 - сабақ.(2 сағат). Тақырыбы: Tolgau

Шешендік сөздердің мағынасын ашу. Шешендік сөздер жатқа айтады.

32 - сабақ.(1 сағат). Тақырыбы: To poet, writer Ergazi Rakhimov

Кейіпкерге мінездеме айтып үйренеді.

33 - сабақ(1 сағат). Тақырыбы: To my country, to my village

Өлеңнің негізгі идеясын ашу.Адамгершілік құндылықтарын айқындау.

34 - сабақ.(2 сағат). Тақырыбы: My Kazakh people

Ұлттық намысымызды оятатын би- шешендеріміздің сөздерін бағалай,саралай,сөз өнерін сүйе

білуге үйрету.

35 - сабақ.(1 сағат). Тақырыбы: The Kazakh’s dastarkhan ( meals)

Мысал арқылы ой тұжырымдау

36- сабақ.(1 сағат). Тақырыбы Nauriz wishes

Қазақ халқының тарихы өткен белестерден сыр шертеді.

37- сабақ.(2 сағат). Тақырыбы: Teacher – master

Өнердің сырын ұғындыру.

38- сабақ.(2 сағат). Тақырыбы: Ballada about miss

Мысал арқылы ой тұжырымдау

VI бөлім. Descendant inheritance – 9

39 сабақ.(1сағат). Тақырыбы: Positive future

Көркем сөздер, қара сөздер, нақыл сөздердің мағынасын аша отырып, дұрыс пайдалана білуге үйренеді.

40- сабақ.(1сағат). Тақырыбы: Perfect young generation

Ұлттық әдебиеттің құндылықтарын меңгерту

41- сабақ.(1сағат). Тақырыбы: My motherland – Kazakhstan

Ана тілдің құдіреттілігін түсіндіру

42- сабақ.(2сағат). Тақырыбы: National literature – prides

Кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру

VII бөлім. Creative work - 4

43 - сабақ.(2сағат). Тақырыбы: Pupil’s poems

Өлең жолдарын талдап, жазуға үйрету

44 - сабақ.(1сағат). Тақырыбы: Essay “ The son of nation”

Мәтінді оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлап, талқылауға үйрету, шығармашылықпен

жұмыс істеуге ұмтылдыру.

45- сабақ.(1сағат). Тақырыбы: Project “ National values”

Жоба жасауға үйрету


Oқушыларды ізденуге, ағылшын тілінде ойын жеткізуге , шығармашылыққа баулу. Осы бағдарламаны меңгерту арқылы бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу

Бағдарламаның жаңалығы: Ұлттық әдебиетіміздің құндылықтарын тауып, күннен күнге жаңарып, ақын, жазушылармен толысып , « Ел перзенті» деп атаған Еркін Жұмағұловтың еңбектерімен танысып, ұлы Абайдың шәкірті Әріп ақын, Ақтайлақ би туралы аңыздарды оқып, ағылшын тілінде айта білу.

















Нормативті бөлім


Р/с

Бөлім

Бөлімше

Тақырып



Оқу мақсаты

Сағат саны



Білім өнімі


барлығы

Лекция/

Теория/

Тәжірибе

1


Тәжірибе/

Тәжірибе

2


I тоқсан


1 MODULE I. Litrature is the deal of century . Барлығы 17сағат: теория 8,тәжірибе 9.


1.1

The Son of nation;

Biography of Erkin Zhumagulov

6.А/И2. Шығармалардағы көркем ауыстыруларды анықтау

1

1


Дәріс

«Ел перзенті» ақын, жазушы туралы мағлұмат алады


1.2

Arip – the light of Kazakh poetry

6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту,

2

1

1

Конференция

сабақ

Әріп ақын өмір деректерімен танысады


1.3

Arip - the best student of Abai

6.3.2.1кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;

2

1

2

Танымдық сабақ

Ұлы Абай шәкірттерінің еңбектерін оқиды


1.4

A song about Arip

6.Т/Ж2.Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

1

1


Практикалық дәріс

Әріпке арналған өлеңдерді талдайды


1.5

Pushkin’s poem translated by Arip

6.А/И3. Шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтау.

2

1

1

Диалогтық оқыту

Орыс классикасы «Евгений Онегин» туралы оқиды


1.6

Aktailak bi

6.Т/Ж4. Көркем шығармадан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

4

2

2

Іздену сабақ

Білгір би, ақиық ақын Ақтайлақ би туралы оқып,біледі


1.7

Wise power

6.Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

7.1.2.1. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

3

1

2

Практикалық дәріс, талдау,

Сол кезеңдегі әдебиет және ел билігіндегі Ақтайлақ бидің ақылдылығы мен әділдігі туралы оқып, мазмұндайды


II тоқсан


1.8

Last meeting

6.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын

2

1

1

Практикалық талдау

Ақтайлақ би мен Тіленші би


отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;




туралы оқып, талдайды


2 MODULE II. Power of poetic speech Барлығы 12 сағат: теория 11,тәжірибе 3


2.1

About friends.relatives, neighbours

6 Т/Ж3. Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау.

1

1


Дәріс

Досқа,ағайын,көршіге арналған өсиеттермен танысады


2.2

About a bad father,

/Ж4. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

1

1


Дәріс

Еңбексіз тапқан артық дәулеттің зияндығы туралы оқиды


2.3

About boaster

6.А/И4. Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау.

1

1


Талдау дәрісі

«Мақтаншақ,бекер мал шашпақ» мағынасын ашады


2.4

About craftsman or hardworking man

6.Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

1

1


Талдау дәрісі

«Еңбектің наны тәтті» адал еңбекке баулу туралы айтылады,мазмұнынашады.


2.5

Don’t sell your honor for the meal

6.Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

1

1


Талдау, өзін өзі бағалау.

Ар- намысты жоғары ұстау керектігі туралы айтылады.


2.6

About good and bad man

6.А/И4. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу

1

1


Талдау дәрісі

Жақсы мен жаманды ажырата білу керектігі туралы ойларын айтады.


2.7

About polite man

6.Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру

1

1


Талдау дәрісі

Идеясын ашады.


2.8

About selfish man

6.Т/Ж4. Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту

1

1


Талдау дәрісі

Адамды менсінбеу, көкіректіктен аулақ болуға үйрете отырып, мәнерлеп оқуды меңгереді


2.9

Obsession of man’s age

7.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау


1

1


Талдау, топтық жұмыс

Адамның жас ерешеліктері туралы оқиды, бе»нені ашады.


2.10

About old age

7.3.1.1. Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру.

1

1


Жұптық жұмыс

«Үлкенге құрмет» көрсету туралы тағлым беріледі.


2.11

Over 60 and 80 years old

7.2.3.1. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, қайталау түрлері: эпифора, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

2

1

1

Аралас сабақ

Әдебиет пәнімен байланыста болып, мағынасы ашылады.



3 MODULE III. Values Барлығы 8 сағат: теория 4,тәжірибе 4



3.1

National tradition;bata bery or bless

6.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

2

1

1

Ұлттық дәстүрді насихаттай отырып, сөздің қолдану мағынасын түсінеді


III тоқсан


3.2

Shezhire – history of ancient ancestors

6.3.3.1 шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасы лық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

2

1

1

Талдау дәрісі

Жеті ата туралы мағлұмат алады.


3.3

Termeler

6.2.2. поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін ашады

2

1

1

Практикалық дәріс

Термелердің ерекшеліктерін түсінеді


3.4

Tolgau

6.3.1.1 шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

2

1

1


4 MODULE IV. A magical world Барлығы 5 сағат: теория 2,тәжірибе 3


4.1

Aiaz bi – fairy tale (translated by Ukrainian poet Olga Timokhina)

6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау

6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;

3

1

2

Дәріс

Ертегіні оқу арқылы аударманы меңгереді.


4.2

Power of speech

6.Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

2

1

1

Жарыс сабағы

Қара сөзді қолдану арқылы құдіреттілігін

біледі.



5 MODULE V. Selected poems Барлығы 17 сағат: теория 13,тәжірибе 4


5.1

Kazakh anthem


7.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

1

1


Дәріс

Еліміздің тәуелсіз мемлекет екені жырланады.


5.2

The heroes of Kazakh

7.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

1

1


Сайыс сабағы

Қазақ батырларының ерліктері айтылады.


5.3

Momishuli was awarded the title of Hero

7.3.4.1. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

1

1


Дәріс

Ер есімі ұмытылмас өнеге екендігі айтылады.


5.4

Sign in Abai Museum in Jidebai

7.2.1.1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

7.3.4.1. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

1

1


Дәріс

Абайың 150 жылдығын UNESCO атағандығы туралы мағлұмат алады.


5.5

Stop the Poligon -

7.1.2.1. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

1

1


Дәріс

Полигон тарихы туралы мәлімет алады.


5.6

Tolgau

А/И3. Мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдау

2

1

1

Сайыс сабағы

Толғаулар туралы біледі.


5.7

To poet, writer Ergazi Rakhimov

Т7.1.1.1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7.2.1.1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру түсіну.

1

1


Іздену сабағы

Жазушы, ақынның,еңбегімен танысады




IV тоқсан



5.8

To my country, to my village

7.2.2.1. Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау

2

1

1

Дәріс, ой толғау

Туған жерге деген ыстық сезім туралы ой толғайды.










5.9

My Kazakh people

7.2.1.1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

1

1


Практикалық дәріс

Халқым деп соққан жүрегім сөзінің мағынасын ашып, түсінеді.

5.10

The Kazakh’s dastarkhan (meals)

7.2.4.1. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

1

1


Практикалық дәріс

Қазақтың қонақжайлылығы туралы айтылады.

5.11

Nauriz wishes

7.3.3.1. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

2

1

1

АКТ

Қазақтың жаңа жылы, айтылатын тілектер туралы әңгімеленеді.

5.12

Teacher – master

7.1.3.1. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

1

1


Дәріс

Ұстаздың шеберлігі туралы біледі.

37h5.13

Ballada about miss

7.2.1.1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру


2

1

1

Талдау дәрісі

Сағыныш, сезім туралы ой айтылады.


6 MODULE VI. Descendant inheritance Барлығы 5 сағат: теория 4,тәжірибе 1

6.1

Positive future

7.1.4.1. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту

1

1


Интелектуалдық сайыс

«Жарқын болашақ» туралы айтылады.

6.2

Perfect young generation

7.3.3.1. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдау


2

1

1

Дөңгелек үстел

Болашақ жастардікі туралы айтылады.

6.3

My motherland – Kazakhstan

7.3.2.1. Әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру


1

1


Топтық жұмыс

«Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» мағынасын ашады.

6.4

National literature – prides

7.3.4.1. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

1

1


Құзіреттілік оқыту

«Ұлттық әдебиет- мақтаныш» тақырыбында пікір –талас.

7 MODULE VII. Creative work - 4 Барлығы 4 сағат: теория 2,тәжірибе 2

7.1

Pupil’s poems

7.1.2.1. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

2

1

1

Шығармашылық сабақ

Шығармашылықпен жұмыс.Өлең шығаруға бағыт, бағдар беру.

7.2

Essay “ The son of nation”

7.3.3.1. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

1

1


Зерттеу сабақ

Эссе жазу арқылы оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, бекіту, бағалау.

7.3

Project “National literature -values

7.3.3.1. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, жоба жасау


1


1

Жоба / cайыс

Осы уақытқа дейінгі меңгерген білім деңгейлерін анықтап, өзара салыстырмалы түрде қарау үшін топтар арасында сайыс ұйымдастыру.


Ақпараттық-әдістемелік бөлім


Бағдарламаның мақсатына сәйкес оқушылардың ағылшын пәніне қызығушылығын, ынтасын арттырумен қатар ұлттық әдеби құндылықтары туралы газет шығару, саяхаттар мен сайыстар ұйымдастыру, викториналар, ребустар құрастырып, олардың шешімін табуға мүмкіндіктер туғызу арқылы ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуді дамыту жүзеге асады. Осы бағытта жасалған оқушылардың іс- әрекеті қалыптастырушы бағалау арқылы қолдау тауып отырады.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады.

Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау барысында оқушылар:өз ойын еркін жеткізіп, өзіне-өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей жүріп ынтымақтастыққа ұмтылады, бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, өз пікірін дәлелдей алуға үйренеді.

Мұндағы қалыптастырушы бағалау:

- тиімді кері байланыс беру,

- түртіп алу арқылы бағалау,

- ауызша және жазбаша бағалау,

- сұрақ қою арқылы бағалау,

- өзін-өзі бағалау,

- өзара бағалау және т.б. әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.


Мұғалім тарапынан:

сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін анықтап, оқушыларға ұсыну;

оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен оқу ортасын құру;

оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету;

оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру қамтамасыз етілуі қажет.

Ата – аналар үшін:

Білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға ;

Оқудағы табыстылықты бақылауға;

Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.


Пайдаланылған әдебиет:


1.Abai Kunanbaev Selected poems Progress Publishing Moscow 1970

2.Виноградов В.В. Теория поэтических речи . Поэтика М.2006

3.Пулепянский А.Л. Перевод английский научный литературы. Москва 20081.

4.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы.– Астана, 2017 ж. 12 сәуір.

5.Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры».Мақала

6.Еркін Жұмағұлов Ақтайлақ би Алматы 1991

7. Еркін Жұмағұлов Өлеңдер жинағы Астана 2010

8.Еркін Жұмағұлов Әріп Тәңірбергенұлы Шығармалар Алматы 2020

9. Талғат Айтбайұлы Қалдырған ізің мәңгілік Алматы 2020



Қосымша

7 - сынып оқушылармен мұражайларға бару,саяхаттарға шығу.

Саяхаттан кейін шығармашылық жұмыстар жасау

Оқушылармен ертегілерді сахналау, ақын, жазушылардың өмірінен көріністер ағылшын тілінде қою,өлеңдерді мәнерлеп оқудан жарыс өткізу. Құндылықтар бөлімінде «Бір ел – бір кітап» іс - шара ұйымдастырылып отыр.Ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету;Е.Жұмағұловтың патриоттық жастарға үлгі - өнеге болатын өлеңдері, ата – аналарға «Шежіре» таңдап алынды.

« National literature – values» жоба жасалынады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!