400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ағылшын тіліннің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақтан тыс іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Кеген ауданы,
Жылысай ауылы, Майлы Орманов
атындағы орта мектеп мұғалімі
Берікбекқызы Бағлан
Ағылшын тіліннің маңыздылығы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Балаларға білім беру үрдісінде басты
назарды мемлекеттік тілге,қазақ тіліне беру керек.Орыс тілін де оқыту керек,себеп түсінікті.Ағылшын
тілінде оқыту қажет.Осылайша үш тілді,болашаққа ашық көзбен қарайтын ұрпақты тәрбиелейміз" деп
айтқан болатын.
«Білім айнасы» 2020 ж.
39
Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін
самғауына жол ашатын,әлемдік ғылым құпияларына үңіліп,өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін
қажеттілік.
Көп тілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қорытып,туған халқына өнеге болып,өзге жұртпен
бәсекеде ырықты орынды иеленіп,сан мәдениетті санасына салып сараптай алса,онда ол өз өмірін қалай
мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық.
Соның ішінде қазіргі таңда мектеп қабырғасында шет тілді оқыту негізгі мәселе деп айтсақта
болады.Шетел тілін уйрету қиын да,қызықты жұмыс.Шет тілін үйрету,оқыту процесінде тілді дұрыс
уйрету,ауызша сөйлеу,сауатты жазу,мәнерлеп оқу өте маңызды.Шет тілін оқытудағы білімділік мақсаты-
шетел тілінде сөйлеуді үйрету,байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып,қарым-қатынасты нығайтуға
ұмтылу болса,тәрбиелік мақсаты-өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта
алу және қорғауға уйрету.
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана
отырып,ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп
ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын орнатады әрі өздерінің
қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады,сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арттыра отырып
сабақ кезінде қуаныш сезімін ояатады.
Мектептегі шет тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады.Олар:дайындық
ойындары және шығармашылық ойындары.Дайындық ойындарына
грамматикалық,лексикалық,фонетикалық және орфографикалық ойындар жатады.Грамматикалық
құрылымдарды есте сақтау қиындау және оқушыны жалықтырып жібереді.Сол себептен ойын бұл
тапсырманы жеңілдетеді.
Мысалы,затты тығып қойып, ағылшын тілінде "Менің көзілдірігім қайда?" немесе "Мынау не?" деп сұрақ
қою.Сөз орында есте сақтау оңай емес болғандықтан,ойын ойнатқан жөн деп есептеймін.Фонетикалық
ойындар сөздерді дұрыс айтуға арналған.Ал орфографикалық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу.
Мектептерде сонымен қатар ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі-сөздік жұмысын
жүргізу.Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады.Оқушының сөздік қорын тексеру
әдістері бар.Олар мыналар:
1)Әңгімелесу,әңгіме құрату-Өзін қоршаған орта туралы,үй іші,мектебі,сыныбы,ата-анасы,оқу-құралдары
т.б.
2)Оқушының күнделікті жиі пайдаланатын заттарын көрсету арқылы оны атату(киім- кешек,ыдыс- аяқ,үй
жиһаздары т.б.)
Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы-оқушының лексикалық материалдарды белсенді
түрде меңгеріп,сөйлеу тілінде оларды бекітіп,сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде
қалыптастыруды жүзеге асыру.
Сабақта қолданатын ойындар алуан түрлі олар:
стол үсті ойындар
1)дидактикалық ойындар
2)қозғалыс ойындары
3)іскерлік ойындар
4)интеллектуалдық ойындар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі