Аханова Әнел Мақсатқызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аханова Әнел Мақсатқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
дефектолог, логопед, психолог. Ата - аналарға кеңес
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№45 «Арман» балабақшасы» МКҚК дефектологы

Аханова Әнел Мақсатқызы


ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР


Aта-аналар жиі шағымданады: «Баламыз алаңғасар – бір орында 5 минут та байыз тауып отыра алмайды, балабақшада да сабақта жиі көңілі бөлініп, тіпті қысқа ертегіні де аяғына дейін тыңдай алмайды». Дәл осы зейін қою мәселесі көп жағдайда баланың ерте балалық, бала-бақша және мектеп жасында дамуы қалай жүретінін анықтайды.

Зейін сапасы өзгермелі. Мысалы, үрейленгенде немесе шаршағанда зейін қою қабілеті төмендейді, қабылданатын ақпарат көлемі тарылады. Бірақ, зейінді мақсатты түрде дамыту керек. Төменде ұсынылған ойын-жаттығулар балаларыңызға осы істе көмекші болады.

1. БӘРІН БАЙҚАУ (ЕЛЕУ)

Бір қатарға 5-7 (ең көбі - 10) зат немесе сурет орналастырып, оларды жауып қойыңыз. Заттарды 10 секундқа ашып, қайта жабыңыз да, балаларға есінде қалған барлық заттарды атауын ұсыныңыз. Заттарды қайтадан 8-10 секундқа ашып, балалардан заттардың қандай ретпен орналасқанын сұраңыз. Кез-келген екі заттың орындарын ауыстырып, барлық заттарды қайтадан 10 секундқа көрсетіңіз. Балалардан қандай заттарды орны ауысқанын сұраңыз. Заттарға қарамай, әр заттың түсін айтып беруді сұраңыз.

2. ҮЗДІКСІЗ ІЗДЕ (ІЗДЕУ)

10-15 секунд бойы балаға айналасынан түсі (өлшемі, пішіні, материалы және т.с.с.) бірдей мейлінше көп зат табуды ұсыныңыз.

3. ЗАТ ІЗДЕУ

Ойынға қатысатын балалар бөлмеден шығады. Осы уақытта кішкентай бір затты (сақина, өшіргіш) көрінетін жерге қойыңыз. Балалар бөлмеге кезектесіп кіреді; оларға бөлмені бір айналып шығып, қандай жаңа зат пайда болғанын атауға мүмкіндік беріледі. Тапсырманы орындай алмаған бала айып ұпаймен келесі айналымға өтеді.

4. КІМ БӘРІНЕН МҰҚИЯТ

Баланы теріс қаратып тұрып, өз киіміңіз немесе бөлмедегі заттар туралы сұраңыз.

5. ЗЕЙІНДІЛІК ЖӘНЕ БАЙҚАМПАЗДЫҚ

Жүргізуші сайлаңыздар. Қалған ойыншылар сол жүргізуші есте сақтауы тиіс дене қалыбын ұстайды. Артынша жүргізуші бөлмеден шығады, ал ойыншылар (өзара келісіп) киімдерінде, дене қалыптарында бірқатар өзгеріс жасайды. Кірген жүргізуші барлығын бұрынғы күйіне келтіруі тиіс. Егер жүргізуші барлық өзгерістерді тапса, ол ең байқампаз атанады.

6. АЙНА

Балаға қарама-қарсы тұрып, әртүрлі қимыл-қозғалыстар көрсетіңіз. Ол – «айна», сол қимылдарды қайталауы тиіс.

7. ҰЙЫҚЫЛЫ-ОЯУ АЙНА

Алдыңғы ойынды түрлендіріңіз, балаға «айнаның» ұйқысы қанбай қалып, барлық қимылдарды бір қимылға кешігіп көрсететінін түсіндіріңіз.

8. ҚИМЫЛДАРДЫ ҚАЙТАЛАЙМЫЗ

Аталған ойынның тағы бір нұсқасы. Сіз қандай да бір қимылды көрсететіз, ал балалар біреуінен немесе екеуінен басқа барлық қимылдарды қайталайды. Мысалы, егер жүргізуші қолын жоғары көтерсе – балалар шапалақ ұруы керек; қолдары екі жаққа созылғанда - балалар аяқтарын тыпырлатады. Кім қателессе, сол жүргізуші атанады.

9. МӘТІННЕН ҚАТЕ ІЗДЕЙМІЗ

Бір мәтіннің екі нұсқасын дайындаңыз, екіншісіне бірнеше өзгерту енгізіңіз. Балалар қос мәтінді де оқып шыққаннан кейін, байқаған айырмашылықтарын жазып алады. Барлық өзгерістерді байқаған бала жеңімпаз атанады.

10. СУРЕТТЕРДІ САЛЫСТЫРАМЫЗ

Балаларға бір-біріне ұқсас, бірақ бірқатар өзгешеліктері бар суреттерден айырмашылықтарын табуды ұсыныңыз.

11. СӨЗДІ ТАП

Балаға басқа сөздерде жасырынып қалған сөздерді табуды ұсыныңыз:

ТЕЛЕДИДАР, ТЕРІ, ТЫРНАҚ, ЖҮЗІК, АЛМҰРТ, КҮНТІЗБЕ, БАЛЫҚ, ЖЫЛҚЫ, ҚАСЫҚ,

КҮЛКІ, АРАЛ, АЛДАСПАН,

КЕЛБЕТ, ҚАРҒА, ОТБАСЫ

12. ШАТАСҚАН СЫЗЫҚТАР

Балаға қарындашсыз, тек көзбен басқа сызықтармен шырмалып кеткен сызықты басынан аяғына дейін қарап шығуды ұсыныңыз.

13. АҢШЫ ҮНДІС ТАЙПАЛАРЫ АРАСЫНДА КЕҢ ТАРАЛҒАН ОЙЫН

Балаларға қысқа уақытқа тыныш отырып, айналадан шығып жатқан шуды естуге тырысып, қайдан шығып жатқанын (кейбір шуды арнайы ұйымдастыруға болады) табуды ұсыныңыз. Бұл ойынды жарыс түрінде өткізуге болады: кім көбірек шу естиді және қайдан шыққанын табады.

14. СЫҢАР СУРЕТТЕР

Бірнеше бірдей суреттер жұптарын дайындаңыз – сіз оларды қатты қағазды шаршыларға бөліп, балаңызбен бірге салсаңыз болады. 5-6 жасар баламен ойынды 12 жұп суреттен бастауға болады, бірақ, кейін ойынды күрделендіру үшін және баланың қызығушылығын арттыру үшін суреттер санын көбейтіңіз (кіші жастағы жасөспірімдер елу шақты сыңар суреттермен ойнай алады).

Суреттерді төмен қаратып, жайып, жақсылап араластырыңыз. Оларды қатар-қатар етіп, тікбұрыш түрінде жинаңыз. Ойыншылар кезектесіп, кез-келген екі суретті ашады, суреттер барлығына жақсы көрінуі тиіс. Егер бірдей екеуі табылса, ойыншы оларды өзіне алады, ал суреттің сыңары болмаса, суретін төмен қаратып, орнына қайтарады. Келесі ойыншының жүрісі басталады. Кім көп сыңар сурет жинаса, сол жеңімпаз атанады.

Бірте-бірте ойынды күрделендіре түсуге болады: мысалы, суреттің сыңарын тапқан ойыншының қосымша жүрісі болатыны туралы келісіп алуға болады: немесе, егер ойыншы екінші суретті ашып қателессе, бірақ, кейін қажетті суреттің орны есіне түссе, ол үшінші суретті аша алады: қателессе, кезек келесі ойыншыға өтеді.

Ұсынылған ойындарды балаларыңызбен ойнағанда, рөлдерді ауыстырып отырыңыз, бала тең құқылы серіктес болуы үшін жүргізуші болып, сізге тапсырма беріп көрсін. бала сіздің көңіл-күйіңізден бірге ойын ойнау сізге ұнайтынын сезінсін. баланы «зейін қоюға қатысты қиындықтары болғандықтан» осы ойындарды ойнауға мәжбүрлемеңіз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.03.2021
706
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі