Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Аханова Әнел Мақсатқызы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз ортаны»жасау мәселесіне баса назар аудару қажет»
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2018 жылғы 5 қазан
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелеріне әсер етіп, әр түрлі жастағы балаларда ПДТ көрініс табуда.
Психикалық дамудың тежелуі – бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмеуі. Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар
Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интеллектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Бұл балалар өзінің құрдастарынан кеш жүріп, кеш сөйлейді
Психикалық дамудың тоқтап қалуы түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Жеңіл түрде көрініс берген жағдайда бұл балаларға көмекті мектепте дейінгі мекемеде ұйымдастыруға болады.
Мақсаты:
Баланың дамуын толық зерттеп, оқуға қабілетін анықтау. Баланың негізгі белсенділігін, психикалық барысын арттыру. Соның ішінде баланың зейінін, есін, қабылдауын және ойын дамыту. Баланың коммуникативтік қызметін дамыту.
Балалардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру. Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата-аналармен байланыста болу
Міндеті:
1. Балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзету жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану.
2. Балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету
Балабақшамыздың жылдық міндеттемесі “Н.Зайцев әдістемесін оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне кіріктіру” болып табылады. Осы міндеттемені жүзеге асыру барысында мен Н.Зайцев әдістемесінің теориялық негіздерін меңгеріп, Н.Зайцев ойындарын ұйымдастырылған оқу қызметімде ПДТ балалардың таным үрдістерін дамыту мақсатында тиімді қолданудамын.
Санкт-Петербург қаласындағы «Білім беру жүйесіндегі стандарттан тыс технология» атты орталықтың негізін салушысы және басқарушысы Н.А.Зайцев.
Ұлы педагог-новатор, шығармашыл-педагог, академик. Сондай-ақ ерте жастағы балаларды сауат ашуға үйретудегі жоғары нәтиже көрсететін «Зайцев текшелері» атты технологияның авторы. Оның талай жылғы еңбегінің жүйелі методикалық әдістері «адам» туралы ғылымдардың И.М. Сеченов, И.П. Павлов, А.А. Ухтомский, В.М. Бехтеревтың зерттеу орталықтарында кеңінен қолданылған
Әдістеменің негізі мақсаттары:
Баланың ақыл-ойын қалыптастыру және денсаулығын сақтау
Н.А.ЗАЙЦЕВ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Оқыту үрдісінде балалардың табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамыту, баланың миының танымдық белсенділігін арттыру болып табылады. Автордың ойынша бала миының абстракциялық, логикалық тұрғыда толыққанды дамымауы, оның тактильді сезімдерімен реттеледі, яғни сезім мүшелері оның ішінде тыңдай білу, ести білу, көру арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар логопедтік, дефектологтік жұмыстарға да жақсы әсерін тигізеді.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетіп, Н.А.Зайцев технологиясы бойынша түзете дамыту жұмыстарын оқу қызметінде ойын түрінде ұйымдастырудамын.
1.ЗЕЙІНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Пойыз» ойыны
Балаға паравоз құрастыруды ұсынамын. Ол үшін сөреге локомотив және үлкен алтын түсті «А» әрпімен текше қоямын. Құрастырған паравоз вагондарының барлығы «А» әрпінен басталатынын айтамын және алғашқы ең үлкен текшені көрсетіп, локомотивке жалғаймын. Қалған текшелерді бала өзі құрайды. Бұнда баланың зейінін «А» әріпі бар текшеге шоғырландыру арқылы бала ойын барысында белсенділік танытады.
«Құрамдармен сурет» ойыны
ПДТ баланың зейінін бір объектіге шоғырландыруға жазуы бар суреттер жинағын қолданған тиімді. Бала құрамдарға зейін салып қарауы үшін, екі, үш құрамнан тұратын карточкаларды қоямын. Бала сөзді оқымайды, суретке қарап айтады. Берілген карточкадағы сөзді текшеден жинауды сұраймын. Мысалы: ТҮ-ЙЕ, СИ-Ы-Р т.с.с.
2.ҚИЯЛДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Оюлы пішіндер» ойыны
“Оюлы пішіндер” ойыны арқылы бала ойланады, қиялы дамиды, талдайды және қорытындылайды, соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеті дами түседіМектеп жасына дейінгі балаларда өз қиялымен оюлы пішіндерден 10-15, 20-қабатты мұнара құрастыру қызығырақ болады
«Н.А.Зайцевтің сандық таяқшалары» ойыны
Баланың танымдық қабілеттерін соның ішінде қиялын дамыта отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіре түседі. Сандық таяқшалардың көмегімен бала әр түрлі бейнелерді өз қиялымен құрастыруға үйренеді
3.СЕРГІТУ СӘТІ
Сергіту сәті -оқу қызметіне деген қызығушылығын арттыру үшін мәні зор. Өйткені онда ПДТ баланың қимыл-қозғалысқа түсіп қана қоймай, сөздік қоры, сөйлеу тілі, байқағыштығы, әр дыбысты толықтай меңгеруге үйренеді. Мен сергіту сәтіне Н.Зайцевтің текшелерін алдым, онда бала алтын түсті текшені сылдырлатқан кезде орнынан тұрады, коңыр түсті текшеде қол соғады, сұр түсті текшеде орнына отырады
4.ҚАБЫЛДАУДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Пішінді тап» ойыны
Үстел үстіндегі сиқырлы қапшық ішінде әртүрлі геометриялық пішіндер салынған. Балаға қапшықтың ішіндегі екі бірдей пішінді тауып алуды ұсынамын. Мысалы: екі үшбұрыш, екі төртбұрыш т.б. Бала қолымен оюлы пішіндерді сипап, бірдей пішіндерді тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін пішіндерді қапшықтан шығаруға болады, ойын осылайша жалғасады
«Құмдағы пішіндер» ойыны
Құмда жасырылған пішіндерді балаға саусақтарымен қазуға, таяқшалар, қылқаламдарды пайдалана отырып тауып алуды ұсынамын. Ойында бала кеңістікті бағдарлай (оң, сол, төмен, жоғары, іші, сырты, жаны, үсті, асты) отырып қабылдау қабілеті дамиды
5.ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР
«Топтастыру» ойыны
Барлық текшелер үстел үстінде жатады. Балаға үстелдің шетіне темір текшелерді ал келісісіне ағаш текшелерді апаруды ұсынамын («алтын» және «темір-ағаш» айыру белгісімен қалады). Текшелерді айтамыз. Тапсырманы түрлендіру текшелерді көлемі бойынша топтастыру
«Бауырлар мен қарындастар» ойыны
Барлық үлкен текшелердің кіші текшелердің арасында қарындастары бар, ал кішілердің – үлкендердің ішінде ағалары бар екенін түсіндіремін. Бірінші өзім текшені алып, (СЮ СЯ СЕ СИ СЬ), СЯ-ны алып, сөреге қойыңыз да балаға дәл осындай үлкен бауырын яғни СҰ СУ СО СА СЭ СЫ С табуды ұсынамын. Психикалық дамуы тежелген балалардың тұлғасын қалыптастыруда және ойлау ерекшеліктерін дамытуда күнделікті оқу қызметінде ойындарды қолдану маңызды рөл атқарады. Соның ішінде топтастыру ойындары баланың сыни ойлауын және ойлау ерекшеліктерін дамытады.
Қорыта келгенде психикалық дамуы тежелген баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыру барысында Н.А.Зайцев әдістемесін қолданған тиімді болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
Балалар үшін
Әндетіп қайталау нәтижесінде тілдері анық шығады.
Сөздік қоры дамиды.
Денсаулығына күш түспейді.
Ойын еркін жеткізе білу қабілеті қалыптасады
Жалпы зияткерлігі дамиды; ойдың қысқалығы, нақтылығы логикалық сипатына тән болатын ойлаудың математикалық стилі, таңбаны қолдану іскерлігі қалыптасады
Таным үрдістері (зейін, қиял, қабылдау, есте сақтау, ойлау) дамиды.
Ұсақ қол моторикасы дамиды.
Педагог үшін
Баланың жеке және дара ерекшеліктеріне сүйене отырып, жұмыс нәтижелілігін арттырады.
Кәсіби әрекетінде өзінің тәжірибесі мен шығармашылық әлеуетін жаңа әдістемелер арқылы ашады.
Педагогикалық үдерістің жаңашылдығы мен тұтастығын қамтамасыз етеді
Ата – ана үшін
Баланың оқуды тез үйренуі мақтаныш және таң қалу сезімін сыйлайды.
Ата–анамен баланың уақытын үнемделеді, баланың қосымша үйірмелерге қатысу мүмкіншілігі пайда болады.
Мектеп жасына дейінгі ПДТ балалардың таным үрдістерін түзете - дамытуға Н. А. Зайцевтің әдістемесін қолдану тиімділігінің көрсеткіші
Баланың аты -жөні |
Зейін үдерісін дамытуға |
Қиял үдерісін дамытуға |
Қабылдау үдерісін дамытуға |
Есте сақтауын дамытуға |
Ойлау үдерісін дамытуға |
Жалпы ұпай саны |
Орташ көрсеткіші |
Деңгейі |
|||||
«Пойыз» |
«Құрамдармен сурет» |
«Оюлы пішіндер» |
«Н.А.Зайцевтің сандық таяқшалары» |
«Пішінді тап» |
«Құмдағы пішіндер» |
«Пішіндерді есіңе сақта» |
«Тізбекті жалғастыр» |
«Топтастыру» |
«Бауырлар мен қарындастар» |
||||
Базарбай Батыр |
ІІ |
ІІ |
ІІ |
ІІ |
ІІ |
ІІ |
ІІ |
І |
ІІ |
ІІ |
19 |
1,9 |
ІІ |
Бегімжан Алдияр |
ІІ |
І |
ІІ |
ІІ |
І |
І |
І |
ІІ |
ІІ |
ІІ |
16 |
1,6 |
ІІ |
Жанысов Санжар |
ІІ |
І |
ІІ |
ІІ |
ІІ |
ІІ |
І |
І |
І |
І |
14 |
1,4 |
І |