400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне аты алтын әріптермен жазылатын қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынов туралы эссе жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі



Тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне аты алтын әріптермен жазылатын қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толды. «...Өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен»-деген Сәкен Сейфуллиннің сөзімен айтар болсақ, ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, публицист, аудармашы, педагог Ахмет Байтұрсыновтың саяси жолы 33 жасында басталады. Кемеңгер тұлға өз ұлтының бағы жануы үшін қоғамның барлық саласына араласты.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы», «Тіл құралы», ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби», «Жаңа әліпби» атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды.

Ұлы ағартушы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Оның «Тіл-құрал» еңбегі тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танып-білудің басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды. Ол қазақ тіл білімін 20 ғасырдың басында қалыптастырып, араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жарыққа шығарудағы орасан зор еңбегі, қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі «Әдебиет танытқыш» еңбегі – Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан өлшеусіз мұраларының бірі деп білемін. Өз өлеңдерінде еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін,мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға,білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырған бірегей тұлғаның «Қырық мысал», «Маса» еңбектері – осының дәлелі.

Заманымыздың заңғар жазушысы атанған Мұхтар Әуезов «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі, бұның шындығына ешкім де дауласпайды»-деген екен.

Қазақ халқының рухани көсемі, ұлттың ұстазы болған Ахмет Байтұрсынұлының айтқан сөздерін, жасаған еңбектерін санасына сіңдіріп, жүрегіне тоқитын ұрпағы барда Ахмет мәңгі жасайды!










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
31.05.2023
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі