Материалдар / «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына арналған тәрбие сағаты. Мақсаты: Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынов туралы кеңінен таныстыру. Өмір және еңбек жолын әңгімелеу, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2023
365
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі» ( Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына арналған)

Мақсаты: Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынов туралы кеңінен таныстыру. Өмір және еңбек жолын әңгімелеу, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдар

Барысы:

1-жүргізуші:

Құрметтi ұстаздар, студенттер! Қазақ халқының бiртуар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:

Адамдық диқаншысы қырға шықтым;

Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың

Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы, сөз құдiретiн танытқан жаңаша ақын, қазақ баспасөз тiлiнiң ұлттық үлгiсiн көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесiн көрсетуге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткерi, iрi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынұлы.

1-жүргізуші:

Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың «Латын әліпбиінің негізін қалаушы» А.Байтұрсынов 1891 жылдары Қазақ жазуының бүгінгі күнгі Елбасымыздың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» аясында латын әліпбиге көшеміз деген мақаласындағы  латын әліпбиінің негізгі нұсқасын ұлттық болмысқа салып реформалаған    24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды.  1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.

Ал, енді Ахмет Байтұрсынов атамызды зерттеп, кеңірек танып білу үшін деректі фильмге  кезек берейік.

2-жүргізуші:

Біздер де бүгін өз еңбегіміз арқылы Ахмет атамыз туралы зерттеп, білетінімізді ортаға салып көрейік. Ол үшін Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, еңбек жолы туралы әркім өз білгенін күн шуақтарына жазсын.

1-оқушы:

Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.

2-оқушы:

Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.

3-оқушы:

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.

4-оқушы:

1895 жылы 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.

5-оқушы:

1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.

6-оқушы:1895-1909 ж.ж., Қарқаралы, орыс-қазақ мектебі, оқытушы. 1921–1925 жылы Орынборда, 1926–1928 жылы Ташкенттегі, Халық ағарту институттарында, қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімдік қызметі. 1913–1918 жылы, қазақ зиялыларымен бірігіп, «Қазақ» газеті.Алаш партиясының негізін қалаушылардың бірі.

7-оқушы:- Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ әліпбиінің алғашқы авторы."Қырық мысал" , аударма жинағы, 1909 ж. Санкт-Петербургте 1911 жылы, "Маса " өлеңдер жинағы, «Оқу құралы», «Тіл – құрал», "Әдебиет танытқыш" - Әлі күнге дейін қолданыста, маңызын жоғалтпаған оқу құралдары.

1-жүргізуші:

Ахмет Байтұрсынов «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады»- деп өз ана тілімізді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық санамызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға шақырады.

Ал, енді Жас оқырмандарымыз А. Байтұрсыновтың  өлеңдерін мәнерлеп оқуға кезек берейік.

1-жүргізуші:

ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі болғанАхмет Байтұрсынұлы - өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспендікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Жастайынан тағдыр талқысын көріп өскен Ахметті өсірген де, ғылым мен мәдениеттегі көсегесін көгерткен де халық үшін еткен еңбегі, елі үшін еңсере жасаған қызметі. Ұлт маңдайына біткен тұлғаның туған тіліне деген құрметі жоғары болды. Оны бәрінен биік қойды. Назарларыңызға Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымдарын ұсынамыз. 

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.

***

Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.

***

Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі ана тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.

***

Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі.

***

Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.

***

Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып түзілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады. Һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады.

***

Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, онан соң басқаша оқытуы тиіс.

***

Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдaғанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау.

***

Сырттан бірен-саран жат сөздер келсе, оны жаншып кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ. Жат жұрттың шалығы тимесе, кәсіби, ғұрпы өзгерілмесе, жалғыз тіл өзгерілді деп айтуға тіпті жол жоқ. Қазақтың тілі өзгерген тіл деп айтуға жол жоқ болса, емлесін де қисық деп айтуға жол жоқ: қазақта тілінің табиғатына хилаф келетін емле жоқ. Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір.

***

XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.

***

Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы.

***

Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы.

***

Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға, мағына, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға, мағына жағын тануға керегі жоқ нәрселер тіл білімінің сабағына кірмеске тиіс.

***

Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап, солбырап, тұрған кең киім сияқты артық әріптері көп әліпби де қолайсыз; Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып тырыстырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем әліпби қолайсыз болады.

***

Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз зейін тілі.

***

Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.

***

Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.

***

Бір халықтың өз тілінде білім өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгерді һәм көршілес күшті халықтың тілімен әсірелеп…соған қол болады, оның ішінде жаңалықтар көбейеді. Ол кішкене ұлттарды жаңартып, жандандырылмаған ескі тілі өзінің барлық маңызын жояды һәм жылдам ұмытылады.







«Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қылатын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей білсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы». Әрине Ахмет тағылымын бір сәттте білу мүмкін емес. Оны жылдар бойы тануымыз керек. А. Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі тартқан қорлық, көрген азабы болашаққа сенген үміт  арманы туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.

1-жүргізуші:

Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және аудармашы. Оның өлеңдері “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы. Ахмет тек өзi ғана жазып қоймай, аудармашылықпен де айналысқан. Ол «Қырық мысал» 1909 жылы Петербург қаласында бастырады. Орыстың классик мысалшысы И.А. Крылов мысалдарының бiр тобын аударған. Крыловтан аудармалары өз елiне тән, жақын екенiн сезiп отырып таңдаған. Бұл тұңғыш аударма едi

«Қасқыр мен қозы»  мысалынан көрініс  

Автор:

Бұлаққа су iшуге келдi Қозы,

Жанында серiгi жоқ, жалғыз өзi.

«Бәрi жоқ, десең шығар, бөрiк астынан»,

Пәле мен қаза алыс па келсе кезi.

Қаңғырған тамақ iздеп бiр аш бөрi

Қозыға жетiп келдi жайнап көзi.

Жемекке кiнә қойып сол арада,

Жала ғып, мiне, Қасқыр айтқан сөзi:

Қасқыр:

«Сен, Қозы, текке қарап жүре алмайсың,

Соқтықпа маған десем, тiл алмайсың.

Мойныңды қазiр жұлып алайын ба,

Суымды неге былғап, лайлайсың»

Қозы:

«Қасқыр, тақсыр, тоқта азырақ

Тергеңiз кiнәм болса ғадiл бiрақ.

Iзiңiз жатқан жерден төмен келiп,

Iштiм мен жүз қадамдай қашығырақ.

Бұл жерден ең аз болса бiр жүз қадам,

Мүмкiн бе лайлауға осы арадан

Сiз түгiл, өзгеге жоқ қиянатым,

Не шара жеткен болса бүгiн қазам»

Қасқыр:

Бекер ме, менiң сөзiм

Бiлесiң жалғаншы деп кiмдi өзiң

Әкеңдi алдыңдағы танимысың

Балам, сен байқап қара, ашып көзiң

 

Осындай сөздер менi күйдiредi,

Десем де шыдайын-ақ етiп төзiм.

Есiмнен өле-өлгенше кете қалмас

Былтырғы осы арада сөккен сөзiң.

Қозы:

«Кезек бер бiразырақ сөзге, тақсыр

Келемiн жарты жасқа күзге, тақсыр

Жаралып дүниеге биыл келсем,

Тиемiн былтыр неғып, сiрә, тақсыр»

Қасқыр:

«Ол енше сен болмасаң, сенiң ағаң,

Ойларың менi жоймақ, келсе шамаң.

Ит болсын, қойшың болсын, қожаң болсын,

Жауыздық ойлайсыңдар бәрiң маған»

Қозы:

«Нансаңыз ағам да жоқ, iнiм де жоқ,

Уа, қайыры нашарлықтан мiнiм де жоқ.

Нақақтан менi тақсыр күйдiресiз,

Жауыздық сiзге ойлаған күнiм де жоқ».

Қасқыр:

«Ол саған әлде күйеу, әлде құда,

Сүймейдi қой атаулы менi жүдә..

Иә бөлең, иә жиенiң, иә нағашың,

Әйтеуiр, саған ұқсас едi о да.

Қой заты талай жәбiр бердi маған,

Соларын мен де iстеймiн ендi саған.

Кегiмдi қойдан алмай кiмнен алам

Тауыспа о деп, бұ деп сөздi оған».

Қозы:

«Тақсыр-ай, еш жазығым жоқ қой менiң,

Жәбiр қой бiреу үшiн күйдiргенiң»

Қасқыр:

«Үндеме! Жетер! Қазiр мұрсатым жоқ

Тұруға ақ-қараңды тергеп сенiң.

Алыпсың жаман әдет қарсыласып,

Сенiмен тұрам ба мен мылжыңдасып.

Айтайын, бiлгiң келсе, Қозым, саған,

Кiнәң сол- жегiм кеп тұр қарным ашып».

Автор:

«Шошиды Қозы байғұс құлқын танып,

Құтылар бiлгенменен онан нағып

Болсын ба Қозы жұмыс Қасекеңе,-

Жөнелдi иығына салып алып.

Орманға Қасқыр кеттi Қозыны алып,

Белгiлi етер iсi алып барып.

Осындай жазықсызды жазғыратын

Әр жерде күштiлер де бар ғой қалып.

Қасқырдың зорлық болды еткен iсi,

Ойлаймын – оны мақтар шықпас кiсi.

Нашарды талай адам талап жеп жүр,

Бөрiден артық деймiз оның несi».

-Қазағым , елім,

                        Қайқайып белің

                        Сынуға тұр таянып

                        Талауда малың,

                        Қамауда жаның,

                       Аш көзіңді оянып» деп халқын келешекке бастаған ақынды ашындырған-патша заманының зұлым саясаты, зорлық-зомбылығы,қорлығы еді.

Жүргізуші:

Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде  бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.

Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді..

Қарқаралыда мұғалiм болып жүргенде патша үкiметiнiң әдiлетсiздiгiне қарсы наразылық бiлдiрушiлердiң қатарында болғаны үшiн, 1909 жылы Семей түрмесiне қамауға алынады. Кейiн қазақ жерiнен тысқары жерде тұруға үкiм шығарып, 1910 жылдың наурызынан 1917 жылдың соңына дейiн Орынбор қаласында тұрады. Семей түрмесiнде жатқанда анасына арнап «Анама хат» атты өлең жазды.

Репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берейік.

  Сот үрдісінен  көрініс

ОГПУ тергеушісі, сұсты қатал үнмен: -Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай губерниясында бай-болыстың семьясында туған. Ұлты-қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алаш» партиясы-ұлтшылдардың жасырын ұйымы. Бұл партия Совет үкіметіне қарсы қастандықтар ұйымдастырған. Байтұрсынов-жат пиғылды, революцияға қарсы, еңбекшілдер үкіметін жек көретін адам. Барып тұрған халық жауы. Байтұрсыновтың айыбы.жасырын қазақ ұйымына неген және ұйымдастырушылардың бірі, ол жасырын түрде ұлтшылдық бағыттағы «Алаш» партиясын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаған.Қылмыстық істер кодекісінің 58 бабының 7,8,11 тармақтарына сай Ахмет Байтұрсынов атылсын!

( тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады)

Ахмет: Қинамайды абақтыға жапқаны,

              Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

              Маған ауыр осылардың бәрінен

              Өз ауылымның иттері үріп қашқаны...

             Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,

             Айдай бер қалса адамның қуылмаған.

( Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайра шығады)

Ахмет: Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

              Тәннен басқа не алар ем өлім менен?!

              Өлген күні апарып тығары-көр,

              Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.

       

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!