Материалдар / Ахмeт Байтұрсынұлы –ұлт ұстазы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмeт Байтұрсынұлы –ұлт ұстазы.

Материал туралы қысқаша түсінік
“Ахмeт Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымыздa eшкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.” деп Қазақстан жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев айтқандай халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, өз ұлтының ұлы ұстазы Ахметтің еліне жасаған ерен еңбектері қаншама десеңізші!?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2022
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ахмeт Байтұрсынұлы –ұлт ұстазы.


Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен

не пайда қайырымы қайтпаса.

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмeт Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымыздa eшкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.” деп Қазақстан жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев айтқандай халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, өз ұлтының ұлы ұстазы Ахметтің еліне жасаған ерен еңбектері қаншама десеңізші!?

Өз ұлтының тағдыры үшін күрескен жарық жұлдыз бүгінгі дәуірге дейін еңбектері бағаланып келеді. Ахмет бала кезiнен сөз танып, оны ұғып,өздігінен ізденіп, көркем сөздiң елде жоғары бағаланатынын сезіп өсті, халқының халін жақсы түсінген Ахмет редакция қызметіне араласа отырып қазақ әдебиетіннің кірпішін қалауға себепші жанның бірі бола білді. Ахметтің саналы өмiрге аяқ басқан кезiнен бастап, халық поэзиясын, Абай, Ыбырай шығармаларын, орыс әдебиетiн оқып нәтижесін көрсетті, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым, көсемсөз шебері, түркітанушы, дарынды ақын, аудармашы, ұлт жанашыры- Ахмет Байтұрсынұлы өз дәуірінің жарық жұлдызына айналды. Қазіргі таңдағы орны бөлек, осындай ағартушы, білім нәрін себуші, дарын иесіне биыл 150 жыл толып отыр, өзі ашқан «Қазақ» газетіне 110 жыл. Ахмет есімі қазаққа қайтып оралғанда ғұлама ғалымның зор еңбегі бөгетті бұзған дариядай екпінмен келіп, ұлттық білім мен мәдениетімізді, саяси өмірімізді ғажап байлыққа кенелтті, елінің алдынан қолына шам алып шықты. Тәуелсіздік таңы оңай келмеді қаншама төгілген батырларымыздың қаны бар, жазықсыз атылған ақындарымыз бар бүгінгі арайлы таңымыздың атуына себепшілердің бірі А. Байтұрсынұлын естен шығармауымыз тиіс. Ахметтің жасаған еңбектері қаншама десеңізші, журналист және педагог қызметін қоса

атқара жүріп аянбады. Ол - қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы қазақ балаларының ана тілінде сауат ашып, білім алуына көп күш жұмсады. Маңдайымызға біткен дәуірдің жарық жұлдызы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының –еңбегін біз ұстаздар келешек ұрпаққа жеткізіп отыруымыз керек. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастарға жол көрсеткен ұлтжан Ахметті сол кездің өзінде бағаланды. Сол заманда Ахаң ашқан қазақ мектебінен білім алуға келушілер саны арта түсті, педагог қызметін атқара жүріп ана тіліне аса мән берді, Әліппені жазып, жаппай сауаттылықа жол ашты. Жазған шығармаларын елінің жағдайымен байланысты көрсетіп отырды. Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.

Ахмет өмірінің өзі алғa ұмтылушылық пeн іздeнімділік, қaраңғылықтaн жaрық сәуле іздеу сияқты талпыныстан құрaлған әдебиетке көңіл бөлу арқылы іштeгі шерін өзі ашқан газетте шығaрып отырсa. Ұлтының тілінің бұрмаланбауы үшін «Тіл-құралы, «Әдeбиет тaнытқыыш» шығaрмаларын жарыққа шығaрды. Бүгінде ұрпаққа мұра болар тәлім – тәрбиелік мәні зор, өмірлік асыл қазына Ахмет мұрaсына жаңаша көзқарaспен қарап, саралап таныстырып отыру әрбір ұстaз міндетіне айналсa екeн.

Өз ұлты үшін күрескен ақын, жазушыларымыз, ұстаз, қауіп қатерлерден қаймықпады, түрмеге қамалса да өз қанымен еліне хат жазды. Осындай ұлтшыл патриот Ахмет тек өз қазағын алға тартуда елінің көзін ашуда тер төкті. Ағаларымыз елім, жерім, қазағым деп ешнәрседен тайынбады. Міне өз ұлтының нағыз жанашыры, қамқоршысы болған ұлы тұлға Ахметтей болу үшін жастар алға ұмтылуы керек.

Қорыта келе, салтымызды, тілімізді, дінімізді сақтап қалу біздей патриот жастар арқасында Қазақстан болашағын гүлдендіретін балаларға Ахметтің еңбектерін көрсете отырып жақсылыққа, бауырмалдылыққа шақыруда ұстаздар аянбаңыздар, шырағын сөндірмеңіздер.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!