400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ахмет Байтұрсынұлының ғылымға қосқан жаңалығы" тақырыбында дөңгелек үстел сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ахмет Байтұрсынұлының ғылымға қосқан жаңалығы" тақырыбындағы дөңгелек үстел.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының ғылымға қосқан жаңалығы

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, Байтұрсыновтың портреті, кітап көрмесі

Формасы: Дөңгелек үстел
 Барысы:

Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет Байтұрсынов.

Қайым Мұхамедханов

  Кіріспе сөз:   - Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар мен қонақтар! Сіздердің «Ахмет Байтұрсынұлының ғылымға қосқан жаңалығы» атты дөңгелек үстелге келгендеріңізге қуаныштымыз.

Ахмет Байтұрсынұлын білмейтін қазақ жоқ. Сөзсіз, Ахмет Байтұрсынұлы –  орасан зор, кемел тұлға. Алашорда және қоғам қайраткері, ағартушы, зиялы, алғашқы журналист, педагог, идеолог, ғалым деп ұлы тұлғаның сан қырын сипаттап кете беруге болады. Бірақ бұлардың арасында бәрінен де биік тұратыны – ол Ахмет Байтұрсынұлының ғалымдығы.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазіргі қазақ академиялық ғылымының түп бастауында тұрған ғұлама ғалым. Қазақ ғылымының атасы. Ахмет Байтұрсынұлының тілші-ғалым, лингвист, әдебиеттанушы, этнограф, фольклорист, мәдениеттанушы, демограф, педагог, тіпті, география мен агрономиядан, астрономиядан хабары болған адам болғанын білесіз бе?

Ахмет Байтұрсынұлы ғылымды игеріп қана қоймай, одан академиялық білімдер жүйесін түзген, "жоқтан бар жасаған" ғалым.

Рабиға Сыздықова: « Ахмет Байтұрсынов- біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді»-деп айтқан болатын. Осы ойды негізге ала отырып, бүгін Ахмет Байтұрсынұлының ғылымға қосқан еңбектеріне жайында сыр шерітейік!

  1. Ұлттық қаріп жайындағы еңбегі туралы сөз қозғайтын мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі -сөз беріледі.

-Жақсы, рақмет! Осы тұста өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар. Баяндамашыға қояр сұрақтарыңызды айта берсеңіздер болады.

  1. Қазақ тіл білімінің негізін салған еңбегі жайында сөз қозғауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәрібаева Айгүл Пернебайқызына сөз береміз.

-Жақсы, рақмет! Осы тұста өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар. Баяндамашыға қояр сұрақтарыңызды айта берсеңіздер болады.

  1. Әдебиеттану ғылымының негізін салған еңбегіне тереңірек тоқталатын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жапенова Сағат Абдираштқызы.

-Жақсы, рақмет! Осы тұста өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар. Баяндамашыға қояр сұрақтарыңызды айта берсеңіздер болады.

   

   Қорытынды сөз:

  • Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым, көсемсөз шебері, түркітанушы, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Ғұлама ғалымның зор еңбегі ұлттық білім мен мәдениетімізді, саяси өмірімізді ғажап байлыққа кенелтті.Ол айтқан ақыл-кеңес, қозғаған мәселелер, жазып кеткен сан алуан салиқалы туындылары бүгінгі күн талабымен оп-оңай үндесіп, бір арнаға тоғыса қалды. Ендеше, ел боламыз десек А.Байтұрсынов қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек. Бүгінгі Ахмет Байтұрсынұлының ғылымға қосқан жаңалығы тақырыбындағы дөңгелек үстел өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге рақмет!

     


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18.05.2024
373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі