Материалдар / Ахмет пен Міржақып 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ахмет пен Міржақып 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлім: Алаш идеясы мен қайраткерлері Цифрлы сабақ сценарийі. Сабақ мақсаты: - поэзиялық шығармадағы автордың ойы мен көтерген мәселені анықтап, оқырманға әсерін жеткізу. - жазба жұмыстарында (мезгілбағыныңқылы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2021
1823
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі мен әдебиеті

9- сынып

Бөлім: Алаш идеясы мен қайраткерлері

Тақырыбы: Ахмет пен Міржақып

Әзірлеуші: Сатимова Айнур Кайрмухановна

Түпқараған ауданы, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Маңғыстау облысы


  1. Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

  2. Сынып: 9

  3. Бөлім: Алаш идеясы мен қайраткерлері

  4. Сабақ тақырыбы: Ахмет пен Міржақып

  5. Сабақ мақсаты:

  • поэзиялық шығармадағы автордың ойы мен көтерген мәселені анықтап, оқырманға әсерін жеткізіңіз.

  • жазба жұмыстарында (мезгіл бағыныңқылы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырыңыз.

  1. КІРІСПЕ БӨЛІМ. «Ой шақыру»


- Берілген суреттегі тұлғалар кімдер?

- Сізге таныс тұлға бар ма?

- Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?




Сіздер өткен сабақтарда

«Алаштың бес арысы» туралы мәлімет алдыңыздар. Алаш азаматтары езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлады.

Енді бүгін біз кейіпкерлерімізді одан да жақын танитын боламыз.



Аудиожазбаны мұқият тыңдаңыздар. Аудиожазбада мәлімет кімдер туралы?


Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылында туған. Ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы.

А.Байтұрсынұлы Торғайда, Орынборда білім алғаннан кейін Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген. 1909 жылы халқын бодандықтан құтқару жолындағы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жер аударылып, сонда 1917 жылға дейін болады. Өзінің сенімді достары - Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлымен бірге 1913 жылдан бастап «Қазақ» газетін шығарып, жұмысына жетекшілік етті. Ресейде патша билігі құлағаннан кейін Алашорда үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамай, қарсы шықты. 1921-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтында сабақ берді. 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынып, Ресейдің солтүстік облыстарына жер аударылды. Кейін босап шыққанмен, 1937 жылы қайтадан қамауға алынып, атылған.

Міржақып Дулатұлы (1885-1935) – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, көсемсөз шебері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. Туған жері - Торғай уезі, Сарықопа облысының бірінші ауылы (қазіргі Қостанай облысының Жангелді ауданына қарасты Қызбел ауылы). Әкесі - Дулат балаларын жастайынан оқуға береді. Алғшқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Міржақып 1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлымен бірге «Қазақ» газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы «Ақ жол» газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы айдауда қайтыс болады.

Халқымыздың қос ардақтысы, алаш көсемдері- Ахмет пен Міржақып 1988 жылы ақталып, есімдері халқына қайта оралды.


Ықтимал жауаптар:

Халқымыздың қос ардақтысы, алаш көсемдері- Ахмет пен Міржақып жайында айтылған.

Олар өздерін қазақ халқының жанашыры, жақыны екендігі айтылады. Қиын - қыстау кезеңіне қарамастан, елі, жері, ұлты үшін өздерінің жанын қиған алып тұлғалар.



НЕГІЗГІ БӨЛІМ.


Бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша берілген жаңа сөздермен таныс болайық.


Жаңа сөздер: мазақ-насмешка

ақталу-оправдываться

бодандық-подчиненность



1-тапсырма

«Сөзден – сөйлем» әдісі

Берілген жаңа сөздердің мағынасын қолдана отырып, мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.

Бағалау критерийі:

- жазба жұмыстарында (мезгіл бағыныңқылы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырыңыз

Дескриптор:

  • тақырып бойынша жаңа сөздерді қолданыңыз.

  • мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрыңыз.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас туралы түсінік беріп жіберу керек емес пе?

Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан? қашанға дейін? қашаннан бері? қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы төмендегідей жолдармен байланысады.
1) - ған/ген, - қан/кен есімше тұлғалы етістікке - ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Жиналыс аяқталғанша (қашан?), тізім жасалып та болды.
2) - ған/ген, - қан/кен есімше тұлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.

Мысалы: Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріп тұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды.
3) - ған/ген, - қан/кен есімше тұлғалы етістікке соң, кейін, сайын, бері, шейін септеулік шылауларының қатысуы арқылы жасалады.

Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін көзін ашты.
4) - ған/ген, - қан/кен есімше тұлғалы етістікке кезде, шақта, уақытта мезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.

Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?) Көксерек жалғыз өзі ауылға келді.
5) - ғалы/гелі, - қалы/келі көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Жазғы демалысқа шыққалы (қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.
6) - са/се шартты райдың жұрнағы және - ысымен/ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады.

Мысалы: Ұлпа уәделі жерге келсе (қашан?), аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ. Қысбасталысымен (қашан?), Ораз да аңға шығуға дайындалады.


Жауабын тексеріп көрейік:

А.Байтұрсынов Орынборға жер аударылған кезде, өзінің достарымен бірге «Қазақ» газетін шығарды. Осы газетті шығару жұмысы басталысымен, М.Дулатов басылымның жұмысына белсене араласты. Алаш ардақтылары жазықсыз қамауға алынғаннан кейін, олардың шығармаларының таралуына тыйым салынды.


2- тапсырма. «Ашық микрофон» әдісі.

Берілген өлең жолын оқып, автордың ойын табыңыз. Берілген кесте бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.


Оян, қазақ!


Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
Найзаменен түртсе де,
Жатырсың, қазақ,оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, Алла-ай!
Бар ма екен біздей ғафыл жұрт?
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?
Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұрадын оңай кім табар,
Жар салып жұртқа қақсамай?
Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?


«Ашық микрофон»



Кім?

Не істе?

Қандай?

Кімнен?

Түйін







Бағалау критерийі:

- шығармадағы автордың ойы мен көтерген мәселені анықтап, оқырманға әсерін жеткізіңіз;

Дескрипторы:

- Жастардың іс-әрекетін табыңыз;

- Автордың ойын анықтаңыз;

- Өлеңнің идеясын ашып, дәлел келтіріңіз;


Ықтимал жауаптар:

Кім?

Не істе?

Қандай?

Кімнен?

Автордың ойы (түйін)

қазақ қарағым жұрт

көзіңді аш Оян, қазақ!

ғафыл жұрт

қалың ұйқы

жаңа гүл шашқан бақшадай

жастардан

Жастықты құр өткізбей, көзі іскенше ұйықтамай, қараңғыда өмір сүрмей, гүл шашқан бақшадай, өсіп келе жатқан жастарға қазақ халқына басшылық ет, надандықтан арыл, басшы бол!-деп, көкірегі сайраған автор М.Дулатұлы


ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.

«Эйлер шеңбері» әдісі



«Эйлер шеңбері» әдісі бойынша «Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының халық арасында «Ахаң мен Жақаң» деп қатар аталады. Екі тұлғаны біріктіріп тұрған ұқсастық пен айырмашылықты табыңыз?











Ықтимал жауаптар:






Ақын Ақын,ағартушы, қоғам қайраткері,

Тіл білімінің негізін салушы Алаш көсемі,ұлт жанашыры,

ағартушы

Қоғам қайраткері көсемсөз шебері, публицист,

Алаш көсемдері ұлттық жазудың реформаторы

Ұлт жанашыры Міржақып Ахметтен 13 жас кішілігі «Қазақ» газетін шығарушы












Үйге тапсырма. «Алаш көсемдерімен кездессем...» тақырыбында ойтолғау жазыңыз.

Бағалау критерийі:

Алаш көсемдерінің шығармаларындағы автордың ойы мен көтерген мәселесін анықтап, оқырманға әсерін жеткізіңіз.

Дескрипторы:

  • Ойтолғау жазыңыз;

  • Ойыңызды нақты мысалдармен дәлелдеңіз.


Түйін:


Алыстан алаш десе, аттанамын,

Қазақты қазақ десе, мақтанамын.

Болғанда атам қазақ, шешем қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!-деп, ұлтын оятып, жиырма жасында ұрандаған М.Дулатов болса, Ахмет Байтұрсынұлы: «Басқа халықтан кем болмас үшін біз бай, күшті, білімді болуымыз керек. Бай болу үшін кәсіп керек, күшті болу үшін бірлік керек, білімді болу үшін оқу керек, осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», –деп, болашақ жастарға үндеу тастап, Сіздерден зор үміт күткен!


Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!





Қосымша мәлімет: https://abai.kz/post/41259

Алаш пен Ахмет

1917 жылы патшаның тақтан құлауын Ахмет Байтұрсынұлы зор қуанышпен қарсы алып, Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен қазаққа бостандық, теңдік әперу үшін саяси күрес майданына араласты. Сол жылы Орынбор қаласында өткен І Жалпықазақ съезінде Ахмет Байтұрсынұлы пен Міржақып Дулатов "Тәуелсіз автономия" құру идеясын ұсынады.

Съездің қорытындысы бойынша "Алаш" ұлттық саяси партиясы құрылды. Ал Әлихан Бөкейханов қазақ халқының көсемі, партия басшысы болып сайланды. Алайда ұлттық автономия құрамыз деген бастама тығырыққа тірелді. XX ғасырдың 20-30 жылдары қазақ зиялылары көбінесе орыс және татар ұлтының қыздарына үйленді. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің әйелі – Валентина Николайқызы, Ахмет Байтұрсыновтың әйелі – Бәдрисафа Иванқызы, Жүсіпбек Аймауытовтың әйелі – Евгения Кириллқызы. Қазақ зиялыларының орыс қыздарына үйленуіне себеп-Кеңес өкіметінің жымысқы саясаты еді.

Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.





https://www.youtube.com/watch?v=eHbdMoy5sxc



Shape1 Shape2 Shape3

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!