Қарағанды
облысы
Теміртау қаласы №4
ЖББОМ
Өзін-өзі тану пәні
мұғалімі
Керимкулова Құндыз
Әшенқызы
Сынып:
5
Күні: 12.04.2018
ж
Сыныптан тыс жұмыс
тақырыбы: «Айбыным, асқар тауым -
ӘКЕШІМ»
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала
арасындағы қарым қатынасты нығайту.Ұлттық салт дәстүрімізге
байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала
махаббатын ояту.
Ұйымдастыру
кезеңі: Сәлемдесу
Құрметті қонақтар, оқушылар,
ардақты әкелер!
Бүгінгі
«Айбыным, асқар тауым -
ӘКЕШІМ» атты ісшарамызға қош
келдіңіздер! Бүгінгі әңгімеміз жанұядағы әке тәрбиесі жайында
болғандықтан, өздеріңізді қатыстыруды жөн көрдік. Кімге болсада
ардақты әке қымбат. Бұл бүкпесіз ақиқат. Әрбір отбасында әкелердің
алар орыны ерек. Отбасымыздың қамқоршысы, батырлық пен қайсарлықтың
символы болған әкелерімізді сыйлап-құрметтеу бұл қанымызға сіңген
қасиет.
Танысу
кезеңі:Дөңгелек үстел басына
жиналғандар өздерін таныстырып өтеді.Тренинг «Қошеметтеу» Оқушылар
мен ата-аналар бір-біріне есімдерінің бас әрпіне сәйкес әріптен
басталатын жақсы сөз айтады. (Ерасыл – ержүрек, Алимұса –
ақылды,т.б.)
Тақырыпты ашу
кезеңі
Дана халқымыз ерекше көңіл
бөлген бала тәрбиесіне байланысты ұлағатты сөздерді оқып мағынасына
өз пірікірін білдіру.
Әке тұрып ұлы сөйлемес, шеше
тұрып қызы сөйлемес.
Ана алдында - құрмет, ата алдында -
қызмет
Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон
пішер.
Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз
өсер.
Бала тәрбиесі бесіктен. Отан отбасынан
басталады
1.
Балаңыздың туған күні?
2.
Сынып жетекшінің толық аты жөні?
3.
Балаңыздың парталас көршісі кім?
4.
Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
5.
Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6.
Балаңыз кеше қандай баға алды?
7.
Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8.
Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
9.
Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
10.
Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11.
Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға қандай
сөз түседі?
12.
Балаңыздың ең жақын досы кім?
Ой жарыс:
кезеңі
Отбасында ең алдымен мінез
қалыптасады. Ал
мінез өзгере ме? Пікірталас. Ата-аналар мен оқушылар екі топқа
бөлініп, бірі «мінез өзгереді» деген пікірді, екіншісі «мінез
өзгермейді» деген пікірді қорғайды.
«Сіз қалай тәрбиелейсіз?» Отбасында тәрбиенің
түрлі әдістерін қолдануға болады. Солардың ішіндегі бізге ең жақыны
- ертегі айту. Балаға түрлі ертегілер айту арқылы біз оны
жақсылыққа тәрбиелейміз. Қазір барлығымыз балалық шаққа саяхат
жасап қайтайық.
Жағдаяты
шешу
Халқымыздың «тәрбие -
бесіктен» деген сөзін ескеретін болсақ, баланың санасына асыл
қасиеттерді сіңіру бесік жырынан басталатынын барлығымыз да
білеміз. Бесік жырын айтып көріңіздерші.
«Әр нәрсенің де шешімі бар»
оқушылар мен ата-аналарға түрлі жағдаяттар жазылған тапсырмалар
беріледі. Ол жағдаяттарды сол жерде көрініс арқылы
көрсетеді.
«Әке, мен бүгін бір баламен
төбелесіп қалдым.»
«Әке, маған ұялы телефон
әперем деп едіңіз ғой, уәдеңізде неге
тұрмайсыз?»
«Әке, қойыңызшы, сізбен
сөйлесетін көңіл-күйім жоқ».
«Әке, жиналысқа неге
келмедіңіз?»
«Әке, мен байқамай үйдегі
диванның аяғын сындырып алдым»
Қорытынды:
Бүгінгі айтылған ой-пікірлерді
қорытындылай келсек, тәрбие көзі - отбасы екеніне тағы да көз
жеткіздік. Қыз бойжетіп ұядан ұшқанда, ұл ержетіп қияға қонғанда
жанұядан көрген жақсы дәстүрлер мен өнегені сақтап қалса, ол –
ата-ана еңбегінің жемісі. Бала отбасы дәстүрлерін сақтай отырып,
әкеден ерліктің, еңбектің, іскерліктің, имандылықтың өнеге үлгісін
үйренеді, ал анадан сұлулықтың, парасаттылықтың, мейірімділіктің,
ісмерліктің, қайырымдылықтың өнегесін бойына сіңіреді. Осындай ізгі
қасиеттерді дарытатын әкелер мен аналар аман болсын дей отырып,
бүгінгі ісшарамызды аяқтағым келеді.