Материалдар / Айналадағы қауіп қатер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Айналадағы қауіп қатер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа арналған жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2020
485
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Дүниетану

Мектеп: №4 «ЖООБ КММ»


Машықкердің аты- жөні : Нурмухаметова Аяулым

Күні: 17.04.2020ж


Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Айналадағы қауіп-қатер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.1.2. табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

1.1.4.6. шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Айналадағы қауіп-қатер туралы біледі. Қауіпті жағдайда дұрыс әрекет жасай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезіне алады. Қауіп-қатерден сақтану жолдары бойынша мысал келтіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Қауіпсіздік ережелерін қарастырады. Қажетті жағдайда құтқару жолдарын орындайды.

Бағалау критерийлері

1.Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсінеді.

2.Шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайын анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылардың әңгімелесу, әңгімелеу, талқылау барысында байланыстыра сөйлеу дағдысы дамиды. Мақалдардың мағынасын түсіндіреді.

Сақ жүрсең, сау жүресің.

Қамданған қапы қалмайды.

Сумен ойнама - батарсың, отпен ойнама - күйерсің.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Қоршаған орта - окружающий мир - environment

Құтқару қызметі - служба спасения - rescue service

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Жеміс-жидектерді қалай пайдаланамыз?

- Кейбір өсімдіктердің қауіпті екенін білесің бе?

- Көшедегі кезбе, бөтен жануарларға қамқорлық жасауға бола ма?

- Қандай жағдайда қауіп-қатер туындайды?

- Үйде, көшеде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?

- Үй жағдайында қандай заттарды үлкендердің басшылығымен қолдану керек?

- Көше бойында доп ойнауға бола ма?

- Кез-келген жерде суға шомылуға бола ма?

Құндылықтарды дарыту

Денсаулықты сақтауға, қоғамдық орындарда, көшеде өзін мәдениетті ұстауға, достық, адамгершілік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану - алғашқы жәрдем көрсетудің қажетті құралдарын таңдайды.

Көркем еңбек - «Орындап көр» айдарында ең көрнекті, ең ерекше ескерту белгісін жасайды.

АКТ қолдану дағдылары

Айналадағы қауіп қатер бейнефильм, суреттер

Бастапқы білім

Айналадағы қауіп-қатер туралы біледі.

Қауіпті жағдайларға байланысты мысалдар келтіреді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі


Ресурстар


Басы

5минут


Психологиялық дайындық

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Сәттілік біздер тілейік,

Мен – саған, сен – маған,

Күндей күліп жүрейік,

Күннің нұрын төгейік,

Мен – саған, сен – маған.


Қауіпсіздік телефоны арқылы 4 топқа бөлу. (101 - өрт сөндіру, 102 - полиция, 103 - жедел жәрдем, 104 - газдан құтқару)









Суреттер, қауіпсіздік номерлері

Ортасы

7минут


































10 минут




















5минут





5минут




















5минут



















5минут










Бейнефильм көрсету: Айналадағы қауіп қатер бейнефильм көрсету, тақырып ашу.


1. «Суреттер ескертеді» Т.Ж.

Суретпен жұмыс жүргізу.

Шарты: берілген суреттерге қарап қандай қауіп-қатерден сақтану керектігін айтады.

1-топ. Терезе жақтауына барынша асылып

сыртқа қарама.

2-топ. Жол жиегінде доп ойнама.

3-топ. Жануарларды қолыңмен ұстама.

4-топ. Үлкендердің басқаруынсыз суға түспе.

Дескриптор:

1. Қауіп-қатер түрлерін анықтайды.

2.Мәтінді түсінеді, түсіндіреді.

3.Қауіп-қатерден сақтану жолдарын ұсынады.

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Қ.Б. «Смайликтер»


2. «Минуттық шешім» Ж.

Суреттерге мұқият қара. Жедел көмек көрсету қызметінің атауын және олармен хабарласуға арналған телефон нөмірін жаз.

Жедел көмек көрсету қызметіне хабарласу қажет болған жағдайда не туралы айтар едің? Жұптасып диалог құрастыру

Дескриптор

-Жедел көмек көрсету қызметінің түрлерін анықтайды

-Жедел көмек көрсету қызметіне хабарласу нөмерлерін жазады.

-Жедел көмек көрсету қызметіне хабарласу жағдайына қатысты диалог құрастырады.

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Қ.Б. «Смайликтер»


Сергіту сәті.

Қауіпсіздік – сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз құрау. Мысалы, сіз, ау, қас, қап, қаз, із, іс, ізі, кісі, сау, т.б.


3. «Жедел жауап» әдісі

Берілген жағдаятты мұқият тыңда

Тимур мен Қанат саябаққа барды. Олар балмұздақ сатып алды. Қанат балмұздақтың сыртын қоқыс жәшігіне қарай лақтырып жіберді. Қағаз жәшіктің сыртына түсті. Қанат оған мән бермей, балмұздағын жеп отыра берді. Тимур Қанатқа ескерту жасады.

Дескриптор

-Сұрақтарға қатысты ойын айтады

-Берілген жағдаят бойынша диалог құрастырады.

-Қоршаған ортада өзін қалай ұстау керектігін түсінеді.

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Қ.Б. «Смайликтер»


4. «Серпіліс»

Ережені ең мазмұнды жазған оқушыны анықтаймын.

Ө.Ереже құрастыру:

1. Оқулықтағы 87-беттегі сурет арқылы оқушылар өз қауіпсіздік ережесін құрастырады.

2. Мәтінді оқып талқылайды. Ойын алаңдарында ғана ойнау керектігін айқындайды.

3. Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсінеді, тыйым салу белгілерін жасайды.


5. «Өзен жағасындағы демалыс»

Суретті бояу. Өзен жағасындағы қауіпсіздік ережелерін жазады

Ө. Дәптермен жұмыс

1. Құтқару қызметі туралы мағлұмат алады.

2. Құтқару қызметінің телефон номерін біледі.

3. Қауіп төнген кезде кез-келген телефоннан хабарласа алады.

Дескриптор:

1.Суретті бояйды.

2.Өзен жағасындағы қауіпсіздік ережесін жазады.

3.Табиғатта тыйым салынған әрекеттерді жазады.

Кері байланыс: «Бағдаршам»

Қ.Б. «Смайликтер»

Үйге тапсырма: Айналадағы қауіп қатер тақырыбында сурет салу.




https://youtu.be/EjuuLFQmWG8



Оқулық, суреттер






770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!