Материалдар / Айтыс- сөз сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Айтыс- сөз сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Айтыс жанрымен танысу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2020
817
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мекеме: «Көктөбе орта мектебі»КММ

Орта білім беру ұйымдарының педагогына арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Мұғалімнің аты-жөні:

Омиралиева Г.Р.

Дата:

26.10.2020

Сынып : 3 «А»

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Айтыс- сөз сайысы

Оқудың мақсаттары:

3.1.3.1 – музыкалық көркемдеуіш құралдарды анықтау жəне оларды орындауда қолдану;

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

-айтыс жанрын ажырата біледі; сөзді мағынасына қарай ұйқастыруға тырысады; айтыстың өлең жолдарына əуен іздестіреді; қарапайым суырыпсалма ұйымдастыруға қатысады

Оқушылардың көпшілігі:

- оқушылардың көпшілігі айтыс жанрын, көркемдеуіш құралдарын талдайды, ажыратады; сөзді мағынасына қарай ұйқастырады, айтыстың өлең жолдарына əуен табады;суырыпсалма іс-əрекеттеріндегі белсенділігін көрсетеді.

Кейбір оқушылар:

- суырыпсалма іс-əрекеттеріндегі белсенділігін көрсетеді, қасындағы оқушылар шығармашылығына ықпал етеді;

музыкалық жəне ауызша суырыпсалмалықта тез бағдарлай алады.

Ход урока

Сабақ кезеңі/уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




















Сабақтың ортасы


























Сабақтың соңы


1-тапсырма. Сыныптық талқылау.(МК, Ұ)

Мұғалім айтыстың кез келген түрін таңдай алады.Айтыс өнерімен танысу сыныптық талқылаумен басталады.«Суретке жəне бейнежазбаға қарап отырып, айтыс туралы өз пікіріңді ортаға сал. Айтыс жанрын сипат тауда мына тірек сөздерді қолдан: сөз жарыс, жұптық сайыс, ақындар, суырыпсалма, жеңу-жеңілу». Сұрақтар мен талқылаулардан айтыс жанры жəне ақындар жайлы ақпарат беріледі. Айтыс атауы «айтысу» деген сөзден шыққан. Ол өлең-сөзбен жарысу деген мағынаны білді реді. Айтысқа тапқыр, білімді,тез арада өлең-сөз құрастыра алатын ақындар қатысады. Əсерлі болу үшін ақындар сөздерін əуенге қо сып, домбыра аспабымен сүйемелдеген». Оқу шылар оқулықтағы мəліметті пайдаланып, өз ойларын негіздейді.

3-тапсырма. Орындау. (Т,Ж) Сабақта оқушы ларға ұл мен қыздың айтысын ұйымдастыру ұсынылады.Айтыс əзіл түрінде берілген жəне балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін қайым айтысқа жақын етіп алынған. Айтыс əуеніне балаларға таныс буыны жағынан сөзіне сəйкес келетін əуендерді таңдауына болады. Мысалы: халық əні «Жүгіріп шықтым белеске» немесе «Жақсы мен жаман» термесінің əуеніне. Қыздар айтысын ұлдар берілген алдыңғы сөз үлгілеріне қарап аяқ тайды (Ұлдар ылғи шулаймыз, үзілісте зулай мыз).

2-тапсырма. Суырыпсалма. Мұғалім«Мен неге мектепті жақсы көремін?», «Менің мектебім» тақырыбында айтыс құрастыруды ұсынуына болады.Оқулықта «Менің мектебім» тақырыбында суырып- салма жасалған.

(МК, Ұ, Ж) «Мектебім менің» тақырыбына суырып- салма жаса. Өлеңнің мазмұны мен ұйқасына қарай мына сөздерді қой: барғанша, жаңаша, тамаша. Дұрыс жауаптары: жаңаша, барғанша, тамаша.

4-тапсырма. Зерттеу. Оқу айтыстың түрлерімен танысады. Мұғалім айтыстың əрбір түріне ұғымдық түсініктер беруіне де болады. 5-сыныптағы музыка сабақтарын- да бұл тақырыптар аясы кеңінен қамтылады. Зерттеу жұмысындағы негізгі мақсаты – баланы шығарма- шылық суырыпсалмалыққа тарту. Шығарма шылық тапсырма ойын түрінде беріледі жəне ең ежелгі тұрмыс-салт айтысы бəдік туралы айтылады. Оқулықта қысқаша түсініктеме де берілген.«Малмен күнкөріс көріп отырған ата-бабала рымыз мал ауруының иесі – «бəдік» деп ойлаған. Бəдікті малдан шығару үшін үркітіп, өлеңмен тауға, ағын суға, желге т.б. жаққа «көш-көш» деп көшірген. Кейін келе бұл салт ұмытылып, жастардың əзіл-қалжыңына айналды».

5-тапсырма. «Бəдік» ойыны

6-тапсырма. Таныстыру жəне бағалау.(Ұ) Оқушылар сыныптастарымен бірге жұмыстарын таныстырып, бағалайды.

Не жақсы шықты?

Қандай қызықты тақырыптар қолданылды?

Қай тұстарды толықтыруға болады?

Рефлексия

Мен не білдім?

Нені үйрендім?

Қандай тапсырма қиындықтар туғызды?

Қандай тапсырма жеңіл болды?

айтыс жанрын ажырата біледі;

-сөзді мағынасына қарай ұйқастыруға тырысады;

-айтыстың өлең жолдарына əуен іздестіреді;

-қарапайым суырыпсалма ұйымдастыруға қатысады;

-өзінің жəне мүмкіндігінше өзгенің жұмысын бағалайды.

Өзара және өзін-өзі бағалау

Смайликтер


Бағдаршам



Оқулық

Нота хрестоматиясы

Фонохрестоматия

Аудиоаппаратура

Оқу ісінің меңгерушісі Д.Е.Жансеркеева:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!