Материалдар / "Әже мектебі" тақырыбында консилиум
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әже мектебі" тақырыбында консилиум

Материал туралы қысқаша түсінік
Қсынылған сынып жетекшілерге қажет. Балаларды әжеге деген сүйіспеншілікке баулиды. Әже еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамытуға әсерін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
579
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ғали Орманов атындағы орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі




«Бекітемін» «Келісемін» «Қаралды»

Мектеп директоры ТЖО СЖБ жетекшісі

А.С.Касымова Г.Н.Ешмуамбетова Мукашева Д.Н

__________ ____________ __________









Әже отбасының ғана емес, әулеттің де ұйтқысы



      Сынып жетекшісі Джаксыбаева Мунира Мейировна

     Сыныбы 9 «А»















Қапал ауылы

Консилиумнің тақырыбы: «Әже отбасының ғана емес, әулеттің де ұйтқысы»

Мақсаты: Балаларды әжеге деген сүйіспеншілікке баулу. Әже еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой - өрісін тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі әжелердің жауапкершілігі.
2. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

Түрі: кеңес беру консилиумі

Көрнекілігі: Слайд, бейнежазба

Барысы:
I. Ұйымдастыру
- Құрметті, оқушылар! Бүгінгі біздің консилиуміміздің тақырыбы «Әже отбасының ғана емес, әулеттің де ұйтқысы». Іс-шарамыздың басты мақсаты әжеге деген сүйіспеншілік, үлкенге сый-құрмет көрсету, әже өнегесін жастарға насихаттау болғандықтан, консилиумнің өткізу бағыты кеңес беру түрінде болмақ.


II. Кіріспе сөз
Қазақ отбасында әже орны қадірлі әрі ерекше. Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйтқысы, кейінгі жастардың тәрбиешісі.

Баланың бойындағы асыл қасиеттерді отбасында ата-әжесі қалыптастырған. Сонымен қатар ұлттық тәрбиенің, ізгіліктің дәнін әжелер сепкен. Ата мен әженің тұңғыш немересін бауырына басып, өз баласынан артық бағып-қағуында үлкен мән бар. Бұл – әке мен баланың, ене мен келіннің арасындағы сыйластықтың да бір белгісі. Ал көргенді қарт ата мен әже балаға өзінің әке-шешесін құрметтеуді міндеттеп отырған.

Өмірден көргені мен түйгені мол қариялар тәрбиелеген баланың ең алдымен тілі тез шығады. Өйткені ата мен әже баламен үлкен адамша сөйлеседі. Сол себепті әже тәрбиелеген бала сөздің қадірін біледі. Бала үнемі үлкендермен бірге жүріп, олардың өнегелі әңгімелерін, тарихтан шерткен сырларын, ән-жырларын, шежірелерін тыңдап өседі.

Әжелер батырлар жырын айтып баланы ерлікке баулып қана қоймайды, ата-бабасының тарихынан хабардар етіп отырған. Әже тәрбиесі арқылы бала жақсы мен жаманды ажыратып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйренеді. Әдетте әже тәрбиесін алған баланы жұрт "тәрбиелі бала", "көргенді бала" деп баға беріп жатады. Өйткені әженің мейіріміне бөленіп, тәрбиесін алып өскен бала үй шаруасына бейім болады, өзі мейірімді, адал болып өседі.

Әже өнегесі – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы құндылық, тәрбиенің қайнар көзі. Әже алдын көріп, тәлімін алған, тарихта есімі қалған ұлылар көп. Зере әжесінің зерделі аңыз-әңгімелері мен жыр-дастандарын тыңдап өскен бала Абай дана Абайға айналды.

Ал Айғанымдай әженің тәрбиесін алған Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар сынды қазақтың біртуар азаматтары да әженің тәрбиесін көріп, әженің алақанынан түлеп ұшқан. Яғни, қазақтың нар тұлғалы азаматтарының көбі әже мектебінен сусындап өскен адамдар.

ІІІ. «Сұрақ бізден, жауап сізден» тәсілі бойынша сұрақтарға оқушылар өз ойларын ортада білдіреді.

  1. Ұлттық тәрбие беру үшін ауылда тұру маңызды деп ойлайсыз ба?

  2. Қазіргі ұрпақ әже тәрбиесіне зәру деп ойлайсыз ба?

  3. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: "Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…" деген екен.

Осы сөзді қазіргі қоғаммен байланыстыра аласыздар ма?

  1. Сізді отбасыңыздағы үлкен апа, әжелеріңіз қалай еркелетеді?

"ботам", "ботақаным", "қоңыр қозым", "құлыншағым", "батырым", "ақылдым", "үмітім", "болашағым"

ІҮ. Ой қозғау

Берілген әріптік белгілерді негізге алып, сол әріптен басталатын сын есім айту арқылы әжеге сипаттама беріңізер.

Ә-
Ж-
Е-

Тұлға

Ү. Бейнежазбаны көрсету. Оқушыларға әже мектебінің тәлім-тәрбиесінен ақыл-кеңес беріледі.

ҮІ. Қорытынды

Әже – отбасының алтын қазығы. Шаңырақтағы қарым-қатынасты реттейді, балаларды мейіріммен, ақылымен өмірге бейімдейді. Әжелер үнемі "арыңды аяқ асты етпе, үлкеннің жолын кеспе, біреуді жамандама, бөтен адамның ала жібін аттама" деген сияқты адамгершілікке баулитын сөздерді қайталаудан жалықпайды.

Әженің емірене маңдайдан сүйіп, бауырына қысып еркелеткеніне жетер ештеңе жоқ. Ендеше, арамыздағы жанашыр да берер тәрбиесі мол әжелеріміз аман болсын!

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!