Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әжеге қонаққа барамыз
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Тапқыр математик» математикалық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
— Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Әдістері: Сұрақ –жауап, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың өткізілу формасы: Топпен жұмыс
Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер
Сайыс сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!
Уа, жарандар, жарандар!
Мына бізге қараңдар
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қостаймыз
Кешіккенді тоспаймыз
Ғылымдардың атасы
Математика пәнінен
“Тапқыр математик ” сайысын бастаймыз.
Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырайық:
1 «Кім тапқыр?»
2. «Ойлан, тап!»
3. «Сандар сыры»,
4. «Сандар сөйлейді» (сандар туралы мақал-мәтелдер)
5. «Бәйге: (а,ә,б –кезеңнен тұрады)
6. «Кім жылдам»?
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар:
І топ: «Алғырлар» тобы 4 «А»
ІІ топ: «Білгірлер» тобы 4 «Ә»
ІІІ топ: «Тапқырлар» тобы 4 «Б»
Бағдарлама бойынша І кезең «Кел танысайық».
1-топ: « Алғырлар» тобы 4 «А»
Топ басшысы: Жораева Аружан
Біздің ұран: « Егеменді елдің тірегі- оқу мен білім»
Қатысушылар: Зайдуллаев Рауан
Жорабек Хансері
Аристанова Назерке
Диас Анарбек
Наркулов Ернар
2-топ: « Білгірлер» тобы 4 «Ә»
Топ басшысы: Шәймерденова Назерке
Біздің ұран : «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»
Қатысушылар: Алмасқан Ерсұлтан
Бисенбаева Диара
Уринбек Жасұлан
Жайнар Али
Сайдаханов Ерасыл
3-топ «Тапқырлар» тобы: 4 «Б»
Топ басшысы: Жұмабай Жалғас
Біздің ұран: «Алға қазақ жастары»
Қатысушылар: Бекзат Асел
Махамадин Рамазан
Гузанбаев Жандос
Бақберген Ибрагимов
Әлібек Лаура
2 кезең «Кім жылдам»
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде – дегендей сайысымызды «Кім тапқыр?» деген кезеңінен бастайық.
1. Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)
2. 120 минут неше сағатқа тең?(2 сағат)
3. Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады? (1cағат)
4. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3мин)
5. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)
6 .Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?
(5кг)
7. Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)
8. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан неше жаста?
3 кезең «Ойлан, тап!» (әр топқа логикалық тапсырмалар беру )
І топ: «Алғырлар» тобына «Үй иесі мен ұрылар»
Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.
Үй иесі мұны сезіп:
-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5ұры)
ІІ топ «Білгірлер» тобына «Күлшеқыз»
Күлшеқызға өгей шешесі «45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма берді. Күлшеқызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. (9+18+18)
ІІІ топ: «Тапқырлар» тобына «Шаштараз »
Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. -Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шашатараз)
4 кезең «Сандар сыры»
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Төртінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Сандар сыры» атты келесі кезеңге көшейік.
Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын сайыскерлер жалғастыруы керек. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады.
1 топ «Алғырлар»
1) Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2) Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
3) Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.
4) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
5) Жүз сомың болғанша, жүз досын болсын.
2 топ «Білгірлер»
1) Бір тал кессең, он тал ек.
2) Бес саусақ бірдей емес.
3) Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
4) Айдың он бесі жарық, он бесі қараңғы.
5) Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді…
3 топ «Тапқырлар»
1 .Алпыс күнде тасыған су,
Алты күнде қайтар.
2 .Жеті атасын білмеген жетесіз.
3. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
4. Елу күнде ел жаңа.
5. Айдағаның бес ешкі ысқырығың жер жарады.
5 кезең « Сандар сөйлейді» бұл кезеңде әр топ киелі сандар жайлы мағұлмат береді.
1- топқа жеті жұт
жеті күн 1.құрғақшылық
дүйсенбі 2.жұрт
сейсенбі 3.өрт
сәрсенбі 4.оба
бейсенбі 5.соғыс
жұма 6.топан су
сенбі 7.зілзала
жексенбі
2-топқа
Үш арыс Үш дана
Сәкен,Бейімбет, Абай, Шоқан
Ілияс Ыбырай
Үш тәтті Үш биік
Ананың сүті билік
Баланың күлкісі дәулет
Туған жер даналық
3-топқа
Үш қадірлі Үш қөз
Ырыс су анасы-бұлақ
Бақ жол анасы-тұяқ
Дәулет дау анасы-құлақ
6 кезең « Бәйге» қорытынды кезең.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына –дей келе, «Бәйге» кезеңіне де жеттік. бұл кезеңде топ басшылары сайысы. Берілген сұраққа 1 мин ішінде қай топ көбірек жауап береді.
«Алғырлар» тобына:
1. Ұзындық бірліктерін ата/ мин, сағат, секунд апта, тәулік/
2. Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады? / кесінді/
3. 4+5х2=?/14/
4. а= 2 см, в=4 см / тік төртбұрыш S=? /8см/
5. 350-150 дің айырмасы нешеге тең? /200/
6. 1м-де неше см бар? /100см/
7. Х+30=60 /х тің мәні нешеге тең?/ 30/
8. Қуат 1 күнде кітаптың 5 бетін оқыды. Осы қарқынмен 3 күнде неше бетін оқиды?./15/
9. 64 қай санның квадраты ?/ 8/
10. Жеңіс қай күн ? / 9 мамыр/
11. 1ғасырда неше жыл?/ 100/
12. Ең үздік баға неше?/5/
13. Бір жылда неше күн бар? /365немесе 366/
14. 49 қай санның квадраты?/ /7
15. х-60=10 /х тің мәні нешеге тең?/70/
16. а=5см в=4см /тік төртбұрыш Р=? /18/
«Білгірлер» тобына:
1. Уақыт бірліктерін ата/ мин, сағат, секунд апта, тәулік/
2. Мыңда неше нөл бар? /3/
3.9 бен 5-тің көбейтіндісін ата/45/
4. а=6см, в=3см/тік төртбұрыш S= ? см /18см/
5. 750-350дің айырмасы нешеге тең?/400/
6. 1т неше кг бар? /1000 кг/
7. Х+40=80 /х тің мәні нешегі тең?/40/
8. Алмас 1 сағ 4 км жол жүрді осы қарқынмен жүрсе 3 сағатта неше км жол жүреді. ? /12 км/
9. 81 қай санның квадраты/9/
10. Тәуелсіздік мерекесін қай күні тойлаймыз /16 желтоқсан/
11. 1 жылда неше ай бар /12 ай/
12. Ең нашар баға/2/
13. а= 7см,в= 3см/тік төртбұрыштың Р=?см/20/
14. Аш қарында 3 жұмыртқа жеу мүмкін бе? Жоқ/
15. 5 сыныпта жасың нешеде болады?/10/
16. 5 пен 3 –тің көбейтіндісі нешеге /15/
«Тапқырлар» тобына
1. Уақыт бірліктерін ата/ мин, сағат, секунд апта, тәулік/
2. Мыңда неше нөл бар?/3/
3.6+4х3=?/18/
4. а=6см, в=3см/тік төртбұрыш S= ? см /18см/
5. 425-225=?/200/
6. 1т неше кг бар? /1000км/
7. Х+40=80 /х тің мәні нешегі тең?/40/
8. Алмас 1 сағ 6 км жол жүрді осы қарқынмен жүрсе 2 сағатта неше км жол жүреді?/12км/
9. 36 қай санның квадраты ?/8/
10. Аналар мерекесін қай күні тойланады?/8наурыз/
11. х+54=74 /х-тің мәні нешеге тең?/128/
12. а=8 см,в=2 см/тіктөртбұрыш Р= ?см/20см/
13. 7+2х2=?/11/
14.400-275=?/125/
15. 4 сыныпта жасың нешеде болады?/9/
16. 6мен 3 –тің көбейтіндісі нешеге тең?/18/
-Ендеше, сайыстың қорытындысын шығарып, бүгінгі сайысымыздың ең тапқыр оқушылар тобын атап өтсек. І-орын 4 «Б» сынып «Тапқырлар» тобы, ІІ-орын 4 «Ә»сынып «Білгірлер» тобы, ІІІ-орын 4 «А» сынып «Алғырлар» тобы грамотамен марапатталды.
Математика-толған тәртіп, мағына мен мән
Математика-толған тамаша заңдылық пен сән
Математика-толып жатқан терең сыр
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат еті