Материалдар / Әжелер сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әжелер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірбие алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
826
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қарлығаш» балабақшасы

















« Асыл әжем,ақ әжем!»











Тәрбиеші: Кулшина А.А




Құрметті қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың ұлы күні  Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Шуақ болған жерімізге Наурызым

 Қуат болшы елімізге Наурызым.

                 Дәулетті күн,сәулетті күн көбейіп,

                Құтты болсын баршаңызға Наурызым.

 Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Асыл әжем,ақ әжем» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі -
дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелерімізді қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
1. Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін Сұлтандай ботақанымыздың асыл әжесі көп балалы ардақты ана әжейді қарсы алыңыздар!
2. Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді.,сүйкімді, балабақша қызметкерлерінің бәрі біледі, деп Азаматтың әжесі Зоя әжейді қошеметпен қарсы алайық!
3. Әже біздің күніміз
Әжемнің біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып ерке Алинұрдың әжесі әжейді ортаға шақырамыз.
4. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Аяулымның күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі әжейді ортаға шақырамыз!
5. Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді - деп Нұрболаттың әжесі әжейді ортаға шақырамыз!
6.Әжем менің айдай,

Әжем менің қандай,-дегендей сабырлы әжеміз ортаға шақырамыз.

Кім жеңеді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ - қазы алқасы атыңды ақта
Жүректерге арман мен бақыт жолда,-
деп әділ қазы алқасымен таныстырамын.
1. Біздің балабақша меңгерушісі Айтмағанбетова Мейрамгул Әліпқызы
2. Балабақша әдіскері Арысова Алия Сайлауқызы
3.

Енді сайысымыздың шартымен танысайық
«Асыл әжем,ақ әжем» сайысы

1.Тегін білу тектілік – өзін-өзі таныстыру.

2. «Өнер - ағып жатқан бұлақ»- өнерін көрсету.

3. « Сыр сандық»-ұлттық рәсімдерден үзінді көрсету
4. «Шебер қолдар» -
ою оюып, құрақ көрпе жасау (түрлі түсті қағаздан.)
5. «Қонақ жайлық - ата дәстүріміз»-
ұлттық тағам жасау (қалай жасалатынын айту)
6. «
Білгенге маржан»-сұрақ-жауап

1-кезең..Өнер қуып әжелер өтер деймін
Балдарымен мұратына жетер деймін
Бұл сайыста әжелер кезектесіп
өздерін таныстырып өтер деймін, -ендеше сайыскерлерімізді бірінші шарты
«Тегін білу тектілік»- таныстыру.Әжелер дайын болғанша кезекті «Балапан» тобының балаларының наурыз мерекесіне арнаған құттықтауларына берейік.
Тақпақтар

Аделя:Әнімде саған,биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде Наурыз күлімде

Диас:Күн менен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Қуанышта ел енді

Нұрболат:Наурызым ғажап туысың

Ұлыстың ұлы күнісің

Жылыттың жердің жүрегін

Жүрегі елдің жылысын

Асылым:Наурыз тойы береке,

Наурыз тойы жыр аңыз

Қызық думан-мереке

Қызық думан құрамыз

Надира:Наурыз-достық,наурыз күн

Барша халық бірлігі

Тағы келді ұлыс күн

Жалғасып ғалам тірлігі

Би :Қыз қуу»

Әділқазылар алқасынан бағасы.

Би билегім келеді,
Бірақ қалай бастаймыз - деп
2 кезең ««Өнер - ағып жатқан бұлақ»-дегендей әжелеріміздің өнерін тамашалайық.
Әжелеріміз дайын болғанша ортаға
«Ақбота »тобының бүлдіршіндерін тақпағымен шақырайық

Сұлтан:Наурыз тойы — салтанат,

Наурыз тойы — мархабат.

Әр жүректен ән тарап,

Шаттанады шартарап.

Кәусар: Қыс өтіп, қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп,

Шаруаның кенелген

Мейрамы ежелден –

Құтты болсын, Наурыз!

3-бала Наурыз тойы — тамаша,

Наурыз тойы — жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

4-бала Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

Би «Айгөлек »

3 - кезең .Анам мені тербетіп,
Өсіп кеттім ержетіп
Сол бесігім үйімде
Сақтаулы тұр төрімде.- деп бесікке салу немесе
Жолың болсын деселік
Жолыңа нұр төселік
Жарылқасын алдыңнан
Тұсауыңды кеселік.- деп «
Сыр сандық»-ұлттық рәсімдерден үзінді көрсету

1-бала Наурыз келдi елiме,

Наурыз келдi жерiме.

Байлық, бақыт тiлеймiн,

Бүкiл қазақ елiне.

2-бала Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды

3-бала Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтын

Наурыз тойы бастайық!

Хормен:Дастархан» әні
4 - кезең     Шеберлерім өнер тамып қолынан
                                Жаңылмаған ата-баба жолынан
                                Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін.
                                Біз айтайық төрелігін соңынан-дей отырып 

«Шебер қолдар» - Әжелеріміз ою оюып, құрақ көрпе жасау (түрлі түсті қағаздан.) Әжелерге қағаз қайшы беріледі. Ойған оюларын айтып түсіндіреді.

Әжелеріміз дайын болғанша «Күншуақ» тобының балалары тақпақтарын арнасын.

Би:
5-кезең Анаға қарап қыз өсер
Маздаған шоқты кім көсер
Кезекте келіп қалыпты
Үй тапсырмасын көрсетер
«Қонақ жайлық - ата дәстүріміз»- ұлттық тағам жасау (қалай жасалатынын айту

6- кезең. ««Білгенге маржан»-» сұрақ жауап сайысы.Әжелеріміз

нөмерленген асықтарды алып жауап береді.

Әжелеріміз дайын болғанша әжелерімізге арналған ән «Әжем менің

қандай»

Сұрақтар

1. «Байғазы»- балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.
2.«Көрімдік»- жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді.
3.«Бастаңғы»- үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі - жастардың сол үйде ойын - сауық жасап, бас қосуында.
4.«Жасау»- ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі заттар берген. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.

5. «Қырқынан шығару»- әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы ыдысқа, 41 қасық су құйып шомылдырады. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастарқан жайылады.
6.«Ерулік»- ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың бұрынғы адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлгісі.
Жауаптары:
Мақал-мәтелдер

1. Әкең барда ел таны, көріп жүріп,
Атың барда жер таны, желіп жүріп
2.Атаның еккен ағашы ұрпаққа сая.
3. Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.
4. Алдыңа келсе,
Атаңның құнын кеш.

5. Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер

6. Аспаннан киіз жаусада
Сорлы ұлтараққа жарымайды.

ЖҰМБАҚТАР

1. Алға жайып тұз-дәмін,Келтіреді үй-сәнін (дастархан).

2.Төрт бұрышты,бір ауызды.(сандық).

3 .Шыр көбелек айналар,

   Беліне жіп байланар(ұршық)

4. Әжем уыстап сығып кептірген, 

     Қатты, әрі тәтті делік, 

     Кім бар жеп көрген? (Құрт)

 5.Тұмсығы мықты, Ой мен қырды тегістеп шықты (Үтік)

6.Бір таудың екі күзетшісі, екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар(бас, көз, құлақ, тіс)

Әділқазыларддың қорытындысын шығарғанша ортаға биімен «Күншуақ» тобының жігіттерін шақырайық.

Би:« Қамажай »

Осымен «Асыл әжем,ақ әжем» атты сайысымыз мәреге жетті, қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша бір әжеміз наурыз мерекесіне балаларға бата береді.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші бүгінгі жарысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Әжелерімізге сыйлар, номинациялары беріледі.
1. «Дана әже»
2. «Мейірбан әже»
3. «Алтын оймақты шебер әже»
4. «Бұлбұл әнші әже»
5. «Балқаймақ әже»

6. «Ардақты» әже

 «Көп білгеннен емес,көп көргеннен сұра» ,- демекші осы әжелеріміздің көрсеткенін үлгі  тұтып, есімізде сақтап жүрейік.Осыменен сайысымыз аяқталды.Әжелерге көп-көп рахмет.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын,табыс,ырыс әкелсін. Көріскенше күн жақсы болсын.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!