Материалдар / Акция "Тәртіпке бағын жасыңнан" 8-11
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Акция "Тәртіпке бағын жасыңнан" 8-11

Материал туралы қысқаша түсінік
завучтарға, сынып жетекшілерге Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және Ата Заңымызды сыйлау рухында тәрбилеуге, Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын әрқашан қорғауға дайын болуға тәрбиелеу және өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті, іскер адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
599
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


« Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


















акциясы











Чукина Ж.Е.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары








Алғы сөз:

«Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен.

Олар:

1. құлқынның құлы болып жолдан таю,

2.нәпсі үшін лас істерге ұрыну,

3.білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.»

Мұхаммед пайғамбар


«Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген құл болмайды.»
Б.Момышұлы 


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « ҚАЗАҚСТАН-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауынан:

«Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс.
Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады.
Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын
маңызды қадам».

Құқықтық тәрбиенің мақсаты:

  • 1. Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және

  • Ата Заңымызды  сыйлау  рухында тәрбиелеу;

  • 2. Мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын әрқашан

  • қорғауға дайын болуға тәрбиелеу;

  • 3. Өз елінің материалдық және рухани байлығын сақтап, оны молайтуға қабілетті, іскер

  • адамдарды тәрбиелеу

Құқықтық тәрбиенің міндеттері:

  • Оқушыларға мемлекет, мемлекеттік құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерді меңгерту;

  • Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін  тәрбиелеу;

  • Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға тәрбиелеу;

  • Жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу.


Презентация көрсету.

  1. Құқық туралы жалпы түсінік

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерін жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.
Әлеуметтік норма:

1.Құқықтық

2. Мораль
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз Қ. Р - ның конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлім 30 бабы құқыққа арналған. Соның ішінде Қ. Р - дағы баланың құқықтары туралы айтылған
.

Сен міндеттісің:

  • білім алуға

  • тәртіп сақтауға

  • мектеп мүлкін сақтауға;

  • үлкендерді сыйлауға;

  • ана тілдің тазалығын сақтауға;

  • әрдайым таза, ұқыпты жүруге;

  • темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге


  1. Пікірлесейік, кеңесейік ....

  • Қоғамдық ортада жастардың мәдениеті қандай?
    Өз - өзін ұстау, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу жағы?.
    Осы тақырып төңірегінде не дейсіз?

  • Қоғам өміріндегі қылмысты жазалау жолымен жою мүмкін бе? Қылмыс жасағанды жазалау мемлекеттік саясаттың бір парасы. Айыптың кінәсән жуып қоғамға қайта қосылуы бұл да мемлекет алдындағы өзекті міндет. Кәмелетке толмағандардың қылмысын болдырмаудың қандай жолыбар ? Оларды жазалау, қоғамнан оқшаулау дұрыс па ?Оған қалай қарайсыздар?

. Сіздер осы бұзақылық ұрлық және т.б. қылмыстарды жою үшін, болмаса азайту үшін қандай ұсыныстар айтар едіңіз?!


  1. «Бала болмысы құрсақтан, тәлімі бесіктен»

  • Баланы еркін тәрбиелеуді қалай түсінесіз? Пайдасы мен зияны. Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыз?

  • Қазіргі қоғамдағы кездесіп жатқан келеңсіз жайттардың бала тәрбиесіне әсері бар ма? Онымен қалай күресуге болады?

  1. «Ұлды ұясында баулы»

  • Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

  • Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

  • Ұл баланы тәрбиелеудегі басты құралыңыз?(пікір тыңдау)

  1. «Қызға қырық үйден тыйым».

  • Қазіргі отбасындағы қыз бала тәрбиесі қандай?

  • «Қызға қырық үйден тыйым» деген сөз неліктен айтылған?

  • Қыз тәрбиесіндегі басты құралыңыз?

  • Қыздарыңызға не үйреттіңіз?

  • Қыз баланың тәртібі туралы не айтасыз? (пікір тыңдау)

  • Бала тәрбиесіне мұғалім ғана жауапты ма?

Тәртіпке бағын жасыңнан...

Тәртіпті бала сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді

«Тәртіпке бағын жасыңнан...» деген сөзді қалай түсінесіздер, тәртіп туралы ой – пікірлеріңізді айта отырсаңыздар.

(Оқушылар пікірін тыңдау)

  1. Ситуациялық сұрақтар:

  • 1. 8- сынып оқушысы көшеде келе жатқан өзінен кіші балаға әлімжеттік танытып, велосипедін тартып алады. Сіздер не істер едіңіздер?

  • 2. Қазіргі кезде үлкенді сыйлау, әдептілік сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерді атап өтіп, жасы үлкенге бей- берекетсіз ұрыну, тіл тигізу, ұр да жық мінезімен қол ала жүгіру достарының ,сыныптастарының, жастардың арасында кездесіп отырады. Сендердің сыныптастарыңда осындай мінезді оқушы бар дейік.

Сіздер не істер едіңіздер?

  1. Қылмыстарды жою үшін, болмаса азайту үшін қандай ұсыныстар

1. қоғамдық, құқықтық сананы кішейту қажет.
2. мемлекеттік, ұлттық идиологияны күшейту қажет.
3. барлық азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, орташа табыс табатындай жағдай туғызу керек.
4. әрбір Қазақстандық азаматтың бойында патриотизм мен отанға деген шынайы берілген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек.
5. қылмыс жасаған адамдарға жаза ретінде көп мөлшерде айып төлету қажет.
6. айып салудан түскен қаржыға құқықтық насихат жүргізу керек.

7.Жастардың оқуға түсу жағдайын жеңілдету керек, өйткені олар оқымаса,бос болса қылмыс жасайды.

Ал аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр.

Біріншісі, балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын.

Екіншісі немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын.

Үшіншісі, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын» деген.

Даналық сөз

  • «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз»

А. С. Макаренко

8.Қорытынды

  • Қылмыс - сабақ қалдырудан, сабаққа кешігуден басталады.Одан басқа үлкенді сыйламау,кісі затын күштеп алу,бүлдіру,жою, кісінің намысына тиетін сөздер айту, тағысын тағы қателіктерге мүлдем төзімділік танытпай,оларды жою,түзету,шарасын қолдану –тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарды болдырмаудың бірден бір жолы.

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!