Материалдар / Ә.Кекілбаев "Аңыздың ақыры"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ә.Кекілбаев "Аңыздың ақыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә.Кекілбаев "Аңыздың ақыры"
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК





Сабақ жоспары

«Аңыздың ақыры» повесі

Picture 1

Оқытушы: Камзанова Бакыт Дуйсеновна


Сабақтың мақсаты: әдеби шығарманың композициялық жоспарын құру, шығарманың композициясын талдап, оқиғалар тізбегін анықтау, уақыт пен кеңістік тұрғысынан тұжырым жасау.


Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: шығарма кейіпкерлеріне талдау жасай отырып, іс-әрекетері  туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, идеясын ашу.
2.Дамытушылық: өз  ойларын айта білуге, өзіндік қорытынды жасай білуге дағдыландыру, шығармашылыққа баулу.

3.Тәрбиелік: Жас ұрпақты адам болмысындағы руханиятқа ,ұлттық мәдени құндылықтарға ( өнер, білім , тәрбие , даналық ) баулу, психологиялық тұрғыдан дұрыс ойлауға тәрбиелеу.


Сабақтың өзектілігі және себептілігі: әдеби шығарманың композициялық жоспарын құрып, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды.


Сабақ оқу барысында білім алушылар меңгеретін кәсіби шеберлік және күтілетін нәтижелер тізімі:

- әдеби шығарманың композициялық жоспарын құрады.

- әдеби шығарманың композициясын талдап , оқиғалар тізбегін анықтайды.

- әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдап, тұжырым жасайды.

-«Аңыздың ақыры»  романы – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткенін анықтайды.


Қажетті ресурстар:

«Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулық, А.Ақтанова, А.Жүндібаева, Л.Жұмекенова, презентация, интерактивті тақта, түрлі-түсті маркерлер, флипчарт, стикер.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1. Білім алушылармен амандасу, түгендеу;

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;

3. Cабақтың мақсатымен таныстыру.


Оқытушының кіріспе сөзі

Біз бүгін Әбіш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы бойынша сабақ өтеміз, cабағымызды бастамастан бұрын мынадай мәліметтерді сіздерден сұрап білейін.

1. Ә.Кекілбайұлы туралы не білесіздер?

2. Бүгінге дейін жазушының қандай шығарамаларын оқыдыңдар?

3. Автор шығармаларын қандай тақырыпта жазды?

ЖОСПАР: 1. «Өзегінен құрт шыққан алма» 2. «Алақан жайған қос ақ білек» 3. «Аспандай қараған асқақ мұнара» 4. «Барар жерің бәрі бір жердің асты»


Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу)

Үй тапсырмасын тексеру

Білім алушылар дайындап келген тест сұрақтарына алмасу арқылы жауап береді. 10-сұрақ.




Жаңа тақырыпты түсіндіру

«Аңыздың ақыры» – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Әбіш Кекілбаевтың кесек туындысы. Бұл роман алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарияланды. Жазушының тарихи тақырыпқа жазылған алғашқы романында романтикалық бейнелеу тәсілін аңғарамыз Роман төрт бөлімнен тұрады. Шығарманың кейіпкерлері бар болғаны үшеу. Әмірші, Кіші ханым және шебер. Ұлы ханым, күтуші кемпір, бас шебер, Ахмет саудагерлер осы негізгі басты үш бейнені ашу үшін алынған.

Әмірші, кіші ханша мен шебердің арасындағы шарпысқан ішкі психологиялық сезім-күйлері мен жан дүниесіндегі толғанысы, ой арпалысы шеберлікпен суреттеледі. Шығармада Алмас хан өмірінің соңғы айларында болған оқиға баяндалады. Хан кезекті жорығынан оралғанда, кіші ханшаның өзінің құрметіне салдырған биік мұнарасын алыстан көзі шалады. Мұнараны салушы жас шебер ханшаға ғашық болып, оған деген құмарлығы мен іңкәр сезімін, махаббатын өз өнері арқылы бейнелейді. Ханға суық хабар өзегін құрт жеген алма арқылы беріледі. Қызғанышы оянған Хан шебер мен ханшаға қаһарланып, жас жігіттің көзін ойып, тілін кесіп, қатал жазалайды. Бірақ Ханның бұған көңілі көншімейді. Ол сезім сергелдеңіне түсіп, жаны тыным таппайды. Өзінің өткен өмірін ой елегінен өткізіп, іштей ар талқысына, ой арпалысына түседі. Романда мұнара – шебер махаббатының символындай. Шығармада мұнараның атқаратын қызметі ерекше. Ол үш кейіпкерді, ханды, ханшаны және шеберді өзара байланыстыратын, бір қазыққа байлайтын ортақ желі. Романдағы романтикалық сарын да осы мұнара бейнесімен байланысты. Ол жанданған кейіпке еніп, адам әрекетіне, адамға тән мінезге, қылыққа ие. «Мұнара күніне бір мінез шығарады. Бір күні жас майсадай үлбіреп, жас сәбидей мөлдіреп тұрса, ертеңіне-ақ жан-жағына ойнақы нұр таратып, жайнақтап шыға келеді. Бірде терезенің алдынан ет жүрегіңді елжіретіп, үн-түнсіз телміріп түрып алса, артыншаақ төбесімен көк тіреп аспандап шыға келеді». Мұнара бірде «күледі», бірде «мұңаяды», бірде «сұстанады», бірде «алыстан ым қаққандай» болса, бірде «жалбарынады». Шығарманы мұқият оқып шықсаңыз, мұнараның мұндай «мінезінің» сан қырына куә боласыз. Шығармада мұнара романтикалық бояумен бейнеленген. Оның қасиетін суреттеуде әсірелеу де басым. Мұнараға қараған жанның барлығы қайран қалады. Ол шаһардағы басқа мұнараларға атымен ұқсамайтын ерекше бір сипаты бар, сиқырлы мұнара. «Әмірші сансапат жорықтарында талай мұнаралар мен сарайларды көре-жүре, тап мынадай сиқыр сұлулықты бұрын-соңды ешқайдан жолықтырған емес. Бірақ көзін жібермей, көңілін тұзақтап, тұсап-матап тастаған өзгеше көріктің сиқырына түсіне алмай келеді». Романда мұнараның қасиетін айқындауда «сиқыр» сөзі онымен жиі қатар айтылады. Мұнараның сиқыры – шебердің ханшаға деген махаббатын бейнелеуінде, тіпті сол махаббаттың өзіне айналуында. Жазушы өз кейіпкерлерінің мінез-құлқын олардың сыртқы іс-әрекеттері, қимылдары арқылы емес, ішкі монолог арқылы ашады. Жалпы алғанда, Ә.Кекілбаевтың қаламгерлік қолтаңбасына, жазу мәнеріне өз кейіпкерінің характерін, психологиялық ахуалын ішкі монолог пен авторлық баяндау арқылы ашу әдісі тән. Негізгі қақтығыс оқиғаның сыртқы сюжеттік тінінде емес, кейіпкердің ішкі әлемінде, жан дүниелерінде дамиды. Романда оқиғаның хронологиялық тәртіппен дамуынан гөрі жеке тұлғаның рухани ішкі дамуына басты назар аударылған. Романда Әмірші -қарама- қайшылығы мол, күрделі бейне.

Өмірдегі жақсылық пен жамандықты, зұлымдық пен махаббатты, абырой мен арсыздықты, қанағат пен құлқынды ара жігін айыру, оны бүгінгі өмірмен салыстыру. Білім алушыларға мәтіндер таратылып, оқытылады, мазмұны талданады. Әрбір мәтінннің арасында қосымша түсінік келтіріп, бір ойды екінші оймен байланыстырып тұрады.


«Менен сұрақ , сізден жауап » әдісі

Сұрақтар қойылып, жауабы тыңдалады.

1.« Аңыздың ақыры » романындағы кейіпкерлерді ата

(Әмірші , ханым , шебер)

2.« Аңыздың ақыры » романы қашан жарияланды ? (1974 жылы)

3.Романда ханның есімі қалай аталады? (Алмас хан )

4.Мұнараны салған жас шебердің есімін атаңыз ( Жаппар )

5. Романдағы құрт түскен алма кімнің бейнесі?

6. Құрт түскен алманың суретін көргенде саған қандай ой келді?

7.« Аңыздың ақыры » романы алғаш рет қандай атпен жарияланды ?

( Махаббат мұнарасы )

8.Роман неше бөлімнен тұрады ? (4 )


Топқа бөлу

«Аңыздың ақыры» романы 4 бөлімнен тұрады. Білім алушыларды бөлім бойынша төрт топқа бөлу.

І топ « Қызыл алма »

ІІ топ « Мұнара »

ІІІ топ « Махаббат »

IV топ «Аңыздың ақыры»


«Жасырын жоспар» әдісі


Әдеби шығарманың идеясын ашып, композициялық жоспарын құра. Білім алушыларға мәтін беріледі. Оқи отырып, жоспарды құрастырып , әр топ ретімен оқып шығады.

1- бөлім « Өзегінен құрт шыққан алма »

2-бөлім Алақан жайған қос ақ білек

3-бөлім Аспандай қараған асқақ мұнара

4-бөлім Барар жерің бәрі бір жердің асты

Shape2 Shape3 Shape4 Shape5



1-мәтін

Міне бүгін де ол көп ұзамай тағы да атқа қонатын келесі жорығы туралы ойланғалы келіп еді, есіне қайдағы бір алма сап ете қалды. Сол бір білінер-білінбес жіп-жіңішке пышақ дағы түскен нарт қызыл алма кеше бұның алдынан қайтқан-ды, жаңа тамақ үстіне қызметші әйел алтын табаққа салып тағы әкеліпті. Өзге алмалар жетпегендей, тап соны ұстай апты. Арасын ашып қарап еді, бұлаңдап құрт шықты. Қызметшілердің алдында мінез шақырып жатпады, байқамаған боп табаққа қоя салды... Жастығының қасында тұрған қоңырауға қолының қалай тиіп кеткенін білмей де қалды. Есіктен басын иіп, қызметші әйел көрінді. Бұл өне бойын зіркілдетіп алып бара жатқан ашуды жасыруға бар күшін салып бақты. - Мына алманы осындағы бақтан үздіңдер ме? - Жоқ, тақсыр ием, сізге әдейі Ұлы ханым жіберіпті. - Бара бер.


2-мәтін.

Тәкәппар ханымның аспаннан басқа ештеңеге көзі түспейтін асқақ жанарын өзіне аударудың жалғыз жолы – мына мұнараны бұрын-соңды бұл Қос өзен елінде ешкім көрмеген ғажайып көрікке бөлеу. Мұнараның қасынан әрқайсысы алты қанат ордадай оншақты тандырды қатар жағып, дермене мен жапақты тау-тау қып үйіп, әуелі бояу әзірлейтін күл өртеді, сосын таңғы аспандай көкпеңбек, күнге шағылысқанда қырық құбылып, жылтырап тұратын шытыра тас күйдірді. Бір айдан соң он шақты шеберді қатар өрмелетіп, мұнара сыртын шытырамен жаптыра бастады. Күні кеше қара жерді ойып жіберетіндей тырп етпей табандап алған зілман мұнара күннен күнге ажарланып барады. Көк мұнара күн орнынан ауған сайын әр алуан кейіпке көшіп құбылады да тұрады. Қараған жан соның бәріне қайран қалады. Бірақ соның сыйқыры неде екенін біле алмайды.
















3-мәтін

Бөлме іші бозамық. Ханымның төсегі қай тұста екенін кейін барып аңғарды... дөңкиіп үюлі жатқан көрпенің тасасынан қос ақ білек қайта-қайта алақан жайып көкке көтерілді; кенет оқ тигендей, ұйпа-тұйпа үйіліп қалған көрпенің үстіне сылқ құлады да, екі қол айқаса кетті. Сүйрік саусақтар бірінің арасына бірі сығымдала кіріп, біраздан соң құшағынағы мамық көрпені мытып ап, бауырына қыса түсті. Ханымның мойны әнтек қисайып, жастықтан аунап кетіпті. Қос көзі тарс жұмық. Ханым өз тісін өзі күл ғып үгіп жібергісі келгендей, тістеніп апты. Бір-біріне қадалып қалған ақшыл тістердің ар жағынан әлдебір аласұрған қомағай құштарлық сес бергендей. Кіші ханымның ұйықтап жатып, әлденеге өліп-өшіп, ентіге шыққан демі Әміршінің құлағын шаянша шағып алды.


4-мәтін

Қарсы алдында дәл баяғы алғашқы көргендегісіндей боп, ханымның өзі тұр. Сол баяғы ақ желең көйлегі, басында сол баяғы ақ селдір перде... Жоғарырақ көтерілсе, жел ұшырып әкетердей сатының ақырғы басқышына жете бере тоқтай қапты. Сол баяғы қымсына күлімдеген нәркес жанары. Шиедей албыраған етті екі ерін. Өзіне мөлдірей қараған сұлу әйелге байыптап қарап еді – үлбіреп тұрған уыз жас. Бұдан әрі үрке, әрі әлденге қымсынып, бір түрлі қиыла қарайтын сияқты. Жаппар әлдене дегісі кеп тамағын кенеп еді, бәрі бір даусы шықпады. Ханым телміре қарап тұр. Жаппар қолын созып еді, ханым бұлқынған жоқ. Ол жұп-жұмсақ, ып-ыстық елестің бауырына қалай кіріп бара жатқанын байқамады. Өмірінде жалғыз-ақ рет тап болатын қас-қағым ғана бақытты сәт осы екенін сезді.


5-мәтін

Иә, көк мұнараның өне бойынан өліп-өшкен махаббатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып тұр. Бірақ сол кімінің кімге махаббаты? Көк мұнара алыс жорықтағы еріне ынтыға қол созған сағынышты жар ма, алыстан қол созған ғашық жүректі мен мұндалап қасына шақырған сиқыр сұлу ма, қайсысы? Мана бұл қасынан көзі қиып кете алмай көп қараған жоқ па еді, сонда сиқыр мұнара өзіне тартып тұрмап па еді? Сонда оны салған шебер нені бейнелеген болды? Алыстағы жарын күткен сағынышты бейнелесе, қасысына барғанда, асқақтап аспанға қарап жатып алатыны несі? Сәл алыстасаң болды, қайтадан өзіңе баурап, қараған көздің шырқ айналып шыға алмайтыны қалай? Жоқ, жоқ, шебер мұнараны салдырған ханымның алыстағы жарына деген пейілін емес, өзінің ханымға деген көңілін бейнелеген. Өліп-өшкен махаббатын бейнелеген... Иә солай. Көк мұнараның сыйқырына ол енді түсінді... Бәйбішесі жіберген өзегіне құрт түскен қызыл алманың жауабы енді табылды.

6-мәтін

Бұған енді бәрі де түсінікті болды. Ханым әуелі мынау күлімдеген көркем мұнараға қайран қалды. сосын адамның ақылы жетпейтіндей сыйқыр мұнара тұрғызған шеберді бір көруге құмартты. Көріп еді, жас жігіттің іші-бауырына кіріп бара жатқан әдемі жанарына арбалды да қалды... Әмірші астамшылық ойлаған шебердің монтаны жанарын қалай құртудың қамына шындап кірісті. Бұрынғысындай емес, біртүрлі бойы сергіп қалғандай. Көңілі бықсық күмәннан арылды. Оның орнын енді өзегін өртше жалап бара жатқан өшпенділік жайлап алды.


7-мәтін

Зынданда тағы бір орын босады. Асылық ойлап, аспандағыға қол созған астам тілек шебердің нұр жайнаған қос жанары жендеттің қолындағы шоқ шашырап тұрған істік темірден ағып түсті. Бейшара жігіт көзінен айырылып, бебеу қағып жатқанда, тілі қырқылды. Қан-қан құр сүлдерді қыл арқанмен буып-буып түн қараңғысында екі жендет дарияның ар жағындағы бір қыстаққа апарып тастады. Талай жанның басын жұтқан Байтақ шаҺардың көріп отырғаны бір бұл емес. Елден асқан өнер көрсеткен талай шебер осындай халге ұшыраған-ды.




8-мәтін

Әміршінің көз алдынан соқыр жігіт кетпей қойды. Ол есек арбасын дария жағасына тастап, өзі мұның күймесіне көшіп кеп, қарсы алдында қасқиып отырып алғандай. Нұр жайнаған жаутаң жанардан айырылған соң, жүзіндегі баяғы мейірім жым-жылас жоғалып кетіпті, әдемі жас жігітке лайық ізет-ибадан да еш жұрнақ қалмапты. Үңірейген-үңірейген екі көздің түбіне тажал тығылып тұрғандай. Өндіршегі сорайып, танауы қусырылып, екі беті күлдей боп-боз боп кетіпті, өңінен кісі шошығандай. Міне, ол бұған қарай қозғалғандай болды, бірте-бірте жақындап келеді. Күс-күс қос шеңгел кеңірдегіне тақап қалыпты. – Қорықпа,- деді әлдебір қырылдақ дауыс. –Барар жерің бәрібір жердің асты. Әмірші бұл жолы өзінің үйреншікті алтын күйме, атлас шатырында жатқанын, әлде баяғыда өзі салдырған тас зынданда жатқанын анық ажырата алмады.


Жаңа тақырыпты бекіту


Сюжеттік кесте толтыру. Төрт сөзден тұратын сөйлем арқылы жазады.


Оқиғаның орыны мен уақыты

(Қашан?) (Қайда ?)

Кейіпкерлері

(Кім?)

Оқиға

(Не болды?)

Мәселе

(байланысқа түсу,бұл оқиғаға не ықпал етті ?)

Жасалған әрекеттердің немесе оқиғаның салдары

(шешім )











14-тапсырма, 126-бет

Әдеби сын мақала жаз:

«Аңыздың ақыры»

1

2

3

4

Тарихилығы

Психологиялығы

Философиялығы

Символикалығы



Кері байланыс

«Үш минуттық эссе»

  1. Үзіндіде оқығандарымның ішінде ең маңыздысы не?

  2. Қай сұрақ есіңде қалды?

  3. Сен үшін ең қиын, түсініксіз болған не?

Сабақты қорытындылау

Қорытындылау, бағалау.

Үй тапсырмасы

«Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулық, А.Ақтанова, А.Жүндібаева, Л.Жұмекенова

«Аңыздың ақыры» үзіндіні оқу, мазмұндау. 105-бет











8


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!