Тақырыбы :
Әкем
мен
шешемнен ,
үлгі
алып өсем мен
!
Өткізген :
Ахметова Баршагул
Тажибаевна
Мақсаты
: Оқушыларға А.Құнанбаевтың
жақсы мен жаман туралы айтқандарын түсіндіру ,адам бойындағы ұнамды
, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып , әдеп әліппесін бойына
дарыту.
Өз халқының салт – дәстүрлерін
,әдептілік туралы нақыл сөздерді , алтын ақылдарды , тыйым сөздерді
үйрету арқылы адамгершілікке, ұқыптылыққа , кішіпейілділікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі
: Қанатты сөздер , мақал –
мәтелдер , Абай Құнанбаевтың суреті
Кіріспе .
Мұғалім
: «Адамға ең бірінші білім емес
, рухани тәрбие беру керек , тәрбиесіз берілген білім – азаматтың
қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі » деген ұлы
ғұлама әл – Фараби .
Олай болса, білім бере отырып
елін , жерін сүйетін азамат тәрбиелеу үшін отыз баланың артында ,
алпыс ата – ана бар екенін ұмытпауымыз керек
.
1 - кезең . Балам - менің
болашағым .
-
- Бала деген кім
?
Ата –аналар жауабы
:
“Ертеде бір адам ғұламаға келіп
:
Ғұлама :
-
Балаңыз қаншада ? – деп өзіне сұрақ қояды
.
-
Бес – ақ ай толды , - дейді анау .Сонда ғұлама
басын шайқап :
-
Бес айға кешіккен екенсіз , - деген екен “.Халық
арасына кең тарылған бұл аңыздың айтпағы баршаға түсінікті . Яғни ,
баланы туған сәтінен бастап тәрбиелеу керек .
Демек , бала тәрбиесінің негізін құятын ең
алдымен – ата – ана .
2. Сұрақ – жауап.
1
.Отбасының қорғаны
кім?
2
.Сіз балаңыздың қандай азамат
болғанын қалайсыз?
3
.Отбасыңызда ұлттық салт –
дәстүрімізді қалай насихаттайсыз?
5
.Балаңызға кімді үлгі тұтасыз
?
6
.Баланы еркін тәрбиелеген
дұрыс па?
Ата – аналардың пікірі тыңдалды
.
2 – кезең .Аталар сөзі -
тәрбие көзі
-
Ата сәлеметсіз бе ? Айтыңызшы жақсы деген немене
?
-
Амансың ба , балам ? Жақсы дегеніміз мыналар
:
-
Талап , еңбек , терең ой ,
қанағат , рақым , ойлап қой , бес асыл іс көнсеңіз.Өмірде осы бес
істі орындаған , өзінің қажетіне асырған адам – жақсы адам, балам .
Жақсы дегеніміз осы .
-
Ассалаумағалейкум, ата !
-
Айтыңызшы , жаман дегеніміз не?
-
Өсек , өтірік, мақтаншақ , бес дұшпаның білсеңіз
.Өмірде осылардан аулақ болсаң, сенің жақсы азамат болғаның , балам
.
Қане енді оқушылардан сұрап көрейікші . Абай
атасының өсиеттерін білер ме екен ? Жақсы дегеніміз не , балаларым
?
1- оқушы
. Жақсы бала құлақ сап
,
Айтқаныңды ұғады .
Төсегінен тұра сап ,
Таза ауаға шығады .
2 –оқушы
.Жақсы бала , ол анық
,
Істемейді шалалық .
Тап
– таза боп жуынып,
Алады ол
таранып.
3 – оқушы
. Жаман бала құрысып
,
Өз
– өзінен тырысып .
Түске дейін жатады ,
Шешесімен
ұрысып
4 – оқушы
. Жақсы
бала әрдайым
,
Деп
«Ұятқа қалмайын »
Сабағына барады ,
Күнделікті дап – дайын.
5 – оқушы
. Үлкенді де сыйлайды
,
Достарын ол жинайды
Әлсіздерге қамқор боп,
Жамандыққа
қимайды
6-оқушы
. Анау бала , қолын қара
,
Кір
қожалақ қап –қара .
Тырнағы өскен ,шашы көптен
Алынбапты –ау
масқара!
7 –оқушы
. Мына бала , бұған да қара
,
Ұқыпты ол тап-таза .
Ерте тұрып , бетін жуып ,
Ұялмай шығар тақтаға.
8– оқушы
:Түйіп зерде ,
ойыңа
Жастайыңнан ұғып қал .
Үйлеспейтін бойыңа
Қандай жаман қылық бар ?
«Бес нәрседен қашық бол!»
Деген Абай атамыз .
Әдепсізге машық сол
Бес
жаманды атаңыз.
9 – оқушы
:Өтірік , өсек , мақтаншақ
,
Еріншек,бекер мал шашпақ .
Сақтандырған атамыз ,
Бес
жаман іс аңғарсақ.
Тамсандырып баршаны ,
Аңыз болған көп елге,
Айтындаршы, ал қане ,
Әдептілік деген не?
10– оқушы
: Әдептілік
–бұлақтай
Тазалығы арыңның .
Өлшемі – ол сынаптай
Бойыңдағы барыңның .
Демек , адам бойында жақсы -
жаман қасиеттер болады екен . Ал біз жақсы қасиеттерді ананың ақ
сүтімен , бал тілінен бойымызға сіңіреміз . Жақсы бала осы
қасиететтерді үйреніп , ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады
.
Ән : «Болайықшы осындай
»
3. кезең Бәрін өзім
жасаймын .
Мұғалім
:Қолынан көп іс келетін адам
өзін сенімді де , күшті сезінеді. Жалқаулық ең жаман әдет
.
15 –
оқушы .Ата – анамыздың көңіл күйі
жақсы болсын десек, үй - ішін жинақы, таза ұстауымыз керек .Бөлмені
жинастырып болған соң міндетті түрде желдетіп алу қажет
.
16– оқушы
.Тамақ ішіп болған соң
үлкендердің ескертуінсіз өз ыдысымызды жуып қойған жөн . «Табағы
таза адамның тамағы да таза» дегенді
ұмытпайық.
3.
Көрініс
«Жақсыны үйрен , жаманнан
жирен»
(6-7 бала футбол ойнап жүреді
.)
Мұғалім
:Балалар жүр
көшеде
Естіледі шу – айқай .
Ербол шықты
елеңдеп,
Қағып кетті көршіні
Қапылыста байқамай .
Мұндайда не деу керек ?
Оқушылар
: «Кешіріңіз» деу керек
.
(Мұғалім мен Ербол оқушы
.)
Мұғалім
: Ерте тұрып ,
мектепке
Ербол келді сабаққа .
Қарсы алдынан кезігер
Ұстазы оның әр уақытта .
Ұмытты Ербол бұл кезде
Ұстазына не дейді ?
Мұндайда не деу керек ?
Оқушылар: «Сәлеметсіз бе» деу
керек.
Мұғалім
: (Ауыр сумка арқалап әже
өтіп келе жатады .)
Ауыр сумка көтеріп ,
Белі кеткен иіліп ,
Келе жатты қарт ана .
Ербол қарсы кезікті ,
Өте
шықты жанынан .
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар
: «Көмектесейін» деу
керек.
Мұғалім
:(Апасы базардан келе жатыр
, Ербол қуанып алдынан шықты )
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді
.
Ең
үлкенін жақсысын
Саған таңдап әперді
.
Мұндайда не деу керек?
Оқушылар
: «Рахмет»деу
керек.
Мұғалім
: Сыйлап үлкен адамды , сәлем
берген баланы «Кім дейміз?»
Оқушылар
:Әдепті екен бұл дейміз
.
Мұғалім
: Кітап дәптер
қаламы
Кір шалмаған
баланы
«Кім
дейміз?»
Оқушылар
:Ұқыпты екен бұл дейміз
.
Мұғалім: Таудай биік талабы
,
Жақсы оқитын
баланы
«Кім
дейміз?»
Оқушылар
:Үлгілі екен бұл дейміз
.
Мұғалім
:Бұғынбай қорғалап
,
Болсын үлкенге қолғанат
,
«Кім
дейміз?»
Оқушылар
:Еңбексүйгішбұл
дейміз.
Мұғалім: Өтірік сөз айтпаса
,
Уәдесінен
қайтпаса
«Кім
дейміз?»
Оқушылар
:Шыншыл екен бұл
дейміз.
Мұғалім:-Халқымыздың аяулы ұлы зиялы
азаматы Б.Момышұлы былай деген екен: «жаудан да,даудан да
қорықпаған қазақ едім.Енді,қорқынышым көбейіп жүр.Балаларын бесікке
бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам.Дәмді,дәстүрді сыйламайтын
балалар өсіп келеді,оның қолына қылыш берсең, кімді де болса шауып
тастауға даяр Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан бала жоқ ,
үйретіп жатқан әке , шеше жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де
арамызда жоқ , ол кісі көтерген мәселе бәрімізді де алаңдатуы тиіс
. Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын
.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
демекші , баланы бірлесе отырып тәрбиелейік
.