Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Әкем,шешем және мен,бәріміз біргеміз!»(топтар сайысы)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Әкем,шешем және мен,бәріміз біргеміз!»(топтар сайысы)
Мақсаты:
а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
ә) Күш-қуат пен секірігіштікті дамыту.
б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа
тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті балалар,ата-аналар
қонақтар! Бүгін біздң «мектепалды даярлық тобында үлкен мереке.
Біздің балаларымыздың ата-аналары арасында спорттық жарыс өтпекші.
Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам,епті,
ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай
отбасылаына сәт сапар тілейміз!
Сайысқа қатынасатын ата-аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы
сұралады.
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1.Сайысқа қатысушылармен жеке-жеке таныстыру.
2.Құрсауды бір-біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды
киеді.
3.«Кім жылдам?» ойыны.
4.Қаппен секіру. (баласы бір аяқпен секіреді)
5.Допты шеңберге лақтыру.
6.Асық тау.
7.Арқан тарту ойыны.
Алғашқы сайысқа Дукен отбасы мен Кенжебековтар отбасы жарысқа
түседі.
Өздерін таныстыру.
Дукен отбасы.
Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз
Кенжебековтар отбасы.
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап трмаспа
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.
2-сайыс.
Дукен отбасы
Қане,қане жарысуды,
Айналдыайық әдетке,
Денемізд шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те.
Қане,босқа арап тұрмайық,
Қажырланып, намысты қолдан бермей,
Балалар бірге осылай күш қосып,
Бүгін бізде бағымызды сынайық.
ІІ.Ойынның шарты
Екі отбасының мүшелері бір-біріне 2 метр қашықтықта қарама-қарсы
тұрады. Мәреде әр отбасының топ бжанында 10 құрсаудан қойылған.
Белгі берісімен 2 отбасының топ басшысы құрсауды тез-тез беріп
тұрады, ал ең соңында сайыскер құрсауды беліне кигізеді. Қай
жақтағы отбасы тез және уақытында киіп үлгерсе, сол жееді.
Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір,
ән мен шашу шашайық.
Даярлық тобының орындауында «Әсем әуен» биі.
ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны.
Ойынның шарты.
Екі отбасының алдында төрт құрсау қатар қойылған, топ басының
қолында көкөніс салынған.4 себет. Сол топтағы сайыскерлер
көкөністерді жолда жинап алуы керек. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез
жинап шықса, сол отбасы жеңген болып есептеледі.
ІV. «Қаппен секіру» ойыны.
Ойынның шарты.
Жарыстатын екі топты сайыскері мәрегег келіп тұрады. Бірінші
адамның аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып,
екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп
қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.
Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады.
«Би» «Айжан қыз»
IV. «Допты шеңберге» лақтыру.
Ойынның шарты.
Әр отбсындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін
анықтау.Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1,5 м-дей
темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтыру
керек.Әрбір отбасының сайыскерлері допты 2 реттен лақтырады. Кім
шеғберге дәл лақтырса, сол кп ұпай жинайды.
VI. «Асық ату».
Ойынның шарты.
Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының
сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай
жинап, жеңіп ығады.
Жүргізуші:
Қошеметтеп жеңіп шыққан
отбасын,
Қол соғайық жеісімен құттықтап.
Жастық әнің шалқыта
Енді міне, көшейік айтысқа.
Даярлық тобы оқушыларының өнерімен «Біржан-Сара» айтысынан қысқаша
сахналық көрінісін тамашалаңыздар.
(сахналық көрініс)
Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып,бекініп.
Күшімізді сынайқ.
VII. «Арқан тарту»
ойыны.
Ойынның шарты бойынша екі
топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұста, бір-біріне қарама-қарсы
тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін
сала тартады.Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан
шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.
Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Осымен сайысымыз аяқталды.
«С.Босқынбаев атындағы негізгі мектеп» КММ
Тақырыбы: «Менің отбасым»
(өнеге сағаты)
Мектепалды даярлық сыныбы
2017 жыл
Менің отбасым
Тақырыбы: «Менің
отбасым»
Мақсаты: Отбасындағы сыйластыққа,
адамгершілікке, инабаттылыққа
тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының
бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, еліміздің
жақсы азаматы болып өсуге, жанұяның мақтаны болуға
тәрбиелеу.
Жүру барысы: І. Психологиялық
дайындық
Қайырлы күн!
Армысыз, мейірімді Жер - Ана
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз тату болайық!
- Біз бүгін бір ғажайып бір әлемге саяхатқа шыққалы отырмыз. Ол
қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал
олай болса, мемлекеттің аты «Отбасы» деп аталады.
- Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?
Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі...
Мұғалім: Сенің отбасындағы орның қандай?
Мұғалім: - Енді мына әңгімеге құлақ салайық:
« Саябақта баласы мен әкесі серуендеп жүреді. Әкесі баласынан:
- Балам, мынау ненің даусы? - деп сұрайды.
- Ол құстың даусы, - деп жауап береді.
Сәлден кейін әкесі тағы сұрайды. Бала әуелгі жауабын қайталапты.
Әкесі сұрағын тағы да қайталағанда, баласы:
- Ол - құс, құс! Өзім шаршап келе жатырғанда, нег сұрай бересің -
деп баласы ренжіпті. Сонда әкесі:
- Балам, кішкене кезіңде ауыр тірліктен шаршап келгенде сенің «Анау
не Мынау не « деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын
деп үнемі жауап беретінмін»
Мұғалім:
1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Сен әкеңе не деп жауап берер едің?
3. Әкемді ренжітіп алған жоқпын ба деген ой мазалайды ма?
Сонда отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі - әке.
«Әке - асқар тау» дейді халқымыз.
Әке туралы мақал - мәтелдер айту.
Енді зейінімізді бері аударып, мына бір әңгімеге назар
аударайық:
Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
«- Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, сендер соны
шешіңдер. Сендердің бәріңді тоғыз ай бойы абақтыға жауып қойса,
одан соң аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңып қойса, сол адамға
не істер едің?»
Болжау: Өз ойларын айтады. Талқылау жұмысы жүргізіледі.
Тұңғыш баласы: Оның басын балтамен шабар едім.
Екінші баласы: Оны мен мылтықпен атар едім.
Үшінші баласы: Оның мұрнын бұзар едім.
Ал кенже баласы: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың
ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап өлгенше алақаныма салып бағар
едім. Ол мені жаратушы, жарық дүниеге әкелуші адам. Сіз бізді тоғыз
ай көтердіңіз, жарық дүние сыйладыңыз. Таза жатсын деп ағаш бесікке
бөледіңіз. Бұл жұмбақтың шешуі - ана.
Ана туралы мақал - мәтел айту.
Мұғалім: «Ана - сая бағың,
Әке - асқар тауың»,- дейді халқымыз. Сондықтан да жанұяның екі
тірегі - әлпештеген әе мен аялаған ана. Сондықтан да оларды
құрметтеуіміз керек.
Қорытынды.
Жанұяның қуанышы - бала. Ал жанұяның бәйтерегі - ата, әже, әке,
ана. Бала - одан тәлім - тәрбие, өнеге алушы ұрпақ.
«Жүректен жүрекке» шеңбері.
Шеңберге тұрып, өз отбасыларының жақсы қасиеттері жайлы айтып,
шеңбер ішімен жүрейік.
Осындай айтылған жақсы тілектер сендердің отбасыларыңа дарысын.
Отбасыларының шамшырағы болып жана
беріңдер.
«С.Босқынбаев атындағы негізгі мектеп» КММ
Мектпалды даярлық тобының жетекшісі: Устенбекова Г.Н
2017 жыл