Материалдар / Әкімшілік құқық негіздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әкімшілік құқық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға арналған лекция
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
5203
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Тақырыбы: Әкімшілік құқық негіздері


Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардыәкімшілік құқықтық мен таныстыру;

    1. Білімдерін дамыту, ой өрістерін кеңейту;

    2. Отанға патриоттық сезімдерің одаң ары дамыту.



Сабақ түрі: Аралас

Сабақ жабдығы: Кесте.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ауызша тапсырмалар.

2.Үйге берілетің сұрақтар.

3. Өздік тапсырма орындау.

4.Қорытынды ой айтқызу.

III. Жаңа материалды оқыту:

Лекция жоспары:

1.Әкімшілік құқық түсінігі.

    1. Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары;

    2. Әкімшілік-құқықтық қатынастар.

    3. Әкімшілік қатынастарының ерекшеліктері.

    4. Кесте жұмысы.

IV.Бекіту: 1.Ортақ ой тұжырымдама жасау.

V.Қорытынды: Қорытынды шығару, бағалау.

VI. Үй тапсырмасы:Әкімшілік тәтіпті бұзу.










Тақырыбы: Әкімшілік құқық негіздері

Әкімшілік құқық түсінігі.

Әкімшілік құқығы дегенімз-бұл басқару құқығы.Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы

және қызмет етуі барысында туындайтын қатнастарды реттеп отырады.

Әкімшілік құқықтың зертейтін (шұғылданатын)мәселесі мемлекеттік басқару органдарын(атқарушы билікті)ұйымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатнастардың жиынтығы болып табылады.

Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарын, сондай-ақ кәсіп орындарын,мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. әкімшілік құқығының нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын;олардың мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың жауапкершілігін айқындайды.

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары;

Атқарушы биліктің жұмысты тиімді жасауына жағдайлар туғызу;

Атқарушы биліктің демократиялық жолмен оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

Азаматтардың,олардың бірлестіктерінің өз құқықтарын іске асыру ушін басқару саласында жағдайлар туғызу;

Азаматтар мен қоғамды мемлекет аппараты қызметкерлерінің әкімшілдік өктемдігінен,қияпаттарынан,салақтығынан қорғауды қамтамасыз ету.

Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері.

Әкімшілік құқықтың көздері мыналар;

Қазақстан Республикасының Конституциясы.Конституциялық нормалар атқарушы билік органдарының қалыптасуы негіздері мен қызметін,құзыреттерін, олардың мемлекеттік басқа органдармен және өзара қарым-қатнастары негіздерін айқындайды;

2001жылы30 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;

Қазақстан Республикасының заңдары;

Президент актілері (жарлықтар, заңдық күші бар жарлықтар,өкімдер);

Қазақстан РесбупликасыҮкіметінің қаулылары;

Министрліктердің,агенттіктердің,ведомстволардыңнормативтік актілері(бұйрықтар,нұсқаулар және т.б.);

Парламент палаталарының нормативтік қаулылары;

Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер,кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай әкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады.

Әкімшілік қатынастарының ерекшеліктері.

Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын  реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы.  Олардың басты ерекшелігі олар:

Әкімшілік құқықтың пәні —  бұл мемлекеттік басқару сферасында   туындайтын, дамитын және тоқтатылатын  қоғамдық   қатынастар.

Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды   жатқызуға болады:

1)  Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

2) Басқаруда атқарушы билік органдарының  әкімшілік – биліктік өкілеттіліктерді жүзеге асыру  барысында және  азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес  ұйымдармен өзара  әрекеттерінде  туындайтын;

3) Әкімшілік құқық  бұзушылықтарды   істегені үшін  туындайтын;

Әкімшілік құқық  үшін тән құқықтық реттеу әдістері:

1) Билік әдісі – бағындыру, немесе  тура бұйыру  әдісі ( қатынастар әкімшілік құқықтың шегінде біреуінің екіншісіне бағынуына  тұрғызылады);

2) Ұсыну  әдісі (басқару  субъектісінің ұсыныстары  егерде оны  басқару екінші  қатысушысы қабылдаған жағдайда  заңды күшке ие болады)

3) Келісу әдісі (өзара  бағыныштылықта болмайтын  қатысушылар арасында)

4) Теңдік  әдісі (мемлекеттік механизмнің  бір  деңгейінде  тұратын  субъектілер  әкімшілік келісімшарт түрінде  бірлескен әрекеттерді қабылдайды)

Әкімшілік құқықтың жүйесі —  бұл салаларды құрайтын салашықтарға жиыстырылған топтар – құқықтық институттар бойынша  бөлінген  құқық нормаларының  ғылыми – ұйымдастырылған  жиынтығы – біртұтас  нормативті  құрылым.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің  мінез – құлық ережелері көрсетілген  және бекітілген мемлекеттік билік   ресми түрде мақұлдаған нысандар.

Құқықтың қайнар көзі болып табылуы үшін  әрбір осындай нысанда бірқатар мынадай белгілер болуы қажет:

1) Субъектілердің  белгілі бір категориялары  орындау үшін  міндетті  бір немесе бірнеше мінез – құлық ережелері (құқық нормалары) болуы қажет.

2) Осындай  болуы  үшін  мемлекеттік билік ресми түрде  мақұлдауы қажет.

Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен  арақатынасы —  әкімшілік құқық бірыңғай жүйенің  құрамды бөлігі бола отырып құқық  салаларының барлығымен өте  тығыз байланысты.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28 бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл  мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, белгіленген басқару  тәртібіне  қол сұғатын, құқыққа қайшы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздігі, сол үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған (мультимедиялық-презентация).

Әкімшілік құқық бұзушылық ерікті мінез –құлық актісі – іс-қимыл болып табылады және мінез – құлықтың екі аспектісінен тұрады: әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет-бұл міндеттерді, заңды талаптарды белсенді о орындамау, сонымен қатар тиым салушылықты бұзу (мысалы, егінді улау немесе ауыл шаруашылық дақылдарын жою, көкнәр немесе сораны заңсыз егу және өсіру). Әрекетсіздік  -бұл міндеттемелерді бәсең орындамау, мысалы, мемлекеттік статистикалық байқауды жүргізуден бас тарту, өндіріс қалдықтарын көму бойынша және ағынды суларды төгудің талаптарын орындамау. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау әкімшілік жауаптылықтың, тұлғаға әкімшілік жаза  қолданудың  фактілік негізі болып табылады(нормативті негізі – құқық нормасы, соған сәйкес әкімшілік жауаптылық  белгіленеді және қолданылады).

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері:

1) қоғамдық қауіптілік —  бұл іс — әрекеттің қоғамның, мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы, ұсақ бұзақылық, мас күйінде  көлік құралдарын басқару

2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді жасауы

3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс — әрекет. Кінә тұлғаның істеген ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Іс-әрекетті құқық бұзушылық деп  деп тану үшін оның  ерік-жігерлік және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.

4) жазаланушылық – бұл іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, егерде оны істегені үшін заңнамада әкімшілік жауаптылық қарастырылған болса.

5) жаппай өріс алуы  (массовость) — бұл егерде қандайда болмасын іс-әрекетті істеудің таралуы, жаппай өріс алуы  қоғамдық қатынастарға  қауіп төндірсе, заң шығарушы  осы қатынастарға қорғалатын мәртебе  беруге мәжбүр, заңнамалық түрде мінез-құлық ережесін  бекітуге және   оны бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге  мәжбүр болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы — бұл әкімшілік жауапкершілікке тартатындай жеткілікті белгілердің (элементтердің) жиынтығы.


Кесте жұмысы.

Сұрақтар

Азаматтық құқық

Әкімшілік құқық

Бізге қажеттілігі және маңызы?



Қандай салаларда жұмыс атқарат?





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!