400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Акробатикалық элементтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Гимнастика сабағында Акробатикалық элементтер арқылы икемділікті дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Канапиянова Жадыра Шаденкызы








3-бөлім – Акробатика негіздерінде гимнастика.

Тақырып: Акробатикалық элементтер.

Мектеп: 13

Уақыты:

Мұғалім:

Сынып: 3

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Оқу мақсаты

3.3.2.1 - қозғалыс әрекетіндегі дене қыздыру және қалыпқа келтіруді көрсету

3.1.2.1 - физикалық дамуға ықпал ететін қозғалыс әрекеттерін көрсету.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Шашыраңқы жүру және жүгіру.

Сап, қатар құру.

Саппен қозғалыс кеңістігінде қауіпсіз жұмыс істеу.

Зал кеңістігінде бағдарлану.

Аяқ ұшымен, өкшемен және табанның ішкі жағымен жүру.

Биіктетілген тіректе қосымша адыммен жүру.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Біреуден, екеуден қайта сап құра отырып жүру.

Қосымша адыммен жүрген кезде тепе-теңдік сақтау.

Орындық үстімен жүріп тепе-теңдікте секіру.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Түзету жаттығулары арқылы жануар бейнесін көрсету.

Қамшының үстінен секірген кезде аяқтар мен қолдардың қимылдарын үйлестіру.

Оқушылар қимылды үйлестіру мен омыртқа қисаюының алдын алуға арналған жаттығулар көрсете алады.

Тапсырмаларды орындаған кезде тәуекелдерді азайта алады, үш тілде жануарларды атайды.

Пәнаралық байланыс


Тілдік мақсат

Жаратылыстану,өзін-өзітану, математика

Пәндік лексика және терминология:

Жүріс, шашыраңқы жүгіру, екеуден, біреуден сап, табанның сыртқы жағы, табанның ішкі жағы, үш тілде жануарлардың түрлерін атауы.


Талқылауға арналған сұрақтар:

Түзету жаттығулары қандай жануардың қимылдарына ұқсайды?

Ширығу жаттығуларын жылдам және күрт орындау қандай тәуекелдер туғызады?

Бөренемен жүгірген кезде тепе-теңдікті қалай сақтау керек?

Неге екенін айта аласыңдар ма?

Неліктен тапсырма алдында ширығу жаттығуларын орындау керек екені туралы айта аласыңдар ма?

Қандай акробатикалық жаттығулардың сендердің қабілеттеріңді дамытатынын айта аласыңдар ма?

Алдын ала оқыту

Тепе-теңдік – тапсырма орындаумен орындық үстімен жүру; екі жақтан жүріп, орындық ортасында екі жаққа кету.

Таныс акробатикалық жаттығулар ( өткен тәжірбиеден).

Жоспар

Уақыт аясы

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0 – 3 минут






4 – 6


Шашыраңқы жүру және жүгіру. Қозғалыс кезінде біреуден, екуден сапқа тұру. Қозғалыс барысында қайта сап құру кезінде арақашықтықты сақтауға және екеуден сапта иық тіресіп жүруге назар аудартады.


(Ұ) Аяқ ұшымен, өкшесімен, табанның ішкі және сыртқы жағымен жүру. – Түзету жаттығулары қандай жануарлардың қозғалысына ұқсайды?

Осы тапсырманы жануарлар суреттерін көрсете отырып қайталауды ұсынады, оқушылардың әрқайсысы өз жануарларын бейнелейді.

Кең, бос кеңістік.




«Баста-тоқта » белгісі ретінде пайдалануға арналған дабыл.


Жануарлар бейнеленген суреттер.

7 – 15







16 – 24













25-30





Текшемен орындалытын жалпы дамыту жаттығуларын орындау. Оқушылардың бір-бірінен жеткілікті арақашықтықта тұрғанына көз жеткізеді. Нұсқау: зейінін шоғырландыру, дене сымбатын бүкіл кешен бойына түзу сақтау.

Жауырынға тұру жаттығулары.
1. Теріс қарап жүреден отыру.
2. Тізені ұстап артқа құлау.
3. Аяқты бүгіп, қолды белге тіреу.
4. Жауырынға тұрып аяқты түзу ұстау.

Алға, артқа домалау жаттығулары.
1. Жүреден отыру.
2. Алға қолды тіреп еңкею.
3. Алға домалау.
4. Тізені ұстап жүреден отыру.
5. Тұру.

«Көпірше жасау»


«Жылдам қой, жылдам ал»

Оқушыларға музыка ойнап тұрған кезде өз текшесін айналып жүруді ұсынады. Музыка аяқталған кезде өз текшесін басынан асыра көтеріп, омыртқасын жақсылап түзетеді. Қозғалыс бағытын өзгертеді.

Тепе-теңдік – бөрене үстімен қосымша адыммен бүйірмен жүру.

Нұсқау; тепе-теңдікті сақтау: басты төмен еңкейтпеу, алға қарау қажет.

Оқушылардың оң және сол бүйірімен қозғалысын қадағалайды.


Музыка.






Гимнастикалық бөрене, жұмсақ төсеніштер.








Қамшы (өрілген қайыс таспалары- ұзындығы 70 см) – 10 дана







31 – 35

Сабақты қорытындылау.

  • Оқушыларды сапқа тұрғызып, тыныс алу жаттығулары арқылы бастапқы қалыпқа ағзаны келтіру;

  • Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

  • Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

  • Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

  • Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?.



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.01.2023
203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі