Материалдар / Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы түсінік.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы түсінік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Аксонометриялық проекциялар туралы толық түсінік қалыптастырады.
Авторы:
15 Қырқүйек 2023
602
27 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аксонометрия

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

ПОУРОЧНЫЙ ПЛАН ОТКРЫТОГО УРОКА


Сабақ тақырыбы/ Тема занятия: Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы түсінік.

 

Модуль /пән атауы / Наименование модуля /дисциплины: Сызу

 Педагог: Байжұманова Іңкәр Берікқызы

Күні/ Дата: 14.12.22.

1.Жалпы мәліметтер / Общие сведения:

      Курс: 2 топ/группа: АП-21

      Сабақ типі/ Тип занятия: Аралас сабақ

2. Мақсаты, міндеттер/ Цели, задачи:

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі/

Перечень профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия (бағалау критерийлері /критерии оценивания): Аксонометриялық проекция ұғымы жайлы түсінік беру. Аксонометриялық проекцияларды алу жолдарын түсіндіру, үйрету және меңгерту. Аксонометриялық проекцияның шарттарын біледі, проекция заңдылықтарын түсінеді, бөлшектің проекциясын ажыратады, заттың көріністерін түрлендіру арқылы тапсырманы орындайды.


2.2. Тілдік мақсаттары / Языковые цели: Студенттер өз ойын нақты айта алады, түсінгендерін сызбада көрсетеді, тәжірибелік тапсырмалар орындай алады.

2.3. Құндылықтарды дамыту / Воспитание ценностей: студенттерге сызу негіздерінен білімдер беріп, белгілі дәрежеде сызбалар сызу ептіліктері мен дағдыларын дамыту, эстетикалық талғамдары мен көзқарастарын, дүниетанымын арттыру. Бір – бірімен қарым-қатынас орнату,

шыдамдылыққа, ұқыптылыққа баулу,өзгенің пікірін бағалау, өзін бағалауды қалыптастыру.

2.4. Пән аралық байланыс / Межпредметная связь: геометрия, математика


3. Сабақты жабдықтау/ Оснащение занятия:

      3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер/Учебно-методическое оснащение, справочная литература: сызу құралдары: сызғыш, қарындаш, өшіргіш, циркуль, А3 форматы.

       3.2 Техникалық жабдықтар, материалдар/ Техническое оснащение, материалы: интерактивті тақта, презентация, видеоролик


4. Сабақтың барысы/ Ход занятия:


4.1. Ұйымдастыру кезеңі /Организационный момент.

Білім алушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сабаққа қажет құралдарын қадағалау, жұмыс орынын дайындау.

4.2. Ынталандыру және жаңа тақырыпты хабарлау/ Мотивация и объявление новой темы. 


Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсаты, барысымен таныстыру. Слайдты қоса отырып түсіндіру.


4.3. Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру/ Проверка знаний и умений обучающихся


Жаңа сабақтың тақырыбын ашу,Үй тапсырмасын тексеру мақсатында карточкалар таратылады, білім алушылар карточкадағы сұрақтарға жауап берулері керек болады.

Карточка таңдап алып,берілген сұрақтарды дауыстап оқып, сол сұраққа жауап береді.


1. Проекциялау дегеніміз не? (Проекциялау деп жазықтықта (қағазда, экранда, дәптерде) нәрсенің кескінін салу процесін айтады. Бұл жағдайда алынған кескінді проекция дейміз)

2. Проекция қай елдің сөзі, мағынасы қандай? (латын сөзі, «алдыға қарай лақтыру» деген магынаны білдіреді)

3. Қандай проекциялау центрлік деп аталады? (Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шығатын болса онда ол центрлік проекциялау деп аталады.)

4. Центрлік проекциялау мен параллель проекциялаудың айырмашылығы неде? (тақтаға екі оқушыны шығартып нүктенің, кесіндінің проекцияларын салғызу)

5. Фронталь жазықтықта тетіктің қандай көрінісі алынады?(алдыңғы көрініс)

6. Горизонталь жазықтықта тетіктің қандай көрінісі алынады?(үстіңгі көрініс)

7. Профиль жазықтықта тетіктің қандай көрінісі алынады?(сол жақ көрініс)

8. Үш жазықтықтағы көріністерді біріктіргенде тетіктің қандай көрнекі кескіні шағады?

(үш көріністі біріктіргенде тетіктің толық кескіні шығады)

Сұрақтарға жауап беріп болсақ,


4.4. Жаңа тақырыпты түсіндіру/ Изучение нового материала

Оқушылар адамдар күнделікті өмірде, өндіріс жағдайында кескіндеудің әртүрлі әдістерін қолданады: орталық немесе перспективалық проекция, аксонометриялық проекциялар, тікбұрышты проекциялар,т.б. Аталған әдістер бір-бірінен кескіндеу сипатымен, сол сияқты тұрғызу шартымен де ерекшеленеді.


Аксонометрия (гректің “axco” - ось және “metreo” – өлшеу) осьтер бойынша өлшеу дегенді білдіреді. Аксонометриялық проекциялардың негізгі артықшылығы – көрнекілігінде және бейнеленген заттың көлемін жалпылама көрсетуінде, сондықтан оны заттың құрылымдық пішінін түсінуді жеңілдету үшін сызбаға иллюстрация ретінде қолданады


Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойынша өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар деп екіге бөледі:






Осы нәрселерді салғанда өлшемдерді (ұзындық, ен, және биіктік) х, у, және z остері бойынша өлшеп саламыз.

Тетіктер мен машиналардың сызбаларына түсініктеме бергенде көрнекі кескіндерді пайдаланады Жазықтықта көрнекі кескіндерді салу үшін осы нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салуды орындаймыз.


Жазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын орындау кезінде z осі болмайды. Мұндай салуды х және у осьтерін жүргізуден бастаймыз.. Осылайша салу кейінірек геометриялық денелердің аксонометриялық проекецияларын орындау барысында қажет болады.


Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу кезінде үш: х, у және z осьтерін пайдаланады, себебі мұнда үш өлшем (ұзындық, ен және биіктік ) қатысады.

Мысал үшін сызбада бұған дейін екі көрінісі салынған тетікті алайық.

Кескіні салынатын нәрсе проекциялар жазықтығы мен қараушының арасында орналасқан деп қарастырады.  Нәрсенің қараушы көріп тұрған бетінің проекциялар жазықтығындағы тікбұрышты проекциясын оның көрінісі деп атайды.

Көріністе нәрсенің көрінбейтін қырларын үзілме сызықтармен кескіндеуге рұқсат етіледі, бірақ ол міндетті емес. Негізгі алты көріністі орналастырғанда үстінгі көрініс алдыңға көріністен төмен ал астынғы көрініс жоғары бір вертикальдың  бойында орналасуы керек. Сол жақ көрініс алдыңғы көріністің оң жағына, ал оң жақ көрініс-сол жағына онымен бір деңгейде орналастырылады. Сондай-ақ сол жақ көрініс алдыңғы көріністің сол жағына, оң жақ көрініс-оң жағына бір деңгейде орналастырылады.





Нәрсенің негізгі проекциялар жазықтықтарында (текшенің жақтарына) паралель болмайтын жазықтықтағы проекциясын қосымша көрініс дейді. Егер нәрсенің кішкене бөлігі ғана кескінделсе, онда оның жергілікті көрінісі шығады. Сонымен, көріністер негізгі қосымша және жергілікті көріністер болып бөлінеді. Негізгі көріністер алтау: алдыңғы көрініс, астыңғы көрініс, және артқы көрініс. Жергілікті көрініс негізгі көріністе, қосымша көріністе болуы мүмкін.


Олардың сызбаны оқу дағдыларын молайтады, кеңістікті елестету қабілетін дамытады

Көбінесе екі немесе үш көрініс жеткілікті болады.

Алдыңғы көріністі бас көрініс деп те атайды, өйткені нәрсені кеңістікте оның алдыңғы көрінісі мүмкіндігінше көп ақпарат беретіндей етіп орналастырылады. Алдыңғы көріністі  фронталь проекция, үстіңгі көріністі горизонталь проекция және сол жақ көріністі профиль проекция деп те атайды.


Онда проекциялық байланыстарды сақтаудың міндеттілігін ұмытпай, үстіңгі көріністі алдыңғы көріністің жоғары жағына сызу керек және аталған үш көрініс бірінің үстіне екіншісі, екіншісінің үстіне үшіншісі дәл орналасып бір вертикаль бағанның бойында жатады. Сондай-ақ сол жақ алдыңғы көріністің оң жағына, ал оң жақ көрініс сол жағына сызылады. Артқы көріністі көбіне сол жақ көріністің оң жағына орналастырады. Сонда төрт көрініс оң жақ көрініс, алдыңғы көрініс, сол жақ көрініс  және артқы көрініс қатарласа орналасып, бір горизонталь жолдың  бойында жатады.

Көріністе көрінбейтін сызықтарды кескіндеу міндетті емес, орындайтын сызбада көрінбейтін сызықтарды кескіндеу талап етіледі. Көрінбейтін сызықтар үзілме сызықпен кескінделетіні белгілі, Түзудің өзіне перпендикуляр жазықтықтағы тікбұрышты проекциясы нүкте болады. Олай болса, жазық фигура (үшбұрыш, паралелогграм, трапеция, кез-келген жазық көрбұрыш, жазықтықта жататын қисық сызықпен шектелген фигура) өзіне перпендикулияр жазықтықтағы түзу кесіндісіне проекцияланады.


Осындай тұжырымды жақсы түсініп, кеңістікте оны елестете білуге қол жеткізу керек. Координаталарымен берілген нүктелердің фронталь (алдыңғы көрініс) горизонталь (үстіңгі көрініс) және профиль (сол жақ көрініс) проекцияларын көп ойланбай сала білу және керісінше фронталь және горизонталь (немесе профиль) проекциялары бойынша нүктенің координаталарын анықтай білу қажет.


Дененің үш өлшемі шартты түрде ұзындығы ені және биіктігі болатыны белгілі, Оларды сыртшек өлшемдер деп атайды. Дененің іші қуыс тесіктері және ойықтары болуы мүмкін. Олардың әрқайсысының өлшемдері жеке-жеке көрсетіледі. Одан кейін осындай элементтердің өзара орналасуын анықтайтын өлшемдерді оның элементтерінің өзара орналасуын анықтайтын өлшемдерден ажырата білген дұрыс.


"Адасқан көріністер"

Білім алушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында тақтаға плакат ілініп, сол жердегі аксонометриялық фигуралардың үш көрінісі анықталып, плакатқа рет- ретімен жабыстырылады.



Picture 11



5. Жаңа білім мен дағдыларды бекіту/ Закрепление новых знаний и умений.


Білім алушылар әр стрелкаға аксонометрияға қатысты деректерді толтыру керек болады, сол арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймыз.


Shape1







Логикалық тапсырма: берілген геометриялық денелерден ұқсас фигураларды анықта. (жеке тапсырма)












Дескрипторлар:

-Аксонометриялық проекциялауды түсінді

-Өзіне қажетті ақпаратты анықтай алды

-Тік бұрышты координаталар жүйесін түсінді. тиімді пайдаланды

-Ось аттарын білді


6. Сабақ бойынша рефлексия/Рефлексия по занятию:


«Ойды аяқта» білім алушылар өз ойларын ашық айтады.

  • Бүгін мен білдім...

  • Мен үйрендім...

  • Қолымнан келді...

  • Қиындық тудырды...


7. Үй тапсырмасы/Домашнее задание.


Слаидта көрсетілген тетікбөлшектің үш көрінісі бойынша аксонометриялық проекциясын орындау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!