400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Акварельмен бояу. Кескіндеме техникасымен танысу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кескіндеме сабағынаның мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Саламатсыздарма құрметті студенттер

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі

Сабағыма қош келдіңіздер!

Тақырып: Акварельмен бояу. Кескіндеме техникасымен танысу.

Пәні: Кескіндеме

Түрлі түсті қарындаштар- графиканың тамаша құралы. Бірақ, өкінішке орай, олар қазіргі кезде көп пайдаланыла бермейді. Көптеген белгілі суретшілер сурет салуда  түрлі түсті қарындаштарды қолданған.Түрлі түсті қарындаштарды біз көбіне  сәби балалардың ермегі деп санаймыз. Бірақ қарындашпен салған суреттің өзі біршама еңбектену мен дағдылануды талап етеді.

     Түрлі түсті қарындаштың акварель мен гуашь бояуларынан айырмашылығы жұмыс жасау тәсілі қарапайым, езілмейді, артық жағылып, қағаз бетін былғамайды. Бұл құрал жазда пайдалануға өте ыңғайлы. Ал бояулар кебу үшін ұзақ уақытты алатын техникалық қиындықтар пайда болмайды.

  Түрлі түсті қарындаштар-суретшіге ұзақ жолда, жұмыста да қажетті құрал. Жұмыс істеу барысында алдын-ала жұмыс орнын дайындап, әуреленудің де қажеті жоқ. Сонымен қатар басқа сурет құралдары сияқты қарындаштардың да өзінің техникалық қиындықтары болады. Мысалы, олар сулы бояу сияқты бір-бірімен палитра бетінде араласа алмайды, бірақ олар қағаз бетінде бір-біріне қосылып, басқа түс бере алады. Түрлі түсті қарындашпен жұмыс жасаған кезде, өшіргішті аз қолдауға тура келеді. Өйткені өшіру барысында қағаз беті түтіліп, салынған сурет әсем көрінбейді.

     Түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасау үшін беті аздап бедерленген қатты қағазды пайдаланған жөн.   

Акварель (субояқ) (французша, итальянша, латынша-су) - суға жақсы еритін бояудың түрі. Сонымен қатар кескіндеме саласындағы сұлу бояу. Ол түссіз желім қосылып жасалғандықтан, суда тез ериді.

  Оның бойындағы байланыс заттарын анықтайтын желім "гуммиарабик" деп аталады.   

  Акварель бояуымен жұмыс істеу өте ұқыптылықты қажет етеді, себебі бір рет боялған бояу үстінен қайта бояу жағылса кірленіп, түс реңктері бұзылады. Акварель бояуымен құрғақ қағаз бетінде және ылғал қағаз бетінде жұмыс жасауға өте қолайлы.  

 Гуашь (Французша, италянша-су бояуы) - акварель сияқты желім қоспасы бар, суға тез еритін, акварельмен салыстырғанда мөлдір емес қою бояу. Бұл бояу техникасы ХVI ғасырда Еуропада қолданыла бастады. Орта ғасырда кітап миниатюралары гуашьпен орындалып жүрді. Сонымен қатар суретшілер гуашь техникасын нобайға, портрет миниатюрасына, картонға, т.б. дайындық жұмыстарына пайдаланған. Қағаз бетіне жазған гуашь бояуы кепкеннен кейін барып екінші бояуды оның үстінен жағуға болады.

   Гуашьпен ақ қағаз бетіне немесе сұр қағаз бетіне жұмыс істеуге болады. Гуашьпен жұмыс істегенде қағаздар жылтыр болмауы әрі қалыңдау болуы керек. Гуашьпен тек қағазбен ғана емес, мата, картон, фанерге де жұмыс жасауға болады. Оның кебу уақыты 30 минуттан - 3 сағатқа дейін.       

  Көркем өнердегі "пастель" сөзінің ұғымы Италияның "паста" сөзінен алынып, "қамыр" деген мағынаны білдіреді.

  Пигменттік түрлі түсті ұнтақтарынан, бор мен шайырдың қосындысын араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы қамырдан жұмыр таяқшалар жасап, оны кептіреді. Пастель бояуының әрбір түсінен көптеген реңктер алуға, онымен бір түстен екінші түске өтудің нәзік те жарасымды қалпын беруге мүмкіндіктер туғызуға болады.

 Кескіндеме бояуларының ішіндегі ең күрделі әрі ұзаққа сақталатын бояу түрі - майлы бояу. Әрбір майлы бояудың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар.

1.Қорғасын қосылған ақ бояу тез кебеді әрі төзімді.

2.Мырыш қосылған ақ бояуды 1808ж. Куртуа тапқан.

3.Ашық сары - табиғи бояу.

4.Қанық жасыл - хром мен бор тотығының қоспасынан жасалған.

5.Ағылшындық қызыл - жасанды бояу.

6.Көк кобальт -  кобальт тотығы мен алюминий қоспасынан тұрады.

7.Табиғи умбра Санкт-Петербургтен табылған.

8.Сарғыш марста темір тотығы мен алюминий тотығы бар.

Майлы бояулар арнаулы майлар түрімен езіліп жағылады. Зығыр майы тез кебеді. Жаңғақ майы өте мөлдір, ұзақ уақыт біркелкі кебеді. Көкнәр майы ұзақ кебеді, сарғаймайды.


Құрметті студенттер төмендегі сұрақтарға аудионы қолдана отырып жауап береміз


1. Сурет салуға керекті құрал-жабдықтарды атаңыз?

2. Сурет салуда қолданылатын қаламдардың түрлері?

3. Сурет салуға арналған қағаз түрлері?


Үйге тапсырма. Еркін тақырыпта акварельді пайдала отырып натюрморт суретін салу.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
07.12.2020
1106
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі