Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Аквариумның құпиясы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жалпы білім беретін «№8
орта мектебі» КММ
«Аквариумның құпиясы»
Аты-жөні: Ануарұлы Санжар
Сыныбы: 1 «Ә»
Жетекшісі: Динахметова Гулжанат Алтаевна
Секция: Биология
Балқаш қаласы, 2021жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМІ
1.1.АКВАРИУМНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ.............................................................4
1.2. АЛТЫН БАЛЫҚ, ГУППИ БАЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ...............6
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.БАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ БАҚЫЛАУЫМ,
ЗЕРТТЕУЛЕРІМ..........................8
3.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
3.1 .АКВАРИУМ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ АДАМҒА ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ......10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................11
КІРІСПЕ
Тақырыбым: «Аквариумның құпиясы»
Зерттеудегі мақсатым:
Аквариум балықтарының тіршілігі мен қоректену жағдайларын бақылай отырып, олардың қолда, яғни үй жағдайында тіршілік ету бейімділігін,мінезін, адамдарды қабылдауын зерттеу.
Міндеттерім:
1.Аквариум балықтарының тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасау
2.Коректендіру
3.Үнемі көңіл бөліп отыру
4.Аквариум суын ауыстырып отыру, тазалықта ұстау
Нысаны: аквариум балықтары
Нәтижесі: Аквариум балықтарының саны көбейіп, олардың тіршілік ету ортасы кеңейді.
1.ТЕОРИЯЛЫҚ
БӨЛІМІ
1.1.АКВАРИУМНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
Аквариум (лат. aquarium – суқойма) су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.
Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр-түрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумде зерттелді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында гамбузия өсірілетін болды. Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумды экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.
Аквариум балықтары – үйдегі, хайуанаттар паркі мен ғылыми мекемелердегі арнайы ыдыста – аквариумде өсірілетін балықтар тобы. Аквариум балықтары табиғи жағдайда тропикалық және субтропикалық (Африка, Америка, Австралия, Оңтүстік-Батыс Африка) тұщы су қоймаларында, ал кейбіреулері ащылау суда және теңізде мекендейді. Олар – таңғажайып түрімен, ашық түрлі-түсті бояуларымен және мөлшерінің (массасының) кішілігімен ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1,5см – 30 см болады, кейде 1 м-ге жетеді. Шабақтарын тірі табатын (мысалы, гамбузия, гуппилер, семсерқұйрық, маллинезия)
түрлері бар.Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мысалы, гамбузия балығын жерсіндіру аквариумде зерттелді, соның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарында гамбузия өсірілетін болды. Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумді экологиялық жүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.
Аквариум балықтарының жүздеген түрі кездеседі. Олардың көбі сүйекті балықтар (мысалы, майшабақ, мормиро, тұқы, саргоно, алабұға, кефаль, т.б.).
Қазақстанның өзен-суларында тіршілік ететін сазан, қоңыржан, майшабақ, құйын балық, шортан, алабұға, мөңке, қызыл қанат шабақтарды аквариумда ұстауға болады. Аквариум балықтарын гибридтеу жұмыстарының нәтижесінде балықтардың көптеген жаңа тұқымдары шығарылды, соның негізінде генетикалық зерттеулер жүргізілді
1.2.АЛТЫН БАЛЫҚ
Алтын балық - Корея, Қытай, Жапония су қоймаларында кездесетін күміс түсті табан балықтан қолдан сұрыптау нәтижесінде шығарылған балық тұқымы. Бұлар қызыл, жасыл, қызғылт, сары т.б. болғандықтан Алтын балық деп аталады.
Олар үлкен аквариумда ұсталады, онда судың жылылығы 20°С болуы керек.
Уылдырығын сәуір-мамырда шашады, шабақтары екі жылда ересек балыққа айналады. Алтын балыққа жауын құртын, маса личинкаларын, уақтап туралған жас ет, сулы, сөк ботқасын және ақ нан беруге болады. Алтын балықты аквариумда 10-12 жыл өсіруге болады.
Алтын балық табиғи суларда да кездеседі. Олар - вакин, комета түрлері. Бұл түрлері балдырлар арасында уылдырық шашады. Сол арада 2-2,5 тәулікте ұсақ шабақтар өсіп шығады. Олар бір жылдан кейін өздері уылдырық шашады.
Түрлері
Әуесқойлар мен кәсіпқойлардың сұрыптау жұмыс нәтижесінде қазіргі таңда Алтын балықтың көптеген түр тармақтары пайда болды. Алуан пішінді, түрлі түсті 300-ден астам тіршелері бар Алтын балықтар 2 улкен топқа бөлінеді:
1.денесі ұзын Алтын балықтар
2.қысқа денелі Алтын балықтар
1.2.ГУППИ БАЛЫҒЫ
Гуппи — тұщы суда мекендейтін тірілей туатын балық. Гуппилерде диморфизм анық байқалады — еркектері мен ұрғашылары үлкендігі, формасы және түсі жағынан бір бірінен қатты ерекшеленеді:
Еркектерінің тұрқы 1,5—4 см; жіптіктей сымбатты; кейбір асылтұқымдыларының желбезектері ұзынырақ; түсі ашық жарқын түстерге боялған. Еркектерінің арнайы жыныстық мүшесі — гоноподий — фаллостық формадағы аналды желбезегі бар.
Ұрғашыларының тұрқы 2,8—7см; қарны жуан, аналық аумағында уылдырық көрінеді; желбезектері еркектеріне қарағанда пропорциялы түрде кішірек; табиғи өсу аймақтарындағы және басқа тұқымдарының ұрғашыларының түсі сұр болып келеді, теңгесі ромбтәрізді торға ұқсайды, сол үшін бұл түрдің балықтары лат. : reticulum — тор, торкөз деп аталады.
Ең танымал және күй талғамайтын аквариум балықтары. Үй аквариумында судың барлық қабаттарында өмір сүреді. Табиғаттағы жабайы түріне қарағанда үйдегі аквариумда қолдан баққан жағдайда үлкенірек болып өседі және ұзағырақ өмір сүреді. Аквариумдарда гуппилердің түрлі будандастырылған тұқымдары өмір сүреді.
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.БАЛЫҚТАР ТУРАЛЫ БАҚЫЛАУЫМ,
ЗЕРТТЕУЛЕРІМ
2020 жылдың қараша айында алтын балық және гуппи сатып алдым. Ең алдымен аквариумды тазалап, суын ауыстырдым. Аквариумға жарық беру үшін шам және ауа жіберу үшін компрессор сатып алдым. Балыққа арнап үйшік сатып алып, аквариум ішін тастармен ракушкалармен, балдырлармен безендірдім. Өйткені бұл заттар тек әдемілік үшін ғана емес, сонымен қатар балықтардың таса жерге тығылуына , өздерін жайлы сезінуіне де қажет. Алтын балық пен гупи, балығын қостым.Алғашқы уақытта үйрене алмай,соңынан бір-біріне үйренісе бастады. Бірте-бірте осы аталған екі балыққа семсерқұйрық балықтарды қоса бастадым. Байқағаным: олар жатсынбай бірге жүзіп, бір-бірін түсініп, жақсы тіршілік ете бастады. Апта сайын аквариум ішін тазалап суын ауыстырып отырдым. Суын жаңарттым. Екі аптадай өткен соң балықтардың денесі үлкее бастады. Уақытында жемін салып отырдым. Желтоқсан ортасында аквариумға тағы да жайын, Акула бала, Неон деп аталатын балықтарды қостым. Аквариум өте әдеміленіп кетті. Акула бала балығы акулаға өте ұқсайды, ал Барбос балығы денесі кішкене, бірақ ұзынша келген балық.
Желтоқсан айының басында кейбір балықтар өле бастады. Шіріген шөптерді шығарып, дәрі құйдым. Балықтар жоғарыда жүрсе ауырып тұрғаны екенін байқадым.
Олардың неден ауырып тұрғанын тез тауып жазылуына көмектестім. Ол судың температурасына,жарықтың түсуіне байланысты екенін анықтадым.
Алғашында балықтар 3,5 см болса, желтоқсан айында 6,5 см-ге жетті. Жайындарды аквариум санитары деп атайды. Себебі, Жайындар тас арасына түсіп қалған астың қалдығын жеп, шірітпейді екен. Гупи деп аталатын балықты сыңарымен салу керек. Олар өте аурушаң, бірақ уылдырықты көп шашады. Бір күні аквариум суы жасылданып кетті. Бұның себебі: балықтардың көптігі екен. Бір байқағаным аквариумды тазалап су ауыстырғаннан кейін балықтар көңілденіп, бір-бірімен ойнай бастайды. Себебі, ауа көбейеді. Кейбір балықтарға жем ұнамайды. Сондықтан мен үш түрлі жемді араластырып беремін. Жем салған кезде өте қызық. Барлық балық менің қолымның астына жиналады. Жайын балығы түнде ұйықтайды.
Желтоқсан айында 4-5 балық өліп қалды. Оның себебі: артық қоректену. Алып тастап қайтадан басқа балықтармен ауыстырдым.
Осылайша менің зерттеулерім жалғасуда.
Нәтижесінде Алтын балық пен гуппи балығы басқа балықтармен бірге үйлесіп тіршілік ете алатынына көз жеткіздім. Дұрыс күтімі болса, тез өсетінін анықтадым
3.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
3.1 .АКВАРИУМ БАЛЫҚТАРЫНЫҢ АДАМҒА ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ
Аквариумның көп пайдасы бар
1.Үйдің дизайнын әдемі қылады.
2. Аквариумдегі жалт-жұлт еткен балықтар да жүйкені тыныштандырады.
3.Қан қысымы жоғары, жүйкесі жұқарған, қаназдық, ұстама , жоғары тыныс және қолқа жолдары ауыратындарға, демікпесі барларға міндетті түрде аквариумдегі балықтардың тіршілігін жарты сағаттай бақылаған пайдалы.
4.Аквариумды ауырып жатқан адамның жанына қойсаңыз, сырқаттың көңілі тынышталады әрі оның ішіндегі су буға айналып, ауаны ылғалдандырады. Бұл, әсіресе, көп пәтерлі тұрғын үйдегілер үшін аса қажет.
5.Аквариумның тағы бір пайдасы – оны балалар бөлмесіне қойсаңыз, түнгі шамды жағып әуре болмайсыз. Өйткені ол қараңғыда сәуле беріп тұрады. Балалар алтын балыққа армандарын айтып, ішкі сырымен бөліседі.
6.Тағы бір ескеретін жайт, жапондықтар аквариумда қанша балық болса, ол әр кез сонша болып тұруы керек деп есептейді. Егер біреуі өліп қалса, оны дереу алып тастап, басқа балықпен ауыстыру керек.
Жалпы алғанда менің зерттеулерім әлі де жалғаса береді. Бұл өте қызық әуестенушілік.
Болашақтағы мақсатым: