Материалдар / Әл-Фараби дөңгелек үстел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әл-Фараби дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби тақырыбына арналған дөңгелек үстел
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2024
85
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















«Әл-Фараби мәдениет тарихында»



Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған дөңгелек үстел





Өткізген: Омарова А.С.


























Қайырлы күн дөңгелек үстелге қатысушылар.


Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларында өз еліміздің ұлы тұлғаларын насихаттау арқылы Қазақстанды әлемге таныту мәселесі нақты айтылған.  Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, астроном, математик, ботаник, физик, әрі музыка саласын зерттеген Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы  Отырар қаласында дүниеге келген. Міне, бүгінде ұлы ғұламаға 1150 жыл толып отыр. Әл-Фарабидің рухани мұрасын сақтауға, зерделеуге және насихаттауға бағытталған жұмыстар қарқын алуда. Осы ретте мектебіміздің оқушылары арасында ұлы ойшылдың құрметіне ұйымдастырған  дөңгелек үстелдің әлеуметтік мәні зор  әрі жастарға берер тәлімдік-тәрбиелік маңызы бар деп ойлаймын.


Бүгінгі бас қосуымыздың мақсаты: Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристолельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.


Әл-фараби туралы деректі фильм


Ендігі кезегімізді ұлы тұлғаның ғылымға қосқан үлесі туралы баяндамаларға береміз.


Алданазарова Қ. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатындағы Әл-Фарабидің рухани әлемі»

Тимурұлы О. «Әл-Фарабидің медицинаға қосқан үлесі»

Омар О. «Әл-Фарабидің математикалық еңбектері»

Құлшығазиева А. «Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі»

Серікұлы Е. «Әл-Фараби жаратылыстану ғылымы туралы»

Таңатқызы А. «Әл-Фараби еңбектеріндегі білім мен тәрбие мәселелері»

Дүйсен А. «Әл-Фарабидің еңбек тәрбиесі туралы саяси көзқарасы»


Міне біз балалығы қазақ даласында басталып, данышпандыққа ұласқан ғұламалық жолы ешқашан бітпейтін, өзі өмірден өтсе де, ісі қалмайтын әл-Фараби әлеміне саяхат жасадық. Әл-Фараби бабамыздың барлық еңбегін бір сағатта айту мүмкін емес, бірақ сіздерге ізденуге жол ашылды.


Сіздерге — Әл — Фараби мен оның замандасы Мұхамед Хайдар Дулати жайлы бір аңыз айтып берейін.                                                                     

Мұхамед Хайдар Дулати бірде Әл — Фарабиге:

Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі — бақытқа, бірі — атақ- даңққа, бірі — өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.

Әрине , өнер — білімге апарар жолды.

Неге?

Бақыт та, абырой — даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.

Әл — Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да, өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңқы да, ол — білім. «Білім – таусылмайтын байлық»  екенін ұмытпайық.


Сөзімізді қорытындылай келе келесі ойды айтқымыз келеді: ұлы адамдардың шығармашылығына зейін салып қарасақ, олар өз заманының перзенті ретінде өздері өмір сүрген дәуірдің айқындаушы бейнесі болып табылады. Қазақ даласы Отырарда дүниеге келіп, түркілік дүниетанымның мүмкіндігін әлемге паш еткен Әбу Насыр әл-Фараби адамзаттың кемелдікке деген үздіксіз ұмтылысын бейнелейді! Батыс пен Шығыстың өркениеттер аралық  сұхбаттастық идеалына жақындай түсуіне жағдай жасайды. Әлемдік өркениетте өз орнын ойып алған ұлы жерлесіміз әл-Фараби іліміне қайта оралу, танып білу, ұлт мүддесіне жарату – таусылмас рухани азық, баға жетпес рухани құндылық.





ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ТУРАЛЫ

ТРАКТАТЫНДАҒЫ ӘЛ-ФАРАБИДІҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ


Алданазарова Қ.А.

Әл-Фараби өзі дүниеге келген ортада түркі мәдениетінің рухани құндылықтарын бойына сіңіріп өсті. Әл Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы трактатында былай дейді:«Адам толығымен дамып жетілуі үшін көптеген нәрселерден тәуелді болады. Яғни ол өзіне қажет нәрселерді жалғыз өзі жасай алмайды. Сондықтан, адам өзінен басқа адамдардың қоғамдастығында өмір сүруі керек және адам қоғамда ғана толық жетіліп, бақытқа қол жеткізе алады»,- деп тұжырымдайды. Әл Фараби адам қоғамдастығын екіге бөліп көрсетеді: толық қоғам және толық емес қоғам.Толық қоғамдастықтың өзін үшке бөліп көрсетеді: үлкен, орташа және кіші. Үлкен қоғамдастық оның пікірінше, барлық жер бетін мекендеуші адамдардың жалпы қоғамдастығы. Орташа қоғамдастық деп, белгілібір халық ретіндегі қоғамдастықты айтады да, кіші қоғам ол белгілі бір қала дейді.

Қайырымды қала... Әл-Фараби әлеуметтік әділеттілік пен еркіндікті орнықтыратын қоғам туралы ой қозғайды. Халықтың аз қамтылған топтарын мемлекет тарапынан қолдау қажеттігі туралы осыдан мың жылдан астам бұрын айтылған ғұламаның идеясы бүгінгі күні де мемлекеттердің басты саясаттарының бірі болып табылады. Осындай жетілдірілген қоғамда бір бірімен қарым қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмірлік қажетіне айналады дейді және адамдар өзін өзі жетілдіріп, қиындықтан қашпауы тиіс дейді. Әл Фараби мемлекет саясатының басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткізу, игілікпен жеткізу деп санайды. Осы еңбегінде ол «бақыт дегеніміз-игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені, ең жетілгені» деп атап көрсетеді және әр адамның оған толық құқығы бар дейді. Ал ондай құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкіндігі бар, сондықтан да қайырымды билеушілер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатындығын айтады. Мұндай қалалардың басқа қалалардан ерекшелігі және негізгі белгісі жоғарғы тәртіп пен оның тұрғындарының мәдениеттілігі, сыпайыгершілігі және билеушілерінің қайырымдылығы, ақыл парасаты. Бүгінгі таңдағы Мәңгілік ел ұлттық идеялар түріндегі саяси бастамалар сөзсіз ұлы ойшылдың идеяларымен ұштасатыны анық. Мәңгілік ел ұлттық идеясы барлық қазақстандықтарға, барлық халыққа жолдау болып табылады, өз кезегінде әл-Фараби де өз ғылыми шығармаларында қамтыған болатын. Мәңгілік ел идеясы Платонның ізгілікті, әділетті, мемлекет және әл-Фарабидің «қайырымды қала» жөніндегі идеясы жайындағы ойлардың қисынды жалғасы болып табылады.


Әл-Фарабидің медицинаға қосқан үлесі


Тимурұлы О.

Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек - табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзқарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған. Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны" атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пікір айтады.



ӘЛ-ФАРАБИДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ

Омар О.С.

Шындығына келгенде, Фараби өз заманындағы аса көрнекті математиктердің бірі болған, одан бізге бірнеше құнды математикалық шығармалар жетті, бірақ күні бүгінге дейінгі олардың көпшілігі басқа ғылыми трактаттары ішінде елеусіз қалып немесе басқа біреудің атына телініп келген.1972 ж. Фарабидің «Математикалық трактаттары» басып шығарылды. Бұған қоса ғұламаның бүкіл математикалық еңбектерін талдауға, зерттеуге арналған «Фарабидің математикалық мұрасы» деген еңбек жариялады. Фарабидің «Математикалық трактаттары» деп аталатын жинаққа оның математикалық мазмұнды мына төмендегі бес еңбегі енген:

1. «Ғылымдар энциклопедиясының» немесе «Ғылымдар тізбегінің» математикалық

тауарлары.

2. «Алмагеске қосымша кітабының» тригонометриялық тараулары.

3. «Табиғат сырын геометриялық фигуралар арқылы танытарлық рухани айла-

әрекеттер» немесе геометриялық трактат.

4. «Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге

түсініктемелер».

5. «Жұлдыз бойынша болжаулардың қайсысы дұрыс, қайсысы теріс»

Бұлардан басқа математикаға тікелей немесе жанама қатысы бар көп деректер

ғұламаның «Музыканың ұлы кітабы», «Алмагеске түсініктеме» атты үлкен еңбектерінде мол орын алған. Әл Фараби алгебра ғылымының тұңғыш анықтамасын берді және алгебралық зерттеулердің табиғаты міндетті түрде нақты сандар ұғымын енгізуді қажет ететіндігін тұжырымдады. Фарабидің логикалық трактаттарында қазіргі замандағы математикалық логиканың да нышаны болғанын көрсететін мағлұматтар баршылық. Ол логиканы философиядан бөліп, оны математика, грамматика т.б. сияқты нақты дәл ғылым деп санап, оның пәнін, зерттеу әдістерін анықтайды. Фарабиде математикалық астрономия мен географияның әр түрлі есептерін математикалық жолмен шешу қажетінен туған үлкен де жүйелі тригонометрия бар. Астрономия Әл-Фарабидің айтуы бойынша «жұлдыздар туралы математика ғылымы», аспан денелерін, планеталардың орналасуын, олардің бір-бірімен жерге жақындығын, өлшемдерін, қозғалысын зерттейді дейді. «Әл-Фарабидің көптеген формулалары Ұлықбектің астрономиялық мектептерінің атақты кестелерінің негізі, математикалық аппараты қызметін атқарғаны туралы болжам айтуға болады»

Қорытындылай келе Әл-Фараби: «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу» дейді. Біздер үшін ғұлама ойшылдың белгісіз, ашуды қажет ететін жаңалықтары мен еңбектері әліде көп деп ойлаймын.


Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі


Құлшығазиева А.А.

Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де “сегіз қырлы, бір сырлы” қай жағынан да болса барша халықтан қош ілгері тұрған кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де мынадай 12 түрлі қасиет сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр болған болар еді:

түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы бейім болуы;

Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;

Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне жақсы сақтай алатын;

Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;

Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын шешен;

Ілім-білімді, оқу-ғылымды ақыл-ой жұмысының үлкен бейнетін тек ләззат санайтын адам;

Қайда жүрсе де өте ұстамды;

Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп,  шындықты,  әділдікті бар ынтасымен сүйе білу;

Өр кеуделі, жан мен арын бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;

10.Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;

11 .Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;

12.Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе алатын байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам; Осылайша бабамыз Әл-Фараби өнегелі ұстаз бен әділ билеушіге ортақ 12 қасиетке мән береді де, бұған қосымша жұртты аузына қаратқан даналық, заң мен әдеп-ғұрыптарға жетістік, іс-әрекеті осыларға сәйкес.

Әл-Фараби ұстаз бен шәкірт арасындағы ара- қатынастарды олардың моральдық қатынастың қандай болу керектігін де ескерген. Ұстаз өз шәкірттерінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы қасиеттер болу қажет. “Мұғалімдік” (ұстаздық) еткен адамның өлшеуі тым өкпелі болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін хәлге жетеді. Егер тым босатып жіберген кішіпейілдік болса, онда оқушылар жағынан мүғалімдерді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады деп жазды өзінің “Философияны үйрену үшін алдын-ала не қажет” деген еңбегінде. Ұстаз өнегісінің, озат үлгісі жөнінде ғұлама ғалым Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, білімі телегей – теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік- жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап- тілегін орындай алады.


Әл-Фарабидің жаратылыстану ғылымы туралы

Серікұлы Е.

Әл-Фараби — жаратылыстану ғылымының негізін салған ғұламалардың да бірі. Ол математиканы жаратылыстану ғылымының басты саласы деп санады. Фарабидің “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбегінде барлық құбылыстарды табиғат – жаратылыстану әлемінің ауқымында дамитынын дәлелдеп көрсетеді. Трактаттарында қоғамдағы барлық кұбылыстар мен өзгерістер таза адал еңбектің жемісі деп тұжырымдады. Сөйтіп “Адамды адам еткен – еңбек ” қағидасының да негізін салып берген. Ал логикалық еңбектерінде еңбек пен еңбек тәрбиесінің даму элементтері кездеседі. Әсіресе “Ғылымдар тізбегі”, “Алмагеске түсініктеме”, “Астрология”, “Философияны үйрену үшін не білу керек” еңбектерінде еркін еңбектің маңызы мен мәнін талдап ашып көрсеткен.

Әл-Фарабидің еңбектеріне, оның қоғамды дамытудағы ой-пікірлеріне, тәрбие талаптарына сүйене отырып Әбу-әл-Уафа, Ибн Сина (Авецина), Әл-Бируни, Омар Хаям сияқты Шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша шығармалар жазған. Әл-Фараби медицина саласына арнап “Адам ағзалары” және “Темперамент туралы” еңбектер жазды. Бұл еңбектерінде медицинаның теориялық мәселесін тереңнен қозғап, медицина өнерінің мәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Мәселен, медицина саласын дамытуды – “таза” еңбектің жемісі дейді де, пайдалы қоғамдық еңбекті (тіршілік – еңбегі) дамытудың, өмір сүрудің құралы деп қарастырады. Әл-Фарабидің философиялық және натурафилософиялық еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады. Ал ғылыми-философиялық еңбектері оқу-тәрбие мәселелеріне арналған. Оның пікірінше оқу, білім алу, ғылым адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесі мәселелерімен тығыз байланысты. Ол білім алу мен оқу еңбегін пайдалы еңбекке жатқызады.



ӘЛ-ФАРАБИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ БІЛІМ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Таңатқызы А.

Құнды мұралардың иесі, қазақ топырағынан шыққан, жан- жақты және ғұлама ғалым – Әл-Фараби. Ол сонау ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ, ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Ол бірнеше ғылым салаларын қамтитын 150-ге тарта трактаттар жазған. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы» деген Әл-Фарабидің атақты қағидасына сүйене отыра, алдымен, ұлы ойшылдың тәрбие жөніндегі ілімдеріне тоқталуды жөн көрдім. Әл-Фараби шығармашылығында көрнекті орын алатын мәселенің бірі – тәрбие мәселесі. Тіпті, оқып-білім алу, ғалым адам болу мәселесін тәрбиемен тығыз байланыстырады. Мәселен, «Философияны үйрену үшін алдын-ала нені білу қажет» деген еңбегінде ол: «ғылым үйренуге кіріспекші кісі ... тәрбиелі, адамгершілігі мол, адал, қулық-сұмдықтан және басқа ағат мінез-құлықтан аулақ болуы қажет»,- деп түйіндейді. Әл-Фарабидің «Бақытқа жету жайында» атты еңбегіндегі Тәрбиеге анықтама бере келіп, ол: «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі деген сөз деп жазды. Фараби, сонымен қатар, оқыту, білім беру мәселелеріне үлкен назар аударып, бұл тұрғыда көптеген түбегейлі, терең пікірлер айтқан. Ол «Философтардың қойған сауалдарына жауаптар» деп аталатын еңбегінде педагогика, оқу, оқыту мәселелеріне қатысты жайларға тоқталады. Мәселен, оқып-үйренуге жаттап алу дұрыс па?, жоқ

түсініп алу дұрыс бола ма?- деген сұраққа Фараби: «түсініп алған дұрыс, өйткені барлығын жаттап алу мүмкін емес, оларды белгілі бір байланыстары арқылы ойда топтастыру пайдалы»,- деп жауап береді Сонымен, дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан ұлы ойшылдың педагогикалық мұрасы да ұшан-теңіз, мол дүние. Ұлы ғұлама өз еңбектерінің көпшілігін ұстаздық тұрғыдан, тәлім-тәрбиелік мақсатқа орайластыра жазған. Әл-Фарабидің жоғарыда атап өткен арифметика, геометрия, астрономия, музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар дейтін жүйеге жатқызуыда, сондай-ақ педагогика, әдістеме мәселелері жөнінде арнаулы еңбектер жазуы да осы айтылғандардың айқын дәлелі болып табылады.


Әл-Фарабидің еңбек тәрбиесі туралы саяси көзқарасы


Дүйсен А.

Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп санады. Еңбектің өзі — өнер. Ал еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысьн қалыптастырады, — деген болатын Фараби. Ол еңбек өмір сүрудің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты деп қарастырды. Адам еңбегі бағытталған нәрсенің бәрі еңбек заттары деп аталады. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар.

Фараби “еңбек ету, сапалы болу, адамгершілік, ақылдылық табиғаттан туындауы қажет ” деген ғылыми тұжырым жасады. Фараби адамды табиғат, адам, жер бетіндегі тірі организмдер дамуының ең жоғары сатысына көтерілген, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білген, түсінікті сөз сөйлей білетін саналы ортаның мүшесі дейді. Әл-Фараби жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін адамды (ұстаздық ететін адамды) өте жоғары бағалаған. Оның ойынша, тәрбиеші адам (қазіргі мұғалім) – “мәңгі нұрдың қызметшісі”. Фарабидің шәкірті, оның ілімін әрі қарай жалғастырушы Ибн-Синаның “Фарабидің тәрбие тағылымдарының ең маңыздысы әрбір жеке адамды еңбекке тәрбиелеу болды. Өйткені, еңбексүйгіштік, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім өзінің тіршілігі үшін, өзіне пайда келтіретін еңбекпен айналысқанда ғана нағыз ел адамы бола алады деген өмірлік өсиет қалдырып кетті”— деуі бекер емес. Фараби “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” еңбегінде барлығы еңбектің нәтижесі дей келіп, адамның өзін танымақтығы жөніндегі ойларын “Өсімдік жаны”, “Хайуан жаны, Адам жаны” деп жүйелейді. Ибн Синаның айтуынша Фараби көзқарастарында бірінші орында еңбек тұрған. Ұлы ойшыл Фараби тарихи шындықты, еңбекті, тәрбиені, оның ішінде еңбек тәрбиесін адамның игілігі, бақыты үшін қолдануды армандады. Адамның игілікке жету жолдары туралы ойларын Фараби (сол кездің өзінде) экономиканың, саясаттың, мемлекеттік құрылыстың, отбасы тәрбиесінің, еңбек тәрбиесінің меселелеріне байланыстыра отырып аса қажет мызғымас берік негізге сүйенеді. Фараби адамның өмірлік іс-әрекетіне үлкен мән бере отырып, еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп, оқшау көрсететінін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Адамзат қоғамының өмір сүруіне ең керектісі оның материалдық тұтыну қажеттері дегенді бірінші орынға қойып, осынау маңызды мәселе төңірегіндегі теріс көзқарастарды үзілді-кесілді жоққа шығарды.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!