Әл-Фараби мұрасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әл-Фараби мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақаланың барлық оқушыларға, ұстаздарға, оқырмандарға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы





. «ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ АТЫНДАҒЫ №1 ГИМНАЗИЯСЫ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ








ТӘРБИЕ САҒАТЫ



Al-Farabi1.jpg



Тақырыбы: « Әл-Фараби мұрасы»




5 «Б» сыныбы

Сынып жетекшісі: Мұсабекова М.Д.





2020-2021 оқу жылы







Күні:


Сынып: 5 «Б»


Сынып жетекшісі: Мұсабекова М.Д.



Тақырыбы:

Әл-Фараби мұрасы



Мақсаты:

Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беререді, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді.Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беререді, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізеді. Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелейді

Құндылықтарды дарыту




Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбунасыр әл-Фараби мұраларынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

тарих, музыка, қазақ тілі


АКТ қолдану дағдылары

Ноутбук, смартфон

Бастапқы білім


Әбу Насыр Әл-Фараби туралы аңыз

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

























Ұйымдастыру кезеңі. Қайырлы күн, құрметті білімге құштар жас өрендер! «Әл-Фараби мұрасы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Қызығушылықты ояту. «Инфографика» әдісі.

-оқушылар біз бүгінге дейін коптеген ұлы тұлғалармен танысқан болатынбыз. Ұлы тұлғалардан кімдерді білесіңдер? Инфографиканы пайдалана отырып, тақырыпты болжаңыз.







Негізгі бөлім











































































Рефлексия


Бұл тәрбие сағатымыз Ұлы даланың ұлы тұлғасы, ұлтымыздың мақтанышы Әбу насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына байланысты өтіліп жатыр.

Видеоролик көрсету. Әл -Фараби  өмірі мен шығармашылығы.

Аты бүкіл әлемге мәшһүр ұлы ғұлама, данышпан, энциклопедист Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз әлемнің екінші ұстазы атанған ғалым. Ол 870-950 жылдары Сырдария бойындағы Отырар қаласында туып-өскен. Шын есімі Мұхаммед Ибн Ұзлағ Тархани. Отырар қаласы сол кездері Фараб деп аталғандықтан, ғұлама ғалым өзінің Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ұзлағ Ибн Тархан есімін туған жеріне байланыстырып, Әл Фараби деп атаған. Яғни, Фарабидің әкесінің есімі Ұзлағ, арғы атасы Тархан болған. Әл Фараби 870 жылы Жібек жолының маңызды орталықтарының бірі болған Отырар қаласының маңында дүниеге келген. Ол бала кезінен сол дәуірдегі өркениет пен мәдениеттің ірі орталықтары саналған Бұхара, Самарқан, Мерф, Бағдат, Харран, Рей, Каир, Алеппа, Шап қалаларында болып, үнемі білімін жетілдіріп тұрды. Жасөспірім шағында елге келген керуенмен ілесіп, Бағдатқа барады. Әл-Фараби сауатын түркі тілінде ашып, өзін ақын-күйші, әнші ретінде танытқан. Ғұламаның өлеңдерінен үзінділер де сақталған және күйшілігі туралы деректер де кездеседі. Әл Фараби өмір сүрген заманда бүкіл Орта Азия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болғандықтан, халық қарым-қатынас жасау үшін араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Солар секілді Фараби де бірнеше тілдерді жетік меңгерген.Ғылым, білім іздеп, жер жерді аралаған ойшыл парсы, түрік, араб тілдерінен бөлек грек, қытай, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді. Сол заманда дамыған барлық ғылым салалары мен өнер түрлерін жетік меңгеріп, оның дамуына өз үлесін қосады. Осылайша, кейінгі ұрпаққа мол мәдени асыл мұра қалдырды.Оның заманы Жібек жолы бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне тұспа-тұс келді. Әл Фараби Парсы, Ирак, Араб елдеріне жиһангездік сапарлар жасап, тез есейді. Барған жерінде көптеген ғұламалар мен ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысады. Тарихи деректерде Әл Фараби 70-ке жуық тіл меңгерген деп көрсетіледі.

Тыңдалым. Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл сөздері мен өлеңін тыңдату

Бауырын қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алулап,
Пенделіктен бол аулақ.

Жататын ләйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бей-опа мына заманда,
Бақыл боп кетер адамда.

Қашықтасың туған жер - қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен.
Қанатым талды менің,
Шаңқыт жолға сарылып қарауменен.
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

Әл-Фараби сөзіне 5 жолды өлең жазады.

1.Әл-Фараби.

2. әйгілі ойшыл, математик.

3.Ғылым үйретті, ұстаздық етті, туған жерін аңсады.

4. Соңынан  мол рухани қазына қалдырды.

5. Ұлы тұлға















https://yandex.kz/video/

preview?filmId=

1264185763748416197&text=

әл%20фараби&from=

tabbar&parent-reqid=1574266308184309-102207027077178120170012

Қорытынды


Мұғалім сөзі: Сонымен, Әл-Фараби бүкіл өмірін Бағдат қаласында өткізді. Ғұлама- ғылым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдер ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақты деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш.Штейшнейдр 117 еңбек десе, түрік ғалымы А.Атеш – 160, ал тәжік ғалымы Б.Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. 
Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені 40 жуық шығарма деуге болады. Осы 40 шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциколпедист ғылым екендігін дәлелдейді. Алайда біз балалар Әбу-Насыр ӘлФараби бабамыздың еңбектерімен алдағы уақыттада танысамыз. Әл-Фараби бабамыздың шығармаларын бір сабаққа сыйғызу мүмкін емес.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2020
391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі