Материалдар / "Әл-Фарабидің музыкалық мұрасының құндылығы" атты ғылыми жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Әл-Фарабидің музыкалық мұрасының құндылығы" атты ғылыми жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ғалым Әл-Фарабидің ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстары «Музыканың ұлы кітабы» еңбегін және музыкалық аспаптарын көпшілікке таныту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2020
1141
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Әдістемелік орталығының

директоры:

____________М.А.Медетбекова






68 жалпы орта білім беретін мектебі



Ғылыми жоба



Тақырыбы: Әл-Фарабидің музыкалық мұрасының құндылығы



Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар

саяхат маршруттары»

Секциясы: Әдебиет

Орындаған: Батыр Табиғат Асылбекқызы

Сыныбы: 4 «В» сынып

Ғылыми жобаның жетекшісі: Достаева Канзат Амангельдиевна





















Шымкент2020ж.



Мазмұны



Кіріспе

1. Әлемнің екінші ұстазы - Әбу Насыр Әл Фараби



Негізгі бөлім

2.Әбу Насыр Әл-Фарабидің мұралары

2.1. «Музыканың ұлы кітабы» (Китаб әл-мусики әл-Кабир) трактаты

2.2. Әл-Фарабидің музыкалық аспаптары



Қорытынды

































Мақсаты:

Ұлы ғалым Әл-Фарабидің ғылым мен өнердегі қол жеткен табыстары «Музыканың ұлы кітабы» еңбегін және музыкалық аспаптарын көпшілікке таныту



Міндеттері:

  • Ұлы ойшылдың «Музыканың ұлы кітабы» трактатының музыка өмірінде алатын орнын, маңыздылығын көрсету

  • Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар түрлерінің ерекшеліктерін айқындау





































Кіріспе

Әбу Насыр әл-Фараби — шығыстың ұлы ойшылы, әмбебап-ғалым, Онтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласында туған. Фараби ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын орасан мол мұра қалдырды, сол үшін оны көзі тірісінде-ақ «Екінші ұстаз» (Аристотелъден кейінгі екінші ұстаз) атанды.

Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Турки. Ат-Турки – шыққан тегі түркі дегенді білдіреді, әл-Фараби – Фараб қаласынан шыққан деген сөз, ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ –ұлы ғұламаның әкесінің аты – Мұхаммед, атасының аты – Тархан, бабасының аты – Ұзлақ, ұлы ғұламаның өз аты –Мұхаммед, Әбу Насыр – Насырдың әкесі дегенді білдіреді.

Тәжік академигі Б. Рафуровтың мағлұматтары бойынша Фараби трактаттарының саны екі жүзге жуық деп есептеледі. Осы еңбектер дүние жүзінің көптеген тілдеріне (араб, парсы, еврей, латын, ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қазақ, өзбек, т. б.) аударылған, бізге ойшылдың 80-нен астам шығармалары жетті.

Әбунасыр оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін онан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге өте құмартқан зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер (медицина) мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан (ол да христиан) үйренеді. Бір нұсқада Фараби осы шәкірт шағында атақты оқымысты Абубәкір ибн Сиражбен жақын араласып, оған логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген деп айтылған. Фараби түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтылады. Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің "Жан туралы" дейтін еңбегін жүз рет, "Табиғи гармониясын" қырықрет, "Риторикасын" екі жүз рет оқыған көрінеді.

Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезінде күндіз кала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. Фараби өте қарапайым, канағатшыл кісі болған. Фараби өлерінің алдында Египетке барып қайткан. Ол бұрынырақ өз отаны — Түркістанға да барған, кейбір мағлұмат бойынша сол тұстағы Бұхардың әмірі Мансұр ибн Нұхтың өтінуі бойынша "Екінші тәлім" (Ат-Таһлім ас-сани) атты еңбек жазған. "Екінші ұстаз" деген лақапты осы оқиғаға байланысты алған дейді. Әл-Фарабидің еңбектерінің ішіндегі ең шоқтығы биігі ол-музыка саласы.



«Музыканың ұлы кітабы» (Китаб әл-мусики әл-Кабир) трактаты

«Китаб әл-мусики, әл-кабир» еңбегі жазылғаннан бері 1100 жылдан астам уақыт өтті. Алайда, әл-Фарабидің бұл ұлы кітабы, музыка зерттеу ғылымы үшін күні бүгінге дейін өзінің баға жеткісіз құнын жойған жоқ. Ол Шығыс халықтарының сонау бағзы замандағы музыкалық мәдениетінен мағлұмат беріп, біздің білімімізді кеңейте түседі. Бұл жұмыс музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейінгі музыканың эстетикалық – теориялық принциптерін шешуге бағытталғын. Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби музыканың адамға емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді.Фараби жалаң орындаушы ғана емес , аса ұлы музыка зерттеушісі , асқан теоритик болған. Оның «Музыканың ұлы кітабы» деп аталатын көлемді шығармасын бүкіл музыка тарихшылары бірауыздан музыка теориясы жайлы жазылған үлкен еңбектердің қатарына қосуы тегін емес. Мәселен, француздың көрнекті музыка зерттеушісі, осы еңбекті 1930-35 жылдары француз тілдеріне аударған Р.Эрланже: «…Фарабидің бұл салада кейіннен араб тілінде жазған авторлардан айырмашылығы жер мен көктей» десе , ағылшынның қазіргі музыка зерттеушісі Г.Фармер : «Музыканың ұлы кітабы» Фарабиді орта ғасырлардағы музыка жөнінде жазған ең үлкен автор болды деген пікірімізді дәлелдеп отыр» деп жазған.Фарабидің музыка саласында жазған «Музыканың ұлы кітабы» атты трактаты құрғақ музыкалық шығарма емес, бүкіл орта ғасырлық ғылымдардың сындарлы ескерткіші. Мұнда ғылымның философиялық мәселелері мол қамтылған, музыканың тәжірибелік және теориялық негізін қалап, музыкалық аспаптарды қалай жүзеге асыру жолдарын көрсетіп береді. Нақтылы айтқанда , Фараби теориялық ғылым жасаудың үш шартын қойып, осы шарттар негізінде музыка теориясын өз бетінше жаңадан жасап шығады.Трактат негізгі төрт бөлімнен тұрады.

А.Көбесовтың. жіктеуінше олар мыналар:

а) «Музыка өнеріне кіріспе»

ә) «Музыка өнерінің теориялық негіздері»

б) «Музыкалық аспаптар»

в) «Музыка композициясы.

Бұл тараулар трактаттың Каир (1967) басылымында сәл өзгерістермен берілген. Онда небәрі екі-ақ бөлім бар. Алғашқысы - «Музыка іліміне кіріспе», соңғысы - «Музыка туралы ілім». Еңбектің осы соңғы бөлімі үш тарауға жіктелген. Олар:

а) «Музыка теориясының негіздері»;

ә) «Қең таралған музыка аспаптары және оларға тән интервалдар»;

б) «Музыкалық әуеннің құрылысы»;.

Бұдан көретініміз: Каир басылымындағы трактаттың жүйесі мен А. Көбесов жіктеулерінің арасында айтарлықтай айырма жоқ. Атаулары өзгеше болса да, мазмұны ортақ.

Әл-Фарабидің музыкасының зерттелу деңгейінің танымдық жағынан эмперикалық, теориялық деп бөлінуі оны жалпы философиялық мәселелермен бірге қарастыруға мүмкіндік береді. Қысқаша айтқанда музыка аумағындағы теориялық білім практикалық мақсатты көздейді.

Әл-Фарабидің өркениет дамуына қосқан бұл еңбегі жайында О.Матякубов былай дейді: Фараби музыкалық өнерді жан-жақты зерттеп, мысалы, музыкалық өнердің басты үш саласы-- орындау, құрастыру және теориялық негіздеудің себеп-салдарлық байланысын түсіну" туралы көптеген терең және асыл тұжырымдардың негізін қалаған.

«Музыканың ұлы кітабында» күні бүгінге дейін мәні, бағасы кемімеген бірсыпыра педагогикалық, дидактикалық жаңалықтар бар. Солардың бірі – оқыту процесінде жүйелілік және қайталап отыру қажеттілігі. Бұған музыка өнерін, музыка шығаруды қалай меңгеру жөніндегі ұсынған әдісі мен нұсқалары айқын дәлел бола алады. Бұл әдісті қорытындылай келіп ол: «Бұл әдіс риторика (шешендік), әдебиет тәріздес өнерлер үшін де қолданылады». Фараби кейінгі пікірлерінде музыкалық шығармашылық әдеби шығармашылықты қатар алып қарастырып отыр. Фараби бұл еңбегіне де музыканың эстетикалық мәнін және оның адам сезіміне әсер етушілік және басқа қасиеттерін ашады, оның тәрбие құралы ретінде үлкен мүмкіндігін көрсетеді.

Ежелгі гректердің теориясы әл-Фараби дәуірінде ирандық,византиялық, соғдылық нақыштармен көркемделіп, шығыстық сипат алады. "Музыканың үлкен кітабындағы" терминдер ежелгі грек музыкалық терминдерімен пара-пар. Мысалы, "консонанс-диссонанс" қатынасы пифагорлық мектептен алынған. Терминдер арасында ұқсастықтармен қатар өзгешеліктер де кездеседі. Жанр түсінігі Ежелгі Грекиядағыдай тетрахордтарға қатысты емес, қазіргі музыка теориясына кірген октава дыбыстар қатарында болса керек."

Бұл еңбек XV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, Еуропада музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсер етті. Мәселен, бұл еңбекте музыканың теорнясы мен практикасында қазір қолданылып жүрген он екі жарты тондык, музыкалық жүйенін, (темперированный строк) бастамасы бар. «Музыканын, ұлы кітабында» тек музыка ғана емес, философия, математика, тарих, этнография, т. б. ғылым мәселелері мол ұшырайды. Мәселен, осы еңбектің бірінші тарауында Фараби түркі және славян халықтарынын, көршілес, тұрмыстас және тағдырластығы жайлы аса бағалы дерек келтірген.Осы тараулардың жеке-жеке мазмұнын келтірейік. «Музыка ғылымына кіріспе» тарауы екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте мелодияны (күйді) анықтау, теориялық және практикалық музыка, музыкалық аспаптар, музыкаға бейімділік, күй шығару, әр түрлі музыкалық жанрлар, олардын, көңілге әсері, музыкалық талант, адам дауысы мен аспаптар шығаратын дыбыс, музыканын, шығуы, ас­паптар жасау, музыкалык, білім-тәрбие беру, теориялык, ғылым, теориялык, музыкалык, өнер, сезім және ақыл қорытындысы, бастапқы, негізгі принциптер, музыкадағы табиғи нәрселер жайлы айтылады. Бұл тараудын, екінші бөлігінде дыбыстың табиғи сезілуі, гармония (үйлесімділік) және үндестік, үндессіздік, «табиғи» тондарды іздеу, музыкалык, интервалдар (аралықтар), «табиғи» тондарды шығаруға арналғаи аспаптар, Шахруд және Лютия аспаптары, біртекті тондарды топтау, гамма, негізгі интервалдар: октава, квинта, кварта, тон, қалдык, интервал немесе лимма, кварта иитервалын үш интервалға жіктеу (болу), жарты тон туралы айтыс, он екі жарты тоннан тұратын шкала, жоғары және төмен дыбыстардың себептері, тондарды сандар арқылы кескіндеу; тондар жөнінде теориялык, және практикалық идея, үндестік (консананс), жай қатынастар, қатынастарды (бөлшектерді) көбейту және бөлу (яғни қосу мен азайту) туралы әңгіме болады.

«Музыка ғылымының негіздері» деп аталатын екінші тарауда екі бөліктен тұрады.

Бірінші бөлікте физикалық принциптер, дыбыстың шығуы және онын, таралуы, тон және оның, анықтамасы, дыбыс шығаратын денелер, жоғары және төмен дыбыстардың себептері, өлшеуге болатын себептер және өлшеуге болмайтын себептер, тондардың қатынасы, музыкалық интервалдар — қос октава, кварта, квинта, тон, үндестік және диссонанс қатынастары, үлкен, орта және кіші интервалдар. Интервалдарды қосу, бөлу және азайту жайлы арифметикалық ережелер, әр түрлі үндес интервалдар, жанрлар туралы айтылады. Екінші бөліктің мазмұнына мынадай мәселелер өзек болған: квартадан үлкен топтар (группалар), кемел топ немесе қос октава, топтағы тондардың аталуы, жылжымайтын және жылжымалы тондар, тональдық тондар мен ин-тервалдық қоспасы, топтар мен тональдықтардың қоспасы,тондар арқылы күйлердің (мелодиялардық) эволюциясы (қозғалысы), ырғақтар, теорияны эксперимент (тәжірибе) жолымен тексеруге арналған аспаптар жасау, мелодияларды аяқтау.

«Музыкалық аспаптар» деп аталатын үшінші тарау да екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікке мынадай мәселелер қамтылған: теорияны эксперимент арқылы тексеруге мүмкіндік беретін аспаптар, лютнянің құрылысы, пернелерінің орналасуы, т. б.. , лютняда жүзеге асыруға болатын интер­валдар, лютнянің шкаласы (жүйесі), жалпы тондар және ерекше тондар, олардын, сандары, лютня тондарынын, өз ара үндестігі, қалдык, және ширек тондык, интервалдардың үндестігі, «кездейсок» үндестіктер, лютнянің шкаласын кеңейту, бесінші шек, аккордтар.Екінші бөлікте мынадай мәселелер қарастырылады-тунбурлар (домбыралар) туралы, Бағдат тунбуры, тұрақты және айнымалы пернелер, әр түрлі аккордтар, бұл аспаптағы жанрларды белгілеу. Хорасан тунбуры, ондағы тондардың лютня шкаласына сәйкес келуі, басқа аккордтар; флейта (сырнай), флейтадағы дыбыстың биіктігі және төмендігі, флейтаның түрлері, рабаб, рабабтағы басқа аккордтар, арфалар.

«Музыкалык, композиция» деп аталатын соңғы тарауда екі бөліктен құралған. Бірінші бөліктің мазмұны мына­дай: мелодияның анықтамасы, толық және толық емес топтар, топтардын, таблицалары, үндестік және диссонанс, эволюция, ырғақ, негізгі ырғақ, соғулар, қосылушы ырғактар, ажырасушы ырғақтар, қайталанушы және толықтырушы ырғақтар, арабтардың дәстүрлі ырғақтары, мелодия­лар шығару (композиция).Екінші бөлігінде мына төмендегі мәселелер қарастырылған: дауыс мелодиялары, адам даусы, фонема және фразалар, сөздің мелодияға бейімделуі, бос және толтырылғаи тондар, бос және толтырылған тондарды айту, аралас айту, қосылушы және ажырасушы айтыстың түрлері, дауыс мелодияларын шығару (композиция), айтудың басталуы мен соңы, мелодияның эффекті (әсері), мелодияларды әшекейлеу және олардын, адам сезіміне қатысы.











Әл-Фарабидің музыкалық аспаптары


Әл-Фарабимузыкалық аспаптарда шебер орындаушы болды, жанынан ән-күй шығарды, музыканы зерттеді, аспаптардың жаңа түрлерін өзі ойлап тауып, жасап шығарды және жетілдірді, өз замандастары қобызшы Нышан Абызбен, аты аңызға айналған күйші Қорқытпен таныс болған. Олардың орындауында «Құс жолы», «Жез табақ», «Сыр сандық», «Желмая» күйлерімен танысады және осы күйлердің әсерімен «Шұбар айғыр» күйін шығарады.

Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды болатын себебі, ол өз заманындағы музыкалық аспаптарды зерттегендігінде еді. Олар: үрлеп тартылатын: най, сыбызғы, қыпшақ; ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз, танбур, канун; ұрып ойналатын: нагора, тыйбл, дойра және басқалар. Ол жазған аспаптардың кейбірі бүл күнде жоқ немесе жетілдіріле келе дәуір өзгерген. Әл-Фараби көне музыкалық аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балап соны қайта жаңғыртумен байланыстырады. Мысалы, құмның сусылы, үңгірлерде желдің уілдеп соғуы, қамыстың сыбдыры т. б. Қазақтың үскірік аспабының аталуы желдің үскіріп соғуына байланысты туған. Ал, ұрып ойналатын аспаптар негізінен ағаш пен көн теріні, сүйекті пайдалану негізінде дамыған. Мүйізден, қамыс сабағынан үн шығару үрлеп тартылатын аспаптардың бастамасы еді. Шығаратын үнінің ақырын немесе қатты естілуіне, сондай-ақ сыр-сипатына қарай тұрмыста түрліше дамып отырған. Бұл жайында әл-Фараби: «Соғыстар мен шайқастарда пайдаланатын; би, үйлену тойы, сауық-сайран үшін қолданылатын және махаббат жырларын сүйемелдейтін аспаптар болады»— деп жазған. Үрлеп тартылатын аспаптардың ащы даусын және ұрып ойналатын аспаптардың күшті даусын ұрыстарда, аңға шыққанда, шамандардың бақсылық құру кездерінде пайдаланған. Кейбір үрлеп тартылатын және ішекті аспаптардамузыканттар құстың сайрауын, аңдардың ақыруын, табиғатта болатын басқа да түрлі дауыстарды шебер сала білген, сондай-ақ әншінің салған әнін айнытпай келтірген.
Әл-Фарабиорта ғасырларда негізінен вокальдық музыканың дамығандығын айтқан. Әншілер шертіп ойналатын және ысқышты аспаптардың ішектерін бір сарынмен даңғылдатып сүйемелдей отырып ән салған. Аспаптар қарапайым болғандықтан оларда ойнау мүмкіншіліктері де шектеулі болған, сондықтан әншінің, мың құбылттан әндерін сүйемелдеуге бұл аспаптар жарамаған. Әл-Фараби адамның, даусын ең жетілген және табиғи аспапқа балаған, басқа көне аспаптардың бәрі жетілдірілмеген деп санайды да, оларды аспаптың жасанды түрлеріне жатқызады. Әл-Фараби арфаның шығу тегі садақ деп жазады. Әуелгі кезде оған екі ішек ғана тағылған, кейін он үшке дейін жеткен, жаңғырық шығаратын шанақ пен құлақтар орнатылған. Әл-Фарабидің айтуынша, көне арфаның басы мен шанағы аққудың бейнесінен аумайды екен, ал шығаратын даусы аққудың қиқулаған үніндей болыпты. Арфа тектес көп ішекті аспаптың диапазонын кеңейту үшін әл-Фараби ішектің санын көбейту керек деп тапқан.

Әл-Фараби шертіп ойналатын аспаптардың бәрін екі түрге бөледі:

а) әрбір ішегі бір ғана үн шығаратындар - арфа, канун;

б)ішекті мойынға басып тарту арқылы түрлі үн шығаратындар — уд, дутар, танбур.

Музыкалық аспаптардың екінші түріне жататындар туралы ғалым былай деп

түсіндіреді: «... белгілі бір бөлікті саусақпен басып ойнау арқылы қажетті нотанын, бәрін де ала аламыз...» Арфа, уд, және чанг сияқты аспаптар ежелгі түркі елінде құңқау, күнқу, етиген деген атаумен аталған. Әл-Фарабидің сүреттеп жазуына қарағанда танбур бес першелі болған. Ол аспаптан шығатын екі дыбыс аралық үнді құлаққа жағымды келетін және жағымсыз деп бөледі. Мұнымен қатар ғалым дыбыстың жақсы шығуына аспап конструкциясының әсері жөнінде, шанақ пен астыңғы және үстіңгі қақпақтардың үні икемделіп келу ерекшеліктері туралы бағалы деректер келтіреді. «Өзінің табиғаты, өзінің құрылысы жөнінен, - деп түсіндіреді ғалым, аспаптардың шанағы пернелерді басқанда шығатын ноталарга қосақталаотырыпөзідеүншығарады...» «Хорасан танбурының түрі, көлемі де әр түрлі болып келген. Оның мойнында шайтан тиек тұратын жерде екі тесік болған, олар арқылы ішек өткізілген. Ішек мойнының ұшында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан құлаққа оралған». Хорасан танбурында перне саны түрліше болған. Орындаушының шеберлік дәрежесіне, инструменталдық музыканың дамуына қарай перне саны он сегізге дейін жеткізілген. Музыканттар пернелердің орналасуын олардың аралық дыбыстарының тазалығымен байланыстырады. Хорасан танбурында екі ішек әрқилы бұрауға келтірілген. Бұраудың бірі унисонға келтірілген де екі ішектің диапазоны және олардың пернелерде үн шығаруы біркелкі. Шертіп ойналатын аспаттарды оң немесе теріс бұрауға келтіріп, гамма тартып шығу үшін бірінші позицияға төрт перне байласа болғаны. Әл-Фараби анағұрлым жетілдірілген ішекті аспаптар жасап шығару мәселесін қозғай отырып, оларды жетілдірудің жолдарыжайындаайтакетеді. Әл-Фараби най, қыпшақ сияқты үрлеп ойналатын аспаптарды, олардың бір-біріне ұқсастыстары мен айырмашылықтарын егжей-тегжейлі зерттейді. Үннің, дауыстың неден пайда болатынын, қалай шығатынын теориялық жағынан негіздей отырып, ғалым барлық үрлеп ойналатын аспаптарда үннің шығу сипаты түтіктің ішкі қуысының көлеміне байланысты болатынын дәлелдейді. Түтіктің ішкі қуысы деп оның орындаушы үрлейтін жоғарғы ұшындағы тесіктен бастап, түтіктің үрлеумен пайда болған дауыс сыртқа шығатын жеріне дейінгі аралық аталады. Әл-Фараби ұрып ойналатын аспаптарды даусы тым қатты шығатын, адамныңқұлағын тұндырып жіберетін ащы дауыстылар қатарына жатқызады және олардың кебінесе үрыс-соғыс жағдайларында қолданылатынын айтады. Сөйтсе де, әл-Фараби оларды музыкалық аспаптар қатарына жатқызған. Бұған дәлел, оның мына сөзін келтірелік: «Дойра, танбура, нагора ойнау, әуен ырғағымен қол қағу, би, ырғаққа негізделген мимика — осылардың бәрі музыка саласына жатады». Қазіргі кездегідей, бұрын да халық аспаптарының ойналу мүмкіншілігі әр түрлі болған. Мүның өзі аспаптың жасалу құрылысындағы өзгешеліктеріне, ойнау тәсілдеріне, дыбыс шығару жолдарына, диапазонына байланысты. Кейбір аспаптар жетілдіріле келе адам даусының мүмкіншілігіне таяу келіп, тіпті асып та түсті, енді біреулерін жетілдіру қиынға соқты. Әл-Фараби көне халық аспаптарын толымды және толымсыз деп екіге бөлді. Ол толымсызға ән-күй орындау мүмкіншілігі шектеулі аспаптарды жатқызған. Бізге белгілі қазақтың көне музыкалық аспаптарының ішінен мұндай топқа — сазсырнайды, үскірікті және тастауықты; үрлеп тартылатын аспаптар ішінен — қамыс сырнайды, ысқыруықты, бұғышақты; сым тілшелі аспаптардан — шаңқобыздың ескі қарапайым түрін жатқызуға болады. Адамдардың көңіл-күйі, ой-арманын білдіру

үшін қызмет еткен музыкалық құралдардың ішінде халық әндері әрқашан басты роль атқарған. Ал енді сүйемелдеуші музыкалық аспаптарды жетілдіру ісі вокальдық музыкамен тығыз байланысты. Әншілер аспаптардың шектеулі орындаушылың мүмкіншіліктерін адам даусының мүмкіншіліктеріне жақындатуға тырысқан, сондықтан егер аспаптың белгілі бір кемшілігі болса, ондай кемшілікті бірте-бірте ептеп жойып отырған; міне, осылайша уд және басқа аспаптарбіржолажетілдірілген».Орта ғасырларда қолданылған, әнді сүйемелдеуші музыкалық аспаптардың ролін әл-Фараби былайша сипаттап жазған екен: «... аспапта сүйемелденетін вокальдық музыка мейлінше құлпырып, байи түседі, құлаққа жағымды естіліп, жүрекке жылы тиеді және поэзиясы мен ырғақтылығының арқасында оңай жатталады...»Аспаптық музыканың (күй) өмірге келуі, дамуы аспаптардың өздерін жетілдірумен қатар жүреді. Нақ осы жөнінде әл-Фараби қызғылықты пікір айтқан: «Музыканттар аспаптардан адам даусымен салыстырғанда басқаша түрде болып келетін ноталар мен әуендер шығаруға болатынын байқады. Мұндай әуендер жанға жағып, бойды билейтін болғандықтан, вокальдық тондардың барлық қасиеттерін бере алмағанымен де, табиғи әуен ретінде жоғары бағаланған. Олар кейде ән салу ережелерінен ауытқи отырып, әлгі ноталар мен әуендерді қолданатын болды, сөйтіп олардан баға жеткісіз пайда тапты». Одан әрі ғалым өз пікірін дамыта келіп, былай деп толықтырады: «Аспаптық музыканың өзі адам даусын қаншалықты келтіре алатын болса, соншалықты дәрежеде әнге қосылады. Ол адам даусын сүйемелдейді және түрлендіріп байытады немесе прелюдия мен интермедия ролін атқарады. Интермедиялар әншінің тыныс алуына көмектеседі; сонымен қатар олар дауыспен келтіре алмайтын әуенді келтіріп, музыканы толықтырады». Музыкалық аспаптарда ойнаудың өзіндік екі немесе үш дауысты аккордтар трельдер, форшлагтар, күрделі ырғақтар үлгісі пайда бола бастайды, ал бұларды адам даусымен келтіру көбінесе өте қиынға соғады, тіпті адам даусын мүлде келтіре алмайды десе де болады. Міне, осы себепті вокалдық және аспаптық музыка

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!