«Ал, қанеки,
қыздар»
Сайыстың
мақсаты: оқушыларды шеберлікке баулу,
өз ұлтының мәдени мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, ұлттық дәстүрді
сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: слайд, азық-түліктер,
құрал-жабдықтар
Пәнаралық
байланыс: әдебиет, тарих
сызу.
Сабақ
түрі. Сайыс
сабақ
Екітопқа
бөлу
«Өнерлі қыздар», «Шебер
қыздар»
Мұғалім: Армысыздар, көрермен қауым!
«Өнерлінің өрісі кең» демекші, 6 сынып қыздары арасында «Ал,
қанеки, қыздар» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысымызды бастамас бұрын
Қазылар орнықтырар
әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл
шықты.
Өнер мен шеберліктің
сайысында,
Жеңіске жетер дейміз, нағыз
мықты, - деп бүгінгі сайысымызды саралайтын әділ қазылар алқасын
сайлап алайық.
Мұғалім: Сайыстың
шарттары:
-
Таныстыру
-
Бәйге
-
Кім
жылдам
-
Тіл
өнері
Мұғалім: Сайыстың бірінші шарты –
таныстыру. «Өнерлі қыздар»
тобы. «Шебер қыздар»
тобы
Әділ қазылар баға
көтереді.
Келесі шартымыз оқушылардың
технология пәні бойынша алған білімдерін саралау мақсатында – бәйге
жарысы.
«Өнерлі
қыздар»
-
Ұлттық бас киімді
ата.
-
Малдың сүтінен дайындалатын
ұзақ уақыт сақталатын тағам.
-
Ою-өрнек түрлері нешеге
бөлінеді
-
Тамақтан соң ауыз сүртуге
арналған орамал
-
Кестетігуге арналған
жіп
-
Қағазбен бүктеп бұйым жасау
қалай аталады?
-
Сәндік бұйым жасайтын
моншақтар
-
Астық дақылдарын
ата
-
Мақта қай талшыққа
жатады?
«Шебер
қыздар»
-
Ерлердің сырт
киімі
-
Табиғи жүнді неден
алады?
-
Кешке жатарда асты неше сағат
бұрын ішу керек?
-
Қамырдың негізгі
шикізаты.
-
Көкөністен дайындалған салқын
тағам.
-
Иық бұйымына жататын қазақтың
ұлттық киімі.
-
Кестелеу үшін қандай құрал
керек?
-
Шыт, атлас,
жібек.
-
Бұйымды уақытша біріктіріп
тұратын тігіс
Кім жылдам сайысында
оқушылардың ептіліктері, жылдамдықтары, ұқыптылықтары
бағаланады.
-
а/ «Ою ойғанның ойы
ұшқыр» /1қыз түрлі түсті қағаздан ою
ойып беруі керек/.
-
ә/ Картоп
тазалау /әр топтан 1 қыз шығып,
картопты тез әрі жұқа, әрі үзілмеген етіп аршылуы
керек/.
-
б/
Инені сабақтап,
түйіндеу /тез әрі дұрыс істеуі
керек/.
-
в/
Түйме
қадау /түйме
мата
-
түсіне сәйкестігіне, ине жіп
түйілгені ескерілуі керек/.
Тіл өнеріне кезек келді.
Оқушылардың тапқырлықтары
бағаланады.
«Өнерлі
қыздар»
Бар екен дүниеде жалғыз
көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін
кезді.
Әлемді он сегіз мың
киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі
безді.
2. Құрғақ жерде
сақтайсың
Онсыз тамақ
таппайсың.
3. Екі семсер
айқасқан,
Оқта-текте
шайқасқан.
4. Арық ат қарны
қабысқан
Бір көлді ішіп
тауысқан.
5. Дәмді-дәмді тағамдарды
жинайды,
Қонақтарды көңілдене
сыйлайды.
«Шебер
қыздар»
Бір сусын бар
жұртымда
Ішсең уыз
ұртыңда.
Бәрі содан
шығады,
Ірімшік, май, құртың
да.
2. Дастарқанға шуылдап, күніне
үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, жарты
сағат жуынар.
3. Қимылдаса қос
шебер,
Қыруар-қыруар іс
өнер
4. Суда туады, суда
өлді.
5. Сылдыр сұйық су
емес
Ішсең сусын
қанады.
Ақ болса да қар
емес,
Шешуін кім
табады?
Мұғалім: Осымен «Ал, қанеки,
қыздар» сайысымыз өз мәресіне жетті. Қорытындылау үшін сөз
әділ-қазылар алқасына беріледі. / Екі топтың қорыту бағасын
анықтау, мақтау қағазымен марапаттау/.