Оқу сабағының
жоспары №2
Модуль /пән атауы: Қазақ
тілі
Педагог:
Мерзімі:
Курс, топ: 10-сынып
Сабақ
тақырыбы: Алаш арыстары тіл туралы.
Тілдің адам өміріндегі рөлі. Буын түрлері.
Мақсаты, міндеттері:
Алаш
арыстарының тіл туралы ойларын өз көзқарасы
тұрғысынан ғаламдық мәселелермен
байланыстырады. Тілдік бірліктерді орынды қолданады ой өрбітіп
дәлелді тұжырым жасайды. Мәтіндегі көтерілген мәселедегі негізгі
ойды анықтайды. Мәтіннің ішінен сөйлемдегі буын түрлерін ажыратып
жазады.
Күтілетін нәтижелер:
Мәтіндегі
ұлылар айтқан пікірлердің мәнін ашып, өз ойларын ортаға салып
пікірлеседі. Буын түрлерін ажырата алады.
Құндылықтар: Коммуникативтік қарым-қатынас
дағдысы қалыптасады. Топтық, жұптық жұмыс барысында өзара
сыйластық, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіну құндылықтары
қалыптасады. Ұлттық құндылықтарды, соның ішіеде рухани құндылықты
сақтайды.
Қолданылатын әдебиеттер мен
ресурстар:
1. Г.Орда, С..Дәрібаев,
А.Сатылова Қазақ әдебиеті (қоғамдық-гуманитарлық бағыт), 10-сынып;
Алматы «Мектеп», 2019
2. «Зайырлылық және
дінтану негіздері» бөлімінің «19-20 ғ.Абай мен Шәкәрімнің діни
мұралары» тақырыпшасы, Дінтану, 9- сынып
3. https://ust.kz/ интернет
порталы
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасымен жұмыс.
Алаш идеясы.
«Ашық микрофон»
әдісі. Микрофонды оқушыларға ұсыну
арқылы сұрақтар қойып, өткен сабақта алған білімдерін
пысықтайды.
ІІ. Бастапқы білімді
тексеру.
Топқа
біріктіру..
1-топ
«Жас
тілші»
2-топ:
«Тіл
жанашырлары»
3-топ:
«Тіл
сақшысы»
ҚБ.
Жарайсыңдар.
Оқушылар жауаптары қорытындыланып, сабақтың оқу
мақсаты мен бағалау критерийі
таныстырылады
ІІІ. Жаңа сабақ дәрісін
ұсыну.
«Идеялар жинау»
әдісі арқылы
бейнежазбадан Ұлылар айтқан даналық
сөздерінен ақпарат алады, негізгі идеясын табады, ғаламдық
мәселемен байланыстырады.
1-топ.
А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан,
М.Дулатұлының даналық сөздерінен ой өрбітіп,
тұжырым жасаңдар.
2-топ.
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ғұмар
Қараштың тіл туралы айтылған даналық
сөздерінің негізгі идеясын табыңдар.
3-топ.
Сұлтанбек Қожанұлы,Халел
Досмұхамедұлының даналық сөздерін ғаламдық
мәселемен байланыстырыңдар
Кері
байланыс
1.Топта жұмыс жасау ұнады
ма?
2.Топтың пікірлерімен
келісесіздер ме?
Талқылауға арналған
сұрақтар:
Алаш арыстарының тіл туралы
айтқан даналық сөздерінен қандай ой
түйдіңдер?
Сананың жаңғыруына
байланысты діни мазмұндағы сөздердің әлеуметтік мәні
қандай?
«Өз ойы өзгенің ойын
тыңдауды ұсыну» тәсілі бойынша
әр оқушы
берілген ұйқас негізінде тақырыпқа қатысты өлең жолдарын
(тармақтарын) құрастырады.
......қырқылды,
.....бұлқынды.
.........ұмтылды.
Есте
сақта!
Діни мазмұндағы
сөздер
Қоғамдағы сананың бір түрі
болып саналатын діни сананың жаңғыруна байланысты діни мазмұндағы
сөздердің әлеуметтік мән алуы: ахлақ, Барат түні, Қадір түні,
Миғраж түні, Рағайып түні, инсан, ғұсыл,нәпіл,мәуліт, намазжай,
раббы, тарихат, тарауық, әхли сүннет,ауызашар, аят-хадис,ғинаят,
халфе т.б
Инсан- араб тілінен енген
сөздер (сана иесі) –Қасиетті құран кәрімнің 76
сүресі.
Ғұсыл – дене дәретін
алу.
Нәпіл-аллаға
сый
Мәуліт-туған
күн
Раббы-ие,қожайын
басқарушы
Ғинаят-қызметші,бозбала
Хадис-жаңалық,хабар,әңгіме
|
Мұғалімнің түсіндірмесі. Тілдік бағдар. Буын
түрлері.
Буын дегеніміз — сөз
құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған
фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыстың бір өзі буын бола алады.
Дауыссыз дыбыстар жеке тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің
құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын
болады.
Қазақ тілінде буынның үш
түрі бар. Олар:
-
Ашық
буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып
дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын деп атаймыз: а—ға, ба-ла,
қа-ла, т.б.
-
Тұйық
буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын
деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т.б.
-
Бітеу
буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс
ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел,
кең, қант, т.б.
Үйге
тапсырма:
Бағалау критерийлері:
Бағалау
критерийлері:
Деңгей
|
Әріптік жүйе бойынша
баға
|
Балл
|
Өлшемдер
|
Білу
|
Д
(қанағаттанарлық)
|
10
|
Студентердің топтық, жеке
жұмыс жасауда оқуға деген уәжі артады.
|
Түсіну
|
С, С-, Д+
(қанағаттанарлық)
|
10
|
Топтық, жұптық жұмыстарды
орындауда оқушылардың бірлескен, жұптасқан әрекеттерін
бағалаймын.
|
Қолдану
|
В-, С+
(жақсы)
|
20
|
Алаш арыстарының тіл туралы
айтылған даналық сөздеріне өз көзқарастарын
білдіреді
|
Талдау
|
В
(жақсы)
|
20
|
Өз ойларын сын
тұрғысынан ойлай отырып ғаламдық
мәселелермен
байланыстырады.
|
Жинақтау
|
В+
(жақсы)
|
20
|
«Өз ойы және өзгенің ойын
тыңдауды ұсыну» тәсілі бойынша
кейбір
студенттің ұйқас негізінде тақырыпқа қатысты өлең жолдарын
(тармақтарын) құрастырады.
|
Бағалау
|
А, А- (өте
жақсы)
|
20
|
Белсенді және саралау оқыту
әдісі бойынша орындалатын тапсырмалар бағалау критерийлері және
дескриптолармен бағалап, кері байланыс
жүргіземін.
|
Рефлексия: Студенттер сабақ барысында
тақырыпты меңгеріп, жеке жұмыстар жасап, өз қабілеттерінің деңгейін
анықтайды. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар барысында белсенді оқу
ортасы қалыптасады. Студенттердің коммуникативтік дағдыларын
қолыптастыру «Өз ойы өзгенің ойын тыңдауды ұсыну» әдістері
қолданылады.