Материалдар / АЛАШ ИДЕЯСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАСТАУЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АЛАШ ИДЕЯСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАСТАУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХ ғасырдың басында Ресейдің саяси-экономикалық дағдарысқа ұшырауы, 1917 жылғы патша үкіметінің құлауы, қазақ зиялыларына тәуелсіз мемлекет құру идеясы туды. 1905 жылы тарих сахнасына шыққан Алаш партиясының зиялылары осы идеяны іске асыру сәті келгендігін түсінді. Бүгін біздің сабағымыз «Алаш» партиясы және «Алашорда» үкіметінің құрылғанына – 100 жыл толуына арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2017
1038
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Зеленобор мектеп-гимназиясы












Тақырыбы:


АЛАШ ИДЕЯСЫ –

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАСТАУЫ









Сабақтан тыс тәрбиелік іс-шара әзірлемесін

дайындаған тарих пәнінің мұғалімі:

Жуздибаева Шолпан Боранбаевна















2017 жыл

АЛАШ ОРДА ҮКІМЕТІНЕ 100 ЖЫЛ

АЛАШ ИДЕЯСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БАСТАУЫ


Сабақтың мақсаты:

Оқушылар Алаш партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш зиялылары туралы мәліметтерді зерделеп, талқылап және олардың тарихтағы алатын орны туралы түсініп біледі.

Сабақтың әдісі: Интерактивті.

Сабақ тәсілі: Топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, зиялылардың портреттері, слайд, суреттер.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды екі топқа бөлу. («Жас Алаш», «Жас Қазақ»)

Слайд №1, №2. «Алаш идеясы – тәуелсіздіктің бастауы».

Мұғалімнің сөзі: ХХ ғасырдың басында Ресейдің саяси-экономикалық дағдарысқа ұшырауы, 1917 жылғы патша үкіметінің құлауы, қазақ зиялыларына тәуелсіз мемлекет құру идеясы туды. 1905 жылы тарих сахнасына шыққан Алаш партиясының зиялылары осы идеяны іске асыру сәті келгендігін түсінді. Бүгін біздің сабағымыз «Алаш» партиясы және «Алашорда» үкіметінің құрылғанына – 100 жыл толуына арналады.

Слайд №3.

Мұғалім:

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің Алашты

Қорлығына бермейміз!

Өлер жерден кеттік біз,

Енді мәңгі өлмейміз!

Жасасын, Алаш, жасасын!

 ақын, Алаш қайраткері Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ

Слайд №4. «Алаш Орда» фильмінен үзінді.


  • Балалар, Алаш Үкіметі, Алаш партиясы, Қазақ газеті туралы не білесіздер?

Оқушылар өз білгендерін ортаға салады.


Слайд №5, №6, №7.

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

 Әлихан Бөкейханұлы, Алаш қозғалысының жетекшісі,

Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы.


Ақ болсын, қызыл болсын, маған бәрі бір. Мен Қазақ мүддесін көздейтін үкіметті ғана жақтаймын.

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, Ақын, ағартушы ғалым, Алаш қайраткері .

Біз тапқа, жікке бөлінбейміз. Біз өзге халықтармен қатар өмір сүре отырып Қазақ автономиясын құруға тиіспіз.

 Жаһанша ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ, Заңгер, Алаш қайраткері


Слайд №8, №9. «Алаш партиясы».

«Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы. 1917 жылғы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ съезінде құрылды. Көп ұзамай 10 тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды.

Алаш партиясын қйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов.

ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш патиясының негізгі мақсаты Ресей федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.

Партияның негізгі екі мақсаты болды:

1. Қазақ елін отарлық езгіден азат ету.

2. Қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу.


Слайд №10. «Алашорда үкіметі».

Алашорда үкіметі – 1917 жылы Орынборда 5-13 желтоқсан аралығында ІІ Бүкілқазақ құрылтайын өткізді. Құрылтайдың негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру. Төрағасы Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы – Семей қаласы еді.


Слайд №11-15. «Қазақ» газеті.


«Қазақ» газеті – қоғамдық, саяси және әдеби газет. Араб әрпімен қазақ тілінде 1913 жылы 2 ақпан – 1918 жылы 26 қыркүйек аралығында Орынборда аптасына бір рет (1915 жылы-екі рет) шығып тұрған. Барлығы 264 саны жарық көрген. Таралымы үш мыңнан сегіз мың данаға жеткен. Бас редакторы – А. Байтұрсынов, екінші жазушысы М. Дулатов.

Газеттің мақсаты: «Қазақ» газетінің шығарушылар алқасы атынан берілген 1913 жылғы 1-санындағы құлақтандыруда: «Газетіміздің көп мақсатының бірі – басқадан да алып, өзімізде барын жиып, қазақ тілінің бетін жөндеп, жолын ашпақ, сондықтан қазақтың мақалдары, тақпақ сөздері, билердің, шешендердің айтқан сөздері, басылған өлеңдер, қиссалар, бәрі де қабыл алынады, басылмай қалынған сөздер қайтарылады», - делінген.

«Қазақ» деп аталу себебі. «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету – қазақ баласына міндет.

Құдай сәтін салсын, «әумин» деп қол жайып, «уәп» деп күш қосып, «Алла» деп іске кіріселік».

Абайдың өмірі мен ақындығы туралы алғашқы мақала («Қазақтың бас ақыны») осында жарияланған. А.Байтұрсыновтың, Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, Ш. Құдайбердіұлының, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймаутовтың, С.Торайғыровтың шығармалары басылып тұрды.


Слайд №16-28.

1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газеті «Алаш» партиясның бағдарламасын жариялады. (слайдтан көрсетіліп, талдау жасалынды)

«Алаш» бағдарламасының негізгі мәселелері:


1. МЕМЛЕКЕТ ҚАЛПЫ

Россия демократическая, федеративная республика болу.

(Демократия мағынасы – мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада һәм мемлеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, әр қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.)

Үкімет басында учьредительное собрание мен Г.Дума қалауынша келісімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер учьредительное собрание мен Г.Дума алдында жауаптар болу.

Депутаттар тегіс, тең, төте һәм хуфия сайлаумен болады. Сайлау хақында қан, дін, еркек-әйел талғаусыз болады.

Законды жалғаз ғана Г.Дума шығаруы һәм Г.Дума үкмет үстінен қарап, іс тексеруі, запрос (сұрау) жасау хақы да Г.Думада болады. Мемлекет салығы Г.Думада салынбау.


2. ЖЕРГІЛІКТІ БОСТАНДЫҚ

Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болуы. Реті келсе, Қазақ автономиясы сыбайлас жұрттар мен әзірге бірлесе болуы, реті келмесе, бірден-ақ өз алдында жеке болуы. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алуы.

«Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орындарда қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид(?) қылады. Зестволардың управаларында, милицияларында таза қызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.

«Алаш» партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жағына бастайды.


3. НЕГІЗГІ ХҰҚЫҚ

Россия Республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең болу.

Жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға – еркіншілік; Хұқымет қызметшілері, иесінен рұқсатсыз, һеш кім табалдырығын аттаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық; қылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жаба(?) судья хүкімімен жабылуы.

Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болуы.


4. ДІН ІСІ

Дін ісі мемлекет ісінен айырылулы болуы... Кіру-шығу жағына бостандық.

Мутфтилік қазақта өз алдына болуы. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты моллада болуы, жесір дауы сотта қаралуы.


5. БИЛІК ҺӘМ СОТ

Һәр жұрттар билік пен сотты тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һәм хүкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Би һәм судья орынан тергеусіз түспеу. Билік һәм сот жүзінде жұрт біткен тең болуы; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кім де болса олардың хүкіміне мойынсұнуы. Айтылған хүкім тез орнына келуі. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралуы. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болуы. Присяжныйлар қазақтан алынуы. Қырдаға ауыл, болыс ішінде билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылуы.


6. ЕЛІН ҚОРҒАУ

Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқаруы.


7. САЛЫҚ

Салық мал-ауқат, табысқа қарай байға-байша, кедейге-кедейше ғәділ жолмен таратылу.


8. ЖҰМЫСШЫЛАР

Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)


9. ҒЫЛЫМ-БІЛІМ ҮЙРЕТУ

Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һәм ақысыз болуы; жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерінде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алды автономия түррінде болуы; хүкімет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы; ел ішінде кітапханалар ашылуы.


10. ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

Учредительное собрание негізгі закон жасағында жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі; сыбаға өлшеу – норма жердің топырағы мен шаруашылық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділдік жолымен пайдалану.

Жер зоконінде жер сату деген болмау, һәр кім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.

Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земство мүлкіне саналу.

Слайд №29. «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы өзінің тарихи миссиясын толық атқарды ма?

Слайд №30.

Оян, Қазақ!

Көзіңді аш,

Оян, Қазақ!

Көтер басты,

Өткізбей қараңғыда

Бекер жасты.

Жер кетті,

Дін нашарлап,

Хал һараб боп,

Қазағым,

Енді жату жарамасты!

Міржақыптың осы өлең жолдарының қазіргі таңдағы маңыздылығы қаншалықты деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың жауаптары, пікірлері тыңдалады)


Слайд №31.

Жас қазақтар, қайдасың?


Жатпалық, жастар, жатпалық,

Жасқанба, жолың ашылсын.

Бақшасында халықтың

Бұлбұл боп боп тілің сайрасын.


Садақа басың, жан пида,

Ең жаманы айдалсын.

Әр қамалға – бір зауал,

Болып бір заман айналсын.


Кешегі дұшман қаһарлы,

Ертең қор боп жай қалсын.

Ұраныңды шығармай,

Жас қазақтар, қайдасың? – дейді сіздерге Міржақып Дулатұлы.

Мен қазақпын, мен келешек жас ұрпақпын, қазақ туын биік ұстаймын деп жауап қататын жастар бар ма арамызда? Әрине, бар! (Оқушылар өз пікірін айтады)

Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің Алашты

Қорлығына бермейміз! – деп барлығымыз айта аламыз ба?!

(Оқушылардың жауаптары, пікірлері тыңдалады)


  • Алаш азаматтарының елінің, халқының болашағы жайлы армандарын жүзеге асыру, бүгінгі жас ұрпақ, болашақтағы сіздердің міндеттеріңіз!


Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын! Сау саламатта болыңыздар!








































Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Қазақстан тарихы І том, Этникалық зерттеулерде, Алаш тарихи-зерттеу орталығы 2008 ж. [33-53, 54-76 беттер].

2. Сен білесің бе? Энциклопедиясы, «Аруна ltd.» ЖШС, [75-79 беттер].

3. Тарихи тұлғалар, Алматыкітап 2006, [59-84 беттер].

4. Аңыз адам журналы 2014 жылғы желтоқсан №24, 2013 жылғы ақпан №63, 2011 жылғы қазан №20.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!