Материалдар / "Алаш мұрасы-ұрпаққа аманат" сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алаш мұрасы-ұрпаққа аманат" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алаш мұрасы-ұрпаққа аманат" сценрийі Алаш ардақтыларының оқу-ағарту саласына қосқан үлесі, қазақ мектептері үшін шығарған оқулықтары жайында жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
5404
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алаш мұрасы-ұрпаққа аманат» тарих кешінің сценарийі

  1. «Алаш көсемдері, ұлт тұлғалары» тақырыбында баяндама

Баяндамашы тарих пән мұғалімі Төреев М.Қ

  1. «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»

(Алаш зиялыларының ағарту саласына, қазақ оқушыларының сауаттануына қосқан үлестері, оқулықтары жайында сахналық көрініс, оқушыларды Алаш ардақтыларының тұлғаларына сәйкестендіріп, образын келтіру, ұқсастырып шығару)

Ескерту: А.Байтұрсынұлының 1921 жылы қаңтарда қазақ зиялыларымен өткізген мәжілісі кеңейтіліп,тағы біраз Алаштың ардақты тұлғалары кіріктіріліп, сахналық көрініс ретінде кеңейтіліп көрсетілді)

Бекзат:

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасан қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа тойып.

Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаны тітіркенткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбағыс, Күншығысқа әмірі жеткен.

деп Сұлтанмахмұт жырлағандай, армысыздар, Алаштың 100 жылдық мерей тойына арналған тарих кешіне келген қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар.

«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстарының қазақ елі үшін атқарған өлшеусіз еңбектерін тауысып айта алармыз ба? Сонда да бүгінгі тарих кешінде саралап, зерделеп , алаш арыстарының тағы бір ел үшін атқарған маңызды қадамдарына шолу жасасақ. Әуелі кешіміздің алғашқы сөзін мектебіміздің басшысы ----------------------------- берейік.

Алаш ардақтылары тақырыбына арналған келесі сөз кезегін қалалық ғылыми әдістемелік орталығының әдіскері ----------------------------------------- берейік.



«Алаш Орда және ұлт-азаттық идеясы» жасай береді, жалғаса береді, ендеше осы тақырыпты бізге әлі де тереңдетіп, түсіндіріп айтып беру үшін мінбеге тарих пәні мұғалімі -------------------------------- шақырсақ.



Жүргізуші Бекзат: Алаш қозғалысы отар елді оятты, ұлттық баспасөзді тудырды, жаңа ұлттық жазба әдебиетті қалыптастырды, қазақтың тұңғыш романы мен пьесасын жазды, ұлттық театрды дүниеге әкелді, ұлттық ғылымды жасады, мемлекеттік құқықтық атрибуттарды қалыптастырды, қазақтан тұңғыш депутаттарды шығарды, тұңғыш саяси партияны тудырды, Ұлт кеңесі – Алашорда үкіметін құрды, тұңғыш жоғарғы оқу орнын ашты, қазақ жерінің біртұтастығын сақтады, қазақты ұлт ретінде біріктірді.

Алайда ұлт үшін жасалған бұл істің барлығы Алаш ардақтылары үшін әлі де аз көрінді.

Алаш қозғалысының қазақ ұлтын оятып, ағарту мақсатында істеген жемісінің ішінде ұлт білімпаздарының жазған оқулықтары мен оқу құралдарын ерекше атағанымыз маңызды. Қай заманда болса да, ұлттың рухани оянуы сауат ашуда, оқу-білімде екенін жақсы түсінген Алаш көсемдері мен білімпаздары күрделі тарихи кезеңде оқу-ағарту бағытындағы еңбектерді насихаттауды, қазақ тіліне аударуды, кейін өздері де оқулықты жазып даярлауды мақсатты қолға алды.

Қазақ автономиялы социалистік Республикасының Халық ағарту комиссары А.Байтұрсынұлының төрағалығымен 1921 жылдың 31 қаңтарында Орынбор қаласында зиялы қазақ азаматтарының мәжілісі өтті. Жиында қаралған басты мәселе 1-ші және 2-ші буын мектептер үшін оқулық даярлау ісі болды. Мәжіліске Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Смағұл Садуақасұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Садуақас Сейдоллаұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Сабыр Айтқожаұлы, Сәкен Сейфуллин, Жақып Ақбаев, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермекұлы және басқа азаматтар қатысып, қазақ мектептері үшін оқулықтың маңыздылығына тоқталып, тәржімалаған, өздері жазған оқулық-еңбектерін мәжіліс талқылауына ұсынды, ой-пікірлерімен бөлісті.

Қазір Сіздердің назарларыңызға осы мәжілістен көрініс ұсынылады


Алаш ардақтыларының мәжілісінен көрініс



Бекзат сөзін аяқтағаннан кейін жиын залына Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақ зиялылары кіреді, төрге Ахаң отырады, Әлихан, Міржақып, Жүсіпбек, Жақып, Сәкен, Мағжан, Халел, Әлімхан, Смағұл столды қоршай отырады.

Сөзді Ахаң бастайды: қазақ мектептерін ашу, санын көбейту, халықты сауаттандыру мәселесімен қатар тұрған тағы бір ірі мәселе-қазақ оқушыларына оқулықтар шығару. Қазақ балаларын тез сауаттандыратын, білімге жол ашатын, мағыналы,, мазмұнды жазылған оқулықтар қажет. Күш –білімде, сауатты ұрпақ елдің болашағы... ал не айтасыздар, зиялылар


Әлихан: Ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар, осы бәйгені алу үшін оқулықтар ауадай қажет, келісемін, қолдаймын, менің көптен толғанып, ойланып жазып жүрген бір оқулығым бар еді, Сіздерге таныстырып көрейін, қалай қарайсыздар.

(Зиялылар, әрине, айтыңыз, тыңдаймыз..... ).

«Астрономия. Дүниенің құрылысы» деген қазақ оқушыларын арналған тәржімаланған оқулығым. Астрономия оқулығым 14 бөлімнен тұрады:

  1. Бет ашар (кіріспе)

  2. Дүниенің құрылысы

  3. Планеталар

  4. Дүниенің тартылыс күші

  5. Жер планетасы

  6. Жылдың қыс, жаз, жазғытұры, күз уақыттары

  7. Календарь

  8. Ай

  9. Күн

  10. Көлеңкелену

  11. Кометалар

  12. Көшпейтін жұлдыздар

  13. Дүниеде тоқталмай іс қылып тұрған күштер

  14. Жұлдыз жауы


Зиялылар сұрақ қояды: Астрономия деген сөздің өзі жаңа ұғым ғой, оның қаншама ғылыми сөздері бар, оқушылар жақсы түсіну үшін меңгерудің қандай жолдарын ұсынып отырсыздар....

Әлихан жауап береді: Астрономия болғандықтан мен тақырып пен ұғымды қазақ оқушыларының талап-тілегіне орай лайықтап, ғылыми түсініктерді қазақ дүниетанымына жақын ұғымдармен беруге тырыстым, мысалы, Жердің күнді айналуын арқандаулы аттай айналып жүреді, жұлдыздар шоғырын байлаулы аттардай деген теңеулермен түсіндірдім. Оқулық тілі түсінікті, жаңа ұғым сөздер қазақ баласы үшін жеңіл сөздермен түсіндіріледі. Сондықтан астрономия оқулығы ауыр болады деп ойламаймын.

Міржақып: Мен 1914 жылы Орынборда жарыққа шыққан екі жылдық мектепке арналған «Есеп құралы» кітабымды ұсынып көрейін. Төрт амалды үйренуда қазақтың төрт түлік малымен , шаруашылығымен байланыстырып, есептер құрастырған едім. Мысалы, қолымда бір асық, тағы бір асық қоссам қанша болдады, Сәнімгүлдің үйінде 4 шыны аяқ бар еді, біреуі сынып қалды, қанша шыны-аяқ қалды, мұндай есептер сан алуан, есептің тілі жеңіл, ықшамды, оқушылар есептің төрт амалын тез үйренеді

Жүсіпбекке сұрақтар қойылады:


Жүсіпбек: оқушыны сауаттандыруға өте жақсы көңіл бөліп жатқандығымыз қуантады, менің айтайын дегенім, біз баланы оқытып, сауаттандырып ғана қоймай, бала жанын да терең білгеніміз дұрыс, баланың қабілеті, дарыны, зейіні, машығы т.б. жантанулық ұғымдарды білгеніміз жөн, сондықтан мен Психология оқулығын ұсынамын. Өзімнің жазған психология оқулығыммен қысқаша таныстырсам...


Жақып Ақбаев : мектептерге ұсынылып жатырған оқулықтардың санитарлық-гигиеналық талаптарын да ұмытпауымыз керек, оқулықтың безендірілуі, әріптердің оқушыға анық көрінетіндей басылуы, суреттердің түрлі-түсті болуы осының бәрін ескеру керек.


Мағжан: қазақ балаларына білім беретін мектептегі ең басты тұлға –мұғалім.. Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.

Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі. Сондықтан мен мұғалімдерге арнап, бала тәрбиесімен басты айналысатын болғандықтан мен Педагогика оқулығымды ұсынамын. Педагогика оқулығы педагогика салаларын, бала тәрбиесі терең қозғалады.

Мағжанға сұрақ: бала тәрбиесіне қатысты кітабыңыздан бір мысал келтіріңізші?

Мағжан: бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлуге тырыстым. Тәрбие басы бесіктен деп айтамыз ғой, мен бесікті тербетудің өзі балаға қатты әсер ететінін айтайын, егер бесікті жұлқып, қатты қозғап тербететін болса, онан балаға пайда емес, зиян келеді, яғни баланың миы шайқалып, мең-зең болып, басы ауырады. Бесікті ақырын, жәймен, тегіс жерде, дүрсілдетпей, әдемі бесік жырымен әнін айтып тербетсе, балаға өте жайлы, пайдалы


Әлімхан: мен «Алгебра. Математика» оқулығымды ұсынсам, бұл оқулықта мен жаңа математикалық ұғымдарды енгіздім, косинус, тангенс, икс т.б. әрине қазақ баласы тіліне қиындау, бірақ үйретуіміз керек, сынып жоғарылаған сайын есептер де күрделену керек,


Халел: Есеп шығарып жатыр, жантану жүріп жатыр,астрономия оқып жатыр, ал жанурлар әлемі де қызықты емес пе оқушыларға, сондықтан мен «Жануарлар әлемі» деген оқулығымды ұсынамын. Оқулық екі бөлімнен тұрады: Омыртқалылар және омыртқасыздар, осы екі бөлім аясында барлық жануарларды, қазақ даласындағы жануарларды топтастырып, түсінік беріледі.


Сұрақ: қандай жануарлар алдыңыз кітабыңызға?

Халел: қолындағы суреттерін көрсетіп, мысал айтады


Смағұл: тарихты оқытуды ұмытпайық, өткенін білмей қалса, ұмытып қалса, өте ұят, мен «Тарих» оқулығын ұсынамын, Тарих кітабымда 18.19.20 ғ басындағы қазақ тарихындағы маңызды оқиғаларды енгіздім.


Сұрақ: 18 ғ енгізген бір оқиғаңызды атаңызшы?

Смағұл: халықтың 3\1 қырылуына себеп болған жоңғар шапқыншылығы мен жоңғарға қарсы күрескен қазақ батырларын жаздым.


Сәкен: ұсынылып отырған оқулықтар баланың білімін жан-жақты тереңдетуге ықпалы өте зор, қуаныштымын, енді өз тілінің өлең-жырымен сусындамаған қалай болар екен, мен «Қазақ әдебиеті»оқулығымды ұсынамын.

Сұрақ: оқулығыңызда қанадй ақын-жазушыларды енгіздіңіз?

Сәкен: 19 ғ ақындарын және Сіздердің де шығармаларыңызды енгізуді айтар едім, Сіздер саясаткер ғана емес, ақын-жазушысыздар,


Ахаң: құрметті қазақ зиялылары, қазақ үшін аянбай төгіп жатқан еңбектеріңіз тағы бір көрінетін сәт болды, енді әріп танытуды да ұмытпайы, мен «Тіл құралы» оқулығымды ұсынып көрейін.»Тіл құралы» оқулығы әріп танытуды үйретеді, араб графикасын төте жазуға ыңғайландырып жаздым, жеңіл әрі тез үйренетін әліпбимен.

Сұрақ: төте жазудың ерекшелігі неде?

Ахаң: біздің қазір жазып жүргеніміз араб әріптері, араб жазуы, араб жазуында біздің тілдік дыбыстағы қазақ әріптеріміз айтылмай қалады, сондықтан осы қазақ әріптерді сақтап қалу үшін, төте жазуға айналдырдым. Жеңіл, ықшам, тез қабылдайды оқушылар.


Ахаң : қазақ зиялылары тамаша оқулықтар ұсынып, пікірлеріңізді айттыңыздар, енді менің ұсынысым: біздер осы оқулық мәселесімен айына екі рет жиналып, талқылаймыз, тез арада аяқтап, баспаға ұсынайық.



Қазақ зияылары жәйлап орындарынан тұрып, залдың төріне барып қатарласып тұрады.

Бекзат: 1921 жылы Ахмет Байтұрсынов өткізген осы мәжілістен кейін қазақ зиялылары ұсынған оқулықтар толықтырылып, баспаға ұсынылды. 1922 жылдан бастап алғашқы оқулықтар шығып, талай қазақ баласына білім көкжиегін ашты. Оқулықтардың сұранысқа ие болғаны сонша кейбір оқулықтар,6,7,8 реттен қайтадан басылып, 20 мың данадан басталып қазақ өлкесіне тарады.

Нұрай (--5-сынып оқушысы) шығады: Аталар, Сіздердің қазақ баласы үшін шығарған оқулықтарыңызға сол кездегі қазақ балалары атынан, қазіргі ұрпақ атынан шексіз Алғысымды айтамын. Сіздер ізін салып берген тамаша оқулықтарыңыз тіл, әдебиет, тарих, астрономия, биология, математика, психология, педагогика қазіргі кезде де мектепте бар, біздер оқимыз.

Біздер Сіздер армандаған тәуелсіз елдің жас ұрпақтары терең білімімізбен әлемнің білім шыңын мойындатамыз. Ахмет ата Сіз алаңдап айтып едіңіз, Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады деп, , қорықпаңыз, біз тұрғанда, Тәуелсіз Еліміз тұрғанда жоғалмайды тіліміз, жоғалмаймыз Біз. , Біз Мәңгілік елміз.

Қолдарына жалауша мен Алаш ардақтыларының кітаптарын ұстаған 10 оқушы шығып, Алаш ардақтыларының қолдарынан ұстап, алдыңғы қатарға әкеп отырғызады.


Тарих кешінің ІІ бөлімі:


Алаш ардақтыларына арнау ( әдеби-сазды кеш)


Бекзат:

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам


Тәуелсіз елдің ұландарының Алаш ардақтыларына арнаған жыр шашуын тамашалайық

Ән: «Алаш»


Бекзат: біздер білеміз, Алаш ардақтылары саясатпен , ірі қоғамдық істермен , оқулықтар шығарумен айналысып ғана қоймай, өлең де шығарған, керемет ұлағатты нақыл сөздер айтқанын, ендеше бүгін ортамызға келіп отырған аса қадірлі, құрметті, арда қонақтарымызға сөз кезегін берсек, Әлихан ата, Сіздің қазақ үшін, қазақ баласы үшін алаңдап айтқан, керемет ұлағатты, қысқа да нұсқа түйін ойларыңыз бар екенін білеміз, осы алмас қылыштай өткір ой-түйіндеріңізді бізге айтып берсеңіз,


Әлихан: өзіме серт беріп едім: тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын деп, менің жүрегім өмір бойы қазақ деп соқты,

Қалтасынан қойын кітапшасын шығарып, үзінді ой-толғауларын оқып береді


  1. Біз бай, білімді, әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін – кәсіп, білімді болу үшін – оқу керек. Ал күшті болу үшін – бірлік керек

Ә. Бөкейханов


  1. Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды. Ақыл да, ұсталық та оқумен, істеумен жүре ұлғаяды

  2. Ғұмыр бәйегсінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар, оған мен кәміл сенемін»

  3. Бұл болып тұрған заман - Алаштың азаматына зор жүк.

  4. «Озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек. 


  1. «Ғұмыр жүзінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар»

  2. «Мал бақ, егін сал, әдіс қыл, амал қыл, шебер бол, мерген бол, еңбекке, білімге жалын»


  1. «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ»


«Мәңгілік ел» болып тарихта қалыңдар, жоғалмаңдар қазағым» деп сөзін аяқтап, орнына барып отырады


Ән. «Жаса Қазақстан»


Бекзат: Мағжан ата, Сіз бізге үлкен сенім артып, «Мен жастарға сенемін деп жыр шығардыңыз, тағы бір оқып бересіз бе, қанаттанайық,

Мағжан : Мен жастарға сенемін» өлеңін оқиды


Бекзат:

Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты


«Биші қыздар» биі


Бекзат : Міржақып ата, «Оян қазақ» деп Сіз де жар салып өттіңіз,

Қазақты ұйқыдан оятам деп жанталастыңыз, қазағым деп жыр төкітіңіз, бізге бір жырыңызды оқып беріңізші?


Міржақып: «Оян, қазақ» өлеңін оқиды

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
 Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
 Алашағың аз ба мына дүниеден,
 Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!

 Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
 Ауырыңды арқала да, алға бас,
Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!

Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,
Ер мінезбен өр рухқа болма жат.
 Ортасына жалғыз орыс кіргенде,
 Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.

 Аталардан қалған асыл мұрамыз
 – Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.
 Азаттығы ұмытылған ұлт болып,
 «Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз.


Бекзат: Рахмет Алаштың ардақтысы, Ахмет атаның қаламынан шыққан талай кермет жыр жауһарлар бар, Маса болып ызыңдап, қазақты оятуға тырыстыңыз. Бізге де айтып берсеңіз



Ахмет ата: «Маса» өлеңін оқиды

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?


Қазағым, көп ұйықтама, тіршілік қыл,


Бекзат: Сіздерге алғыс айтудан жалықпаймыз, Алаш ардақтылары,


Сіздердің қазақ үшін жасаған ұшан-теңіз еңбектіріңіз тарихта қалды, ұмытпаймыз.


Хор: «Атамекен» әні











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!