Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Алаш партиясының құрылуы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы: Алаш ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері
Оқу мақсаттары: 11.3.2.1 – «Алаш ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау
АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Алаш партиясының қазіргі тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында маңызы зор. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған мақсат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің күштеп таңуымен орнығып келген қатал тарихи шындықтар ашыла бастады. Тарихшыларымыз жазуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтар да ашыла бастады. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған мәселе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен күрделі тағдырлары екені тарихи шындық.
"Алаш" партиясының құрылуы, мақсаты мен қызметі 1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреуінен туындады. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізуін жалғастырды. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешуді қолға алған жоқ. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет ақтамады. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды. Бірінші бүкілқазақтық сьезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Сьезге қатысушылар саны аз болғанына қарамастан (20 адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді.
1. Мемлекеттік басқару формасы. 2. Автономия құру мәселесі. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясын құру. 5. Сот ісі. 6. Дін мәселесі. 7. "Алаш" саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау. 8. Құрылтай жиналысын шақыру. 9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы. 10. Жетісудың ашыққан халқына көмек. 11. Халық ағарту ісі. 12. Земство. 12. Әйелдермәселесі. 13-14. Киев қаласында болатын бүкіл Ресей федерациясы съезіне және Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Х.Досмұхамбетовтың төрағалығымен, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың және А. Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына аударды. Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Жаңадан құрылған партия "Алаш" деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері - М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов т.б. кірді. Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны, таптық прициптерге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайраткерлерінің пікірінше, сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүлдеге негізделген "қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін" деген ұранның астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы - бірінші жалпықазақтық сьезінде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді. Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар 1917 жылғы "Қазақ" газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның бағдарламасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен атсалысудан аса айқын көрінеді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен жаңа үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды.
Петроградта төңкеріс жеңіске жетіп, Қазақ-станда Кеңес өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, "Қазақ" газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды: 1) Мемлекет демократиялық республика болу. Үкімет басында құрылтай жиын мен Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы басқару, ол министрлер құрылтай жиын мен Дума алдында жауапты болу. Депутаттар түгел, тең, төте құпия сайлаумен сайланады. Сайлау құқығында дін, еркек-әйел тең болу. Заңды жалғыз ғана Дума шығару. 2)Жергілікті бостандық Қазақ жүрген облыстардың бәрі бірдей, өз басқаруы өзінде болып, қазақ елі Ресеймен бір болу, немесе өз алдына жеке болу. "Алаш" партиясы әділдікке жақ, халыққа жақын, жәбірлерге жау болады. 3)Негізгі құқық Ресей республикасында дініне, жынысына қарамай, адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіндік беру, сот шешімінсіз, ешкімді тұтқынға алмау; 4)Дін ісін мемлекеттен бөлу. Дін ұстануға ерік берілу. 5)Сот жүйесі әр халықтың билік пен соты тұрмыс ыңғайына карай бейімдеу. 6) Ел қорғау үшін елде жаппай шақыртулар жүргізу. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, сол жерде қызмет ету: әскерге бергенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару. 7)Салық әл-ауқаты, табысқа қарай байға, кедейге мүмкіндігінше әділ жолмен міндеттеу. 8)Жұмысшылар заң аясында жұмыс істеу. 9)Ғылым-білім үйрету оқу ордалары барлығына ашық ақысыз болу; кітапханалар ашу, жұртты жалпы оқумен қамту. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне араласпау. 10) Жер мәселесі жергілікті жұртқа берілу; қазақтарға тиесілі жерлерге орналасқанша, қазақ жеріне қоныс аударушылардың келмеуі; бұрын тартып алынған жерлерді қазаққа қайтару; қазаққа тиесілі жерді жергілікті комитеттер арқылы шешу деп көрсеткен. Жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов.
"Алаш" шын партиясы аз уақытта, саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты - қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді. Өздерінің алдына ел тағдырына байланысты, елдегі билік жүйесіне байланысты үлкен мақсат қойды, елдікке ұмтылды. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интеллегенциялары сол жолда құрбан болды. Әйтсе де, "Алаш" партиясы және оның қайраткерлері төл тарихымыздан үлкен орын алып, халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатты. Сол аумалы-төкпелі қара түнек кезеңде сәуледей жарқырап шыққан Алаш партиясының тағдыры осылайша қатал аяқталды.
Бүгінгі таңда ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен тарихи сынның алдында тұр. Ол - ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздігімізді баянды ету, мемлекеттігімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру.
Сәкен СЕРІКБАЕВ,
тарих ғылымдарының кандидаты
Тапсырма. Ұғымдарды тиісті жауабымен сәйкестендіріңіз.
Дескриптор: Алаш партиясының құрылу мерзімін, барысын, партия бағыттарын анықтай алады.
Алаш партиясы (Сәйкестендіру)
-
1
Құрылған жылы:
М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов,А.Байтұрсынов, М .Дулатұлы, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә. Ермеков
2
Партия жетекшісі:
«Қазақ» газеті
3
Орталығы:
Әлихан Бөкейханов
4
Партия баспасөзі:
Семей қаласы
5
Партияның мақсаты:
1917ж
6
Партияның бағдарламасының
бөлімдері:
ұлттық-демократиялы
7
Партияның бағыты:
Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету. Автономиялық ұлттық мемлекет құру.
8
Партияның мүшелері:
1. Мемлекет қалпы
2. Жергілікті бостандық
3. Негізгі құқық
4. Дін ісі
5.Билік және сот
6. Ел қорғау
7. Салық
8. Жұмысшылар мәселесі
9. Ғылым-білім үйрету
10. Жер мәселесі
Тапсырма. Берілген cуреттерге атау беріп, мағынасын ашып жазыңыз.
Дескриптор: Алаш бағдарламасында ұлттық идеологияның көрініс табуын анықтай алады.
10. Жер мәселесі
Жерді сатуға тиым салынды.
Тапсырма. Мәтіндегі ақпаратқа негізделе отырып, төмендегі кестені толтырыңыз.
Дескриптор: Алаш ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздерінің әр саладағы әсерін Pest анализ арқылы жіктей алады.
-
P Саяси
E Экономика
S Әлеуметтік
T Технология