Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Алаш қайраткері – Жанайдар Сәдуақасов»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Алаш қайраткері – Жанайдар Сәдуақасов»
Мақсаты :
Білімділік: Алаш қайраткері Жанайдар Сәдуақасов жөнінде ақпарат беру, ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіру арқылы оқушылардың бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.
Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу . Ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Отанына, туған еліне, жеріне сүйіспеншіліктерін ояту. Сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі:
слайд-шоу, кітаптар
көрмесі.
Түрі: дөңгелек
үстел
Б А Р Ы С Ы:
I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім
III.Қорытынды
бөлім
Кіріспе сөз:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар Отан тарихында әлі де үстірт қарастырылған немесе тарихи тұрғыдан өз бағасын алмаған тұлғаның бірі – ХХ ғасырдың басындағы қазақтың зиялы қауым өкілі Алаш қозғалысына қатысушы, мемлекет және қоғам қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Алаш қайраткері – Жанайдар Сәдуақасов» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!
XX ғасырда халқымыздың басына түскен қайғысы қалың, қасіреті ұмытылмас қиянаттар, аярлықпен жантүршігерлік зұлымдықпен халықтың бас көтерер аяулы азаматтарын жаппай қырғынға ұшыратып, ойран салуы сталиндік саясатпен жүзеге асырылды. Өзінің қысқа да мағыналы өмірін елінің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына зор еңбек сіңіруге арнаған Ж. Садуақасов сынды мемлекет және қоғам қайраткерінің есімі мен өмірі кейінгі ұрпақты Отан сүюге, оларды адалдыққа баулудың өнегесі болып, жастардың жүрегінде жатталып қалуға тиіс,дөңгелек үстеліміздегі пікір алмасу мынадай сұрақтар төңірегінде болмақ.
1. Жанайдар
Сәдуақасовтың өмірбаяны туралы не
білесіздер?
2 . Жанайдар
Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси әрекеттері
туралы не білесіздер?
3. Сәдуақасов қандай ғылыми
әрекеттер мен айналысты?
Элмира:
Жанайдар Сәдуақасов (1898-1938), Қазастанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене катысушы,партия , кенес және мемл. қайраткері . Ақмола уезі Сарысу болысынын Төссаз ауылында дүниеге келген . Әкесі - Садуақас Жағалбайлы руынан шыққан ел арасына беделді, құрметті адамдардың бірі болады, билікке араласады. Жалмақанның үлкен ұлы Садуақас ақылды, парасатты болғандықтан, әкесі қай шаруаға болмасын оны ақыл-кеңеске алып, оның ой-пікірімен санасып отырады.
1912 жылға дейін Ж. Садуақасов ауыл молдасынан хат танып, алғаш рет Абай шығармаларын оқып, тереңнен таныса-ды. Ақындық және сазгерлік қабілеті болған Жа найдар өзінің алғашқы жүрек жарды жырларын туған жеріне арнайды. Жанайдардың балалық дәурені қазіргі Түгіскен жерінде өтеді. 1912 жылы күзде әкесі Садуақас оны Ақмолаға алып келеді. Садуақас баласының діни білім алғанын қалайды. Алайда, әкесі кеткеннен кейің Жанайдар діни мектепте емес, бір сыныптық приход мектепті тәмамдаған соң, 1913жылы қыркүйектен бастап, оқуын Ақмоладағы Жоға ры бастауыш училищесінде жалғастырады. Аталған училищені 1916 жылы мамыр айына дейін оқып, осы жылы жазда туған ауылына оралады Ақпан революциясы басталған кезде Ж.Сә дуақасов туған ауылында болады. Ол оқуын әрі қарай Омбы қаласын да жалғас-тыруды ар мандайды. Жанай дар рево люцияның а л ғ а ш қ ы күндерінен б а с т а п , оқушы кезінде Ақмола уездік Қазақ комитетінде болыстық және ауылдық комитеттерді ұйымдастыру жөніндегі инспектор болып қызмет атқарады. Содан кейің 1917 жылы қыркүйек айында Омбыға келіп, ересектерге арналған гимназияға түсіп, 1919 жылы бітірді.
Нұрлыбек:
Қазақ жастарының «Бірлік» ұйымына мүше болған Жанайдар осы кезде Омбы өңірінің тумасы, осы қалада оқып жүрген Смағұл Сәдуақасовпен және Ғаббас Тоғжановпен танысады. Қазақ мемлекетінің саяси өмірінде елеулі орын алған үш тұлғаның өмір жолдары осылайша Омбыда түйіседі. Аталған азаматтардың шығу тегін білмейтін қала тұрғындары оларды «Сәдуақастың ұлдары» деп атайды.
Нұрболат:
Ұлан-ғайыр империяның ішіндегі талас-тартыс пен қырғи-қабақ қырқыс Сібір қазақтарының жадында “Ақ пен қызыл араласқан жылдар” деп аталды. Антанта мемлекеттерінің қолдауымен Бүкілресейлік Жоғарғы бас қолбасшы атанып, адмирал А.В.Колчак құрған Сібір үкіметінің орталығы Омбы қаласы болды. Осы аласапыран кезеңді жер-суынан айырылған қазақ ұлтының болашақ қамы үшін пайдаланып қалуды мақсат еткен алаш жұртының зиялы қауым өкілдері мен саясаттан хабары бар оқыған қазақ жастары осы іске белсене араласты. Қарбалас оқиғалардың қызған ортасында сол жылдары Омбы қаласында құрылып, қазақ жастарының басын қосқан “Бірлік” ұйымы және оның жетекшілерінің бірі Жанайдар Сәдуақасов жүрді.
Жанат:
Ұйымның рухани демеушілері, бағыт-бағдар сілтеушілері Әлихан Бөкейханов, Мұқан Айтпенов, Міржақып Дулатов, қазақ қыздарының арасынан Гүлия Досымбекова, Хадиша Сейітова және тағы басқа алаштың азаматтары болды. “Бірлік” ұйымына мүше болған қазақ жастарының ішінде Омбы өңірінің тумасы, осы қалада оқып жүрген Смағұл Сәдуақасов пен Ғаббас Сәдуақасұлы Тоғжанов та жүргені тарихи құжаттардан белгілі. Сәдуақастың Жанайы (Жанайдар), Сәдуақастың Смағұлы, Сәдуақастың Ғаббасы, 20-шы ғасырдың басында Қазақ Республикасының саяси өмірінде елеулі орын алған осы үш тұлғаның жауқазын жастық шақтары, мемлекет және қоғам қайраткері болып қалыптасудағы алғашқы өмір жолдары иісі қазақ зиялыларының сол кездегі рухани орталығына айналған Омбы қаласында осылайша түйісті.
Жұлдыз.
1919 ж . Омбы большевиктерінің басшылығы мен жұмыс істеген « Қазақ жастарының демократиялық кеңесі» астыртын ұйымын басқарады. Колчак бұғауында жатқан С. Сейфуллин,А. Асьлбеков, Ж.Нұркин, Б. Серікбаевтарды құтқару жолын іздеп, оларды хат - хабар арқылы рухтандырып отырады. Ақыры С.Сейфуллинге түрмеден қашуға жәрдемдесіп,оған жалған құжат жасап береді. Бұл оқиға С.Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу» романында жазылды .
Айгерим: /
1997 жылы 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми түрде бекітілді. Бұл аталған шара еліміздің ертеңін ойлаған, зұлмат жылдары елдің бас көтерер азаматтарын жалмаған сталиндік саясаттың бет-пернесін мәңгі әшкерелеп, соның құрбанына айналған азаматтардың асыл бейнесін халқымыздың жүрегінде және Қазақстан тарихында мәңгілік қалдыруға арналған игі бастама. Бұл күнде асыл азаматтың ұрпақтары өсіп- өнген, Жаңаарқа ауданының Қызылжар кентінде, Жеңіс елді мекенінде тұрып жатыр. Баба рухына тағзым етіп, дұға арнайды. Немересі Перизат Құрманқызы Садуақасова «Ж. Садуақасовтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі» тақырыбы бойынша дипломдық жұмысын, одан кейін 2011 жылы кандидаттық диссертациясын жазды. Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Жанайдар Сәдуақасовтың қоғамдық - саяси әрекеттері, атқарған қызметтері туралы не білесіңдер? /слайд/
Жайна: /
Саяси-қуғын сүргін құрбаны Жанайдар Сәдуақасовтың жетімдер үйін ашуға, ұлттық мектептерді көбейтуге, әсіресе тұңғыш қазақ театрының ашылуына тікелей ықпал еткенін білеміз. Дегенмен, біз заң саласындағы қызметіне ерекше тоқталғанды жөн көрдік. Себебі, кезінде сот ісін қазақ тілінде жүргізу мәселесін көтерген, әйелдердің құқын қорғауды назарға алған, халықтың құқықтық сауатын көтеруді ойлаған, сот қызметкерлерінің ұлттық құрамын қазақтардан болуын көксеген Сәдуақасов болатын.
Екі жылға жуық әділет және прокуратура саласын басқарған Жанайдар Сәдуақасов Қазақстанда заңдылықты нығайтуға, заң кадрларын тәрбиелеуге, заңнамаға халық мүддесіне қажетті заң баптарын енгізуге, халықтың құқықтық сауатын жетілдіруге, соттық-тергеу желісінде реформа жүргізуге үлес қосты. Осыған дейінгі әр түрлі қызметте жаңа бастамашыл идеяларымен және іскерлігімен көзге түскен Сәдуақасовтың өз заманының құқық саласындағы жаңашыл ізденістері атап өтуге тұрарлық. Мемлекеттік заңдылықты сақтау жолындағы қызметінде ең алдымен, прокуратураны жергілікті әкімшілік органдарға тәуелділіктен құтқаруды көздеген.
Жұлдыз:/
Әйел тағдырына алаңдаған
Жанайдар Сәдуақасов – қазақ тілін ресми іс жүргізу үрдісін енгізуге талпынған тұлғалардың бірі. 1932-1933 жылдары халық аштық пен жұқпалы аурулардан қырыла бастағанда туған еліне жәрдемдесуге алғашқылардың бірі болып ұмтылған да өзі. Ол әйелдердің құқығы мен азаттығына көп көңіл бөлген.
«Жанайдар Сәдуақасовтың тәркіленген малды немесе салынған айыппұлды қазақ әйелдерінің тұрмысын жақсарту қорына аудару туралы шешімі әйелдердің қоғамдағы ролін арттыруға ықпал етеді. Сот ісін қазақ тілінде жүргізу және қазақ тілінде қызмет көрсететін учаскелердің санын арттыру сияқты маңызды мәселелерге де баса назар аударады. Мәселен, мұрағат мәліметтеріне сүйенсек, халық соттарында қазақ тілінде жүргізілген істер 1928 жылы 67,7% құрағанына көз жеткізуге болады.
Ол Республика прокуроры қызметін атқарған тұста әділет, сот, прокуратура саласында жұмыс істейтін әйелдердің, әсіресе қазақ әйелдерінің санын арттыруға күш салады.
Мадина:/
Тұрмыстық қылмыс түрлері бойынша салынған айыппұлдарды және тәркіленген қалың малдарды қазақ әйелінің тұрмысын жақсарту қорына аудару арқылы барша қазақ әйелдерінің азаттығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қам жасайды. Халық соттарының жұмысын дамыту, қызметкерлердің ұлттық құрамын қазақтармен жасақтау, сот істерін қазақ тілінде жүргізу жұмыстарын жүзеге асырып, соттағы өндірісті жеңілдету және жеделдету, оңтайландыруды жоспарлап, ол туралы нұсқаулар әзірлейді.
Тек заңдылықты нығайтып, заң кадрларын дайындап қана қоймай, бұқара халықтың құқықтық сауатын ашуға да баса назар аударып, әсіресе ауылдық жерлердегі халықпен жұмыста біршама нәтижелерге қол жеткізеді. Қазақ халқы мен заң саласындағы қызметкерлердің ана тіліндегі құқықтық әдебиеттермен қамтамасыз ету мәселелесін көтеріп, халықтың құқықтық білімін арттыру жұмыстарын жүргізген.
Жанайдар Сәдуақасов қандай ғылыми әрекеттермен айналысты?
Айнұр: /
Ж.Сәдуақасовтың басшылық қабілеті мен табиғи таланты оны жиырманың бел ортасында–ақ ірі саясаткер ретінде танытып, кезекті қызмет сатысына жоғарылатып отырды. Ол кейін Қазақ өлкелік комитетінің мәдениет-насихат бөлімінің меңгерушісі, бірқатар жауапты мемлекеттік қызметтер атқарды.
Қамажай:
Сәдуақасов өзіне адал да еңбекқор , туған халқының болашағы үшін аянбай енбек ететін, нағыз елін шын сүйген азамат екенін таныта білді. Әділет халкомы және респ. прокуроры қызметін аткару кезінде зан актілерін халық мүддесіне икемдеуге , заң кадрларын дайындауға, әйелдерді заң қызметіне тартуға баса көңіл бөлді.Жетім балалар үйлерін, ұлттық мектептер ашуға белсене кірісті .Әсіресе тұңғыш қазақ театрының ашылуына тікелей ықпал етті . Байларды тәркілеу саясатына ашық қарсы болып, өлкелік партия комитетінің ІХ пленумында сөз сөйледі . 1932 ж .О.Жандосовпен бірге халықты аштықтан құтқару жөніндегі арнайы комиссияны басқарды. Садуақасов адал да іскер, туған халқының болашағы үшін басын бәйгеге тіккен қазақ зиялыларынын
алдыңғы сапында болды . 1937 ж . 17 қыркүйекте қаауға алынып , әміршіл- әкімшіл жүйе ұйымдастырған «халық жауы » деген жалған жаланың құрбаны болып, 1938 ж . 25 ақпанда атылды.
Нұржан:
1957 ж . 16 сәуірдегі КСРО Жоғарғы Сотының шешімімен ақталды.
Жанайдар Сәдуақасов – ұлттық баспасөзді дамытудың басында тұрған тұлғалардың бірі ретінде баспа жұмысын жолға қою және қазақ басылымдарының санын арттыруда елеулі жұмыстар атқарды. Қазақстанның саяси және мәдени өмірінде маңызды орын алған Ғылым Академиясының филиалы мен ауыл шаруашылық академиясын ұйымдастыруға үлес қосты. Алғашқы Қазақ Академиялық ғылыми орталығының мүшелері – А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, С.Асфендияров, Х.Досмұхамедовтардың еңбектерін жоғары бағалап, әйгілі В.И.Вернадский, Н.И.Вавилов, А.Е.Ферсман, Н.Ф.Гамалея сынды академиктермен шығармашылық байланыста болды.
Нұрсұлтан:
Жанайдар Сәдуақасовтың қазақ тілін ресми іс жүргізу үрдісіне енгізуге сіңірген еңбегі зор. Қазақ тілі мәселесін сол кездің өзінде тұтас Одақтық деңгейге дейін көтеріп, жоғарыға өзінің жүйелі пайымдарын жолдай отырып, оны төменнен өз құзіреті деңгейінде шешуге талпынған тұлғалардың бірі, тіпті бірегейі Жанайдар Сәдуақасов десек, артық айтқандық емес. Ол Орталық Комиссияға төрағалық ету барысында қазақ және орыс тілдерін мемлекеттік тіл ретінде тану, мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен ұйымдарда орыс тілімен қатар қазақ тілінде іс жүргізу, декреттер мен міндетті қаулылар, өзге де заңнамалық актілерді қазақ тілінде шығару туралы «Қазақ тілін іс жүргізуге енгізу жөніндегі Декретті» әзірлеуге қатысты.
Алмас К.
Мемлекеттік баспалар бірлестігі өлкелік редакция алқасының мүшесі және Қазақ пролетарлық жазушылар ассоциациясы ұйымдастыру бюросының төрағасы, «Жаңа әдебиет» журналының редакциялық алқасының мүшесі, «Қазақстан большевигі» журналының редакторы қызметін қоса атқару барысында қазақтың танымал ақын-жазушылары І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Тоғжановтармен бірлесіп жұмыс істеді. Қ.Қуанышбаев, Ж.Жандарбеков, К.Байсейітова, Ш.Жиенқұлова, Ж.Елебеков және т.б театр және өнер жұлдыздарымен шығармашылық қарым-қатынаста болды.
Жанайдар Сәдуақасов қандай тұлға?
Айгерим:
Қасым:/
Жанайдар – барша қазақ жастарына шынайы отан сүйгіштіктің, білімділік пен біліктіліктің, қажыр-қайраттың, адалдық пен азаматтықтың нағыз үлгісі болатын тұлға.
Серғазы:
Өткен ғасыр басында айрықша ерекшеленген көрнекті қазақ зиялысы Жанайдар Сәдуақасов – әлі күнге лайықты тарихи бағасын алмаған тұлғаның бірі. Оның қоғамдық-саяси қызметі ұзақ жылдар тек партиялық тұрғыдан бағаланып, «партияның көрнекті қайраткері», «революционер» ретінде ғана қарастырылып келді. Рас, ол елінің болашағын өз заманындағы көптеген ірі тұлғалар секілді коммунистік жүйемен байланыстыра қарады. Бірақ, бұл ұстанымы халқына адал қызмет етуіне, ұлт мүддесін бәрінен де жоғары қойып, қазақ теңдігі үшін барлық деңгейде күресуіне бөгет болған жоқ.
Алмас О.
Жанбек:
Өзекті өртер өкініштің үлкені сол, өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жандыруға толық мүмкіндік туған қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихында Жанайдар Сәдуақасов туралы мүлдем дерлік айтылмайды. Кеңестік жүйеде қызмет еткен оның өмірі мен ел үшін атқарған қызметі тіптен ескерусіз қалған. Күні бүгінге дейін оның есімі сол кездің тарихын жете зерттеген қадау-қадау ғалымдардың еңбектерінде, болмаса жарқыраған Жанайдардың жақсылықтары мен шарапатын көрген көнекөз қариялардың естеліктерінде ғана аталып келді. Біздің мақсат – ұмытылып бара жатқан осындай ұлдарды дәріптеп, ұрпаққа ұлағат ету. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ел алдында еңсесі биік, еңбегі ерен осындай бір ұланы болғанын тағы бір рет еске алу барша қазақтың борышы дер едім.
Қорытынды сөз:
Тарихтың алдында ешбір кінәсі жоқ, саяси қылмыс құрбандары болған
Ж. Сәдуақасов сияқты мыңдаған азаматтарды жиі еске түсіріп отыруды, бүгінгі ұрпақты имандылық пен ізгілікке, ұлтжандылық пен парасаттылыққа баулудың бірден-бір міндетті парызы деп бағалауымыз тиіс. Тарихтан сабақ алу болашақ ұрпақ, тәуелсіз мемлекетіміз үшін өте қажет. Зұлмат- қа толы тарих парақтарын ұмытпайық.
Бүгінгі «Дөңгелек үстеліміз» аяқталды. Келіп қатысқандарыңызға рахмет.