Материалдар / Алаш қозғалысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алаш қозғалысы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандармен жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
511
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алаш қозғалысы:Тарихы мен тағылымы.

«Бүтіндік ,бірлік

Ерсі боп,

Жатқанда мал-жан енші боп.

Тіліміз ғана тұрыпты,

Елші боп,әрі емші боп.

Сол ғана қалған бөлінбей,

Бөліске түсер кезде ондай,

Сол ғана қалған бөлінбей,

Жүректей,

Күндей,

Ождандай»-

деп жырлаған Жұбан атамыз не деген көреген еді.Шынымен де осыдан 100 жыл бұрын,жеріміз бөліске түскен,еліміз айдауға түскен заманда қазақ тілім арқылы небір азат ойлар қалды-ау.Соны дәлелдеп көрелік.

Алаш қозғалысы-сан жүрекке үміт отын жаққан,рухани ұлы шара болды.Алаш тарихын оқи отырып,халқымыздың қорықпайтын қайсар мінезін көрдім.

«Тарихты білмеу-тамырсыздық»-деп Мұқтар Шаханов өте дұрыс айтады.Ендеше,Алаш қозғалысы тарихына үңіліп көрелік.

20 ғасырдың басында екі ұлт азаттық көтеріліс болды.Міне, осы кезеңде тарих сахнасына Алашорда үкіметі келді.Ресейде оқып,білім алған ұлт зиялылары өз жерінде отырып,азап шеккен қазақтарды құтқармақшы болды.Бұл 1917 жыл еді. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов болатын. Олар патша үкіметінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.



1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:

1) Мемлекет билеу түрі;

2) Қазақ облыстарында автономия;

3) Жер мәселесі;

4) Оқу мәселесі және ұлттық мектеп.



«Алаш автономиясы» құрылып,оның орталығы-Атбасар қаласы болды.1915 жылы ең алғаш пьесса сахнаға қойылды.Ол М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал»романы бойынша құрылған пьесса болатын.Бұл туралы дерек Алаш қозғалысы жинағының 2 томында айтылған.Атбасардағы алашордашылардың өкілдеріне Аңсағаев Әбілқасымды,Нұрмағамбетов Қасенді,Қошанбаев Хасенді айтуға болады.1938 жылы атылған 39 адамның ішінде С.Сейфуллинмен бірге осы адамдардың ішінде Х.Қошанбаевтың есімі аталады.

Міне Алашорда үкіметі сол кезде-ақ тәуелсіздік туын тігуді ойлайды.Тілін құрметтеуге шақырады.Оған алашордашылардың мына сөзі дәлел. Алашорда үкітетінің сьезі болады.Осы сьезде Жаһанша Досмұхамедов: «Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», деп өз ойын білдіреді. Жаһаншаның жалынды сөзінде тәуелсіз ел болудың тамыры жатыр.

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съезд материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы программасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде

- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;

- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;

- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;

- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;

- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;

- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.

- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..

Бұл съезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті.

1918 жылы 1 сәуірде Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Мәскеуге барып, Орталық Кеңес өкіметінің басшысы В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен кездеседі. «Алашорда» атты ұлттық автономиялық үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің төрағасы Ә.Бөкейханов екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда» мемлекетінің қойған талап-тілектерін Орталық Кеңес өкіметі толықтай мойындамайды.

«Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаштың арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынов «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» - десе, Күнбатыс Алашордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді-деген еді.

Енді тіл жанашырларының өміріне үңіліп көрелік. Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткендер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, басшыларын қуғынға салады. Ә.Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен өлім жазасына кеседі.

Міржақып Дулатов – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалын көсемсөз шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші ауылы. Әкесі Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер-тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі Дәмеш ойын-тойдың базары, әнші кісі болған.

Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен 12 жасында айырылып ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты халін көріп, түңіледі, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш» деп, бар дауысымен жар салады.



Міне талай-талай тер төгу.Бірақ еленбеу.Әрине, бір шығармаға барлығын сыйдыру мүмкін емес.Аманат өлеңдер,тарихи үндеулер өте көп.Бүгінгі тәуелсіздіктің бастау арнасы-міне Алаш қайраткерлері.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алаш қайраткерлерінің тарихи қызметіне зор баға бере келіп: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Жүз жылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаттық және адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес»,- деген еді.Алаштың тағылымы жайлы елбасыдан артық ешкімде баға бере алмас.

Алашшыл азаматтардың қазақ елінің бостандығы жолында жүргізген күрестеріне, тарихи еңбектеріне берілген осынау ғибраты мол тағылымды бағаны әр қазақ әрқашанда жадымызда ұстап, тәуелсіздігіміздің іргетасын нығайта, берік ете түсу біздің киелі парызымыз.Сондықтан да Алаш үкіметінің 100 жылдық мерейтойы кезінде өз шығармамды аяқтай отырып,

олардың жасаған еңбегіне бүкіл қазақ бас июі керек деген пікір айтқым келеді.Себебі,тәуелсіздік алған қазақ елінің күресі алошордашылардың атымен,тарихи тағылымымен тікелей байланысты.1938 жылы жазықсыз атылып кеткен ұлт зиялыларын ұмытпай,атын ардақтау әрбір мен сияқты зерделі жастың міндеті.Әлі де талай ашылмаған сырлар бар.Оларды ашып,зерттеу-біздің міндетіміз.

Менің ойымша, ұлт зиялыларына арнап,игерілмей жатқан Маңғыстау топырағында кең алқапқа ескерткіш орнатса деймін.Ерте кезде жазу-сызу жоқ кезде ата-бабаларымыз тасқа да қашап жазған.Ендеше, неге алаш ұрандарын тасқа қашап жазбасқа!

Мысалы: «Қабырғамыз-Ағаш,

Ұлтымыз-Алаш»








Маңғыстау ауданы,Алшын Меңдалыұлы мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Жұмаева Әсемгүл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!