Материалдар / "Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2024
204
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу сабағының жоспары №40

"Алаш" қозғалысы және қазақ революционер-демократтарының саяси көзқарастары


Модуль /пән атауы Қазақстан тарихы

Педагог _________________________

2023 жылғы "13" желтоқсан


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ 1-СД-АК

Сабақтың түрі аралас сабақ

2. Мақсаты, міндеттері

Білімділік: Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлық мемлекеттердің құрылымы, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары туралы түсіндіру, қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және тарихы мәліметтерді пайдалана отырып қорытындылау.

Дамытушылық: Білім алушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын қызықты деректер арқылы арттырып, ойлау, сөйлеу, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Тарихи санасы қалыптасқан, Отан тарихына қызығушылығы жоғары, білімді студенттердің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, еліміздің патриоты етіп тәрбиелеу.

3. Күтілетін нәтижелер: Білім алушы ақпаратты терең меңгереді, оны сараптайды, қорытады, бағалайды, болжайды; Жаңа ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды; Өз болжамының сәйкес келуі немес келмеуі бойынша рефлексия жасай біледі; таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі қалыптасады.

4. Қажетті ресурстар: АКТ, Led-экран, интерактивті тақта, оқу карталар, плакаттар, фото-суреттер.

5. Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру кезеңі - ( 7 мин)

  2. Студенттердің негізгі білімдерін пысықтау және тексеру - ( 15 мин)

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру – ( 25 мин )

  4. Жаңа тақырыпты бекіту – ( 30 мин)

  5. Сабақты қорытындылау – ( 10 мин).

  6. Үйге тапсырма – ( 3 мин)

6. Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылармен амандасу, олардың сабаққа дайындығын тексеру, топқа бөлу.


2 . Студенттердің негізгі білімдерін пысықтау және тексуру: «Тарихқа шолу» білім алушыларға тікелей сұрақтар қою («Kahoot» қосымшасы арқылы).

1. С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болды: (1783-1797)

2. 1837-1847 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы (Кенесары хан)

3. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды (үш жүзді толық)

4. 1867-68 жылғы реформаларға сәйкес әкімшілік – териториялық бөлініс? (Орынбор, Түркістан, Батыс-Сібір)

5. XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық (Шаңырақ салығы)

6. 1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары Д.Тәжіұлы, И.Тіленбайұлы.

7. 1916 жылғы Ұлт - азаттық көтерілістің негізгі екі орталығы? Торғай және Жетісу

8. 1905 жылы Успен кенішінде құрылған алғашқы жұмысшы ұйымының атауы («Орыс-қырғыз одағы»).

9. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «Түземдік» халық арасынан екінші мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған Ш.Қосшығұлұлы

10. Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі қалай аталады? (Қашқарияға саяхаты).


3. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  • Б ілім алушылар тақырып бойынша қысқаша бейне-ролик көреді: https://youtu.be/LYdpGZCir74?si=AW3JmUleU03Klm4E (5мин)

  • Білім алушылар өздері дайындаған ақпараттармен «Алашорда» өкілдерін таныстырады. (10мин)

  • Оқытушының сөзі: ХХ ғ. қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлiк әскери-монархиялық басқару жүйесi, қазақ жерiнiң орыс мемлекетiнiң меншiгi етiп жариялануы, осыған орай iшкi Ресейден қоныс аударушылардың күрт өсуi, қазақ бұқарасынының зорлықпен егiншiлiкке жарамды жерден ығыстырылуы, дәстүрлi қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көрiнiстерi едi.

Алаш зиялылары Ресей империясының алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алған парасатты азаматтар еді. Бұл жағдай Алаш жетекшілерінің идеологиялық және жеке тұрғыдан тұлға ретінде қалыптасуында зор рөл атқарды. Ресей губернияларында оқып және жұмыс істеп жүрген кезде олар саяси күресте тәжірибе жинақтап, алғашында бірқатар партиялар (эсер, кадет т.б.) қатарына қосылды. Алаш зиялылары қазақ дәстүрі негізінде Батыс Еуропа демократиясы тәжірибесін пайдаланып, болашақта ұлттық мемлекет құру идеясын ту етіп көтерді.

«Алаш» партиясынан басқа өлкеде Түркістанның діни бағыттағы елеулі «Шура-ислами» және «Шура-улема» саяси ұйымдары құрылды. Діни ұйымдардың ықпалы республиканың оңтүстік өңіріне таралды. Қазақстанның ірі қалаларында эсерлер мен кадет және социал-демократиялық топтар әрекет етті. 1917 жылдың соңында қазақтың ұлттық, демократиялық бағыттағы саяси ұйымы «Үш жүз» партиясы құрылды. Партия мүшелері өз ұйымын «Қазақтың социалистік партиясы» деп атады. Партияның орталық комитетінің орналасатын жері Омбы қаласы болып белгіленді. Қазақтың демократиялық-радикалды топтарының мүдделерін қорғай отырып, олар «Алаш» партиясына қарсы идеялық-саяси күрес жүргізді. «Үш жүз» партиясы большевиктерді қолдап, оларға өлкеде кеңестік билікті орнатуға көмектесті. Күн тәртiбiнде қазақ халқының ұлт ретiнде жоғалуы, не өзiн-өзi сақтауы үшiн күреске шығу мәселесi тұрды. Ресейде патша билігінің құлауы нəтижесінде қазақтың ұлтжанды қайраткерлерінің ұйымдастырумен Орынборда 1917 ж. 5-13 желтоқсанында Жалпықазақтық ІІ съезд өтіп, онда қазақ халқы орналасқан аудандарда Алаш автономиясын құру туралы шешім қабылдады. Қазақ жерінде «Алашорда» деп аталатын қазақтың ұлттық үкіметі (1917 ж. 13 желтоқсанда) құрылып, 1917–1920 жж.өмір сүргені тарихтан белгілі. Олардың ең басты мақсаты өз халқын отарлық езгiден азат ету болатын. Алаш автономиясының құрамына сол кездегі Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарындағы, Каспий сырты облысындағы, Алтай губерниясындағы қазақтар мекендейтін аудандар енгізілді. Ұлттық мүдені қашанда жоғары ұстаған Ж.Аймауытов басқа да ұлт жанашырларымен бірлесіп ашаршылықа ұшыраған елге көмек көрсету мақсатында өзі тікелей араласып, басқаларға үлгі бола отырып жылу жинады. Аштық Торғай елін есіңгіреткен тұста М.Дулатов ел аралап сауын айтып, аштыққа ұшырағандарға қол ұшын берулерін сұрап Семей губерниясының үш уезін аралап шықты. М.Әуезов Ертіс бойын аралап елден мал жинады. Ә.Бөкейханов өзі бас сауғалап жүрсе де 1921 жылы тобықтының Шаған, Бұғылы, Шыңғыс, Мұқыр, Қызыладыр және найманның Сыбан болыстарынан сауынға мал жиып, Торғайға мал айдап бара жатқан Жүсіпбек Аймауытовқа табыстайды. Жанұшыра қимылдаған А.Байтұрсынов та қысыл таяң жағдайды баяндап, аштықтан халықты аман алып қалу үшін көмек қолдарын созуды сұрап үндеу жазды. Жылу малын жинаушы ұлт зиялыларының ел ішіндегі беделінің, ықпалының жоғарылығы, оларға деген халықтың сенімі болар 1922 жылдың жазында 7 мың бас мал жиналды. Жиналған малды шалғайда жатқан Торғай еліне апарып, ашыққан елге тарату жоспарланды. (10мин)


4. Жаңа тақырыпты бекіту:

Тапсырма 1. Топтық тапсырма: сәтті дөңгелек арқылы таңдалған сұрақтарға жауап беру (10 мин).

1 .«Үш жүз» партиясы қашан құрылды жетекшілері кімдер болды.

1917 жылы қараша айында М. Аитпенов, К. Тоғысов

2. 1919 жылы 10 қаңтарда Тройцкіде жарық көрген «Айқап» журналының ұйымдастырушы баспагері және редакторы болған тұлға: Мұхамеджан Сералин

3. Жалпықазақтық І съезд қашан болды: 1917 жыл 21-26 шілде

4. Орынбордағы Жалпықазақтық ІІ съезд қашан өтті

1917 ж. 5-13 желтоқсанында

5. 1910 жылы Қазан қаласындағы баспасынан ең алғашқы қазақ романы: «Бақытсыз Жамал» М. Дулатов

6. 1921-1922жылы ашаршылыққа ұшыраған халыққа жылу жинауды ұйымдастырғандар: Міржақып Дулатов пен Жүсіпбек Аймауытов

7. 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кесілген: Әлихан Бөкейхан

8. Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы: Ахмет Байтұрсын

9. ХХ ғасырда құрылған діни ұйым. «Шура-ислами»

10. 1921-1922жылдары ашаршылық қатты сезілген аймақ: Торғай


Т апсырма 2. Топтық тапсырма – кестені толтыру шарты: мәліметтерді оқи отырып, оның ақиқат не жалған екенін белгілейді ( 10 мин).









р/с

Сұрақтар

Ақиқат

Жалған

1

«Маса» Байтұрсыновтың 1911 жылы Орынборда жарық көрген жинағы.

+


2

А. Байтұрсынов 1913-1917 жылдарда «Қазақ» газетінің редакторы болған.

+


3

А. Байтұрсынов «Алаш» партиясының төрағасы болды?


+

4

«Айқап» журналының ұйымдастырушы баспагері және редакторы болған тұлға Мұхамеджан Сералин


+


5

Алаш партиясы «Қазақ» газетінде өз бағдарламасын жариялаған


+

6

Т.Рысқұлов Түркістан автономиясының негізін қалаған.


+

7

Хақназар ол ең Қазақ хандығын ең ұзақ билеген хан

+


8

Орбұлақ шайқасы 1711 жылы болды


+

9

Абылай мен жекпе-жекке шыққан жоңғар ақсүйегі Батур қонтайшы


+

10

Тәуке хан XVII ғ. І жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы


+



Тапсырма 3. «Венн диаграммасы» (10 мин).

Шарты: «Алаш» және «Үш жүз» партиясының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып салыстырады.


«Shape1 Алаш» партиясы «Үш жүз» партиясы

Shape2

р





5 . Сабақты қорытындылау:

Білім алушылардан не үйренгенді, қиын болған сұрақтары мен жаңалықтары туралы айтып, сабақты қорытындылаймыз. Бағалау




  1. Үйге тапсырма: Сабақ материалдарының негізінде «Алаш» партиясы туралы таныстырылым (презентация) дайындау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!