Материалдар / Алаш туы астында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алаш туы астында

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш қайраткерлерінің Қазақстан үшін істеген еңбектері туралы жазылған. Арыстарымыздың біз секілді жас ұрпақ үшін маңызы зор. Бұл туындымда бүгінгі кездегі "Алаш" зиялыларының алатын рөлі көрсетілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Маусым 2022
346
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алаш Туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!

Мына жерге көмдік біз!
Жасасын, алаш, жасасын!
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз!

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Алаш! Бұл сөзді естігенде әрбір қазақтың бойында қаны тарап, рух жинайтындай. “Алаш” ұғымын біз қалай түсінеміз? “Алаш айбындары” дегеніміз кімдер? “Алаш” ежелгі түркі тілінде “бір туған қандастар” деген мағына береді. Ал біздің білуімізше бұл еліміздің тарихы,баға жетпес қазынасы. “Алаш айбындары” қазақтың бір айрандай ұйыған мемлекет болып қалыптасқанын қалаған, бейбітшілік жолында өздерін құрбан еткен ардақты азаматтар еді. Ұлы зиялыларымыздың істеген еңбегі қандай болды? Олар өз мақсатына жетті ме?

Аты тарихымызда таңбадай із қалдырған “Алаш” партиясы мың тоғыз жүз он жетінші жылы құрылған еді. Олардың басты мақсаты – өз- өзін ұлт ретінде сақтап қалу, біртұтас ел болып даму, өз құқығын қайтару, қазақ тілінің мәртебесіне жету болды. Бұл қазақ- қырғыз Алаш автономиясының үкіметі саяси және әлеуметтік- экономикалық бағытта жұмыстанып, түрлі мәселелердің алдын алған. Төрағасы Әлихан Бөкейханов болған бұл партияның ішкі жағдайын тереңінен қарастырайық. Екі ғасыр бойы патшалық Ресейдің қыспағында қалған, жаны сыздаған қазақтың көзін ашып, көкірегін ояту барысында Алаш қайраткерлері “Оян Қазақ, көзіңді аш, көтер басты!” деп ұрандап қалың ұйқыда жатқан халыққа үндеу салды. Елдің еңсесін көтеріп, қаламын қару етті. Алайда Алаш зиялылары тек насихат қылумен тоқтап қалмады.

Қазақтың либералдық- демократиялық лидерлері “Қазақ” газетінде өзінің “Алаш” партиясының бағдарламасының жобасын жариялады. Мұнда партияның мемлекеттік құрылымы, білім саласы, тіл мәселесі, дін, ағарту және ғылым салаларын қарастырды. “Халық келіп, кеткенді сыйламайды, қиылып қызмет еткенді сыйлайды” демекші халыққа бұл ұсыныс ұнап, көпшілігі қолдауын білдірді. Бірақ билеуші партияға айнала бастаған большевиктер халықтың дамуына әкелетін бұл әрекетке қарсылық көрсетті. Сүйтіп қақтығыстар туындап, жұмыс жасау күрделене түсті.

Басқа бұлт төнгенге қарамастан Алаш арыстары алға жылжуды тоқтатпады. Ұлт зиялылары ұйымдастырған, төрт күнге созылған бірінші съезде мемлекетті басқару жүйесі, жалпы білім беру жүйесінің әлсіздігі, мәдениет , оқу-ағарту мәселелері бойынша өзара талқылап, шешім шығарды. Көптеген орта оқу мектептерін ашумен қатар қазақ тіліндегі газеттер көп шығару керек деген тұжырымдама жасады. Осылайша барлық мәселелердің саны жиырма үшке жеткен. Сәйкесінше мың тоғыз жүз он сегізінші жылы құрастырылған кітаптарын, бағдарламасын баспаға жариялап, аз аздан үздіксіз жұмыс істеп нәтижеге қол жеткізе бастады.

Тіл – ұлттың даңқы! Алаш қайраткерлері тілді ең бірінші орынға қойған. Алашорда идеологы саналған Ғұмар Қараш “тіл болмаса, ұлтта болмайды!” деп өз сөзінде баяндаған. Иә, расыменде ана тілі құрдымға кетсе, елде қай бағытта жүрерін білмейді. Зиялыларымыз соны аңғара отыра тілді көркейту жоспарында кітаптар басып, газет шығарып, мектептер ашып халықты бірлесе көтеруге талпынды. Әрине бұл жасалынған игі істердің барлығы большевиктерге қиындық тудырды. Сол үшінде олар тосқауылдан құтылу үшін жаппай қуғын сүргінге ұшыратты. Қазақтың қаймағы сыпырылды. Алаш арыстарынан бөлек қарапайым халықтың берекесін алды. Оларға “ұлтшыл” атты айып тағылды. Салдарынан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев секілді қазақтың бетке ұстарларын ату жазасын кесілді. Нәтижесінде сол кезде қазақтардың жүз үш мыңы астамы қуғын сүргінге ұшыраса, жиырма бес мыңы ату жазасына артылды. Осылайша біртуар азаматтарымызға жала жабылып, зиялыларымыз халқы үшін жанын пида етті. Айбынды қайраткерлерімізді еске алу күнін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 31 мамыр деп жариялады. Бүгінгі күнде олардың ерлігі тарихта төрден орын алып, мәңгілік жадымызда.

Алаш арыстарының арманы бүгінгі күнде шындыққа ұласты. Арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқарлары бар, сайын дала, жазираны мекендеген мейірбан халқы бар – егеменді Қазақстан. Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан қазіргі кезеңде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбіршілігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату- тәтті өмір сүріп жатқан бейбіт мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, өнер , мәдениет жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде. Осы жетістікке жетуге себепші болған біздің Алаш арыстарындай ата- бабаларымыз деп нық басып айта аламын.Біз ендігі болашағы бұлдыр халық емеспіз. Жарқын болашаққа аяқ баса отыра, өткенімізді еске ала жүру керек. Біз секілді болашақ ұрпақтың міндеті осы тарихи құндылығымызды ұмытпай, бір-бірімізбен ынтымағымыз жарасып, елді гүлдендіріп биік белестерден көрсету. “Пәлен жерде алтын бар, өз жеріңдей қайда бар” дегендей ешқандай өлке біздің сүйікті Отанымызға жетпейді. Мен өзімнің Қазақстанымның кешегісі мен бүгінгісін айта отыра, басымды аспанға көтеріп мақтана аламын. Желбіре аспанда көк туым!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!