"Алаш" ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. Семей қаласы - Алаштың астанасы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Алаш" ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. Семей қаласы - Алаштың астанасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш идеясының негізгі өзегі болып табылатын мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту, ұлт тарихын, тілін, мәдениетін сақтау мәселелері қазақ зиялыларының ұранына айналды. Сондай-ақ батыс мәдениетіне назар аудара отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіндегі ең үздік әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін қабылдауды жақтады. Алаш зиялылары қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді мақсат етті. Осыдан 93 жыл бұрын, 1917 жылдың маусым айында жергілікті тұрғындар жиыны Семей қаласының бұрынғы «Заречная слободкасын» «Алаш» қаласы деп атау туралы шешім қабылдады. Ал 1917 жылдың 13 желтоқсанында Орынборда ІІ жалпықазақ құрылтай жиынында Алашорда ұлттық-территориялық автономиясының астанасы етіп «Алаш» қаласын белгілеу туралы шешім қабылданып, автономияның басшылығы Алаш қаласына 1918 жылдың наурыз айында көшіп келіп орналасты. Іс жүзінде 1918 жылдың наурыз айынан 1920 жылға дейін Алашорда ұлттық-территориялық автономиясының ресми астанасы Алаш қаласы болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Абай облысыының Білім басқармасы

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Күні:

23.04.2024

Оқытушы аты-жөні:

Ораз Айдын Әмірбекұлы, Уакбаев Мақсат Бақытжанұлы.

1-курс. Топ:

11 ЭАк, 12 ТЭМк

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тарау немесе бөлім атауы:

VII Бөлім. Қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Пән:

Қазақстан тарихы, Өлкетану



Сабақтың тақырыбы:

«Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері. Семей қаласы - Алаш астанасы!


Сабақтың түрі:

Кіріктірілген

Сабақтың мақсаты:

11.3.3.2 "Алаш" ұлттық идеясының біріктіруші маңыздылығын анықтау; Өлкеміздегі тарихи мәдени ескерткіштерінің маңыздылығын бағалай алады

Сабақтың міндеті:

Білім алушыларға отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, мемлекеттік құндылықтарды құрметтеуге үйрету

Бағалау критерийі:

І Бүкілқазақ съезінің 1917 жылы 21-26 шілдеді өткендігі және осы съездің шешімі бойынша «Алаш» партиясының құрылғандығын түсіндіреді. Сонымен қатар «Алаш» қаласы Семей қаласының орталығы болғандығына мән береді.

Пәнаралық байланыс:

Мәдениеттану, дүние жүзі тарихы.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Сабақтың басы



1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрап, оқушыларды диалогқа түсіру;

3. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

1. Оқытушымен амандасады.


Ауызша бағалау


1-2 слайд

Сабақтың ортасы

1.Слайдпен таныстыру;

2.Тақырыпты түсіндіру 3.Тапсырма беру;

1.Слайдтағы өзіне қажетті мағлұматты дәптерге түртіп алады.

2.Оқулықтан шолу жасау.

3.Мәтінмен жұмыс

Формативті бағалау

3 -12 слайд


https://www.youtube.com/watch?v=Xe6-oV8Pfzg

13-16 слайд

Сабақтың аяғы

Қорытындылау сұрақтарын беру, жауап алу

Ауызша жауап беру, оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Қысқаша конспект

























Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

Кестемен жұмыс








«Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері

Алаш идеясының негізгі өзегі болып табылатын мемлекеттілік дәстүрін жаңғырту, ұлт тарихын, тілін, мәдениетін сақтау мәселелері қазақ зиялыларының ұранына айналды. Сондай-ақ батыс мәдениетіне назар аудара отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіндегі ең үздік әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін қабылдауды жақтады. Алаш зиялылары қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді мақсат етті. Осыдан 93 жыл бұрын, 1917 жылдың маусым айында жергілікті тұрғындар жиыны Семей қаласының бұрынғы «Заречная слободкасын» «Алаш» қаласы деп атау туралы шешім қабылдады.
Ал 1917 жылдың 13 желтоқсанында Орынборда ІІ жалпықазақ құрылтай жиынында Алашорда ұлттық-территориялық автономиясының астанасы етіп «Алаш» қаласын белгілеу туралы шешім қабылданып, автономияның басшылығы Алаш қаласына 1918 жылдың наурыз айында көшіп келіп орналасты.
Іс жүзінде 1918 жылдың наурыз айынан 1920 жылға дейін Алашорда ұлттық-территориялық автономиясының ресми астанасы Алаш қаласы болды.

«Мағананы тану» кезеңі:

Оқытушы түсіндіруі: І Бүкілқазақ съезінің 1917 жылы 21-26 шілдеді өткендігі және осы съездің шешімі бойынша «Алаш» партиясының құрылғандығын түсіндіреді. Сонымен қатар «Қазақ» газетінің ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым болғандығына мән береді.(тыңдалым)

1-тапсырма(Д/Ж). Бейнематериалды тыңдап, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

  1. Алаш партиясы қашан және қайда құрылды?

  2. Алаш партиясының облыстардағы ошақтары және оның көшбасшылары туралы не білесіңдер?

  3. Алаш партиясының жетекшілерінің атаңдар

  4. Алаш партиясының ІІ съезінің мақсаты неде?

  5. Алаш партиясының Орынбордағы жетекшілері кімдер?

  6. Түрістан автономиясын құру идеясының мәні қандай?

Дескриптор:

  • Алаш партиясының құрылған уақытын, құрылу үрдісін біледі.

  • Алаш партиясына мүше болған саяси қайраткерлерді атайды.

  • Қазақ зиялылардың саяси көзқарастары, ұстанымдарын түсіндіреді.

  • Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі айналысқан істерді атайды.

2-Тапсырма. Берілген cуреттерге атау беріп, мағынасын ашып жазыңыз.

Дескриптор: Алаш бағдарламасында ұлттық идеологияның көрініс табуын анықтай алады.


Дескриптор:

  • Бұл деректер қашан және қайда жазылған?

  • Қоғамдық өмірдің қандай салалары қамтылғандығын

  • басқа партиялардың бағдарламасымен салыстыра бағалайды.

  • Құжат қандай қоғам топтарының мүддесін қорғаған?

  • Салыстыруды қорытындылап, ой-түйін жазады.


Сабақты қорытындылау:


3. тапсырма.

1. «Семей қаласындағы тарихи-мәдени 5 орын»

Дескриптор:

Бағалау критерийі:

Семей қаласының тарихи-мәдени орындарын анықтау.

Дескриптор:

Семей қаласының тарихи-мәдени орындарының маңызын бағалау

Үйге тапсырма:

Оқу. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау,

Шығармашылық тапсырма

«Семей қаласының тарихы»

«Алаш» ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері» тақырыбының бірін таңдап алып, мақала жазыңдар. (Сөз саны: 150–200)
Мақала критерийлері:
Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
Негізгі бөлім (кем дегенде 2 дәлел келтіру)
Қорытынды (өзіндік баға беру)

Дескрипторы:

  • Тарихи орындарға сипаттама береді.

  • Әлихан Бөкейханның «Алаш идеясы» жолында еткен еңбегіне баға береді;







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.04.2024
718
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі