Материалдар / Алаш үшін құрбан болған ардақтым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алаш үшін құрбан болған ардақтым

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың біртуар азаматы, Алаш қайраткерлерінің бірі, ұлт жанашыры, мәлім де беймәлім Райымжан Мәрсеков туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2023
219
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алаш үшін құрбан болған ардақтым


Райымжан Мәрсеков - (1877 жылы Семей облысы, Айыртау болысында туған, қайда, қашан қайтыс болғаны толық мәлім емес) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, заңгер, публицист қазақтың мүддесін көздеп, қамын жеген ұлт ойшылы еді.

Жастайынан білімге құштар болған Райымжан, 1897 жылы гимназияны жақсы нәтижемен аяқтағап, Қазан университетіне оқуға түседі. Оқуда жүрген кезінде қазақша, орысша екі тілге бірдей жетік болып, зеректігімен жұрт назарына ілігеді. Университетті 1902 жылы «заңгер» мамандығы бойынша бітіреді. Сол мамандық бойынша 1912-1917 жылдары Семейде адвокат қызметін атқарады. Бұл қызметтерде ол асқан шешендігімен, парасаттылығымен халқы үшін қызмет етеді. Ол кезде Семей округтік сотына қазақтардың істері көп келетін. Ол, әділдікті сақтай отырып, дауласқан екі жақты бейбіт келісімге келетіндей шешім шығаруға тырысатын,  Әлеуметтік жағдай, заманның талабы Райымжанға тек қана заңгерлікпен шұғылдану жеткілікті болмайтынын ұқтырады. Ол қолына қалам алып, қазақ халқының рухани кұндылықтары, әлеуметтік әл-ауқаты туралы мақалалар жазып, дарынды публицист ретінде танылады. Қазақ халқының тарихы мен әлеуметтік өмірін зерттеген еңбектері – кезінде ғылыми ортаның қызу талдауына ие болған.

1912 жылдан кейін ол қоғамға толысқан, кемел ойлы қайраткердің көзімен қарай бастайды. 1912-1916 жылдары «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жарық көрген патша үкіметінің отаршылдық саясатының сырын әшкерелеген мақалалары оның жанкешті ерлігін танытады. Ол өз шығармаларында қазақ қоғамы болашақта қалай дамуы қажет деген мәселе жөнінде де толғанады.

Райымжан – Алаш қозғалысына да белсене араласып, оның жетекшілерінің біріне айналды. Алаш үкіметіне, қазақ халқына қалтқысыз еңбек атқарды. Саяси күрес барысында өзі де кемеліне келіп толысты. Халқының жоғын жоқтап, мүддесін қорғауды басты мақсатым деп білді. Қоғамның қай саласында жүрсе де, халықтың ұлттық өнері мен мәдениетін дамытуды назардан тыс қалдырмады. Ол Семейдегі «Сарыарқа» газетін ұйымдастыруға қатысты, біраз уақыт жауапты шығарушысы да болды. 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Қазақ әдебиетінің жайынан» атты мақаласы қазақ әдебиеті мен тарихын тану мен дәуірлеу туралы ғылыми ой бастауларының бірі болып қалды.

1917 жылы Семейде қазақ комитеті құрылады және оның төрағасы болып сайланады. 1917 жылы 27 сәуір, мамыр айларында Семей облыстық қазақ съезін өткізуге ат салысты. Алаш партиясы атынан Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутат болып сайланды.

Ол, Алаш көсемдерінің шешімімен Қытай жеріндегі қазақтарға Алаш идеясын насихаттап, бытырап жүрген барлық қазақ баласын Алаш туы астына бірігуге шақыратындай ауыр міндет, асқақ арман арқалап Қытай жеріндегі қазақтардың ұлттық рухын оятуға бар қажыр-қайратын жұмсады.

Осы асқақ арманды орындау мақсатында 1920 жылдары М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы қатарлы ұлт зиялыларымен бірге Шәуешекке іс-сапармен барған. Сол жолы әзіргі Толы ауданына қарасты Майлы тауының Қоңыроба сазы жайлауын жайлап отырған әйгілі Қызыр Үкірдайға келген екен. Қытайда астыртын жүрген ол, өзінің алашордалық әріптестерімен арнайы пароль арқылы байланысып отырды. Қайда барса да «К9В» деген жазуы бар кішкене ағаш тақтайшаны үнемі өзімен бірге алып жүрген. Бірақ сырт көзге сезік тудыртқан осы тақтайшаны 1936 жылы Құлжаға барған сапарында сондағы бір ноғай көріп қалып, үкімет адамдарына хабарлайды. Райымжанның арғы тағдыры, қалай қаза тапқаны сол күйі жұмбақ болып қалған. Бір деректерге қарағанда, бір топ адамды қапқа салып, тірідей жерге көмген. Солардың арасында Райымжан Мәрсеков те кеткен десе-ді.

Қорытындылай келе, Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімі тарихта беймәлім болып келген алаш азаматының қайта оралуы халқымыздың сана-сезімін дүр сілкіндіріп, рухани өмірімізге өлшеусіз серпін бергені тарихи ақиқат. Міне сондықтан да біртуар ардақтыларымыздың өмірі мен халық үшін атқарған қызметін жан-жақты терең зерттеу, олардың әрқайсысын халық арасында насихаттау - бүгінгі күн күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселе. Неге десек дара тұлғаларымыздың өмірін, олардың халық игілігі мен болашағы үшін сіңірген еңбектерін және жалпы философиялық, қоғамдық-саяси, құқықтық көзқарастарын зерттей отырып, бүкіл тарихи процесті, эволюциялық және революциялық даму барысын жете түсінуге болады.

Райымжан Мәрсеков Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, заңгер, публицист қазақтың мүддесін көздеп, қамын жеген ұлт ойшылы. Ұлт жанашыры, қазақ халқының бостандығы теңдігі жолында аянбай тер төккен қазақтың біртуар Азаматы. Алаш үкіметіне, еліне деген махаббаты қалтқысыз еңбек етуге әкелді. Алаш әскерін жасақтау, жер дауын шешу, елді азық-түлікпен қамту, қазақ жастарын оқыту ісін жүйелі жолға қою сияқты ұлттың көкейтесті мәселелеріне көңіл бөліп, соған пайдасы, септігі тиетін қадамдар жасап отырған. Осындай батыр дара тұлғаларымыздың ерлік істері жас ұрпаққа үлкен өнеге деп білемін.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Дулатбеков, Нұрлан. Алаш ардақтылары : Санкт -Петербург іздері [Мәтін] / Н. Дулатбеков. - Қарағанды : Болашақ -баспа, 2012. - 188 б.

  2. Қазыбек Н. Тасада қалған тарландар [Мәтін] : Танымдық мақалалар / Қазыбек Н. - Алматы : Білім, 2003. - 76 б.

  3. Қазыбекұлы, Нұрқасым. Ағалардан қалған із [Мәтін] / Н. Қазыбекұлы. - Алматы : Қазығұрт, 2011. – 376 б.

  4. Қамзабекұлы, Дихан. Алаштың рухани тұғыры [Мәтін] : ғылыми зерттеу / Д. Қамзабекұлы. - Алматы : Ел шежіре, 2008. - 357 б

  5. Қапанов Б. Нәрін, дарын, бәрін берген - туған жер [Мәтін] : очерктер / Б. Қапанов. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 703 б.

  6. Әлина Р. Райымжан Мәрсеков – алыстағы жылдардың қасіретті тағдыры: (адвокат) // Дидар.-1999.-10 шілде.-2 б.

  7. Мәрсеков Р. // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 6- том.-Алматы, 2004.-427 б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!