Материалдар / «АЛАШ» ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«АЛАШ» ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2021
1109
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«АЛАШ» ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ



Қазақтың сан ғасырлық тарихында ерекше әріптермен жазылған Алаш қозғалысы. Ол тарихи – саяси құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени – рухани даму жолын жаңа жолға бағыттады. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, білім мен мәдениет сатысына көтерілгендігін ерекшелей отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына күш жұмсаған жаңашыл қозғалыс еді. Алаш зиялылары ұлттық сананы көтеру, одан туындайтын тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ ұрпағының бойына сіңіру сияқты іргелі мәселерді көтерді.

Алаш зиялыларының сан-салалы мұрасынан, олардың өнегелі іс-қимылдарынан алатын тәрбиелік тағылым мол. Сондықтан Алаш қозғалысына өткен дәуірдің тарихи оқиғасы ретінде ғана қарамай, оны бүгінгі заманның жаңаша қозқарастарының жиынтығы ретінде бағалап, сол бүгінгі тәуелсіздік тұғырымен сабақтасып жатқандығына мән беріп, одан тәлім-тәрбиелік өнеге алуымыз қажет.

«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт үстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады. «Алаш» идеясы - халықтың рухани-танымдық құндылықтары мен тәлім-тәрбиелік ұстанымдарын сақтау, оны ұрпаққа жеткізу идеясы. Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау, ұлттық болмысымызды насихаттау, салт-дәстүрімізден аластап кетпеу мәселесі тұрды.

Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тәрбие мен саяси, қоғамдық мәселелерге ерекше мән беріп, оның тұтас ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың мін-мазмұныныда тәлім-тәрбие мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тәрбиелік еңбектері мен қазақ тілі жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тәрбие төңірегіндегі еңбектерінің алуандығы – олардың ұлт тағдырындағы маңызын әрі терең, әрі жан-жақты түсінгендігін аңғартады.

Қазақ халқында да осындай оқу-ағарту ісіне мейілінше еңбек еткен ұлы тұлғалар болды.  Солардың бірі де бірегейі алаш арыстарының бірі, өзі өмір сүрген дәуірдің бір туар азаматы, халқының патриоты атанған Мағжан  ақын зерттеп, этнопедагогиканың негізін салды.

М.Жұмабаев әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым. Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiн жазумен   бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жүздеген педагогикалық жаңа терминдердi ойлап тауып, тiлiмiзге енгiзген.

М.Жұмабаевтың «Педагогика» атты ғылыми еңбегі болашақ ұрпақ тәрбиесін беруге бағытталған. Оның педагогикасының мақсаты:

1.Ақыл тәрбиесі,

2. Құлық тәрбиесі,

3. Сұлулық тәрбиесі,

4. Дене тәрбиесі.

Ақыл тәрбиесі – түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын болса. Құлық тәрбиесі – жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса, Ал, сұлулық тәрбиесі – сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден лаззат алып, жан толқытады. Сонымен қатар, дене тәрбиесі – ыстық-суық, денсаулықты сақтау мәселелері қарастырылады.

Осы төрт тәрбиенің психологиялық астарларына тоқталып өтейік. Мәселен: Ақыл тәрбиесінде адамның интеллектуалды, креативті дамуы. Құлық тәрбиесінде адамның тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуындағы мінез-құлық психологиясы. Мінездің қалыптасуындағы маңызды мәселелеге көңіл бөлген. Екінші сұлулық тәрбиесі. Бұл сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас техникасы мен ережесінің дұрыс қалыптасуы. Сонымен қатар, дене тәрбиесінде адамның денсаулық психологиясы, салауатты өмір салтын ұстану мәселесі қарастырылған.

Педагогика саласында тәрбиенiң бұдан басқа да бiрнеше түрлерi бар. Бірақ М.Жұмабаев төрт тәрбиеге баса көңiл бөлуi сол заманның талабы мен сұранысынан туған көзқараспен астасып жатыр. Бүгiнгiдей экономикалық, экологиялық және құқықтық тәрбие ол жылдарды айтарлықтай өзекті мәселе болмаса керек.Ол осы тәрбиенiң төрт түрiн тәптiштеп түсiндiре келiп, былай дейдi: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны.  Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…» – деген тұжырымдар арқылы М.Жұмабаев тәрбиенің мақсатының маңыздылығын ерекше айқындап бередi.

Жұмабаев М. Өзінің «Педагогика» оқулығын 5-ке бөледі. Олар:

1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді.

2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді.

3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдарын көрстеді.

4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай  салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек.

5. Педогогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педогогика тарихы осыларды баяндайды [2].

Ұлы М.Жұмабаевтың еңбектеріндегі ұстаздық-тәлімгерлік идеялары біз үшін өте құнды дүниелер болып табылады. Автордың туған халқының тәлiм-тәрбиелiк бай мұрасын игеру жөнiндегi бағыт-бағдары да құптарлық.

М.Жұмабаевтың пікірінше, «Ұлт тәрбиесi – баяғыдан берi сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбiр тәрбиешi сөз жоқ, ұлт тәрбиесi мен таныс болуға тиiс. Сол ұлт тәрбиесi мен тәрбие қылуға мiндеттi».

Мағжан орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинскийше, педагогиканың жан сырын терең зерттейтiн психология ғылымы мен байланыстыра қарастырып, қазақтың халық педагогикасын ғылыми тұрғыда зерделеп, болашақ ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне қажетті құнды дүниелер қалдырып кеткен.

 Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. ана тілінде мектеп ашу мәселесімен бірге халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға аса мән берді.

Қазақтың этнопсихологиялық табиғатын зерттеген психологтардың В.Стасов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Мұқанов, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев еңбектері баланы дамыту мен тәрбиелеуде, оның тұлға ретінде қалыптасуында психология мен этнопсихология ғылымдарының маңыздылығын сипаттайды. Сонымен қатар қазақ салт – сана, әдет – ғұрып, дәстүр, ұлттық өнер мен ауыз әдебиеті үлгілерінен талғым айтып, мұра қалдырып кеткен ортағасыр ғұламалары әл – Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құанбаев еңбектері, педагогикалық ой – пікірлерін оқып – үйрену, жинақтаған ілімді заман талабына сай оқушыларға ұлттық рухта тәрбие беріп, ақыл – ойын дамыту әрбір педагогтың міндеті. Бірақ әлі де болса баланы ұлттық сипатта дамыту, оның жан дүниесін зерттеп, тану және баланың бойына ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру психология ғылымында үлкен ізденушлікті талап етеді.

Шәкәрім Құдайбердиев болса өзінің «Үш анық» атты еңбегінде  тәлім-тәрбиенің көптеген сұрақтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетеді, адамгершілікті «ар ілімі» деп  қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды деп дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен байланыстырады. Бұл тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталды. Оның рухани-адамгершілік қасиеттерін, мейірімділік сезімін тәрбиелеуге негізделді.

Ш.Құдайбердиев «Үш анық» атты философиялық еңбегінде тұлғаны рухани қалыптастыру мәселесіндегі маңызы ерекше. Ол өзінің еңбектеріндегі «жан, рух» жайындағы тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау ой жетегінен адамгершілік рухани қадір қасиеттердің біртұтастығын және оның қалыптасуы жан мен рухтың, тәннің үйлесімділігінен туындайтынын ұғынуға болады.

Ш. Құдайбердиевтің “Үш анық” шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ақыл мен мінез үйлесімділігін қалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Адам өміріндегі мақсаты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны, жақсы ой мен жаман ойды, ажыратып, тура жолын, өмірдегі өз орнын таба білу рухын өсіріп, нәпсісін тиып тәрбиелеу оның басты қағидасы болды.

Сонымен, Алаш қозғалысы – XX ғасырдағы қазақтың мемлекетшілдік идеясы болды. Алаш қозғалысы – жаңашыл жасампаздың көшбасшысы. Алаш қайраткерлерін түгелдей қырып тастағанмен, олардың идеялары қазақ халқының санасында, жаужүрек ұлдарының іс-әрекеттерінде жалғасын тапты. Алаш рухы қазіргі ұрпақты елдікке, ауызбірлікке, елге адал қызмет жасай білуге үндейді. Тәуелсіз Қазақстанды нығайта түсуге шақырады. Кешегі Алаш идеясы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік алғаннан кейін бұрын тыйым салынған – Алаш қозғалысы тақырыбы қазіргі таңда отандық тарихымыздың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қайта зерттелуде. Алаш зиялыларының өмірі мен ісін мұқият зерттеп, олардың жетістіктерін бағалап, қателіктерінен сабақ алу, даналығын бағамдап, олар ашқан ақиқатты пайымдау қажет. Елімізідің өткенінен сабақ ала отырып, бүгінгі жаңаруларда жаңылыспауға тиіспіз. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қалиев Қ. Этнопедагогика. - Астана. 2003

  2. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы. 1992

  3. Сеңкібаев С. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында. – А. 1997.

4.  Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: Ататек, 1995

5.  Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы, 1993.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!