Материалдар / Алаш зиялыларының ұлт мүддесі үшін жасаған ерен еңбектері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алаш зиялыларының ұлт мүддесі үшін жасаған ерен еңбектері

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш зиялыларының басты мақсаты бодаңдықтың бұғауынан құтылу болғанын түсінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
62
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Тақырыбы:Алаш зиялыларының ұлт мүддесі үшін жасаған ерен еңбектері

Бағыты: Гуманитарлық

Секциясы: Тарих,өлкетану,этномәдениеттану



Орындаушы:

Сыныбы:

Жетекшісі:
















2024 жыл









Алаш зиялыларының ұлт мүддесі үшін жасаған ерен еңбектері

МАЗМҰНЫ


І. Кіріспе

1.1 «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының дүниеге келуі

ІІ. Негізгі бөлім


2.1 «Алаш» қозғалысы-Тәуелсіздік бастауы
2. 2 Азаттықты аңсаған Алаш азаматтары


ІІІ. Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі































Аннотация

Ғылыми жұмыста жас зерттеуші «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрылғандығы және Алаш зиялыларының ұлт мүддесі үшін жасаған ерен еңбектері жайлы туралы айтады. «Алаш»-осы төрт ақ әріптен құралған мазмұны терең елеулі сөз былай қарасаң айтуға оңай. Алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасіреттерін, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдырларын, қазақ халқының тарихынзерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұсыныстар жасаған .

.

Annotation

In the research, the young researcher tells about the formation of the government "Alashorda" and the great work of Alash intellectuals party "Alash" and the in the interests of the nation. "Alash" is a very important word consisting of these four white letters. However, under this word, he expressed his views and suggestions in the study of the innumerable tragedies, the difficult fate of the Kazakh intelligentsia who sacrificed for his nation, the history of the Kazakh people























Өзектілігі. 1917 ж құрылған «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрылғанына 2017 жылы 100 жыл толды. Төл ұлттық мемлекеттігіміздің бастауы болған осы ғасырлық тойға орай Алаш қозғалысы мен көрнекті Алаш зиялыларына қатысты барша дерек, ақпараттар жарық көрмек. Осындай баға жетпес мәдени-таника» библиографиялық қорына қосылған зор үлес болса, ал оны толықтай қазіргі жазу үлгісіне көшіру, яғни араб қаріпті ескерткіш мұраны көпшілікке қол жетімді ету – қазақ қоғамдық және гуманитарлық  ғылымын жаңа бір саты, деңгейге көтеруге жәрдемдесер еді.

Жоғарыда айтылған мәселелер ұсынылып отырған жобаның ғылыми және практикалық маңыздылығын дәлелдейді. Практикалық маңыздылығы сонда мұрағат және өзге деректік материалдар негізінде жасалған негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты ҚР мемлекеттік және үкіметтік ұйымдардың қызметінде қолдануға болады.

Ғылыми және практикалық маңызы,жалпыұлттық «Қазақ» газеті бірегей жәдігер болғандықтан оның ғылыми айналысқа түсуі тарихшы, филолог, саясат, экономист т.б. мамандар үшін таптырмас қазына.


Мақсаты:


Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату. Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, демократиялық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеп, зерттеу.

Жұмыстың құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім,қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Негізгі бөлімде:1. «Алаш» қозғалысы-Тәуелсіздік бастауы 2. Азаттықты аңсаған Алаш азаматтарына тоқталамыз














КІРІСПЕ


Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сілемі байқалады. «Алаш –алаш болғанда, таңбасыз тай, енсіз қой болғанда» деп келетін сөздер осыған саяды. Қазақ халқының басын құрайтын ежелгі тайпалардың көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, «Алты Алаш» деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген ортақ түріктік атауАлтын Ордада яғни Қыпшақ мемлекеті ыдырағанан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы болған сияқты. Ал, енді қара қазақ шақыратын «Алаш» ұраны «алаш-алаш болғанда, Алаша хан болғанда, бұл қалмаққа не қылмадық» деген сөздер кейінгі Алаша хан есімімен байланыстырсақ қисынға келеді. Бұл орайда Саққұлақ би шежіресін, Ә.Диваевтың, Г.Н. Потанниннің, Ш. Уалихановтың, А. Янушкевичтің, Ш. Құдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың ел арасынан жинаған аңыз әңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғылыми жазбаларын, мақалаларын атаған жөн. Олардың бірінде –алапес туған бала, екіншісінде-алашаға көтеріп хан қылған тұлға, үшіншісінде-Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскербасы болып оралғандығы, төртіншісінде қалмақты қорқыту үшін «Алаш» сөзін ұран еткендігі жөнінде айтылады. Соның қай-қайсында болмасын Алаштың хан болғандығы, қарапайым халықты соңына ертіп, айбынының асқандығы жөнінде айқындайды. Ескі шежіре деректерде Алаш атауы қазақ сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Мысалы Қыдырғали –Жалаири алаш сөзін өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауы қолданылады. Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрік, ноғай жатқызылады. «Қамбар батыр» жырында («Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы.») Бұхар жырау: «Он сан Алаш баласын, жұмсап бір жүрсің қолыңмен» [1.1998-42 б,2. 1997-119]

 

















2.1 «Алаш» қозғалысы-Тәуелсіздік бастауы


«Ұлы тұлғаларын білмейінше бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Алаш орыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті.Тарихтың қай кезеңінде болсын,олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген.»

Н.Ә.Назарбаев

Алаш қайраткерлерінің өздері ұлт-азаттық қозғалыстың 1905 жылдан басталғанын меңзейді. Елдің егемендігін қалпына келтіріп қана қоймай, озық, өркениетті елге айналдыруды көздеген Алаш қозғалысы дәл осы заманда «қараңғы қазақ көгіне күн болып өрмелеп шықты». Қозғалыстың басында оқыған, саяси сауатты, ең бастысы – ұлтын сүйетін ұлы тұлғалар:  Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, М.Тынышбаев, Б.Қаратаевтар мен олардың ізін басқан: С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов сынды саңлақтар тұрды.  Олар ұлты үшін аянбай қызмет етті, көздегені –  халықтың мүддесі, мақсаты – жастарды ұлттық дүниетаным негізінде оқыту,  ана тілін дамыту, осы ретте қазақ даласында оқу орындарын ашу болатын. Дегенмен большевиктер Алашордашылардың  өз бағдарламасын жүзеге асыруына мүмкіндік бермеді. Осылайша, барша қазақ халқының ұлттық рухының тамырын жою үшін алдымен осы қозғалыстың басында тұрған Алаш зиялыларының артына түсіп, оларды соттады, жер аударуға мәжбүр етті, соңында ату жазасына кесті. Алаштықтардың есімдері, олардың еңбектері, шығармалары жабулы күйінде қалып, тарих, әдебиет беттеріне енбей қалды. Бірақ тарих тұлғаның ел мен жұрт алдындағы ерлігін өз орнына қойып, оларға лайықты бағасын беріп отырады. Ол туған халқының өсіп-өркендеу жолына өшпес еңбек сіңірген перзенттерін жадында мәңгі сақтайды. Иә, еліміз егемендік алып, оң-солымызды түгендей бастаған заманда Алаш қозғалысы, олардың мұралары шаң басқан мұрағат сөрелерінен жарыққа шығып, зерттеле бастады. Алаштықтар армандап өткен тәуелсіздікке қол жеткізген заманда осындай маңызды датаны ескерусіз қалдырғанымыз ұрпаққа сын болушы еді. Алаш қозғалысы, бұл – Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. 

Ия «Алаш» сөзі-киелі ұғым.

«Алаш»-осы төрт ақ әріптен құралған мазмұны терең елеулі сөз былай қарасаң айтуға оңай. Алайда осы сөздің астарында, қисапсыз қасіреттер, ұлты үшін құрбан болған қазақ зиялыларының қиын тағдырлары, қазақ халқының тарихы жатыр.

Алаш-Қазақстанның «Мәңгілік ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.

Алаш – Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілік мүддесінің үзілмеген арқауы.

Алаш –Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы.



2.2 Азаттықты аңсаған Алаш азаматтары

Қазақ даласының қай пұшпағы да халқының басынан кешкен сан қилы оқиғалардың тілсіз куәсі. Ал сөз бен ойдың Абай сынды теңдесіз алыбынан туған қарт Шыңғыстау, сұлу Ертес, киелі Семейжері туралы айтқанда ең алдымен Алаш қозғалысы, Алаш үкіметі, Алаш қайраткерлерінің ойға оралатыны сөзсіз.

1917 жылдың 21-26 шілдесінде І- жалпы қазақ сезінде Алаш партиясы құрылды.

1917 жылдың 5-13 желтоқсанында ІІ -жалпы қазақ сезінде Алаш автономиясы, Алаш үкіметі құрылды.

«Қозғалыстың бастауы туралы айтқанда, ең алдымен, Алаш қайраткерлерінің өз еңбектеріне үңілгеніміз жөн. Өйткені, олардың еңбектерінен қозғалыстың қайнар көздері жөнінде бізге тірек боларлық деректер табамыз. Айталық, Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 1905 жыл туралы: «Бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді» десе, Міржақып Дулатұлы: «Жұртқа бірдей жақсылық таңы

атқан 1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, солардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады» деп жазды. Осыларға ұқсас ойларды М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедұлы пікірлерінен де кездестіреміз. Бұлардан шығатын қорытынды: Барша адамзат үшін дамудың, азаттықтың дәуірі болған ХХ ғасырды Қазақ елі бодандықтың бұғауында қарсы алғаны – ақиқат. Осы бір аласапыран заманда бүтіндей бір ұлттың сенгені тек оқыған азаматтар болатын. Олардың алға қойған мәселесі – ұлтты сақтау. Ұлтты, жерді сақтау үшін оқыған азаматтар қажет. Осыны түсінген алаштықтар халықтың сауатын ашуға, оларды оятуға кірісті. Біздің кезіміздегі де, қазіргі оқулықтарда да қазақ ағартушылары деп Ыбырай, Абай, Шоқандарды айтамыз. Олар тек ағартушылықтың негізін қалаған тұлғалар.  Ал нағыз ағартушылар – алаштықтар. «Қазақ-ау! Оян!—деп жазды алаштықтар.— Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта қалып жүрме! Мұжық көрші отырып,    бостандық , құрдастық , туысқандық шарапатын пайдаланғанда  ілгері басқанда, мүйізге ұрған сиырдай шыр айналып, кейін қайтып, көрші жұртқа балаңды жалшы, малшы, құл қылып беріп, жұрағаттың обалына, Алаштың баласы қалып жүрме!» «Қазақ жұрты— адам болып, ғұмыр тұрмыста мұжық көршімен шаруа таластырып, тарқы жолына кірісетін болғанда комитетке жұрттың пайдасын қуған, жұрттың қамын ойлаған азаматты сайлаған оң». Бөкейханов коммисарлық  қызметте тұрғанда қазақтың ескі, күні өткен әдет-ғұрпымен,салт-дәстүрімен мүмкіндігі болғанша күрес жүргізгенін  байқаймыз. Қазақ қоғамындағы сондай мәселелердің бірі әйел теңдігі болатын. Құжаттық материалдар комиссардың неке дауына жиі араласып, әйелдердің табиғи құқын, жеке бас тәуелсіздігін қорғайтың шараларды іске асырып отырғандығын көрсетеді.

Ал оның 1917 жылғы 24 маусымдағы санында  1 шілдсден бастап бүкіл қазақ облыстарында жүретін ауыл шаруашылығы есебіне байланысты бір топ қазақ зиялыларыныц «Қазақ халқына (Есеп алу тақырыпты) атты үндеуі  жарияланады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Жәнібеков, С.Кәдірбаев, Е.Омаров,         Е.Тұрадұхамедов және Н.Бегімбетов қол қойған бұл үндеу ең алдымен халыкқа жүргелі тұрған санақтың мән-жайын түсіндіруді көздеді. «Бұрын өкімет есеп аларда, қазақ сенбейтін еді» деп, көрсетілді үндеуде—«Жеріміз  мол, егінді көп саламыз десек, жерден айрыламыз ғой» деп қорқатын еді.  «Малымызды көп көрсетсек, алым-шығын көп түседі» деп жасыратын еді.  Адам есебін алатын болса «неге адам есебін алады, бізден солдат алғалы жүрмесін» деп    сезіктенетін еді.

Қысқасы, қазақ ескі өкіметтің расына да, өтірігіне де бірдей сенбейтін еді. Онысының қисыны да бар еді»,— деген ойды білдіріп, одан ары заманның өзгергенің, ендігі жағдайда санақка бұрынғы көзқараспен қарауға болмайтыңдығын айтып, оның нақты және дәлелді себептерін келтіреді.

Ал ол бағдарламаның негізгі  тұжырымдары «Алаш» партиясының бағдарламасына енеді. Ә.Бөкейханов жалпы Сібір съезі туралы «Қазақ» газетіне жазған мақаласында осы жер мәселесіне тағы да тоқталады. [3.1995.95б.]

Сьезд бір ауыздан мынадай қаулы қабылдады.

І. Шығу тегі ортақ, мәдениеті ортақ, тарихы мен тілі ортақ, тұрғынарының басым көпшілігі қазақтар болып саналатын аймақтардың-Бөкей ордасының,Орал,Торғай, Ақмола,Семей, Жетісу, Сырдария облыстарының, Ферғана,Самарқанд,Амудария,Закаспий облыстарындағы қащақ уездерінің, Алтай губерниясындағы аралас қоныстанған қазақ болыстарының негізінде ұлттық-территориялық автономия құрылсын.

ІІ. Қазақ облыстары «Алаш» автономиясы деп аталсын.

ІІІ. «Алаш» автономиялық облысының территориясының бар байлығы-жер,суы; және жер астындағы қазба кеніштері-Алаштың меншігі болып табылады.

ІY. Алаш автономиясының конституциясы Бүкіл россиялық құрылтай кеңесінде бекітіледі.

Y. Қазақтардың арасында тұратын барлық ұлттардың азшылық мүддесін қорғауға кепілдік беріледі. «Алаш» автономиясының барлық мекемелеріндегі қызметке әр ұлттың өкілдері салыстырмалы түрде тең дәрежеде орналастырылады. Алаш территориясының көлемінде жер-сусыз қалған ұлттарға территориялық және мәдени дербестік беріледі.

YI. «Алашқа» қарасты облыстарда анархиялық жаппай бүлдіру етек алмас үшін, құрамы жиырма бес адамнан тұратын Халықтық кеңесі құрылсын, ондағы 10 орын орыстарға және қазақ арасында тұратынөзге ұлттарға берілсін. «Алашорданың» уақытша мекені – Семей қаласы болсын

YIІ. «Алашорда» тез арада халық милициясын құруға міндеттенеді.

YIІІ. «Алашорда» таяу арада Бүкілроссиялық құрылтай жиналысының сайлау құрылымына сүйене отырып, «Алаш» автономиясының құрылтай мәжілісін шақыруға міндетті.

ІХ. Сьезд «Алашордаға»

  1. Заимға келісім-шарт жасауға,

  2. Көрші автономиялармен жалпы бағыт туралы келісім жүргізуге өкілеттік береді. Ал келісімшарттың қорытындысын «Алаштың» құрылтай мәжілісіне ұсынады.

Х. Халық кеңесі өздері жасаған «Алаш» автономиясының

конституциясының жобасын «Алаштың» құрылтай мәжілісіне ұсынуы міндетті. . [4. 1992-149-150 б]

Алаш-арғы ата-бабамыздан келе жатқан көне сөз екені көпшілікке белгілі. Қарттардан естуімізше, «алты алашқа»: қазақ,қырғыз,өзбек, түркмен, башқұрт,қарақалпақ халықтары кірген. Шынында да, осы халықтардың бұрынғы көшпелі өмірі,тілі,салт-санасы, ғұрып-ғадеттері біріңғай.

Қазақта елге қамқор болған қадірменді адамдарын «Алаштың азаматы» деуші еді. [5. 1996 3-21]

Әлихан Бөкейханов бір мақаласында «Бүкіл Ресей жері сияқты біздің өлкемізде құрсаудан шығып, азаттық қозғалысының жеңіске жеткен жарқын күнін де көреді.» дейді. [6. 2016-366]



























Қорытынды

Бір сөзбен айтқанда Алаш зиялыларының басты мақсаты бодаңдықтың бұғауынан құтылу болды.

Алаш зиялыларының ерлігі- осындай жағдай болатынын біле тұра өз идеяларынан өлім алдында да бас тартпай ақырғы күндеріне дейін күресуі.

Алаш қозғалысы XIX ғасырдын соңы мен XX ғасырдың басында Қазақстанда  орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі, орталық элементі өзімің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда құрылған тұңғыш жалпы ұлттық Алаш партиясын құру үшін ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышбаөв, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлихан Ермаков, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдар аралығында қажырлы еңбек етті. Алаш партиясы негізінен әлеуметтік табиғаты жөнінен әртекті ұлттық демократиялық қазақ интеллигенциясының саяси ұйымы болды. "Алаш партиясы" деген атпен танылған ұлттык-демократиялық қазақ  зиялыларының өтпелі кезеңдегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күші міндетін жалпы алғанда, заман талабына сай адал атқарды. 1905жылдан бастап осы партияны ұйымдастыру ісінің басы-қасында болған  қайраткерлер (ең алдымен Әлихан Бөкейханов) 1905-1907 жылдардағы ұлттық-либералдық көзқарастан, "кадетшілдіктен" 1917 жылғы ұлттық-

демократиялық кадеттерге десе, Россиядағы басқа да саяси партияларға сыни көзбен қарайтын эволюция жолынан өтті. Ә.Бөкейханов басқарған  қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын құруға әрекет жасағанда оның XX ғасырдың басындағы Қазақстанды патшалық империяның отары болған, капиталистік   қатынастардың   жаңадан   ене   бастаған. Осы айтылған пікірге  байланысты «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметін большевиктер партиясының басшылығымен болған социалистік революция мен Кеңес үкіметіне қарсы қою үшін қазақ «ұлтшылдары» ойлап тапқан құрылымдар есебінде карамай, қазақ елінің өз ұлттық тәуелсіздігі мен мемлекеттік дербестігіне ұмтылысының табиғи көрінісі, ғасыр басынан бері осы бағытта мақсатты қызмет жасаған қазақ демократиялық интеллегенциясының қажырлы еңбегінің нәтижесі есебінде қарау негізді болмақ. Қазақ демократиялық  интеллигенциясының тар таптық немесе ұлттық мүдделерден гөрі жалпы адамзаттық қасиеттарге ден қойғандығы 16 жылғы көтеріліс нәтижесінде босқынға ұшыраған қырғыз халқына көрсеткен көмегінен,

Алашорда үкіметі құрамындағы 25 орынына оның қазақ жеріндегі баска ұлт өкілдеріне калдырғандықтарынан, Түркістан өлкесіндегі басқа ұлт-азаттық күштермен бірігіп, Түркістандағы Кеңестік билікті империялық ұлттық үстемдік құралына айналдырғысы келген жаңа билікке карсы Қоқан автономиясын жариялауынан айқын көріңді.«Алаш» партиясы мен  Алашорда үкіметі бағдарламасы белгілі  дәрежеде қазақ жұртына большевиктер ұсынған кеңестік даму жолымен бір мезгілде өмірге келген балама (альтернативтік) өркендеу жолы болатын. Біз бұл арада алаштық интеллигенция ұсынған жолды мінсіз, бірден-бір тура дара жол еді деп отырғанымыз жоқ. Бірақ сол тарихи кезеңде қазақ коғамына терең  дағдарыстан өркениетті жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсетіп бергендей, большевиктер ұсынған жолдан алаштық интеллигенция ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Өйткені алаштық интеллигенция ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан ары жетілдіре    түсуді көздеді. Ең негізгісі,  бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие  болуға мүмкіндік беретін жол еді. Әрине, мәселенің мұндай деңгейде шешілуі қазақ қоғамы үшін сол даму сатысындағы барлық өзекті мәселердің біржола, түгелдей жойылуы дегенді білдірмейтіні түсінікті. Бірақ шынайы ұлттық бостандық пен ұлттық мемлекеттің орнауы ғана ол үшін өркениетті дамудын, алғы шарты болатын. Кеңестік тарихнама  алаштық интеллигенцияның тарихи рөліне байланысты мұндай

тұжырымға барғысы  келмеді. Өйткені мұндай тұжырымдама    тоталитарлық жүйе идеологтары жасаған «қазақ қоғамының    ішінде оны ортағасырлық мешеулік пен дағдарыстан прогресс жолына алып шыға алатын әлеуметтік күш болған емес, бұл тарихи миссия орыс пролетариаты мен большевиктер партиясы үлесіне тиді» деген тұжырымға қайшы келетін еді. Соған байланысты кеңестік тарихнамаға қоғамдық дамуда мінеу, артта калған, өз арасында көш бастаушы әлеуметтік-саяси күші жоқ, тек қараңғы, надан көшпелі шаруалар тобырынан тұратын қазақ қоғамына қазақ жеріне келіп орын тепкен қоныс аударушылардың ағартушылық, мәдениеттендіру миссиясын түсінушілкпен қабылдап, әлемдегі ең алдыңғы революциялық теориядан қаруланған орыс пролетариатының авангардтық рөлін дұрыс түсінмі, соңынан еруден басқа ештеме қалмағандығын буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлы либералдық типтегі саяси ұйым кұруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1907 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси ұйымын (партиясын)  құруға алып  келді. «Алаш»  шын мәніндегі  дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзіндс саяси  ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен  әдеттегі партияға өту "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғаңдығына қарамастан, қоғамдық - саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты — қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. 1917жылгы желтоқсанда болған екінші жалпы қазақ съезінің Алаш  автономиясын, Алашорда  үкіметін құру туралы және  басқа шешімдері аталмыш міндеттерді орындауды жүзеге асыруға бағытталған бастапқы әрі маңызды  қадамдары болды. Ә.Бөкейханов және сол  кезеңде қазақтың зиялы қауымының  басқа өкілдері жетекшілік жасаған  Алаш пен Алашорда Қазақстандағы  қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық-тұтастық және халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Мұндай позиция, әлбетте, аталған мәселелерді шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған большевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш көсемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы Қазан революциясының ұрандарын, Совет өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты.Осы принципті мәселеде Алаш пен Алашорда жетекшілері саяси күресте де, совет өкіметіне қарсы нақтылы іс-әрекетте де негізінен ауызбірлік танытты. Алайда олардың арасында жекелеген қоғамдық-саяси мәселелер жөнінде (мысалы, Қазақ автономиясын жариялау мерзімі мен "Түркістандық" қазақтарға көзқарас

туралы)    кезіндс   уақытша   түсініспеушілік    пен    қарама-қайшылықтар болды. Осыған ұқсас жәйттер Әлихан Бөкейханов басқарған Алашорданың орталық үкіметі мен Жаһанша Досмұхамедов басқарған оның батыс бөлімінің арасында да  орын   алды. Сонымен қатар Алаштың  көрнекті жетекшілерінің қайраткерлік іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен тарихта 
хатталып қалды. Мәселен, Әлихан Бөкейхановтың саясаткерлігі, саясат жүргізудегі"батысшылдығы"ерекше көзге түсті, Ахмет Байтұрсыновқа ең әуелі ағартушылық-ғылымдық пен саяси қимылда байсалдылық 
және ұстамдылық тән болды. Халел Досмұхамедов пен 
Мұхаметжан Тынышбаевтардың қоғамдық қайраткерлігінен ғалымдық, зерттеушілік қасиеттері басым жатты. Ал Міржақып Дулатов пен Жақып Ақбаев ең алдымен коғамдық қайраткерлер ретінде  нақтылы  іс-әрекеттің  адамдары еді. Олар халықты оятудың және оның ұлттық санасын жебеп, жігерлендірудің аса көрнекті  шеберлері  болды. Осындай әр қырынан танылған, білімді де талантты қайраткерлер басқарған  Алашорда азамат соғысы жылдарында совет өкіметіне жау күштермен одақтас болды.

Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен совет өкіметі Алаш пен Алашорданы тарих сахынасынан кетірді. Совет өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 жылдары) Совет өкіметі Алаш қозғалысына қатынасқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнерінің, халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық инттелигенция өкілдері, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлер, түгелге дерлік жалған жаламен "халық. жауы" аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болды. [2. 1997.119б]

Сонымен,Алашпен Алашорда тарихының маңызды кезеңін зерттеген  еңбегімізді аяқтай келе, түбегейлі  іс тындырдық деуіміз көңілге  қонымды болмас, өйткені, аумалы-төкпелі  заманды басынан кешкен партия мен  өкіметтің айтылмаған саясаты да, сыры да баршылық. Мұны тәмамдау болашақтың ісі.

 









































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 
1. Ахметов Ғ. Алаш алаш болғанда.-Алматы, 1998.-42б. 
2.Пірманов Ә, Қопаева А. Қазақ интеллегенциясы.-Алматы, 1997.-119. 3.Бөкейхан Ә. Таңдамалы қазақ энциклопедиясы.-Алматы, 1995.- 95 б.
4. Әшімханов Д. Бес арыс-Алматы «Жалын» 1992-149-150 б

5. Ахметов Ғ. Алаш Алаш болғанда Алматы «Жалын»1996 3-21 б 6. Аққұлы С Әлихан Бөкейхан Қазақ жерінің жоқшысы Шымкент 2016-366 б





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!