Материалдар / Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы. Тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы. Тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін, шынайылығын зерттеп, қорытынды жасау. Ой-өрісін,зеректігі мен тапқырлық қасиеттерін дамыту. Студенттерді ұйымшылдыққа, белсенділікке, сауаттылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2024
78
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Модуль/пән атауы

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы

Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы. Тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер

Педагог

Абжанов А.Ж.

Курс

І

Топ

БМ-12, Муз-1




Сабақтың өткізілетін күні





Сабақтың түрі

Жаңа материалды бекіту

Сабақтың мақсаты, міндеттері немесе оқыту нәтижелері

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін, шынайылығын зерттеп, қорытынды жасау. Ой-өрісін,зеректігі мен тапқырлық қасиеттерін дамыту. Студенттерді ұйымшылдыққа, белсенділікке, сауаттылыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Оқу сабақтары барысындағы білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі

Тыңдалым мәтінінің мазмұнын түсінеді; Көтерілген мәселеге қатысты негізгі ойды анықтайды; Тақырыпқа қатысты зерттеу жұмысын жүргізе алады; Шынайы өмірмен байланыстырып,дәлелді айта алады;

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

А.1.Б.Қапалбек, Г.Закиряева, С.Жантасова «Қазақ тілі» әдiстемелiк нұсқау 10-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт Алматы. «Мектеп» 2019 жыл

А.2.Б.Қапалбек, Ш. Ерхожина, М. Жолшаева «Қазақ тілі» әдiстемелiк нұсқау 11-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт Алматы. «Мектеп» 2020 жыл

Техникалық құралдар, материалдар

интерактивті тақта, слайд


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері


1. Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

Сәлемдесу.

Студенттерді түгелдеу, даярлығын қадағалау.

2. Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі

(15 минут)

Білім алушылар сабаққа дайындығын бақылау;

3 топқа бөлу

3. Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі

(45 минут)

«Кинометафора» әдісі «Әлем ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар. «Тесланың түйсігі» тақырыбын ашатын бейнебаян көрсетіледі.

4. Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі

(15 минут)

Әр топқа мәтін беріледі.

5. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (2 минут)

Алаш арыстарына 100-150 сөз шағын эссе жазып келу.

6. Сабақты қорытындылау және рефлексия (8 минут)

«ҚҚҚ әдісі»

Не қызық болды? Не қиын болды? Не құнды болды?


«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы білім алушылар бір-біріне жылы сөздері мен лебіздерін білдіреді.

«Кинометафора» әдісі «Әлем ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар. «Тесланың түйсігі» тақырыбын ашатын бейнебаян көрсетіледі. (https://youtu.be/io6upJSITGo) Бейнебаянды көргеннен кейін жетекші сұрақтар арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын (Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы ) болжап, анықтайды.

- Бейнебаяннан қандай ақпарат алдыңыздар?

-Бейнебаяндағы ғалымның ғылымға қосқан қандай үлесі бар?

-Осы ғалым сияқты қазақтың ұлттық ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіздер? -......

-Олай болса, бүгінгі сабағымызда ұлттық ғылымымыздың іргетасын қалаған Алаш зиялыларының ғылыми еңбектерімен танысамыз.


Топ үш топшаға бөлінеді. Әр топқа мәтін беріледі.



1-топ. Мәтін. Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Сол 1911–1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912–1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен

ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И. А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И. И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С. Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі

терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.

Дескрипторлар:

-мәтін мазмұнын түсініп оқиды

-мәтіннен ақпаратты анықтайды

-мәтіннен термин сөздерді теріп жазады

Нәтиже бойынша саралау:

-А.Байтұрсынұлының еңбектеріне ассоциограмма құрастырыңыздар

2-топ. Мәтін. Мағжан Жұмабаев Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармашылығы – халықтың рухани қазынасы , әлемдік мәдениеттің байлығы. Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында да атқарған ғылыми қызметі мол. Ақынның «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» атты ғылыми еңбегін жазады. Өз кезіндегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі, белгілі ғалым педагог-публицист М.Жолдыбаев зерттеудің беташарына былай деп жазады: «Заманға дәл кітап шыққанша малданып, одан кейін салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адсқан жерлерін тауып отыруға Мағжан Жұмабаев «Педагогикасы » іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал». Мағжан Жұмабаев өз еңбегінің бағыт – бағдарын былайша аңғартады: « Алдыма бір кітапты қойып алып желе бергенім жоқ. Тәрбие ғылымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым » («Педагогика», Алматы, 1922 ). Ақын осылайша ағынан жарылады, өз еңбегін толық аяқталған, жетілген дүние деуден де аулақ. Солай болса да, бұл зерттеу – еңбек қазақ ғылымында алғашқылардың бірі болып педагогика саласында түрен салған, елең еткізер туынды екені анық. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Автор тәрбие саласын былайша жіктейген: «дене тәрбиесі, жан тәрбиесі , ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі». Расында да, адам баласының кемелденіп, дұрыс тәрбиеленуі үшін, ең алдымен денсаулығының жақсы болуы шарт. Ол үшін дене тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуының маңызы зор. «Жан тәрбиесі» деген атаудың өзінің мән мағынасы терең. Қазақ баласының тәрбиесіне жоғары мән бере отырып, ақын Абай жолының үрдісімен баланы дәл өзіндей қылып шығару емес, заманына лайық азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етуді ұсынады. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жолындағы еңбегі ұшаң-теңіз. «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып келе жатқан соқпақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» -деп жазады ақын. Қазақ тіліндегі педагогикалық терминдердің жасалуы ақын М.Жұмабаев еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындық. Оның «педагогика» еңбегіне енген «Тіл», «Тілдің адам өміріндегі һәм ұлт өкілдеріндегі ұсталған орны», «Баланың тілі» атты тақырыпшалар көтерілген мәселелердің маңызы бүгінгі күні де өзінің зәуірлігінен айырылған жоқ. М.Жұмабаевтың қазақ баласының тәрбиесіне терең мән бергені, оның психологиялық аспектілеріне ғылыми талдау жасауы халықтық ағартушылық жүйеде қажетіліктерден туындағаны сөзсіз. ХХ ғасыр басындағы зиялы қауымның жоқтың орнын толтыру үшін әртүрлі салада зерттеулер жазуы осының айғағы. М.Жұмабаевтың ана тілде оқытудың маңыздылығына мән беуінің де астары терең. Сондықтан оны оқып – білудің жастар үшін, ұстаздар үшін мәні ерекше.

Дескрипторлар:

- берілген мәтін мазмұнын түсініп оқыңыздар

- алаштанушы ғалымдардың еңбектері мен бүгінгі ғылым дамуының байланысы туралы өз көзқарасыңды білдір

«Дауыстап ойлау» әдісі. Қосымша сұрақтар арқылы тез орындап отырған оқушыларға берілетін тапсырма.

Оқи отырып ой түю, ой бөлісу Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады Оқи отырып ой түю, ой бөлісу. Білім алушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды. қарқын бойынша саралау: Түсініп оқу стратегиясы жүзеге асады. Өз ойларын ортаға салып ақпарат алмасады. Қарқын бойынша саралау

«Еркін әңгіме» әдісі бойынша «Ұлт тәрбиесі-жан тәрбиесі» тақырыбына мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып шағын әңгіме жазыңдар.

3-топ. Мәтін. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі — 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) — қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды. 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды. · 1911-14 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыдағы молданың қолына оқуға береді. Бірақ молданың оқуын қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысып, оны бітіргеннен кейін, 1879-1886 жж. Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы 4 жылдық техникалық училищесін «техник» мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Осы жылдары ол студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды. Жоғары оқу орнын ойдағыдай бітірген Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралып, ондағы Орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болады. Оның шығармалары Омбыда шығып тұрған «Степной край» газетінде ғана емес, облыстық, аймақтық мерзімді басылымдарға, ғылыми жинақтарға жиі басылып тұрды. 1906 жылы Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Петербургте жарық көрген «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редкаторлық қызмет атқарды. Омбыда қызмет еткен жылдары оның қайраткерлік, педагогтық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Әлихан Бөкейхан – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Әлихан Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі «Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: «Бұлар эпостың тарихилығы, «Қобыланды» жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, «Қобыланды» жырындағы әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра қарастырған»,- делінген.

Дескрипторлар:

- берілген мәтін мазмұнын түсініп оқыңыздар

-берілген мәліметті өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер

- мәтіннен ақпаратты анықтап, графикалық органайзерді толтырыңыздар

Тапсырма бойынша саралау:

-Мәтін бойынша негізгі ақпараттарды түртіп жазу арқылы конспектілеңдер.

-мәтіндегі ақпараттарды анықтаңдар.

Мәтін бойынша өлең құрау.


1-тапсырма. Алаш арыстарының еңбектерін білесіңдер ма? Сәйкестендіріңдер.


Автор

Оқулық атауы

Міржақып Дулатов


Жүсіпбек Аймауытов


Ахмет Байтұрсынұлы


Жұмақан Күдерин


Елдес Омаров


Халел Досмұхамедов


Қошеке Кемеңгеров


Әлихан Бөкейхан



А. Мәтіннің құрылымы мен ресімделуі жөнінде айтыңдар. Жанрлық ерекшеліктерін, идеясын көрсететін сөздерді табыңдар.


Ғылымы ертерек дамыған елдердің жетістіктеріне сүйене отырып, ана тілінде оқулықтар жазу барысында сол салалардағы арнаулы ұғымдарды қазақша атау қажеттілігі туындады. Сол кезге дейін тіліміздің ғылыми-техникалық прогреске икемделіп, терминжасам тәжірибесі қалыптаса қоймағанын ескерсек, бұл қажеттілікті өтеудің оңай жұмыс болмағандығын пайымдау қиын болмаса керек. Дәлірек айтқанда, қазақ зиялыларының алдында ұлт тілінде термин жасаудың тұңғыш үлгісін көрсете отырып, қазақ терминологиясын қалыптастырудың бағыт-бағдарын айқындау міндеті тұрды.

Мұндай аса жауапты міндетті атқаруда қазақ оқығандарының арасында А.Байтұрсыновтың орны айрықша болды. Ол тіл, әдебиет және жалпы мәдениетке қатысты жүздеген терминді жасап, оларды қолданысқа енгізе отырып, өз замандастарына ана тілінде термин жасаудың жарқын үлгісін көрсете білді.


Ә. Мәтіндегі негізгі мәселе жөнінде авторға оқырман тарапынан сұрақтар құрастырыңдар. Бір-біріңнен сұрақтарды бағалаңдар.


2-тапсырма.Әдеби тілдік нормаларды тілдік қолданыста пайдалана отырып хат жазу.

РАФТ» әдісі арқылы көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, Алаш арыстарына хат жазады.

Р-роль-оқушы

А-аудитория-алаш арыстары

Ф-форма-хат

Т-тақырып- ғылымның дамуы


Дескрипторлар:

- Алаш зиялыларына хат жазады;

- құрылымын, хатқа тән ерекшелігін сақтайды;

- көркемдегіш құралдарды орынды қолданады;


Әр топтан таңдалған 1 хат оқылады, оны сынып «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.









Тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер

Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр.

Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:

Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).

Ажары сынды (мұңайды) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды).

Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, ешнәрсе істемеді).

Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып саналады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің орнын немесе сөздерді басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен, мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:

1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.

2. Мақал құрылысы жағынан көбінесе құрмалас сөйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал мәтел құрылысы жағынан көбіне жай сөйлем болып құрылады. Мысалы, Көп түкірсе – көл. Басқа пәле тілден. т.б.

3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді қатыстырып, «Бүгінгі таңдағы ел экономикасы» тақырыбына сұхбас ұйымдастырыңдар.


4-тапсырма. Берілген фразеологизмдердің мағынасын табыңдар.

Мірдің оғындай

Мұртын балта шашпайды

Ақ түйенің қарны жарылды

Ит тұмсығы батпайды

Ат төбеліндей

Мұрнына иісі бармау


Тапсырма бойынша саралау:

Берілген әдіс бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді. Қарқын бойынша саралау.

Сұрақтар беріледі.

-ғылымның басты мақсаты не?

-не себепті ұлттық ғылым дамуы төмен?

-ғылым дамуы үшін не істеуіміз керек?

-өз пікіріңді жеткіз


Рефлексия. «ҚҚҚ әдісі»

Не қызық болды?

Не қиын болды?

Не құнды болды?


Үйге тапсырма: Алаш арыстарына 100-150 сөз шағын эссе жазып келу.







1-тапсырма. Алаш арыстарының еңбектерін білесіңдер ма? Сәйкестендіріңдер.


Автор

Оқулық атауы

Міржақып Дулатов


Жүсіпбек Аймауытов


Ахмет Байтұрсынұлы


Жұмақан Күдерин


Елдес Омаров


Халел Досмұхамедов


Қошеке Кемеңгеров


Әлихан Бөкейхан

188тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!