Материалдар / «Albeni» онкүндік жобасының ашылуы мен қорытынды кезеңі сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Albeni» онкүндік жобасының ашылуы мен қорытынды кезеңі сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Albeni» онкүндік жобасының ашылуы мен қорытынды кезеңі сценарийі толық нұсқасы берілген. 2-сыныпта өткізілген жоба болатын.Пайдалы болсын!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Тамыз 2023
320
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Albeni» онкүндік жобасының қорытынды кезеңі

Мақсаты: Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәнін ашу;баланы «жақсыдан үйреніп,жаманнан жиреніп», «толық адам» болуға ұмтылуға, ғылым -білімді игеруге өз бетімен ынталануға талап көзін ашу;өз ойларын толық айтуға, сөйлеу мәдениетіне баулу,адал достыққа, тәрбиелеу.

Міндеттері: Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиетті,ақпараттық көмекші құралды оқып, талдап, саралау.

Көрнекілігі: суреттер,Албени өнімдері,суреттер мен плакаттар,слайд,

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс,сұрақ-жауап,

Кіріспе :

Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Ал бала денсаулығы одан да маңыздырақ.

« Бала - біздің болашағымыз
Өмірдің ең бір қызығы, ол - тәлім - тәрбие беру»
Әл – Фараби

- Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.

«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.



«Өлді деуге бола ма,айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп төрелігін өзі айтып кеткен Абай бүгін жарқын бейнесімен де,жалыңды жырымен де бізбен бірге жасап келеді. Біз Абай салған дара жолымен жүріп келеміз. Дана сөздерін оқып ұғып келеміз.

Абайдың 18 - қара сөзінен :

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық.



1-бөлім Абайдың қара сөздерін оқу.

ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СӨЗ Ахмет

Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен.Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады.

ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ Сұлтанали

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың

өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен  табылмас.

ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ Мұхаммед

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.

ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ СӨЗ Ескендір

Адам баласының ең жаманы - талапсыз.

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗІНЕН Дамир

Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді



2-бөлім. «Albeni» онкүндік жобасы қорытынды кезеңі

-Сарапшылар таныстырылады.

-Топтар зерттеу жұмыстарын қорғайды.

-Дискрептор бойынша әр топ жұмысы балл жинайды.

-Әр топқа марапаттау

- Онкүндік «Жетістіктер қалташасының» қорытындысы шығарылады. Алға шыққан бірінші, екінші, үшінші балаға сыйлық беріледі.

-Кері байланыс «Менің таңдауым -Албени»

-Ән «Қазақ жігіттері» Эркін Рамазан орындайды.





3. Қорытынды

-Жобаны қорытып,оқушыларға сәттілік тілейді.

(Апайлар мен ата-аналарға сөз беріледі)

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық.

Рисунок 10



Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз!



































Тақырыбы: «Albeni» онкүндік жобасының ашылуы

Мақсаты: Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәнін ашу;баланы «жақсыдан үйреніп,жаманнан жиреніп», «толық адам» болуға ұмтылуға, ғылым -білімді игеруге өз бетімен ынталануға талап көзін ашу;өз ойларын толық айтуға, сөйлеу мәдениетіне баулу,адал достыққа, тәрбиелеу.

Міндеттері: Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиетті,ақпараттық көмекші құралды оқып, талдап, саралау.

Көрнекілігі: суреттер,Албени өнімдері,суреттер мен плакаттар,слайд, жетістік қалташасы.

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс,сұрақ-жауап,

Кіріспе :

Абай сөзі-адамның жанына азық,

Ақылдың таразысы,алтын қазық,

Абайдың өсиетін түсінгендер

Кетпейді деп түсініп дүниеге азып.

Сенбе, жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылын екі жақтап

Міржақып Дулатов

Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін - өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді. Жастардың мінез – құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп, тез жайма, Жас уақытта көңіл – гүл» деп жазған.









1-бөлім Абайдың қара сөздерін оқу.

ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.

ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен  табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек.

ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ СӨЗ

Адам баласының ең жаманы - талапсыз.

ОТЫЗ СЕГІЗІНШІ СӨЗ

Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселерменен.Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады-деген екен.

















2-бөлім. «Albeni» онкүндік жобасының ашылуы

Мұғалім сөзі:

-Бүгінгі ұйымдастырып отырған жоба балаларды ғылымға бастар баспалдағының алғашқы қадамы болмақ.

Әдетте, балалар таңдауы тәтті емес пе? Олай болса,қазақта «Тәтті жеген бала ақылды болады» деген сөзді ұстана отырып,біздің таңдауымыз «Албени» шоколады болды. Және осы өнімді өндіретін «Улкер» компаниясы осы жобаны ұйымдастыруымызды құп алып,демеушілік көрсетіп отыр.

Ülker
Түрік компаниясы
Түрік тамақ компаниясы крекер, печенье, торт, вафли, тәттілер, кофе, сүт өнімдері, балмұздақ, сондай-ақ алкогольсіз сусындар мен балалар тағамдарын өндіруге маманданған. 1944 жылы Қырымның тумасы, кондитерлік шебері Сабри Улкердің негізі қаланған. Бүгінгі күні компания Стамбулдың бір бөлігі болып табылады

Бүгінгі күні компания Стамбулдағы Йылдыз холдинг құрамына кіреді және шамамен 30 000 адам жұмыс істейді. Ülker әлемнің 111 елінде филиалдары мен өкілдіктері бар. 1974 жылы өз өнімдерін алғаш рет экспорттады.

  • Жобаға қатысушыларды компанияның төрт түрлі өнімдерін таңдау арқылы топқа бөлу.

  • 1-топ.«Жас зерттеуші» тобына «Албени» шоколадын таңдаған оқушылар топтастырылды.

  • 2-топ. «Жас технолог» тобына «Албени» түйіршіктелген конфетін таңдаған оқушылар топтастырылды.

  • 3-топ. «Жас ғалым» тобына «Албени» кексін таңдаған оқушылар топтастырылды.

  • 4-топ. «Жас кондитер» тобына «Албени» печеньесін таңдаған оқушылар топтастырылды.



- жобаның мақсаттарын таныстыру;

- жобаның құрылымы;

-жобаға қойылатын талаптар;

- жобаның онкүндік жоспары таныстыру;

- Албени өнімдерінің шығу тарихына қысқаша тоқталып,

«Менің таңдауым - Албени» атты ақпараттық көмекші құралды ұсыну;

3. Қорытынды

-Жоба барысы таныстырылып,оқушыларға сәттілік тілейді.

Рисунок 10

-Жобаның ашылуына қатысушы апайларға сөз беріледі.

- «Албени» онкүндік жобасының ашылу салтанаттының лентасын мектеп директоры Смагулова А.Д кеседі.

- Жобаның ашылу салтанатына жиналған қонақтар оқушыларға сәттілік тілеп,тілектер білдіреді.







































Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы






Өнімнің құрамын зерттей алады.

1








Өнімнің құрамындағы майдың мөлшерін

анықтайды және оған түсініктеме береді.


1

Өнімнің құрамындағы ақуыздың мөлшерін анықтайды, және оған түсініктеме береді.

1



1


1


1


1

Өнімнің құрамындағы көмірсудің мөлшерін анықтайды және оған түсініктеме береді.




Өнімнің жалпы құнарлылығын анықтайды

Өнімнің сақталу мерзімін анықтай алады.







Өнімнің штрих коды арқылы бағасын анықтай алады

Ата-аналардан алған сауалнамаға диаграмма құра алады


2

Бірінші сауалнама бойынша диограмма құра алады

1

Екінші сауалнама бойынша диограмма құра алады

1

Барлығы:

8





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!