Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"Алдар көсенің мерекелік сыйлары" ҰІӘ
Материал туралы қысқаша түсінік
ҰІӘ ересек 4 жас тобына арналған
Авторы:
16 Мамыр 2024
194
2 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ересек жас тобы
Математика негіздері: Алдар көсенің мерекелік сыйлары
Оқу қызметінің мақсаты
Балаларға қатарда орналасқан геометриялық пішіндерді сілтеуішпен нұсқап
санап, жиын санын асық эквивалентімен және санмен сәйкестеу туралы
ұғымдарын жетілдіру; әртүрлі заттардың жиынын санмен белгілеу туралы
түсінік беру; геометриялық денелер туралы ұғымдарды пысықтау; Наурыз
мерекесіне қатысты әдептілік ережелерін тиянақтау; геометриялық денелерді
ажыратуға, қасиетін анықтауға, көлемі туралы қорытынды жасау іскерлігін істәжірибе арқылы қалыптастыру; ойын барысында өзіне қарай кеңістіктегі оң,
сол, алдыңғы, артқы жақтарын ажыратуды жаттықтыру; қолдың ұсақ
моторикасын, зейін, қабылдау, ойлау, елестету қабілеттерін дамыту. Балаларды
үлкен адамға, қонаққа құрмет көрсетуге, тәртіптілікке, тапқырлыққа,
ұйымшылдыққа, тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Балаларға «барлығы, жиыны», «қанша пішін бар, сонша асық салдым»,
«геометриялық дене», «жазық емес», «көлемді», «оң жаққа», «сол жаққа»,
«алға», «артқа» сияқты сөздерді айтқызу арқылы сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Әдіс-тәсілдер
Аудиожазбаны тыңдау, ғажайып сәт, суретті көрсету, көркемсөз, панно алдында
және үстел басында зерттеу жаттығуы, сергіту сәті, үстелде зерттеу жаттығуы,
азқимылды дамытушы ойыны, оқу қызметін пысықтау, кейіпкермен қоштасу,
балалардың іс-әрекетін бағалау.
Құрал-жабдықтар
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Біреудің келгененін білдіретін әуенжазбасы.
Көрнекіліктерге панно, көрсеткіш.
Бірден беске дейінгі сандардың көрнекілік жинақтары.
Әртүрлі геометриялық пішіндермен жамалған шапан киген Алдар көсенің суреті.
1
Алдар көсенің геометриялық пішінді жамауларға толған шапанының үлгісі.
Көрсеткіштерге панно.
Құрамында бірнеше пішіндер бар пішіндердің көрнекілік сызбалы суреттері.
Тапсырманың бірінші деңгейі.
Шаршыда екі үшбұрыш.
Тіктөртбұрышта үш шаршы.
Үшбұрышта екі үшбұрыш.
Шаршыда үш тіктөртбұрыш.
Шаршыда төрт үшбұрыш.
Тіктөртбұрышта екі шаршы.
Тіктөртбұрышта төрт үшбұрыш.
Тапсырманың екінші деңгейі.
Дөңгелекте ұшбұрыш.
Үшбұрышта бір шаршы, үш үшбұрыш.
Шаршыда үш үшбұрыш, бір шаршы.
Сопақшада бір шаршы мен бір дөңгелек (екі жарты дөңгелек қосылған).
Ырғақты, темпі орташа №39 «Билейміз айнала» әуенжазбасы.
Зерттеуге көрнекілік заттар: дауылпаз, конус денелі бас киім, текше денелі
сандық, табақшада үлкен дөңгелек бауырсақтар; мата кескіні.
Асықтар.
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Әр балаға ыдыста саны бестен асықтар жинағы, бір жолақты карточка, бірден
беске дейінгі сандар жинағы.
Оқу қызметінің барысы
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Аудиожазбаны тыңдау.
Көңілді әуен естіледі.
Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз
– Балалар, бүгін бізге біреу қонаққа келген сияқты.
2
Ғажайып сәт.
Әртүрлі геометриялық пішіндермен жамалған шапан киген Алдар көсені
көрсету.
Алдар көсе балалармен амандасады:
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
– Сәлеметсіз бе, Алдар көсе!
– Біз жаққа не себеппен келдіңіз?
Алдар көсе:
– Елімізде Наурыз мейрамы тойланып жатыр. Наурызда әр адамның жаңадан
киім алып, жаңа тағам пісіріп жатқаны ғана емес, қандай жаңа білім алғаны да
байқалады. Осы отырған балалар қандай білім, қандай ақылға ие болғандарын
көргім келеді.
– Олай болса, Алдар көсе, біздің балаларды байқап көр.
– Балалар, сендер Алдар көсені қалай танып қойдыңдар?
(Алдар көсенің шапанынан танып қойдық.) Жарайсыңдар!
– Балалар, Алдар көсе бізді алдау үшін емес, өзге мақсатпен келіп тұр.
1.2. Көркемсөз. «Мен Алдармын».
Мен Алдармын, елде бармын,
Айтатын ақылымды бар ма тыңдарман?
Мен көп жер мен көп ел аралап келемін,
Сендерге көптеген нақыл сөз беремін.
Ақымақ болма, миың білімге толсын.
Дүниеқор болма, қолың ашық болсын.
Салақ болма, ұқыпты бол,
Ұшқалақ болма, тәртіпті бол!
– Алдар көсе осы сөздерінде бізге көп нақыл сөз айтты. Оның мәнін бірте-бірте
ашатын боламыз.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Панно және үстел алдында зерттеу жаттығуы. «Шапаннан қанша
3
пішін санап алдым?»
2.1.1. Жаттығуды ұйымдастыру үшін көрнекіліктерді орналастыруға панно,
Алдар көсе шапанының үлгісі, құрамында бірнеше пішіндер бар пішіндердің
көрнекілік сызбалы суреттері қажет болады.
Әр баланың үстеліндегі ыдыста саны бестен асықтар жинағы, бір жолақты
карточка, бірден беске дейінгі сандар жинағы дайындалады.
Балаларға Алдар көсе шапанының үлгісі жеке көрсетіледі.
– Балалар, мына шапанда қандай пішіндерді көріп отырсыңдар? Айтып
шығыңдаршы.
2.1.2. Балалар көрген пішіндерді айтады. Дөңгелек, сопақша, үшбұрыш,
тіктөртбұрыш, шаршы. Балалар пішіндерді айтып болғаннан кейін, педагог
пішіндерді бір қатарға тізіп жатады.
– Жарайсыңдар, балалар! Мен барлық айтылған пішінді тіздім бе? Қарап
тексеріңдер.
– Тура санайық. Кері санайық.
Педагог тура және кері санау барысында көрсеткішті әрбір пішінге тоқтатып,
санын атайды.
– Мәншүк, бері шығып мына пішіндердің реттік сандарын салып шық.
– Бірінші (екінші, үшінші, төртінші, бесінші) қандай пішін тұр? Жарайсың,
Мәншүк! Отыра ғой.
– Сымбат, үшінші пішін қандай? Ділшат, бірінші пішін қандай? Мақсат, төртінші
пішін қандай? Ринат, екінші пішін қандай? Әминә, бесінші пішін қандай?
Жарайсыңдар!
– Балалар, пішіндер қатарда жақсы көрінеді, бірақ, Алдар көсе сендер үшін қиын
тапсырма дайындап қойды.
2.1.3.
– Алдар көсенің шапанындағы пішіндер құрамында тағы да әртүрлі пішіндер
4
жасырынған. Толығымен саны қанша пішіндер бар екенін санап, Алдар көсеге
қандай ақылды бала екендігімізді дәделдейік.
Құрамында бірнеше пішіндер бар пішіндердің көрнекілік сызбалы суреттері
көрсетіледі.
Тапсырманың бірінші деңгейі.
Шаршыда екі үшбұрыш.
Тіктөртбұрышта үш шаршы.
Тіктөртбұрышта үш шаршы.
Үшбұрышта екі үшбұрыш.
Шаршыда үш тіктөртбұрыш.
Шаршыда төрт үшбұрыш.
Тіктөртбұрышта екі шаршы.
Тіктөртбұрышта төрт үшбұрыш.
5
2.1.3. Тапсырманың екінші деңгейі.

6
Педагог әрбір сызбаны панноға орналастырғанда пішіндерге көрсеткішпен
сілтейді.
Балалар хормен санап жатады.
Хормен емес, үндемей санаулары да мүмкін.
Санаудың үшінші нұсқасы: бір баланы панно алдына шықырып санату.
Балалар өз орындарында саналған пішіндердің санына сәйкес асықтарды
карточкаға тізіп қояды және санмен белгілейді.
Тапсырманы берудің үлгісі.
– Балалар, бұл қандай геометриялық пішін? Құрамында қанша пішінді санап
алсаңдар, саны сонша асықты солдан оңға қарай тізіп, жиынын санмен
белгілейсіңдер.
Педагог тапсырмалардың дұрыс орындалу тәртібін қадағалайды.
Балалардың жылдам ойлануы тапсырмалардың орындалуының сапасына әсер
етеді, сондықтан, орындалуға тиісті бірінші және екінші деңгейдегі
тапсырмалардың барлығы немесе бірнешеуі ұсынылады.
Жаттығудың бірінші емес, екінші нұсқасы да өткізілуі мүмкін. Бұл нұсқада әрбір
бала тапсырманы өзіне тиісті жеке сызбаға қарап, асықтарды тізіп жатады.
2.2. Сергіту сәті. «Билейміз айнала».
Педагог балаларды тұрып қозғалуға шақырады.
Ырғақты «Билейміз айнала» әуенжазбасы қосылады.

7
Балалар әннің сөздеріне сай қозғалады.
2.3. Үстел басында зерттеу жаттығуы. «Алдар көсе әкелген
құпия заттар».
Алдар көсе әкелген заттар балаларға кезекпен көрсетіледі. Дауылпаз, конус
пішінді бас киім, текше денелі сандық, табақшада үлкен дөңгелек бауырсақтар.
– Балалар, Алдар көсе көп үйде қонақ болып, ел аралап, көптеген
сыйлықтарға ие болды. Барлығы қалтасына сыймайды екен. Ол барлық заттарды
арбасына салып әкелді. Сыйлықтар қалтасына неге сыймай қалды? Себебін
білейік.
Дауылпазды көрсету.
8
– Бұл не? Не үшін керек? Иә. Дабыл қағу үшін, жауынгерлерді жігерлендіру үшін
керек.
Орамалмен үстінен жабу.
– Балалар, дауылпаздың үстін жапқанда оның пішіні жазық болып қалды ма?
(Дауылпаз жазық емес.) Дұрыс айтасыңдар, балалар, дауылпаздың денесі
орамалдың астынан байқалады. Неге? (Дауылпаз көлемді.) Жарайсың, Шолпан!
– Дауылпаз неге ұқсайды? Геометриялық пішінге ұқсай ма? Геометриялық
денеге ұқсай ма? (Дауылпаз геометриялық денеге ұқсайды.) Қандай денеге
ұқсайды? (Дауылпаз цилиндрге ұқсайды.) Жарайсың, Асқар!
Сәукелені көрсету.
– Бұл не? Не үшін керек? (Сәукелені қыздардың басына кигізеді.)
Орамалмен үстінен жабу.
– Балалар, сәукеленің үстін жапқанда оның пішіні жазық болып қалды ма?
(Сәукеле жазық емес.) Дұрыс айтасыңдар, балалар, сәукеленің көлемді
екені орамалдың астынан байқалады. Неге? (Сәукеле көлемді). Жарайсың, Ораз!
– Сәукеле неге ұқсайды? Геометриялық пішінге ұқсай ма? Геометриялық денеге
ұқсай ма? (Сәукеле геометриялық денеге ұқсайды.) Сәукеле кандай денеге
ұқсайды? (Сәукеле конус денесіне ұқсайды.) Жарайсың, Раушан!
Текше денелі сандықты көрсету.
9
– Бұл не? Не үшін керек? (Сандық. Ішіне заттарды салу үшін керек.)
Орамалмен үстінен жабу.
– Балалар, сандықтың үстін жапқанда оның пішіні жазық болып қалды ма?
(Сандық жазық емес.) Дұрыс, сандықтың денесі орамалдың астынан байқалады.
Неге? (Сандық көлемді.) Жарайсың, Жақып!
– Сандық неге ұқсайды? Геометриялық пішінге ұқсай ма? Геометриялық денеге
ұқсай ма? (Сандық геометриялық денеге ұқсайды.) Сандық қандай денеге
ұқсайды? (Сандық текшеге ұқсайды.) Жарайсың, Ұлжан!
Табақшадағы шар денелі бауырсақтарды көрсету.
– Бұл не? Не үшін керек? (Бауырсақ жеу үшін керек.)
Орамалмен үстінен жабу.
– Балалар, бауырсақтардың бетін жауып қойдық. Бауырсақтар білінбей қалды
ма? (Білінеді. Бауырсақтар жазық емес.) Дұрыс, бауырсақтар орамалдың астынан
байқалады. Неге? (Бауырсақтар көлемді.) Жарайсың, Әбдірахман!
– Бауырсақ неге ұқсайды? Геометриялық пішінге ұқсай ма? Геометриялық денеге
ұқсай ма? (Бауырсақ геометриялық денеге ұқсайды.) Бауырсақ кандай денеге
ұқсайды? (Бауырсақ шарға ұқсайды.) Жарайсың, Талғат!
– Мінекей, балалар, біз қарастырған барлық сыйлардың қайсы Алдар көсеге
пайдалы және қажет болды? (Бауырсақтар пайдалы.) Жарайсыңдар!
– Жақсы, қалған сыйларды Алдар көсе балаларға үлестіріп береді.
2.4. Азқимылды, дамытушы ойын «Асықты кімге, қай жаққа тастаймын?»
Балалар кілемнің үстіне, шеңбер бойымен малдас құрып отыруға шақырылады.
Мақсаты: балалардың кеңістіктегі бағыт-бағдарды ажырату дағдыларын
10
жетілдіру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жабдығы: асық.
Шарты: асықты қолға алған кез келген бала өзі қалаған баланы таңдап, өзіне
қатысты оның орналасқан жағын айтып, асықты беріп жіберуі тиіс. Асық қолда
ұзақ қалмауы керек. Алты-сегіз бала өтілгеннен кейін, ойын тоқтатылып оқу
қызметінен тыс уақытта жалғастырылады.
Барысы.
Педагог қолына асық ұстап:
– Балалар, Алдар көсе көмектеріңе риза болды. Ол маған бір қызықты ойынды
көрсетті. Соның бастамасын көрсетіп берейін.
– Бұл асық сиқырлы, кімнің қолында көп тоқтап қалса, сол ойыннан шығып
қалады. Балалар, асықпен ойнағанда оны жоғарыға адамның бетіне лақтыруға
болмайды.
– Балалар, асықты алған бала оны қай жаққа (сол жаққа, оң жаққа, артқа, алға)
және кімге тастайтынын айтып, сол балаға асықты беріп жіберуі керек.
– Қалған балалар асықтың қайда жіберілетінін бақылап отыруларың қажет.
Ойынды педагог бастайды.
– Мен асықты Думанға қарай, сол жаққа тастаймын.
– Думан, сен асықты кімге, қай жаққа тастайсың? (Мен асықты Ермекке қарай,
алға тастаймын.)
– Ермек, сен асықты кімге, қай жаққа тастайсың? (Мен асықты Асылға қарай, оң
жаққа тастаймын.)
– Балалар, біз осы ойында «артқа» деген сөзді неге айтпадық? (Шеңберде
отырғанда артта балалар болмайды.)
Педагог асық алты-сегіз рет тасталғаннан кейін ойынның тоқтағанын айтады.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Оқу қызметін пысықтау, балалардың іс-әрекетін бағалау.
– Балалар, бүгінгі Наурыз мейрамы қалай өтті? Неге?
– Алдар көсемен бірге не істедік? (Алдар Көсенің шапанында жасырынған
геометриялық пішіндерді санадық.) Жақсы.
– Пішіндерді саусақты бүгіп санадық па? (Асықтарды пішіндердің санына сай
тізіп қойдық.) Жарайсыңдар!
– Балалар, бір пішіннің құрамында тек бірыңғай пішіндер бола береді ме?
11
(Әртүрлі пішіндер болады.) Жақсы.
– Алдар көсе әкелген сыйлар геометриялық пішіндерге ұқсай ма? (Геометриялық
денелерге ұқсады.) Оны қалай білдіңдер? (Заттарды орамалмен жапсақ та олар
көрініп тұрды.) Неге көрініп тұрды? (Геометриялық денелер көлемді.) Заттарды
қандай денелерге ұқсаттыңдар? (Шар, конус, цилиндр, текше.) Тамаша!
– Алдар көсе сендердің ақылды, тапқыр, тәртіпті, ұйымшыл болғандарыңды
көрді. Ол сендермен қоштасады. Мен де сендерге алғысымды айтамын.
Жарайсыңдар! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар.
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)