Сабақтың басы
|
- Құрметті оқушылар!
Бүгінгі ашық тәрбие сағатын елімізде салиқалы саясат жүргізіп
отырған, әлем мойындаған дара әрі дана тұлға, аса білімді, алғыр
басшы, мемлекет қайраткері, абыройлы азамат, Елбасымыз, Қазақстан
Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа
арнап отырмыз.
Тәрбие
сағатын, Нұрсұлтан Назарбаевқа:
Мақтанышым
– Көк байрағым, Ұраным,
Қырдағыны
қалт жібермес Қыраным.
Сарқылмасын
өзің ашқан бұлағың,
Жарқырасын
өзің жаққан шырағың.
Елің үшін
ұзақ ғұмыр сүре бер,
Құдайдан
сол күні-түні сұрарым. – деп өзінің тілегің арнаған халықаралық
«Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Қомшабай Сүйеніштің сөздерінен
бастамақпын.
Слайд көрсету
«Аукцион»
ойыны.
Енді оқушылар мен сендермен «Аукцион» ойының ойнаймын. Аукцион
деген – бір затқа бірнеше адамның таласуы. Мен сатамын, яғни
сұрақтарды қоямын, ал сендер оны білімдерімен сатып аласыңдар, яғни
сұрақтарға жауап бересіңдер.
**Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев кім? Ол қашан, қай жерде туды? (1940 жылы, 6 шілдеде,
Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған
ауылында)
**Нұрсұлтан Назарбаев
қашан Президент болып сайланды? (1991 жылы
1-желтоқсанда)
**Н.Назарбаев алғашқы
еңбек жолын қайда бастады? (1960 жылы Теміртау қаласындағы
металлургия тресінде жұмысшы болып
бастады)
**«Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігі» туралы Декларация қашан қабылданды?
(1991 жылы 16-желтоқсанда)
**Астана қаласының
тұсаукесері қашан болды? (10 маусым, 1998
жыл)
**Елбасының жазған қандай
еңбектері бар? («Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында», «Ғасырлар
тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері»,
«Сындарлы 10 жыл»)
Жүрекжарды Енді, бұл бөлімде оқушыларымыздың қатысуымен
Елбасымыз Н.Назарбаевтың жан тебіренісі мен толғанысынан туған,
жүрекке жылы тиер ой
орамдары, ел бірлігі, жер тұтастығы, ұлт болашағы туралы
айтылған пікірлері оқылады.
Әйгерім: «Қасиетті қазақ жері – ата-бабаларымыздың даңқты
тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер».
Шұғыла: «Қандай қасіретке қабырғасы қайысса да
қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының
алдында мен бас иемін!»
Адай: «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа
мақсат та, арман да жоқ!»
Дарын: «Осы елдің Президенті ретінде де, осы
ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім көңілімнің төрінде
тұратыны – туған халқым!»
Аржан: «Ел көшін бастау – маған сын, мені
қостау – елге сын».
Эдуард: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,
азаматтық намысың болса қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің
нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің
де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!»
Балжан: «Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы
ұшан-теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел
екенімізді мақтан етейік!» Ұлпан: «Қазақтың кең-байтақ жерінде аңызға
айналған тұс тіпті аз, бәрі де қастерлі өлке, қасиетті
мекен».
Бекзат: «Қазақ халқы – дауылдармен алысып,
тағдырымен қарысып, өсіп өркендеп келе жатқан байырғы
халық».
Мерей: «Жаңа Астана – Тәуелсіз Қазақстан үшін
жарқын келешектің нышаны».
|
Сабақтың ортасы
|
Тәуелсіздік
туы желбіреген күннен бастап елімізді ерен жетістіктерге жеткізген,
бейбіт өмірдің салтанат құруына, экономиканың еңселі дамуына жол
ашқан, қазақ халқының дүние жүзіне танылуына көп еңбек сіңірген
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев екен. Ал ендігі кезекте Елбасының ғылыми
атақтары туралы айтындар.
Халқымыз Елбасымызбен мақтана аламыз. Себебі ол ұлы тұлға. Ол кісі
кезіндегі хан, батырлар сияқты тарихта ерекше орын
алады. Қазір
біздің оқушылар, Елбасымыздың шетелдерде болған кезде,
басқа елдердің саясаткерлерінің Президентімізге айтқан естелік
сөздеріне тоқталып кетеді.
Елбасының өзге де қандай қызмет атқаратынын, қандай лауазымдары мен
мансаптары бар екеніне тоқталып кетейік.
Балалар,
Елбасымыздың үлгі алар жақсы қасиеттерін атап
өтейік.
-Ұлтжанды
-Елін,
жерін сүйетін патриот
-Жан-жақты
-Спортшы
-Мықты
саясаткер
-Парасатты
-Сыпайы
-Қабілетті
-Мәдениетті
-Болашаққа
жол бастаушы
|