Материалдар / Әлемге мейірім сыйла!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлемге мейірім сыйла!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мейірімділік —адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі,ол- адамдардың басқа адамдарға жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Бұл мақалада мейірімділік туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
1198
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әлемге мейірім сыйла!

Мейірім ол жүректі тебірентетін ұлы сезім. «Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» деген екен данышпан халқымыз. Сондықтан әрбір адам әлемге мейірім сыйлау керек. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғатпен қарым-қатынаста байқалады. Мейірімді болу қоршаған ортаға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әркез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Жақсылық жасап, жаны рахаттанады. Көп адамдар бұл сезімді бастарынан өткізгісі келмейді. Себебі қазір қоғамда тәкаппарлық белең алып бара жатыр. Тәкаппарлық – бұл жаман қасиет. Тәкаппарлық өзіңді зор, өзгені қор қылу. Яғни, менсіңбеу. Ешкім өмірге тәкаппар болып туылмайды. Адам баласы дүниеге пәк, таза болып келеді. Барлық қасиет тәрбиеден қалыптасады деп ойлаймын. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші ата-аналар бала тәрбиесінде мейірімді болу керек деп ойлаймын. Әке-шешесінің мейірімін көріп өскен бала, болашақта мейірімді адам болады. Көп балаларды ата-аналары ұрысып, қорқытып тәрбиелейді. Ондай бала өскенде басқаларға қатыгез болады. «Тәрбие тал бесіктен» демекші, әрбір баланы мейіріммен тәрбиелеу керек. Қазіргі қоғамда қатыгез жастар өте көп. Жаңалықтан балалардың жасаған қылмыстарын көрсең, жаның түршігеді. Не деген сұмдық? Тәртіп бұзатын балалар жағымсыз отбасынан көп шығатыны бәрімізге белгілі. Бірақ кейде, барлық жағдайы бар отбасынан да шығып жатады. Мұның барлығы мейірім деген сезімнің адам жүрегінде жоқтынан болады. Сондықтан балаларды мейіріммен тәрбиелеу керек деп айтар едім.

Мейірімділікті табиғатқа, қоршаған ортаңа да көрсете білген өте маңызды. Табиғатты ластайтын, жан-жануарларды аяусыз өлтіретін зұлым адамдар да қоғамда толып жүр. Жалпы адам баласы барлық тіршілік иесіне мейірімділікпен қарап үйреу керек. Осы жерде «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген өлең жолдары ойыма келеді. Барымызды бағалап, қорғай білейік.



Тайкен А.Ф.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!