Материалдар / Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы Дүниежүзінің ең ірі мұражайларының ерекшеліктерін анықтай отырып, әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудегі мұражайлардың рөлін түсіндіреді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2024
113
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу сабағының жоспары

Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы. 2 сағат

   Модуль /пән атауы: Дүниежүзі тарихы

    Педагог: Алтаева Фатима Жалаладиновна

      Күні:

  1. Жалпы мәліметтер

      Курс, топ І,


  1. Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгеру


  1. Мақсаты, міндеттері:

Оқыту нәтижелері:

  • Тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын, әлем мұражайларының ерекшеліктерін, құндылықтарын айқындау;

  • Әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру.

  • Бағалау критерийі: Дүниежүзінің ең ірі мұражайларының ерекшеліктерін анықтай отырып, әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудегі мұражайлардың рөлін түсіндіреді

  • Тарихи ойлау дағдылары: Тарихи анализ және түсіндіру

  • Тарихи концепт: Ұқсастық пен айырмашылық

  • Зерттеу сұрағы: Әлем халықтарының тарихи мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалуда мұражайлар қандай үлес қосуда деп ойлайсыз?»

  • Күтілетін нәтижелер: Оқушылар адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы мұражайлардың ролін анықтау кезінде өз көзқарасы мен ұстанымын дәлелдейді.

  • Адам өміріндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіру;

      4. Қажетті ресурстар:

* Қосымша элементтерді енгізу тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтай отырып және пәннің немесе модульдің ерекшеліктерін және білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып айқындалады.

  1. Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, ауиториядағы білім алушыларды түгендеу, көңіл- күйлеріне назар аудара отырып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

1.2. «Мозайка» әдісі арқылы үш топқа біріктіру

1 топ: Лувр мұражайы

2- топ: Эрмитаж мұражайы

3-топ: Британдық мұражай

4-топ: Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

1.3.Ұжымдық жұмыс. Бастапқы ынталандырушы материал.

«Галлереяға виртуалды саяхат» әдісі. Білім алушылар әлемнің ірі мұражайларына виртуалды саяхат жасау арқылы миға шабуыл жасайды. Білім алушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады.

(Саралау: Берілген сұрақтар блум таксономиясы бойынша жеңілден күрделіге қарай құрастырылған. Білу- түсіну деңгейіндегі сұрақтарға барлық білім алушылар жауап берсе, жоғары деңгейдегі күрделі сұрақтарға кейбір білім алушылар ғана жауап береді.)

  • Мұражайлар немен айналысады?

  • Өз қалаңда қандай мұражайлар бар?

  • Виртуалды саяхат арқылы әлемнің қай мұражайларында болдыңыз және қай мұражай ерекше ұнады және неліктен?

  • Эрмитаж мұражайының басты ерекшелігі неде?

  • Лувр мұржайына тән айрықша белгілерді атаңыз?

Бағалау «Келісемін/Келіспеймін»

  1. Сабақтың ортасы.

    1. «ПОПС формуласы» әдісі Жұпта құнды ойларыңызбен бөлісіңіздер: (GR-кодты пайдаланып қосымша дерекөзді пайдалануға болады.)


1 2

Тапсырма нұсқаулығы: Қосымшада берілген дереккөздер мен оқулықтағы ақпаратты пайдаланып, қалауыңыз бойынша төменде берілген сұраққа жауап беріңіз.

«Әлем халықтарының тарихи мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалуда мұражайлар қандай үлес қосуда деп ойлайсыз?»

  • Біздің ойымша,...................................

  • Себебі біз оны былай түсіндіреміз, ...............................

  • Біз оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз, .........................

  • «Ойларымызды түйіндей келе, біз мынандай қорытындыға келдік,...............................................

  • Бағалау: Екі жұлдыз, бір ұсыныс

    1. Жеке жұмыс. Лувр және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайларының бірін таңдап, қысқаша шолу және мұражайларға арналған жарнамалық буклет жасаңыз.

1 2

Мұражайға арналған жарнамалық буклет формасының жуық нұсқасы:

  • мұражайдың атауы;

  • құрылу жылы;

  • құрудың мақсаты;

  • мұражайдың ерекшеліктері (іс-шаралар, экспонаттардың саны, сабаққа қатысу)

  • коллекцияның атауы;

  • иллюстрациялар, суреттер;

  • коллекция туралы қызықты деректер

Студенттер берілген тапсырманың ішінен бесеуін таңдап алып, жазып, мағынасын түсіндіреді. Қалауы бойынша басқа да тапсырмалардың анықтамасын жазады. Қарқыны жылдам, дағдысы жоғары білім алушылар барлық ұғымдарды сипаттап, мағынасын түсіндіреді. (қарқыны және қызығушылығы арқылы саралау)

ЕББҚ 2 санаты бар гипербелсенді студент назары басқа жаққа ауып кетпеуі үшін, жарнамалық буклетте көрсетілген барлық тапсырманы жазу тапсырылады.

Бағалау: «ҚАҚ (Қосу, Азайту, Қызықты)» әдісі


  1. Сабақтың аяғы:

Рефлексия.

«Тегтер бұлты»

  • Бүгін мен _____________ білдім.

  • Маған ____________ қиындық тудырды.

  • Мен ____________ екенін түсіндім.

  • Мен ____________ үйрендім.

  • Мен ____________ орындай алдым.

  • Маған бәрінен де ____________ қызықты болды


4.Үй тапсырмасы:

Барлығына міндеті. Оқулықтағы мәліметтерді оқып, негізгі идеялар, фактілер,мұражайлар, даталар, локализацияны анықтап, шағын конспекті әзірлеу

Қалауы бойынша:

1.Британдық мұражай жайлы (150 сөзден тұратын эссе, кросворд, 5 минуттық видеоролик, таныстырылым) әзірлеу;

2.Метрополитен мұражайы жайлы (150 сөзден тұратын эссе, кросворд, 5 минуттық видеоролик, таныстырылым) Кіші жүз қазақтарының этногенезі жайлы әзірлеу;

3.Жапонияның ұлттық мұражайы жайлы (150 сөзден тұратын эссе, кросворд, 5 минуттық видеоролик, таныстырылым) әзірлеу

4.Карлаг мұражайы жайлы(150 сөзден тұратын эссе, кросворд, 5 минуттық видеоролик, таныстырылым) әзірлеу











































Қосымша №1

Эрмитаж – Ресейдегі және дүние жүзіндегі ең ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай, әлемдегі ең көп көрілетін 10 музейдің бірі[1]Санкт-Петербург қаласында 1764 ж. Екатерина ІІ-нің (көптеген көркем шығармаларды сатып алған) жеке қоры негізінде ұйымдастырылған. 1852 ж. Эрлифтды көпшіліктің көруіне рұқсат берілді. 20 ғ-дың 20 – 30-жылдары мұражай қайта жинақталып, экспонат саны арта түсті. Эрмитажда алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі және ежелгі шығыс (Ежелгі Мысыр мен Урарту өнерінің туындылары), көне, орта ғасыр өнері (Орт. АзияИранҚытай мен Үндістанның өнер шығармалары) ескерткіштері молынан жинақталған. Эрмитажтдағы ежелгі скиф және Солтүстік Қара т. жағалауынан табылған көне ескерткіштер аса құнды бағаланады. Коллекция қатарында Батыс Еуропа өнері

туындыларынан РафаэльЛеонардо да ВинчиМикеланджелоДжорджонеТицианВеласкес шығармалары, Рембрандт пен Рубенстің ең үздік полотнолары, 17 – 18 ғ-лардағы француз және 18 ғ-дағы ағылшын кескіндемелері, т.б. бар. Мұнда нумизматикалық коллекциялар, сән және қолданбалы өнер туындылары, суреттер (40 мыңға тарта парақ) мен гравюралардың (500 мыңға жуық парақ) бай қоры жинақталған. 1941 жылдан орыс мәдениетінің тарихы бөлімі жұмыс істейді. Эрмитажтда 2 млн. 400 мың шамасында зат сақталған. Мұражай ғыл. және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Реставрация шеберханасы, лекция залдары, рентген бөлмесі, кітапхана, фототека, т.б. жұмыс істейді. Эрмитаж ғимараты әйгілі архит. ансамбль құрамын (Қысқы сарай, т.б.) толықтырады. 1939 жылдан Эрмитажда Түркістандағы алып қазан сақталып келді; ол 1989 ж. қайтарылып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі бұрынғы өз орнына қайта қойылды. 1964 ж. Эрмитаж Ленин орденімен марапатталды.


https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D1%80%D0%BC%D0%B8%D1%82%D0%B0%D0%B6



Қосымша №2

Лувр (Louvre) — Париж қаласындағы сәулет ескерткіші, өнер мұражайы. Мұражай Париждің орталығында, Сенаның оң жағалауында, Риволи көшесінде, астананың 1-ші ауданында орналасқан. 2018 жылы Луврға келушілер саны 10 миллион адамнан асты, бұл рекордтық көрсеткіш. Алғаш француз патшаларының сарайы, кейіннен үздік өнер туындыларын сақтайтын мәдениет ордасы ретінде, ескі қамал орнына 13 — 14 ғасырларда тұрғызылған. 17 ғасырдың 2-жартысында Лувр патша сарайы болудан қалып, патшаның жеке көркемсурет коллекциясын сақтау ордасына айналды. 1791 ж. революция Конвент декреті негізінде Лувр өлттық көркемсурет мұражайы мәртебесін алып, 1793 ж. 8 қарашадан халыққа қызмет көрсете бастады. Мұражайдың негізін бұрынғы корольдік мұралар жинағы, сондай-ақ монастырлар мен шіркеулерден және бай әулеттерден жиналған, жалпы ұлттық мүддеге қызмет еткен коллекциялар құрады. Лувр экспонаттары Наполеон жаулап алған елдердің қымбат қазыналарымен, шетелден сатып алынған өнер туындыларымен, түрлі қайырымдылық шаралардан түскен бұйым, заттармен толықтырылды. 20 ғасырдың 90-жылдарындағы кескіндеме мен мүсіндеме каталогі бойынша Лувр қоры 30 мыңдай болған.

Лувр - Франциядағы Капетиндер әулетінен бастап бүгінгі күнге дейін өнер мен тарихи жәдігерлерді жинаудың бай тарихы бар ең көне мұражайлардың бірі.

Луврда барлық ерекше деп атауға болатын заттар жиналған. Оның жинақтары кең географиялық және уақытша кеңістіктерді қамтиды: Батыс Еуропадан Иранға дейін ГрекияЕгипет және Таяу Шығыс арқылы; ежелгі дәуірден 1848 жылға дейін. Соңғы кезеңдегі еуропалық өнер - 1848 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін - Музей д'Орсей мен Жорж Помпиду орталығында, ал Азия өнері Гимет мұражайында қойылған. Африка, Америка және Океания өнері Quai Branly мұражайында қойылған.

Мұражайдың 2019 жылғы бюджеті 242,8 миллион еуроны құрады. Оның 149 млн еуросы өз қаражаты (оның 98 млн еуроға жуығы билет сатудан түскен) және 93,8 млн еуросы мемлекеттік субсидиялар.

Луврдың қақ ортасында 1190 жылы король Филипп Август тұрғызған құлып-бекініс – Луврдың Ұлы мұнарасы орналасқан. Қамалдың негізгі мақсаттарының бірі Викингтер дәуіріндегі басқыншылық пен рейдтердің дәстүрлі бағыттарының бірі болған Сена өзенінің төменгі ағысын бақылау болды. 1317 жылы тамплиерлердің мүлкі Мальта орденіне берілгеннен кейін корольдік қазына Луврға берілді. Карл V қамалды король резиденциясына айналдырады.

Луврдың ескірген Ұлы мұнарасы 1528 жылы Франциск I бұйрығымен жойылды, ал 1546 жылы бекіністің керемет король резиденциясына айналуы басталды. Бұл жұмыстарды Пьер Леско жүзеге асырды және Генрих II мен Карл IX тұсында жалғасын тапты. Ғимаратқа екі жаңа қанат бекітілді. 1594 жылы Генрих IV Луврды Кэтрин де Медичидің өтініші бойынша салынған Тюильи сарайымен байланыстыруды шешеді. Сарайдың шаршы ауласын сәулетшілер Лемерсье жасаған, содан кейін Людовик XIII және Людовик XIV кезінде Луи Лево сарайды төрт есеге арттырды. Сарайдың дизайны мен безендірілуін сол кезде Пуссин, Романелли және Лебрун сияқты суретшілер басқарды. 1667-1670 жж. Сәулетші Клод Перро Лувр алаңына қарайтын сарайдың шығыс қасбетіне Лувр колоннасын салды.

1682 жылы Людовик XIV Версалды жаңа король резиденциясы ретінде таңдағанда жұмыс күрт тоқтап қалды. 18 ғасырдан бастап Лувр ғимаратын мұражайға айналдыру туралы ұсыныстар көбейіп келеді. Жоба Людовик XV тұсында дүниеге келіп, француз революциясымен аяқталады.

Революциядан кейін Луврдағы жұмысты Наполеон I жалғастырды. Оның сәулетшілері Персиер мен Фонтен Риволи көшесінің бойындағы солтүстік қанаттың құрылысын бастады. Бұл қанат 1852 жылы Наполеон III кезінде салынып, Лувр аяқталды. 1871 жылы мамырда Париж коммунасын қоршау кезінде орын алған Тюильри өрті мен қирауынан кейін Лувр заманауи келбетке ие болды. 1989 жылы Наполеон ауласының ортасында шыны пирамида тұрғызылды (сәулетші Йо Мин Пей).

Корольдік коллекциялар шедеврлерін көрсету үшін Луврда мұражай құру идеясы француз төңкерісіне дейін де пайда болды. 1792 жылы мұражай ашу туралы шешім қабылданды, оның бірінші сақтаушысы болып Губерт Роберт тағайындалды, ол бірден болашақ көрмені дайындауға кірісті.

Мұражайдың есігі алғаш рет 1793 жылы 10 тамызда революциядан кейін халыққа ашылды. Бірінші империя тұсында ол Наполеон мұражайы деп аталды.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9B%D1%83%D0%B2%D1%80







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!