Материалдар / "Әлемнің жаршысы-еңбек" тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Әлемнің жаршысы-еңбек" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктер беру еңбектің адам өміріндегі мәні, еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
704
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Әлемнің жаршысы-еңбек»

Сабақтың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Барысы:

  1. Құрал-саймандар арқылы топқа бөлу

  2. Психологиялық ахуал тудыру

«Еңбек» деген сөзге топтастыру жасау.
сүйікті іс күш, жігер береді.
Жарқын болашақ қуаныш,
ләззат алу ЕҢБЕК ақша
пайдалы өмір сүруге үйретеді.
ауыр шынықтырады жеңіл

ЕҢБЕК – пайдалы өмір сүруге үйретеді,


Кіріспе: Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек. Тек еңбек ғана қиындықты жеңбек – дегендей, Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс - әрекеті. Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір — біріне көмектесті. Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен — еңбек»
 Еңбектің 2 түрі бар: /ой айту/

1.Ой еңбегі

Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Сонымен адамның еңбегі — саналы еңбек, оған мысал келтіріп айтуға болады. Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті. Адам табиғаттан үйреніп кейбір заттарды ойлап тапқан.

2.Дене еңбегі

2. Мәтінмен жұмыс. 1-топ

Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып, ас қамдалса, қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі. «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын. Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп, еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды,- деді ол қуанып. – Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!... Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орнынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді. Бір күні:

- Әй, туысқан, - деген дауысқа елең етіп қараса, еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды, баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ. Өзі өте көңілді, жүзі жарқ - жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.

- Төмен секір, - деді Қара пышақ.- бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.

- Ол жерде не бар?

- Жатамыз, ұйықтаймыз, демаламыз. Ой, қандай рахат!

- Ал жұмысты кім істейді?

- Жұмыс бізсіз де істеледі.

- Рахмет! – деді Сары пышақ.

- Еңбектен қашқанша, тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір – сүреңсіз. Өзің – ақ жата бер, рахатыңа бата бер.

Қара пышақ, орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойы тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінеді.

2- топ: Еңбекпен  тапқан  тиын

/Грузин ертегісі/

Біреудің ерке ұлы болыпты. Өзі жалқау екен. Сөйтсе де әкесі оны бағып-қағып, киіндіріп жүріпті.Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген қарт әйеліне айтыпты :

-Өмір бойы жинаған мүлкімді түгелдей басқа біреуге беремін. Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол –жалқау.

Ұлын аяп, анасы он сомдық алтын береді:

-Кешке дейін бір жерде бола тұр,-дейді ол баласына. -Қараңғы түскен соң үйге кел. Содан соң «Мынаны еңбегіме алған едім »,-деп, әкеңе бер.

Баласы шешесінің айтқанын орындайды. Алтынды шал жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:

-Бұл  сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес,-депті.

Ұлы жымиып күліпті де , түк айтпай шығып кетіпті.

Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:

-Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Одан да ақшаны жұмыс істеп тап ,-деп ақыл айтыпты.

Анасының тілін алып ,бала бір апта жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жіберіп:

-Жоқ,бұл да өз еңбегіңмен тапқан ақша емес,-депті.

Бұған ұлы шыдай алмай, шоқтан жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:

-Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Сіз оны отқа тастайсыз. Мұныңыз қалай?-деп айқай салыпты.

Сонда әкесі тұрып:

-Бұл ақшаны шынында да, өз еңбегіңмен тапқан екенсің,балам. Көзім жетті,-депті






Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра отырып, ой бөлісу.

  1. Мәтін бойынша

Мысалы:-Анасының баласына үйреткен айласы дұрыс па? Қалай ойлайсыңдар?

«Егер де мен...» әдісі.

-Егер де мен анасының орнында болсам...

- Егер де мен әкесінің орнында болсам...

-Егер де мен баланың орнында болсам...

2- мәтін бойынша

*Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

*Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

Жалғасын тап:
Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның … ( екінші анасы )
Еңбек – ата, … ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )
Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )
Кері байланыс

Оқушыларға түрлі-түсті қағаздан қиылған лента таратып беру. Қағазға оқушылар адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазады, топта оқып бір-біріне желімдейді. Яғни бір-бірінің жақсы қасиеттері бойымызға дарысын деген ниетпен 4 топ қосып желімдейді,.

Қорытынды

-Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек.

Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
















- Еңбегі аздың өнбегі аз.
- Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы.

Еңбегіне қарай — құрмет, Жасына қарай — ізет.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Еңбегіне қарай табысы, Ерлігіне қарай дабысы.

Еңбегінен ел таныр.

Еңбегің болмаса елге өкпелеме, Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады. Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.

Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді. Гораций.
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз. Абай.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар. Абай.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын Абай.
Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. М. Әуезов.
Елге сіңірген еңбек жақсы,
Еңбекті елеген ел жақсы. Спандияр Көбеев.
Еңбектегі әр минут — бір несібе. Ғафұр Ғұлам.
Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ. Бауыржан Момышұлы
Қандай мұратың болса да өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме. Ғабдолла Садықұлы.
Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. Леонардо до Винчи
Рахаттың әкесі — еңбек. Ф. Вольтер
Ер дәулеті — еңбек.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбек түбі — береке.
Көптің түбі мереке.
Еңбек етсең — емерсің,
Ердің атын еңбек шығарады.
Бейнетсіз рақат жоқ,
Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап қылмай мұратқа жетпес.
Еңбексіз өмір — сөнген көмір.
Ер қадірін ел біледі,
Зер қадірін зергер біледі.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!