Қазақ тілі | 6-сынып | с.Батыр. №10 орта мектеп | Мұғалім: Пазылова Бағила Жанбырбаевна |
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Әлемнің жеті кереметі. |
Сабақтың тақырыбы: | Зевс мүсіні. |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 6.3.4.1-эссе тақырыбынан ауытқымай абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, («келісу, келіспеу» эссесі) жазу;6.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальды ақпаратты анықтау. |
Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушы орындай алады: Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап береді.Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Мәтінді түсініп оқып, негізгі, қосымша, детальды ақпараттарды анықтайды.Кейбір оқушылар орындай алады:Эссе тақырыбынан ауытқымай абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, («келісу, келіспеу» эссесі) жазады. |
Көрнекілігі: | Зевс мүсінінің суреті, оқулық. |
Бағалау критерийі: | Оқушылар тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, детальды ақпаратты анықтайды. |
Тілдік мақсаттар: | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Грекия, Олимп тауы, Зевс Құдай, Фидий, Ника.Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Сенің ойыңша, осындай мүсіндер қазір бар ма? |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер: |
Сабақтың басы | 1.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.2.Психологиялық дайындық. |
Сәлемдеседі.Керекті оқу құралдарын дайындайды. |
| Түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөліп, топ ережесімен таныстырады. Үй тапсырмасын сұрау:5-тапсырма: қосымша әдебиеттерден бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып, үш бағанға бөліп жазып келу. | Топ басшысын сайлайды.
Оқушылар үйде орындап келген жұмыстарымен таныстырады. |
Сабақтың ортасы | Мәтінмен жұмыс. Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс Құдайға арнап орнатылған ескерткіш, Зевстің алтын мүсіні – «әлемнің жеті кереметінің» бірі. Ескерткішті б.з.д. V ғасырда өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Биіктігі 17 метр Құдай мүсіні сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. 2-тапсырма: Екі топ та бір-біріңе төменде берілген мәселелерге қатысты сұрақтар дайындаңдар. Ой картасын сызып, ойларыңмен бөлісіңдер. 1-топ. Пирамидалардан басқа құндылықтардың сақталмау себебі туралы екі сұрақ. 2-топ. Құндылықтарды сақтау үшін жасалатын шаралар туралы екі сұрақ.
|
Мәтінді мұқият оқиды, негізгі, қосымша, детальды ақпараттарды анықтайды. |
Сергіту сәті: | «Қыдырып қайтайық» би билеу | Бой сергітеді. Шаршағандары басылады.»
|
Сабақтың соңы | Қорытынды:«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.Бағалау:Бағалау критерийі арқылы оқушыларды бағалаймын.Үйге тапсырма беру:Әлемнің жаңа жеті кереметі туралы ізденіп, солардың бірі туралы сипаттамалық эссе жазып келуге беремін. |
Оқушылардың күнделіктеріне жазып алады. |