Материалдар / ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниеде бала қасіретінен артық қайғыны табу қиын. Кезінде Мұхаммед пайғамбарымыз да бұл жөнінде айта келіп, «жетім баланың басынан сыйпаған жанға жеті пейіштің есігі ашық» деген. Бірақ өмірде өзегінен шыққан өреніне деген жылуы жоқ жандар да кездеседі. Арын араққа айырбастап, құлқынының құлына айналғандар үшін соңында қалар ұрпақ емес, уытты сусын қымбат. Ай-күннің аманында оларға «жетім», «тастанды» деген ауыр сөздер тағылатындай, тағдыр тәлкегіне өмір табалдырығын аттамай жатып-ақ ұшырайтындай не жазығы бар еді?! Ата-анасынан бір,ана тілінен екі айрылған қара домалақтардың тағдырын кім ойламақ?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2022
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы : ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.


Абдимоминова Асия Амзеевна

Шымкент көлік колледжі



Дүниеде бала қасіретінен артық қайғыны табу қиын. Кезінде Мұхаммед пайғамбарымыз да бұл жөнінде айта келіп, «жетім баланың басынан сыйпаған жанға жеті пейіштің есігі ашық» деген.

Бірақ өмірде өзегінен шыққан өреніне деген жылуы жоқ жандар да кездеседі. Арын араққа айырбастап, құлқынының құлына айналғандар үшін соңында қалар ұрпақ емес, уытты сусын қымбат.

Ай-күннің аманында оларға «жетім», «тастанды» деген ауыр сөздер тағылатындай, тағдыр тәлкегіне өмір табалдырығын аттамай жатып-ақ ұшырайтындай не жазығы бар еді?! Ата-анасынан бір,ана тілінен екі айрылған қара домалақтардың тағдырын кім ойламақ?

Жетім және әлеуметтік жетімдердің қатарының арта түсуі біздің бүгінгі қоғамда адамгершілік қасиеттердің төмендеп бара жатқанынан, отбасын бүтін ететін-сүйіспеншілік, қамқоршылық, аяушылық секілді рухани қасиеттердің кеміп бара жатқандығынан деп түсіну керек. Жас ана үшін баланы босана салып, перзентқанаға тастап кету немесе жаңа туған шарананы әжетқанаға тастап кету қалыпты жағдайға айналғандай. Осындай рухани кедейлену тек жастарды ғана емес, барлық буын өкілдерін шарпуда.

Ата-ана құқығынан айрылуына олардың көбіне ішкілік пен есірткіге салынуы, ұрыс-жанжал, бала алдындағы жауапсыздық себепші болады. Негізінде баланың отбасынан тыс тәрбиеленуі оған терең психикалық жарақат әкеледі.

Зерттеулер көрсеткендей, балалар үйі тәрбиеленушілерінің 40 пайызы ерте ме, кеш пе, түрлі құқық бұзушылықтар жасап, түрмеге түседі екен. Көбі босқынға айналады. Баланың мінез-құлқындағы өзгешілік,дамуындағы кемтарлық, есірткіге құмарлық, ішкілікке салыну ата-ананың жеңілтектігінен баланы қараусыз қалдыруынан туындайды.

Әлеуметтік жетімдіктің адын алудың мақсаты-жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға толықтай бейімдеу және сол балаларға арналған ұйымдарды кезең-кезеңімен қысқарту, осы санаттағы балаларды ойдағыдай әлеуметтік бейімдеу үшін отбасы тәрбиесі нысандарын дамыту.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ отбасы жағдайында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге, оқытуға, сауықтыруға және өз бетінше өмір сүруге қажетті жағдай жасау мақсатында «Отбасылық негіздегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» ҚР Үкіметінің 13-желтоқсан 2000-жылғы №113 Заңы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының 2001 жылғы 13 шілдедегі №107 қаулысымен 2002-жылдың тамыз айының 21-жұлдызы күні ресми түрде ашылған.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының өзге балалар үйінен ерекшелігі, мұнда балалар отбасы жылуын, ана мейірімін, балалардың бір-біріне деген бауырмашылдығын сезініп өседі тәрбиеші-анасы үнемі қасында болғандықтан, ананың жылуына бөленеді, анасының тәрбиесін алады. Бауырлары қасында болғандықтан, бауырмал болып өседі. Күнделікті өмірде аналарымен бірге өздері тамақ әзірлеп, отбасылық дастархан басында тәрбиеші-анасымен және бауырларымен бірге тамақтанып, үйлерін жинап, өз заттарын ұқыптылықпен сақтау, жеке басының тазалығын сақтау, кір жуу, үй-тұрмыс жұмыстарымен, қолөнермен айналысу сияқты әрбір адамға қажетті тұрмыстық істерге бейімделіп, болашақ отбасылық өмірге дайын болып өседі. Тағы бір ерекшелігі балалардың әлеуметтік-психологиялық, медициналық жағдайы жан-жақты қорғалады. Ата-аналық мейірімнен айырылып, панасыз қалған балаларға дұрыс тәрбие беруде отбасылық балалар үйінің орны бөлек.

Айта кететін жәйт, асырап алушылар мен баланың арасында туыстық қарым-қатынастар қалыптасып қана қоймай, бұл қатынастар заңмен негізделеді.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі тәрбиеленушілердің көпшілігін Қазақстан Республикасының азаматтарының отбасыларына беруге болар еді. Бірақ, баланы асырап алуға білдірген азаматтардың саны оған мұқтаж жандардың санынан әдеқайда аз. Оның себептерінің бірі-жетім балалар туралы қалыптасқан теріс түсінікте. Азаматтардың көбісі жетім балалардың ата-тегі мен генетикалақ тұқымы нашар деген сенімде болады және ержеткен соң көптеген машақат әкеледі деп ойлайды.

Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің санын қысқартуға мүмкіндік беретін баламалы тәрбие нысандарының бірі-патронат жүйесін кеңейту. Бұл дегеніңіз, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншы және қамқоршы орган мен тәрбиелеуге алуға тілек білдірген тұлғаның\патронаттық тәрбиеші\ жасасқан шарт бойынша азаматтардың отбасына берілетін нысан. Бұл баланың нағыз отбасында тәрбиеленуі үшін ең қарапайым, әрі тиімді жолы. Ересектер жан жылуын қажетсінетін жандарға жүрегінің жылуын, бір бөлшегін береді және өздерін ата-ана, әрі дос ретінде сезінуге мүмкіндік алады. Баланы асырап алуға ниеті бар, бірақ оның тәрбиесі жөнінде тәжірибесі жеткіліксіз жалғызілікті әйелге, баласыз ерлі-зайыптыларға, күш-қуаты жеткілікті егде жастағы адамдарға патронаттық тәрбиенің мүмкіндігі мол.

 Патронаттық тәрбие жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен айналасындағы адамдардың тұрақты түрде қарым - қатынас жасап отыруына және олардың психикасының дұрыс дамуына әсері мол. Мемлекет қарамағындағы жетім балаларға отбасылық тәрбие беру тәжірибесі жүйелі жолға қойылуда. Солардың бірі – жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге алу.

Патронаттық тәрбиешіге ата-аналық және кәсіби міндет жүктеледі. Бала патронаттық отбасында тәрбиеленеді және бұл ортаны өзінің отбасы ретінде бағалайды. Сондай-ақ мемлекет ай сайын айлық ақы ретінде қаржымен қамтамасыз ететін еңбек келісім-шарты бекітіледі. Патронаттық тәрбиешінің басқа жұмыс іздемей-ақ үйде де бала тәрбиесімен айналысып, айлық алып отыруға мүмкіндігі бар.

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы \балаларды\ асырап бағу:

  1. Әрбір баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленеді.

  2. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге,баланың өмірі мен тәрбиесіне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге міндетті,сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жүктелген баланы асырап-бағу,тәрбиелеу және оған білім беру міндеттерін орындауға бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Ата-ана қамқорлығына зәру балалардың тағдыры үкіметтік емес ұйымдар мен ата аналарды да алаңдатуда. «Шымкент қалалық балалар және жасөспірімдер» орталығында үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар және психологтардың қатысуымен өткізілген семинарға әлеуметтік жетімдіктің себептері, оның алдын алу шаралары және ата-ананың аялы алақанына зәру балалардың әлеуметтік жағдайы, келешегі терең қозғалды. Семинарды ұйымдастырудағы мақсат жетімдікті қалай жою керек, ата-анасыз қалған балаларға көмектесу жолдары қандай, міне осыны анықтау. Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі бүлдіршіндер. Осы бүлдіршіндердің бақытты балалық шақта өмір сүруіне қазіргі қоғам жауапты.

Отбасы – ошақтың үш тағаны сияқты, олар-әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі – отбасының берекесі, бірі осал түсіп жатса,нәтиже күткендегідей болмасы анық. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес.

Әлеуметтік жетімдіктің себептері :

- ата-ана құқығынан айыру;

  • ата-ананың ішкілікке салынуы;

  • ата-ананың жүйке ауруына шалдығуы ;

  • ата-ананың жазасын өтеу мекемелерінде жазасын өтеуі;



Қазіргі кезде өмірдің барлық саласында мемлекеттің балаға деген қамқорлығының артқанын көріп отырмыз. Ел экономикасы дамыған сайын жас жеткіншектерге арналған жобаларға, білім беру саласына орасан көмек көрсетілуде.

Осының барлығы мемлекетіміздің балаларға қатысты саясатының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Қазақстан БҰҰ-ның бала құқықтары туралы

Конвенциясын ратификацияланған. Енді әрбір жасөспірім ересектермен бірдей құқықтарға ие және өзінің табиғи нәзіктігіне байланысты ерекше қамқорлықты қажет етеді. Ал, ондай қамқорлықты ата-анасы жасай алмаған жағдайда мемлекет бұл міндетті өз мойнына алады.




























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!