Материалдар / Әлеуметтік жоба бағдарламасы "Ар-ұжданмен өмір сүр"

Әлеуметтік жоба бағдарламасы "Ар-ұжданмен өмір сүр"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін өзі тану пәнінің мұғалімдеріне, сынып жетекшілерге, тәрбие ісінің меңгерушілеріне тәрбие жұмысын жоспарлауға көмектесе алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
361
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Баянауыл ауданының білім бөлімінің Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп - интернаты





«Келісемін»

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Саликова Э.М.

________________________

«Бекітемін»

Мектеп – интернат директоры

Досмагамбетова С.С.

________________________


Әлеуметтік жоба бағдарламасы




Тақырыбы: «Ар –ұжданмен өмір сүр»


Сыныбы: 9






Орындаған:

Ш.Айманов атындағы жалпы орта

білім беру мектеп – интернатының

«Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі

Молдасарина Г.К.





Баянауыл с.



Түсінік хат

Бағдарлама жалпыадамзаттық құндылықтар мен жақсы қасиеттерді естеріне түсіре отырып, ар-ұжданға сәйкес жақсы ой, жақсы сөз, жақсы іс жасаудың нәтижесін ұғынуларына мүмкіндік жасайды.

Бұл бағдарламада мұғалім табиғатынан берілген ерекше қасиеттерінің арқасында рухани жетілудің жоғары деңгейіне көтерілген, ұлы қазақ даласынан шығып, болмыстың терең сырларын айқара ашып түсіндірген, Абай салған сара жолмен руханилыққа бет бұрып, мәңгілікке ұмтылған, философ, ақын, композитор, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық дүниесін жан-жақты талдау арқылы данышпанның өзі жүріп өткен рухани жолын оқушыларға үлгі ретінде ұсынады. Ғұламаның терең сырлы ойларын оқушылардың жүректерінен өткізу арқылы саралап, ар білімі арқылы әлемнің әділет заңдылығын түсіндіріп, жамандық жасамайтын адамға жамандық жоламайтындықтан, оқушылардың ар-ұжданын ояту арқылы өмірде кездесетін жағымсыз жағдаяттар кезінде күнәлі істен бас тартуға тәрбиелейді. Сондықтан, оқушылар өз өмірін, өз бақытын өзі жасайтындықтан, өзінің адамгершілік борыштарын орындаудағы іс-әрекеттерін дұрыс орындау қажеттігі тек ар білімін меңгерту арқылы болатындықтан дұрыс әрекет құндылығының және оның қасиеттерінің мәнін ашу арқылы түсіндіреді.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған және бекіткен оқулықтар мен әдәстемеліктерге сүйене жасақталды.




























Аннотация

«Ар-ұжданмен өмір сүр” атты жоба.

Жобаны қазіргі заманымызда рухани – адамгершілік білімнің қаншалықты маңызды екенін дәлелдеу үшін мектеп-интернат оқушыларынан 5 сұраққа жауаптарын жинап, зерттеп, іс-жүзінде іс-шараларға қатыстырып, әрбір жоба қатысушының өздік тұрақты және дұрыс көзқарастының қалыптасуына ықпал жасау.


Жобаның өзектілігі

«1912 жылы «Айқап» журналына Шәкәрім Құдайбердіұлы «Менің бес сұрағыма жауап берулеріңізді өтінемін. Жазылуды ұмытпаңыз, мекен-жайынды көрсет, егер бұғ ерік берсе, материалдарды жеке кітапқа шығарамын. Ол адамдарға пайда әкеледі деп ойлаймын. Егер сіз менімен келіссеңіз, онда жауап үшін жеті тиыныңызды аямаңыз. Қандай жауап берсеңіз де, дәлеліңіз не екендігін көрсетіңіз»- деп өтініш айтады.»

  1. Ар-ұждан дегеніміз не?

  2. Адам өмірінің мәні неде?

  3. Ең жақсы адам кім?

  4. Адамның адамгершілігі уақыт ағымына қарай өзгере ме?

  5. Адамның адами қасиеті жаңара ма, әлде туа біте ме?

Бірақ 1931 жылы қазан айында Шәкәрім Саят-Қора жерінде «тәртіп сақтаушылар» қолынан қаза тапты да, өкінішке орай кітап жазылмай қалды.

Осы бес сауалдың маңыздылығы қазіргі нарықтық, жақандану заманында өте ұшқыр болып турғанын жоба барысында дәлелдеп корейік. Мысалы, интернет желісінен келтіретін болсақ Мұсылманбек Жұманбай «Піл» туралы аңыз әңгімені келтіре отырып, томендегідей пікірін жазады: «Жалғанды ақиқат деп тану – өзінің адасқанын білмеу. Бұндай «білім», яғни адасу, неге апаратынын қоғамның бүгінгі ахуалынан пайымдай беріңіз. Тастай қараңғы жердегі қаптаған заттардың әрқайсысын жыға тану мүмкін еместігі сияқты, менің ойымша деумен дүниенің ақиқаты ешқашанда табылмайды.

Ақиқат біреу-ақ, яғни ақиқатқа апаратын жол да біреу-ақ, қалған жолдардың барлығы одан алыстатады. Жарықсыз көру де жоқ, яғни ақиқатқа апаратын жол міндетті түрде жарық нұрлы жол, ал қалған жолдардың барлығы керісінше түнектегі жолдар. Ал, қараңғыда көзің мың жерден өткір болса да жол табу, ақиқатты тану жоқ. Мейлің тіріл, мейлің өл,  ақиқат деген осы!»

Осы мақалаға жастардың пікірлері жазылған, біреуін мысалға келтіріп көрсетіп, проектіміздің актуалдылығын дәлелдеуге болады деп есептеймін:

«Бұл мақалада білімнің жоқтығы немесе төмендігі, яғни білімсіздік адасуға апарып соқтыратынын, білімсіз адамның көнілінде сәуле жоқ, қараңғы болатынын, оңы мен солын айырмайтынын айтады. Және де оған мысал ретінде қазіргі біздің қоғамдағы ахуалды келтіреді. Себебі: қазіргі біздің қоғамда көпшілік қауым білім қумай, ақша қуып, ар сақтамай, жан сақтап кеткен жайы бар. Ақшаға сатылмайтын ештеңе жоқ, бәрі сатылады: Диплом да,жақсы қызмет те, сот шешімі де, куәгерлер де, денсаулық та, дәрігер де,мұғалім де, ар да, ұят та!!! Сондықтан қоғамда мораль адамгершіліктің түсіп кеткен: Өтірік айтқанға, ұрлағанға, білімді оқып емес-сатып алғанға, тіпті әйелді де, күйеуді де сатып алғанға ешкім ұялмайды!!! Білімсіз – намыссыз пенделер бұны қалыпты жағдай деп санайды!!! Яғни ақиқат үшін күресудің орнына, сол ақиқат пен әділет үшін күресуші адамдарға қарсы тұрады».

«Ар-ұждан ілімі» атты әлеуметтік жобаны бағдарламалық қосымша құрал ретінде пайдалану.


Жобаның негізгі мақсаттары:

  • Жобаның басты мақсаты қазіргі мектептегі оқушылардың бес сұраққа жауап бере отырып арқылы өмірлік құндылықтарды ұстану, адамгершілік қасиеттерді материалдық байлықтан жоғары бағалауды саналарына жеткізу. Оны іс жүзінде іске асыру .


  • Бағдарламалық мазмұнға сәйкес ар-ұжданның адамгершілік таңдау жасаудағы рөлі, мәселелерді адамгершілік таңдау негізінде шешу жолдары, өмірлік жағдаяттардан адамгершілік сабақтарын алу туралы ақпараттар оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жеткізу мақсат етілген.


Міндеттері:


  • Жобаға қатысушылардың өзінің өмірлік позициясын анықтау;

  • Жобада қарастырылатын әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес, ар –ұждан дауысын есту арқылы конструктивті шешу;

  • Жоба барысында өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  • Өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі, іс-әрекеттеріне шынайы болу;

  • Жасампаздық тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;


    • оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтар туралы алған білімдерін шығармашылықпен пайдалана алу қабілеттерін дамытуға ықпал жасау;


    • оқушыларды өзін-өзі тануға байланысты қалыптасқан ұғымдар мен түсініктерді жинақтап, қорытуға үйрету;


    • өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу.














Оқушыларға қойылатын талаптар:


- жалпыадамзаттық құндылықтардың өзара байланысын түсінеді;

- «ар-ұждан», «ар-намыс», «ұят», «абырой» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейтеді;

- ар –ұждан дауысын ажыратуға, басшылыққа алуға үйренеді;

- өз мүмкіндіктерін тануға тырысады;

-өз ойларына, сөздеріне және іс-әрекетіне деген жауапкершілігін сезінеді;

-зорлық пен қаталдық орын алған жағдайдағы жағымсыз зардаптарын біледі;

-өмірдегі ғажайыпты, асқақты, қайғыны және күлкіліні ажырата алады және оған өз көзқарасын білдіре алады;

-болашақ мамандығын саналы таңдаудың маңыздылығын түсінеді;

-қалауы мен мүмкіндіктерінің шегін біледі, қалауын материалды, материалды емес тұрғысынан ажырата біледі;

-өмірдегі өзара көмек көрсетудің мәнін түсінеді;






Күтілетін нәтиже

Оқушылар ар-ұжданға сәйкес жақсы ой, жақсы сөз, жақсы іс жасаудың нәтижесін ұғынады.

Адамға қойылатын басты талап - асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болу. Әр адам өзін, өзінің қажеттілігін, өмірдегі рөлін толық түсіну нәтижесінде өз мүмкіндіктерін таниды. Адам өз бойындағы мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда ғана, алдына қойған мақсатына жете алады. Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды өздігінен іздеп табу жақсы нәтижеге жеткізеді.

Адам жағымды қасиеттерін, ізгі ниеттерін дамыту барысында өзін-өзі тәрбиелейді. Ізгілікті іс игілікке жеткізеді. Адамның мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін сүюі, танып білуге құштарлығы, еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді. Адам бойындағы ар-ұят сезімі оның ибалылығын, қайырымдылығын, бақытын, әділетті ұстанымын, парасат-пайымын, қанағатшыл құлқын асқақтатады. Ар-ұят – бұл адамның көркем мінезділігінің, тәрбиелілігінің белгісі. Ар-ұят дегеніміз адам бойындағы кісілік пен кішіліктің, арлылық пен сыпайылықтың негізі. Ар – ұждан – адамдықтын белгісі екенің ұғынады.

Оқушылар ар-ұждан дауысын есту арқылы, өмірде адамгершілік таңдау жасауға үйренеді.

Баланың сөзі даналық деп есептеп, мүмкін, олардың ауызынан қазіргі өмірдің мәні басқаша немесе ежелгі дәуірдегі түрде ашылады. сауалнамаға жауап берген оқушылардың , ұстаздардың ең маңызды, мағыналы, мәнді жауаптарын таңдап, шағын кітапша шығару.






Курстың мазмұны мен құрылымы:

«Ар-ұждан ілімі» әлеуметтік жобасының бағдарламасы 9-сынып оқушыларына арналған, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатты қамтиды. Әлеуметтік жоба төмендегідей 4 бөлімнен тұрады:

Жобаның тақырыбы: «Ар-ұждан ілімі»


Жобаның мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқушыларды ізденуге ұмтылдыру арқылы өздерінің рухани табиғатын ашуға жетелеу.


Ар - ұждан ілімі – рухани-адамгершілік білімнің негізі.

Адамның тұлға болып қалыптасуына ата-анасы, айналасы, замандасы, тәлім берер қылған ісі. Сенім белгілерін негізгі басшылыққа ала отырып ұят, шыдамдылық, аяушылық, ізгілік, әділеттік сияқты қасиеттердің ісі болмақ.

Шынайы адам өзіне ғұмырлық даналық жиған адам. Мәңгілік – “не ексең, соны орасың” деген өмір тәжірибесінің жемісі. Адам жанының жетістігі рухани

әлемнің қазынасына құйылады. Әр адам ұждан білімін оқыса, адамгершіліктің биік шыңына жете алады.

Бағдарламалық мазмұнға сәйкес ар-ұжданның адамгершілік таңдау жасаудағы рөлі, мәселелерді адамгершілік таңдау негізінде шешу жолдары, өмірлік жағдаяттардан адамгершілік сабақтарын алу туралы ақпараттар оқушыларға түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жеткізу мақсат етілген.

Ар-ұждан үнін есту оқушының тұлға ретінде өздігінен дамуына және мектептен тыс жерде адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы жетілуіне ықпал етеді. Жоба бір жылға арналған. Жобаны құрып орындауға барлық оқушы жұмыла кіріседі. Мұғалім жобаны жүзеге асырған кездегі әрбір сәттің қызықты, ұтымды өтуіне оқушыларға бағыт береді және үйлестіруші, бақылаушы, кеңесші рөлін атқарады. Оқушылар тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші, өз ойын еркін дәлелдеп, өзін-өзі қадағалап, есеп бере алатын, пікірін ортаға сала білетін тұлға болып саналады. Ол ар –ұждан үнін естіп, өмірде адамгершілік таңдау жасауға, адалдық, шынайылық қасиеттерін дамытуға, мәселелерді шығармашылықпен шешуді іс жүзіне асыру арқылы өзінің рухани табиғатын, яғни ақиқат «Мен»-ін тануға ұмтылады.

1-кезең бойынша жоба жұмысы. Адам – әлемді өзгертуші күш. Адамның адамгершілігі – оның ең жоғарғы қасиеті- кісілігі. Арлы адам – ардақты. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза. Адамгершілігі мол адам – басқаларға қашан да үлгі-өнеге. Қарапайымдылық, кішіпейілділік, ақылдылық, парасаттылық сияқты ізгі қасиеттер де әрбір адамға тән болуы керек. Адамның асыл қасиеттерінің бірі- әділдік, адалдық, турашылдық, шыншылдық. Бұл қасиеттер – әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің алғы шарты. «Өтіріктің балын жалап, тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» - деген болатын Б.Момышұлы.

Қандай іс бастаса да, атқарса адм алдымен өзін –өзі танып, өзін тәрбиелеу керек.

Тәрбиелі, арлы адам өзін көпшілік арасында, қоғамда жақсы ұстайды.

Ескерімді, сыпайы, кешірімді, өнегелі, жақсы мінезді, өзін-өзі дұрыс ұстай алатын адамды тәрбиелі адам дейміз. Сократ: «Адам – құл өзін жеңіл ұстамаған», десе, осы ойды жалғастырып, Сенека: «Бәрінен күшті адам – өзіне-өзі ие болатын адам» депті. Ал орыс жазушысы Л.М. Леонов: «Барлық жеңіс өзіңді-өзің жеңуден басталады», - деп жазған.

Орыс жазушысы  К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;

Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» - деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.


Сондықтан оқушының жоба тақырыбына сәйкес ар –ұждан үнін есту - өмірдегі үйлесімділіктің, әсемдіктің, бақыттың негізі екенін түсіну үшін «Ар-ұждан үнін есту дегеніміз не?» деген мәселені төмендегі тапсырмаларға сүйеніп, сұрақтарға жауап беру арқылы жобаның мақсатын анықтап, жоспарын құрып, міндеттерін бөлулері қажет.

1-ші кезен. Ар-ұждан ілімінің негізін қалаған, оқулықта шығармалары берілген, қазақ халқының ғұлама адамдары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, біртуар азаматтары Ыбырай Алтынсарин, Ермұхан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Бауыржан Момышұлы, Қаныш Сәтбаевтардың өмір жолы мен қазіргі жаһандану саясаты кезінде өзінің көкейтестілігін жоймаған адамдар туралы материалдар жинап, қысқа әңгіме құрастырып, мектеп газетіне мақала жазады. Ғұлама адамдардың ар, ар-ұждан, намыс, абырой туралы дана сөздерінің жинағын жасайды. Оларды басып шығып мектеп дәліздерінде іледі. Және елімізде, қаламызда, мектебімізде ар-намысы жоғары, қайырымдылығы мол азаматтарды да қоса баяндаңдайды.


Өмірлерінде өшпейтін із қалдырған жерлестеріміз, қайырымдылығы баршаға белгілі қамқор болып жүрген абзал жандармен кездесу ұйымдастырып, олардың мол тәжірибелерінен үйрену арқылы еріктіліктің үлгісін сипаттауға арналған коллаж құрастырастырады.

Оқушылар, мұғалімнің көмегімен мектепішілік, ауыл мекемелерінің қызметкерлерімен сауалнама өткізеді

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Айқап» журналында жарияланған «Білімділерге бес сауал» деген еңбегіндегі сауалдарының бір сұрағына жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан ар-ұжданды басшылыққа ала отырып, жауап жазады.

  • Ар-ұждан дегеніміз не?


  • Адам өмірінің мәні неде?

  • Ең жақсы адам кім?


  • Адамның адамгершілігі уақыт ағымына қарай өзгере ме?


  • Адамның адами қасиеті жаңара ма, әлде туа біте ме?


Жобаның мақсатын айқындап, оның орындау кезеңдерін белгілеп, әрбір кезеңнің негізгі нәтижелерін анықтап, алдағы міндеттерді жоспарлап аласыңдар. Жобаны орындау мерзімін тағайындап, сол үшін әркімнің тиісті міндеттерін өзара бөлісу қажет. Жобаны орындауға қатысатын әрбір оқушының міндетін және қандай жауапкершіліктің қажеттігін анықтайтын көрнекі құжат дайындайсыңдар. Жобамен жұмыс жүргізу барысында осы кезеңді атқаруға байланысты есте қаларлықтай сұрақтарға жауаптарыңды, бақылауларыңды, ойларыңды дәптерде берілген жоба күнделігіне жазып толтырады.


2-кезең бойынша жоба жұмысы. Жобаның екінші кезеңін орындау барысында оның жалпы көрінісін кеңінен жоспарлап, қолда бар мағлұматтар қорын бағалап, орындаушылардың міндеттерін белгілеп, орындау мерзімін анықтап, көрсету қажет. Соған байланысты тиісті мағлұматтарды жинақтап, оларды жан-жақты пайымдап, жобаға қатысушыларды таныстырып, әркімнің қызметінің жоспарын құрғызып, маңызды деген көрсеткіштердің барлығын ескеретін міндеттері сараланады.


Алған мақсатқа жету үшін жобаны орындауға қажетті мағлұматтар анықталады және оларды қайдан іздестіру керектігі, соған сәйкес қарастырылатын мәселелер ойластырылып, тақырыптары анықталынып, мағлұмат көздері көрсетіледі.

Жобаны орындауға қажетті, танымдық пайдасы жоғары мағлұматтарды іздестіру жолдары:

қарапайымдылығымен, әділеттілігімен үлгі болатын ата-аналармен кездесу ұйымдастыру;

қайырымдылық көрсету саласында өзіндік үлесі бар ұйымдармен интернет-сайт арқылы байланыс жасау;

жобаға байланысты тәжірибелі, білікті қоғам қайраткерлерімен, ардагер ұстаздармен, соғыс ардагерлерімен кездесу;

ауыл (қала) кітапханаларын аралау.

Зерттеу нәтижелері тақырыптық альбомға жинақталып, сұрыптаудан өткізіледі.


  • «Ар-ұжданын ояту» үлгісін бейнелейтін жарнамалық буклет құрастырып, онымен достарын, мұғалімдерін, ата-аналарын таныстырады.


Жобаға байланысты қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, қалай өткізудің жолдарын ойластырады. Сол үшін бұл жұмысқа мектептің ұстаздары мен оқушыларын, достарын, ата-аналарды, қала ішіндегі қайырымдылық ұйымдарын жұмылдыруға тырысады. Бұл акцияның өтуі туралы есепті фото-бейнеколлаж түрінде мектеп сайтына орналастырады.<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ